2 дәріс. Кәсіпорынның негізгі және ағымдағы активтері
Дәрістің мақсаты: өндірістік процестің негізгі құрамдастары – негізгі
қорлар мен айналым қаражаттарының, оларды тиімді қолданудың
көрсеткіштерінің мәні және ерекшеліктері туралы білімдерді қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны:
1) Негізгі қорлар және өндірістік қуаттар ұғымы.
2) Негізгі
қорлардың
және
өндіріс
қуаттарының
пайдалану
көрсеткіштері.
3) Өндірістік айналым қаражаттарының экономикалық мәні. Айналым
қаражаттардың құрамы.
2.1 Негізгі қорлар және өндірістік қуаттар ұғымы
Негізгі қорлар (негізгі активтер) – өзінің заттай нысанын ұзақ уақыт
бойына сақтайтын, өнімнің құнын бөлшектер бойынша тасымалдайтын және
тек бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен соң ғана құны ақталатын
еңбек қаржысына заттай іске асырылған өндірістік қорлардың бөлігі.
11
Өндірістік қорлар тағайындалуына байланысты өндірістік негізгі қорлар
және бейөндірістік негізгі қорларға бөлінеді.
Өндірістік негізгі қорлар өндірістік үдеріске тікелей қатысатын
(машиналар, жабдық, білдектер және т.б.) немесе өндірістік үдеріс (өндірістік
ғимараттар, құбырлар және т.б.) үшін жағдай жасайтын қорлар жатады.
Бейөндірістік негізгі қорлар – тұрмыстық және мәдени бағыттағы нысандар,
медициналық мекемелер және т.б.
Негізгі қорларды жіктеу:
1) Ғимараттар – негізгі, қосалқы және көмекші өндіріс үдерістері жүзеге
асатын ғимараттар мен құрылымдар, әкімшіліктік ғимараттар, шаруашылық
құрылымдар. Осы нысандардың құнына құрылыс бөлігінен басқа жылыту
жүйелерінің,
су
құбырының,
электрлік
арматуралар,
желдету
құрылғыларының және т.б. құны да кіреді.
2) Құрылыстар – өндіріс үдерісін: жолдар, эстакадалар, үңгіжолдар
(туннельдер), көпірлер және т.б. жүргізу үшін қажетті инженерлік-
құрылыстық нысандар.
3) Табыстау шаруашылықтары – су жүргізетін және электрлік желі,
жылу жүйесі, газ желілері, бу құбырлалы, яғни энергияның әртүрлі түрлерін
қозғалтқыш-машиналардан жұмыс машиналарына жіберетін нысандар.
4) Машиналар және жабдықтар:
а) энергетикалық агрегаттар мен қозғалтқышатардың барлық түрін
қамтитын күш беретін машиналар және жабдықтар;
ә) еңбек затына немесе өнімді жасау үдерісінде оның ауыстырылуына
тікелей әсер ететін жұмыс машиналары және жабдықтары;
б) өндірістік процестерді өлшеуге, реттеуге, сынақтар мен зерттеулерді
жүргізуге арналған өлшеу және реттеуші аспаптар мен құрылғылар және
зертханалық жабдықтар;
в) есептеу техникасы: электронды-есептеуіш, басқарушы аналогтық
машиналар,
өндірісті
және
технологиялық
процестерді
басқаруда
қолданылатын машиналар мен құрылғылар.
5) Темір жолдардың жылжымалы құрамының ұйымдарына тиесілі
көліктік құралдар, су және автомобиль көлігі, сондай-ақ, зауыт ішіндегі көлік
құралдары: автокарлар, вагоншалар.
6) Құралдар мен тетіктер – 1 жылдан артық қызмет ететін барлық
түрдегі құралдар.
7) Материалдарды, құрал-саймандарды және аспаптарды сақтауға
арналған өндірістік құрал-жабдық және керек-жарақтар.
8) Шаруашылық құрал-жабдық – кеңсеге және шаруашылыққа арналған
заттар.
9) Шаруашылық және өнімдік мал.
10) Көпжылдық көшеттер.
11) Басқа да негізгі қорлар.
Негізгі қорлар элементтерінің бірі өндірістік процеске тікелей қатысады
және сондықтан да негізгі қорлардың белсенді (актив) бөлігіне жатады.
12
Белсенді бөлік жетекші болып табылады және техникалық деңгей мен
өндірістік қуаттарды бағалау негізі ретінде қызмет етеді. Басқалары өндірістік
процестің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді және негізгі қорлардың
пассивті бөлігі болып табылады.
Барлық негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы өндірістік процеске қатысады,
өндірістік кезеңдердің көп санына қызмет көрсетеді және біртіндеп
ескіреді/тозады.
Негізгі қорлардың күйін өлшейтін маңызды фактор тозу болып
табылады. Негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуын ажыратады.
Физикалық тозу – жабдық жұмысының техника-экономикалық
көрсеткіштерінің нашарлауы, негізгі құрал-жабдықтардың ескіруі және
оларды қалпына келтіру шығынының өсуі. Оның екі түрі болады:
пайдаланылудағы (эксплуатациялық) тозу, яғни жабдықтың белсенді
жұмысымен туындайтын тозу, және пайдаланумен байланыссыз, сыртқы
факторлардың әсерінен болатын табиғи тозу.
Моральдық тозу жаңа әлдеқайда өнімді және экономикалық тиімді
жабдық түрлерінің пайда болу нәтижесінде физикалық қызмет ету мерзімі
аяқталғанға дейін еңбек жабдықтарының бағасыздануын білдіреді, осыған
сәйкес бірінші түрдегі моральдық тозу және екінші деңгейдегі моральдық
тозуды ажыратады.
Бұдан басқа, өндірісті автоматтандырудың жеткіліксіз деңгейіне ие
техниканы пайдалану жағдайында туындайтын және негізгі құрал-
жабдықтардың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың қазіргі
заманғы талаптарына сай келмеуінен болатын кәсіптік сырқат пен
экологиялық тозуға себепші болатын әлеуметтік тозу түрін ажыратады.
Негізгі қорлардың құнын көшіру үдерісі сипатталады:
а) амортизациялық аударымдар сомасын өнімнің өзіндік құнына
қосумен;
ә) толық амортизацияланған жабдықты алдағы уақытта ауыстыруға
арналған амортизациялық қорды жасаумен;
б) негізгі қорларды теңгерімдік және қалпына келтірілу құны бойынша
тұрақты есепке ала отырып, негізгі қорларды периодты қайта бағалаумен.
Амортизация – негізгі қорлардың тозған бөлігін қалпына келтіру үшін
ақшалай қаражатты жинау мақсатында негізгі қорлардың құнын өндірілетін
өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру
жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. Негізгі қорлардың тозу дәрежесіне
сәйкес амортизацияның ақшалай көрінісі амортизациялық аударымдарды
сипаттайды. Олар теңгерімде тұрған жеке топтар немесе түгендемелік объекті
бойынша бекітілген амортизация нормасы және негізгі қорлардың теңгерімдік
құнына негізделе отырып жасалады.
Амортизация нормасы – жылдық амортизациялық аударымдар сомасын
анықтайтын негізгі қорлар құнын өтеудің бекітілген пайызы.
Амортизациялық нормалардың объективтілігі нормативті қызмет
мерзіміне айтарлықтай тәуелді болады. Егер белгіленген норматив тым асып
13
кетсе, онда физикалық тозу негізгі капиталдың құны дайын өнімге
көшірілгеннен бұрын басталады. Нормативті қызмет мерзімі қысқартылған
жағдайда негізгі капиталдың құны физикалық тозу басталғанға дейін дайын
өнімге көшіріледі.
Пайдалану (эксплуатация) процесі кезінде негізгі қорлар тозатындықтан
олар өздерінің құнын өзгертеді. Шаруашылық тәжірибесінде негізгі
қорлардың келесі түрлерін ажыратады:
1) Бастапқы (теңгерімдік) – осы түрдегі негізгі қорларды сатып алудың
құны (бағасы), соның ішінде жеткізуге кеткен көлік шығындары,
құрастырудың (монтаж), жөндеудің құны және т.б.
2) Қалпына келтіру құны – бүгінгі күн шарттарында негізгі қорлардың
осы элементін өндіру/шығару құны.
3) Қалдық құн – сомасы негізгі қорлардың осы объектісінің барлық
өткен қызмет мерзіміндегі амортизациялық аударымдарының шамасы
бойынша анықталатын негізгі қорлардың тозуын (Т) шегергендегі бастапқы
құны.
4) Таратылу құны – демонтаж жасалған техниканы іске асыру құны.
Өндірістік негізгі қорлардың шамасы әдетте кез келген кәсіпорынның,
соның ішінде, энергокәсіпорындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы
энергетикалық объектілердің өндірістік қуатын (өнімділік) анықтайды.
Өндірістік қуат – кәсіпорынның (цехтың, бөлімшенің, жұмыс
орнының) нақты өнімнің ең көп санын шығаруға немесе белгілі бір уақыт
(сағат, жыл) кезеңі ағымында жұмыстың нақты көлемін орындауға әлеуетті
қабілеті немесе мүмкіншілігі.
Энергетикада энергетикалық өндіріс қуаттарына қатысты бірнеше
анықтамалар қабылданған:
а) орнатылған/белгіленген қуат – энергетикалық жабдықтың жалпы
паспорттық қуаты;
ә) жұмыс (қолдағы) қуат – жабдықтың тұтынушының жоғарғы мөлшерлі
жүктемесімен жұмыс жасай алатын қуаты;
б) диспетчерлік қуат – жүктеменің диспетчерлік кестесімен белгіленген
қуат.
Жұмыс қуаты орнатылған қуаттан жабдықтың тозуы және бұрынғы
жобаланып қойылған қуатты, сондай-ақ, жөндеуге берілген қуаттарды
жетілдіруге қабілетсіздігі салдарынан туындайтын шектеуші өлшемдерімен
ерекшеленеді.
Жұмыс қуатының орнатылған қуатқа қатынасы орнатылған қуатты
тиімді қолдану коэффициенті (К
h
) деп аталады. Ол энергетиктер жұмысын
бағалауда маңызды көрсеткіш болып табылады, өйткені оның өлшемі
біріншіден, оларға қызмет көрсететін жабдықтың жағдайын, екіншіден
уақтылы жөндеу қызметі туралы.
Сонымен қатар, энергетикада сақтық қор (резервтік) коэффициенті де
қолданылады, ол максималды сағаттық жүктеменің энергетикалық объектінің
орнатылған қуатына қатынасына тең.
|