Алматы энергетика


 Энергетикадағы пайда және рентабельдік



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
ЭЭ Саласыны4 экономикасы

4.4 Энергетикадағы пайда және рентабельдік 
Өндірістік-шаруашылық 
қызметтің 
нәтижелерін 
анықтау 
үшін 
өнеркәсіптің барлық салаларының кәсіпорындары өндіріс көлемінің V 
көрсеткішін пайдаланады. Егер өндіріс көлемін өнімнің нарықтық бағасына 
көбейтетін болсақ, болжалды түсім сомасын аламыз.
Өндіріс көлемі ұғымы бірнеше көрсеткіштермен анықталады. Өндірістің 
жалпы көлемі V
жал 
– бұл өндіріспен өндірілген және әлі аяқталмаған, 
өндірістік процестің әртүрлі кезеңдеріндегі өнімнің жалпы көлемі.
Жалпы өндіріс көлемінің энергетикадағы заттай көріністегі аналогы 
энергияны өндіру Э
өн
шамасы болып табылады.
Энергетикада тауар көлеміне (заттай көріністегі) тұтынушымен 
сатылған энергия саны сәйкес келеді:
шығ
мқ
өн
сат
Э
Э
Э
Э




(4.3) 
мұндағы Э
мқ
— меншікті қажеттіліктегі энергия шығыны; 
Э
шығ
– желідегі шығындар шамасы.


33 
Өткізілген не сатылған өнім О
өтк
– бұл сатылған және ақы төленген 
өнім. Ол тауар көлемінен сатылған, бірақ әлі төленбеген V
төленб 
өніммен 
ерекшеленеді: 
.
төленб
тау
өтк
V
V
О



(4.4) 
Энергетикада төленбеген төлемдер сомасы абоненттік қарыз/берешек 
(А) деп аталады.
Энергетикада өткізілген өнім ұғымы тек энергетикалық өнімді – 
энергияны, энергия тасымалдаушыларды және энергетикалық қызметтерді 
сатқан кезде пайда болады, теңге/жылына: 
У
+
А 
±
....
+
·Т
W
+
·Т
W
+
·Т
W
О
3
3
2
2
1
1
өтк


(4.5) 
мұндағы W
1
, W
2
, W

– өткізілген не сатылған өнімнің әрбір түрінің: 
энергияның, энерготасымалдаушының, қызметтердің және т.б. саны, энергия 
(қызметтерінің) саны/жылына; 
Т
1
, Т
2
, Т

– сәйкес тарифтер (энергожүйе не энергокәсіпорын бойынша орташа 
салалық немесе орташа), теңге/ энергия (қызметтерінің) саны; 
А – абоненттік қарыз сомасы, әдетте «–» белгісімен, алдын ала төленген 
жағдайда «+» белгісі пайда болады, теңге/жылына; 
У – әртүрлі қызметтерге, соның ішінде энергетиктермен көлденең ұйымдарға 
көрсетілетін энергетикалық емес сипаттағы қызметтерге төлеу шығындары, 
теңге/жылына.
Өнімнің ең таралған түрлері электр және жылу энергиялары 
болғандықтан, өткізу көлемін есептеу формуласы келесі түрде болады, 
теңге/жылына: 
У,
+
А 
+
Q·Т
+
Э·Т
О
q
э
өтк

(4.6) 
мұндағы Э – тұтынушылармен сатып алынған электр энергия саны
кВт·сағ/жылына; 
Q – тұтынушылармен сатып алынған жылу саны, ГДж/жылына; 
Т
э 
– электр энергиясы үшін орташа тариф, теңге/ кВт·сағ; 
Т


жылу энергиясы үшін орташа тариф, теңге/ ГДж.
Жоғарыда келтірілген формуладан көріп тұрғанымыздай, өткізу сомасы 
сатылған энергетикалық өнімнің көлеміне тәуелді болады, әрі абоненттік 
қарызды шегерусіз сатудан алынған түсім сомасы тауарлық өнімді 
сипаттайды.


34 
Энергетиканың ерекшелігі – ол өздігінен өндірілетін өнімнің көлемін 
белгілей алмайды және осы уақытта тұтынушыға қанша қажет болса, сонша 
өнімді өндіруі тиіс.
Тұтынушылардың келісім-шарттық міндеттемелерін орындауы үшін 
келісіммен салыстырғанда артық жұмсау немесе кем жұмсау болғанда 
айыппұл тарифі қарастырылады. Сондай-ақ, энергетикадағы өткізу көлемін 
кейбір тұтынушыларға қажет болса, электрмен қамтудың жоғары сенімділігі 
кезіндегі ерекше тарифтер көмегімен арттыруға да болады. 
Пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің жалпылама 
көрсеткіші болып табылады. Жалпы немесе теңгерімді пайда (П
т
) өткізу 
сомасы О
өтк
мен шығындары Ш айырымы немесе нарық бағасы Б мен өзіндік 
құн Ө айырымының өндіріс көлеміне V көбейтіндісі арқылы анықталады:
·V
Ө)
-

=
Ш
-
О
П
өтк
Т

, теңге/жылына. 
(4.7) 
Энергетика үшін пайдалылықты арттырудың басты тәсілдері уақтылы 
және сапалы жөндеу қызметтерінің нәтижесінде жабдықты жақсы техникалық 
күйде сақтау, уақыттың әрбір сәтінде оңтайлы жүктеме және т.б. есебінен 
өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады.
Кәсіпорын иелігінде барлық теңгерімді пайда емес, одан корпоративті 
салықты шегергеннен соң қалатын тек оның бір бөлігі – таза пайда болады, 
теңге/жылына (С – ҚР-дағы пайда салығы – ҚР Салық заңына сәйкес 20 %):
С
-
П
=
П
т
таза
, теңге/жылына. 
(4.8) 
Кәсіпорын қызметі тиімділігінің маңызды көрсеткіші рентабельдік 
болып табылады. Өндірістің рентабельдік көрсеткіші пайданың өндірістік 
қорлар құнына қатынасымен анықталады. Ол өндірістік қорларға (негізгі және 
айналым құралдары) салынған әрбір теңгенің қанша теңге пайда беретінін 
көрсетеді. Пайданың түріне байланысты рентабельдік теңгерімді және есептік 
болуы мүмкін: 
,
%
),
Ф
+
·100/(Ф
П
=
R
айн
ор.ж
т
т
(4.9) 
,
%
),
Ф
+
Ф
С)·100/(
-

=
R
айн
ор.ж
т
е
(4.10) 
мұндағы Ф
ор.ж 
– негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны; 
П
т
, П
е
– теңгерімді және есептік пайдалар; 
Ф
айн 
– нормаланатын айналым құралдарының орташы жылдық сомасы; 
С – салық.


35 
Кәсіпорын пайдалылығын бағалаушы басқа көрсеткіш өнімнің 
пайалылығы немесе рентабельдігі болып табылады. Өнімнің рентабельдігі – 
пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Рентабельдік көрсеткіші өндіріс тиімділігінің барлық көрсеткіштерімен 
өзара байланысқан: өнімнің өзіндік құнымен, қор сыйымдылығымен, айналым 
қаражатының айналымдық жылдамдығымен және т.б.
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Шығындардың экономикалық элементтер бойынша топтастырылуын 
анықтаңыз. 
2) Өзіндік құнды калькуляциялаудың мәні неде? 
3) Электр энергиясының тарифтері қалай белгіленеді? 
4) Пайданың түрлерін атаңыз. 
5) Кәсіпорынның пайдалылығын бағалаушы көрсеткіштерін атаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет