Алматы энергетика


дәріс. Энергожабдықты ұйымдастыру, пайдалану және жөндеу



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
6 дәріс. Энергожабдықты ұйымдастыру, пайдалану және жөндеу 
экономикасы 
 
Дәрістің мақсаты: энергокәсіпорындардың сенімді және үздіксіз 
жұмысын қамтамасыз ететін құрауыштарының бірі энергожабдықты жөндеуді 
ұйымдастыру және жоспарлау туралы білімдерді қалыптастыру. 
Дәрістің мазмұны: 
1) 
Энергетика 
саласындағы 
эксплуатациялық 
және 
жөндеу 
қызметкерлерінің негізгі міндеттері. 
2) АЖЖ жүйесінің маңызы және міндеттері, негізгі қағидалары. 
3) Энергетикада жөндеуді ұйымдастыру формалары. Қаржыландыру 
көздері. 
4) Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы энергетикалық есеп. 
 
 
6.1 Энергетика саласындағы эксплуатациялық және жөндеу 
қызметкерлерінің негізгі міндеттері 
Энергетикада қызмет көрсетуші қызметкер құрамы үш топқа бөлінеді: 
эксплуатациялық, жөндеу, жөндеу-эксплуатациялық. Әр топтың құрамында 
негізгі және қосымша жұмысшылар болады. Жұмыс режимі бойынша 
ауысымды және ауысымсыз қызметкерлер құрамын ажыратады.
Эксплуатациялық қызметкерлер құрамы жедел (вахталық) және кезекші 
деп бөлінеді.
Жедел (вахталық) қызметкерлерге негізгі және қосымша механизмдерге 
қызмет көрсететін, генерациялаушы және қайта жасаушы қондырғылардың 
жұмысшылары жатады. Қызметкердің қызметі агрегаттарды қадағалау мен 
күтіп-баптауға, онда болып жатқан процестерді басқаруға және жүктемені 
реттеуге негізделеді.
Кезекші қызметкерлер тобына өндірістік цехтар мен желілердің
энергетикалық жабдықтарына қызмет көрсететін жұмысшылар (мысалы, 
өнеркәсіптік кәсіпорындардағы кезекші темір ұсталары, су тартқыштар), 
сондай-ақ, генерациялаушы және қайта жасаушы қондырғылардың кезекші 
электромонтерлері, кезекші темір ұсталары кіреді.
Кезекші қызметкердің міндеттері: жабдықты қадағалау және баптап-
күту, шағын ақаулар мен кемшіліктерді жою. Кезекші эксплуатациялық 
қызметкердің жұмысының көлемі қызмет көрсетілетін агрегаттар санына 
немесе желілердің ұзындығына, қызмет көрсетудің, орналастырудың 
күрделілігіне және да басқа бірнеше факторларға тәуелді болады.
Жөндеу қызметкері энергожабдық пен желілердің алдын ала-
жоспарланған жөндеу (АЖЖ) және апаттық жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, 
энергожабдықты жаңарту бойынша жұмыстарды іске асырады.
Жөндеу-эксплуатациялық қызметкер өзіне бекітілген жабдықты 
жөндеуді және эксплуатациялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және оның 


39 
тоқтаусыз 
жұмысына 
толығымен 
жауап 
береді. 
Өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың ауыл шаруашылығында бұл қызметкерлер құрамы кешенді 
бригадаларда ұйымдастырылады.
Энергокәсіпорындарда негізгі жұмысшыларға жылу және электр 
энергиясын өндірудің барлық кезеңдеріндегі технологиялық процестеріндегі 
басқару, бақылау және реттеу қызметтерін орындайтын қызметкерлер, яғни 
қазан дайындайтын, турбиналық және электр цехтарының негізгі кезекші 
қызметкерлер құрамы жатады. Қосымша қызметкерлер құрамына жабдықты 
баптап-күту, жанармайды тасымалдау, техникалық бақылау қызметін 
атқаратын жұмысшылар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет