9
3) 0,4-220 кВ кернеумен аймақтық деңгейдегі
желілер бойымен электр
қуатын таратуды және үлестіруді жүзеге асыратын өңірлік электр желілік
компаниялар (ӨЭЖ);
4) электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда тұтынушылары;
5) көтерме сауда базарынан және орталықтандырылған саудадан электр
энергиясын сатып алуды және оны бөлшек сауда тұтынушыларына,
коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және халыққа
сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (бұдан әрі –
ЭЖҰ);
6) электр қуаты резервтерінің пулы (бұдан әрі – ЭҚР пулы) – электр
энергиясының көтерме нарық тұтынушыларымен құрылған және олардың
келісім шарттық міндеттемелеріне сәйкес нарық қатысушыларының электр
қуаты апаттық тапшылығын орнын толтыруда қажетті электр қуатын сақтық
қорда сақтау тетігін қолдайтын ұйым;
7) орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр
энергиясының орталықтандырылған саудасын,
соның ішінде электр
энергиясының сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым.
Қазақстанда алғаш рет биржалық қағидалармен жұмыс жасайтын
Орталық
Азия
аймағындағы
жалғыз
электр
энергиясының
орталықтандырылған нарығы құрылғанын белгілеп өту керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы
«Қазақстан
Республикасының
электр
энергетикасындағы
нарықтық
қатынастарды одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар
Министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы №54 бұйрығымен «КОРЭМ» АҚ
орталықтандырылған сауда нарығының Операторы етіп тағайындалды.
Орталықтандырылған сауда нарығының қызметі нормативтік-құқықтық
құжаттармен регламенттелген. «КОРЭМ»
АҚ-да Ғаламторды, электронды
поштаны
қолданумен
ұзақ
мерзімді
келісім-шарт
бойынша
орталықтандырылған сауданы «бір күн бұрын» режимінде жүргізетін
техникалық және бағдарламалық құралдар кешенінен тұратын сауда жүйесі
жасалған.
Қазақстан электр энергиясының көтерме сауда нарығының ағымдағы
жағдайы келесі деректермен сипатталады:
а) 59 электр стансаларының 01.01.2012 ж. жағдайындағы жалпы
белгіленген қуаты 19 015 мВт, ал қолдағы қуат – 14 592 мВт;
ә) Қазақстандағы қысқы максималды жүктеме 11 215-тен 11 988 мВТ
диапазоны аралығында болады.
Қазақстанда электр энергиясын өндіру 2011 жылы 86 203 млн. кВт
∙сағ
құрады. Өндіріс құрылымында жылу стансаларының үлесі 85,5 %,
газтурбиналы стансалардыкі – 5,2 %, гидростанса үлесі – 9,3 %.
Солтүстік аймақта электр энергиясын өндіру үлесі 73,8 %, Оңтүстікте –
13,6 %, Батыста – 12,6 %. 2012 жылы Қазақстанда электр энергиясының
өндірісі 86 203 млн кВт
∙сағ құрады.
10
1.1 к е с т е - Электр қуатын тұтыну құрылымы
Тұтынушылар
Тұтынудың жалпы көлемінен %
Ірі
тұтынушылар
40,9
РЭК-тер және ЭЖҰ
29,9
Электр
стансаларының
меншікті
қажеттіліктері
95,5
Басқа тұтынушылар
19,7
2011 жылдағы электр энергиясының мемлекетаралық асқын токтары
құрады:
Электр энергиясының жиынтық экспорты – 700,1 млн. кВт
∙сағ., олардың
– 382,2 млн. кВт
∙сағ. Ресейге және Орталық Азияға – 317,9 млн. кВт∙сағ.
Электр энергиясының жиынтық импорты – 2633,1 млн. кВт
∙сағ.,
олардың – 176,3 млн. кВт·сағ. Ресейден және Орталық Азиядан – 2456,8 млн.
кВт
∙сағ.
Бақылау сұрақтары:
1) «Экономика» терминін қалай түсінесіз?
2) Электр энергиясының тауар ретіндегі өзіндік ерекшелігі неде?
3) Электр энергия нарығының субъектілерін және энергонарықтағы
қуаттарды атаңыз.
4) Қазақстандағы электр энергиясы нарығының деңгейлерін атап
көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: