228
Ядролық қаруымнан құтылам.
Құтылам да елімді өзгелерге үлгі етем,
Достық қана білсіңіз планетаны гүлдетер.
Көрсететін қасиетім мен көркім ғып,
Берем сосын барлық тілге еркіндік.
Адам үшін салтанат пен сән бөлек,
Біріқ, бірақ ең бірінші нан керек.
Тағы айтарым бейбіт атар таң керек.
Табылар-ау ағайындар сын айтар,
Ең әуелі экономикамды нығайтам.
Соның бәрін түсінетін, қолдайтын
Қосшы болар жан керек.
Қызығатын жақын менен алыс көп.
Мақсат атын қоялықшы «Барыс» деп.
Барыс деген тауда жүрер аң болар,
Қайраты бар, айбаты бар таңғалар.
Өздігінен өзгелерге тимейді,
Басын және өзгелерге имейді.
Мүддесі үшін айлакер де, адал да,
Кербез көрік, бармайды артық қадамға.
Мінез-міні адамға тән, адамға.
Бір қасиет бардай оның атында,
От жанарлы, қаймықпайтын батыл да.
Символымыз осы болса дұрыс-ау,
Кім-кіммен де тату болу ырыс-ау!»
Бүгін міне,
Бәрінде де жарыстың,
Озып келем мінезімен Барыстың.
Бәрі бізге көз тігеді сүйсініп,
Жақын менен алыстың.
Жүзім жарқын, көңілім шат ән салар,
Бір құпия айтайын ба мен саған.
Десем болды:
«Қазақстан, Нұрсұлтан!»
Қайда барсам құшақ жайып қарсы алар...
229
ТІЛ – «КӨКПАР»
Қазақ тілді қазақ бар,
Орыс тілді қазақ бар,
Таңданбай көр ал енді, адам сенбес «ғажапқа».
Екі жақ боп айқасып тартысуда бір көкпар.
Ортадағы додада қазақ тілі – «серкесі»,
Өздерінше шүлдірлер екі жақтың еркесі.
Анда-мында тартқан соң түте-түте шығыпты,
Соры қалың «серкенің» қайғысын кім ұғыпты?
Бір-бірінен екі жақ айлаларын асырмақ,
Кемшілігін көзге ұрған өзгелерден жасырмақ.
Қазандыққа кім салса соның тілі болмақшы,
Бағы жанып бірінің,
Бірі гүлдей солмақшы.
Мазақ еттік өзіміз тілімізді арайлы,
Ал өзгелер біздерге «тамашалап» қарайды.
Қазақ тіл мен орыс тіл қатар тұрмай болмайды,
Сахнада екі тіл қатар тартар сырнайды,
Мінбеде де екі тіл мұңын қатар «жырлайды».
Арғы-бергі тарихта кім көріпті мұндайды.
Онда-онда заңымның орындалмай талабы,
Артық кетсе біреуі, бірі қысыр қалады.
Орыс болып қазекең кеткендігі соншама,
Айта алмаймын бұл үрдіс созыларын қаншаға?..
230
Марат ҚАБИЖАНҰЛЫ
(Ақтөбе)
ЖҮЗ ЖЫЛ КЕЙІН ТУЫППЫН ҚАШАҒАННАН
Мен тудым жүз жыл кейін Қашағаннан,
Өсіп-өндік тілек тілеп Жасағаннан.
Көп жылдан соң оралдым қазағыма,
Жетпіске шықтым бил бас аманнан.
Бақтыбай Жайлау бастап көштің басын,
Маңғыстауға бұрды елдің қарт пен жасын.
Ақынын ардақтайтын азаматтар,
Өткізуде өлең-жыр мүшәйрасын.
Туысым көп Ташауыз қаласында,
Жыланды, Құбатаудың даласында.
Тағдырдың тауқыметін көріп жүріп,
Қоныстанған түрікпеннің арасында.
Жүз жетпіс жыл ашты ақын есігіңді,
Қазақ елі ұмытқан жоқ есіміңді.
Қашағанның атына көше беріп,
Әкімдер шығара бер шешіміңді.
Жеті ұрпақ жетілді содан бері,
Мұраңды жалғастырып жас пен кәрі.
Бүгінде бар әлемді мойындатып,
Егеменді ел болды Қазақ елі.
Аралап Бесқаланың тау мен тасын,
Өтіпті сол өңірде қырық жасым.
231
Елім деп, ертеңім деп көшіп келген
Қашағандай бабаммен тағдырласпын.
Болса да Ақтөбеден қоныс шалғай,
Келіп тұрам Маңғыстауға армай-талмай.
Қашағанның 170 жылдығының
Дүбіріне қосыламын елден қалмай.
Ниеті дұрыс адамға ақыл серік,
Тіршілікте сыйласыңдар көзбен көріп.
Ақын атам Қашағанға жыр жазам деп,
Қолыма қалам алдым көңіл бөліп.
Жырым бар жалындаған жүрегімде,
Менде өстім өзбек, түрікпен дос елінде.
Қашаған, Абыл, Сүгір, Базар жырау,
Әйтеке би, Ер Қосай жүрген жерде.
Тірі жүрген асылыңды қорға, халқым,
Қадірсіз боп жүрмесін қолдағы алтын.
Қытай, Монғол, Иран, Ауған барған қазақ,
Бұзбаған әдет-ғұрып өнер, салтын.
Бөліп кетті дос елдер шеқарасын,
Саудаласып, сатып берді қонақ асын.
Басқа елде қалып қойған ағайын, дос,
Тіршілікте көре алмай жүр іні-ағасын.
Ақын жаны жаралған елден ерек,
Тарихтарды ақтарып, жазсақ дерек.
Осыларды ардақтайық тіршілікте,
Деген бар – Жақсы адамның жөні бөлек.
Төремұрат-Қызданай барған жерден,
Қашаған, Мұрат, Сүгір алған төрден.
Жаздырхандай ағам бар Маңғыстауда,
Сол елде өсіп, түрікпеннің тілін білген.
232
Ел ардақтап Қашағандай дара шыңды,
Маңғыстауға жинады бар асылды.
Бағыштап Құран хатым әруақтарға,
Ел болып еске алғаны жарасымды.
Топ жарған тұлпар едің озған дудан,
Байды шенеп, жарлының арын қуған.
Аузыңнан шыққан сөзің көпке ұнап,
Ерді демеп, жабыққанның белін буған.
Үйрене алмай жасыңнан өнер-ғалым,
Қылыштанда өткір болды қызыл тілің.
Есқали сұпыға айтқан дерек сөзді,
Ақындары айта ала ма осы күннің?
Елге мәлім ерекше жаралғаның,
Көргендік – ата жұртқа оралғаның.
Берекеттен айрылған Аралбайға,
Дер кезінде жұбатар сөз таба алғаның.
Білген жақсы әрбір адам ата тегін,
Елін тауып, жинастырып етек-жеңін.
Сол заманда Қашағандар көшіп келіп,
Ғибрат алар қазіргі қалған елім.
Адай ата, Пір Бекет, Шоғы батыр,
Ер Шабай бар бір өзі мыңға татыр.
Ер Қосай елге жайлы қоныс іздеп,
Амударя, Бестөбеде мәңгі жатыр.
Кездім талай жат елдің қырқаларын,
Ақтарсам тарихынан сыр табамын.
Ақбөбегін аңсаған Қайып болып,
Қорғантөбе жерінде де ән саламын.
Жетпіс жыл өлеңменен тіктім құрақ,
Жырыммен Қашағанға жақтым шырақ.
Ақтөбеден үлесімді қосайын деп,
Шарттарын мүшәйраның білдім сұрап.
233
Жақсы сөз қалар әр кез санамызда,
Дана адамдар көп әлі арамызда.
Үлгі болар ұрпағына сөз қалдырған,
Бас иеміз Қашағандай бабамызға.
Керексің бар қазаққа қайран бабам,
Айтатын бас-көз демей келсе шамаң.
Бір жарым ғасыр бұрын айтқан сөзден,
Көп жерде пайдаланып, ғибрат алам.
Жиенімін Қашағанның ақын жанды,
Ізгілікпен күтетін әрбір таңды.
Бұйырып мүшәйраға бара қалсам,
Шашармын өлең-жырмен қолда барды.
Ғабиден ШОХАНОВ
(Маңғыстау)
ҚАШАҒАНҒА
Өткелінде өмірдің әуел бастан
Өнер болды бір серігің сырыңды ашқан.
Бас қайыртпас асаудай арындаған
Талантың мен талабың бала жастан.
Тағдырдың талқысымен тайталасқан,
Өжеттікпен биіктеп асқақ арман.
Халықтық табиғаттың қасиеттері
Сыйлағандай бағытты өзің алған.
Жан болдың ел сөзіңді сағынатын,
Ақындық тұлғаң анық танылатын.
Жырдан маржан шашқанда айналаңа,
Болмапты ешбір кезің жаңылатын.
234
Термеңді терең ұғып тыңдадым мен...
Танысып ойларыңмен, сырларыңмен.
Рухани кеселдерге қарсы тұрдың,
Алмастай сыншыл-сықақ жырларыңмен.
Сөйлесең, ойың озық, тілің жүрдек,
Көрмепті сені Құдай сөзден күрмеп.
Бата, толғау – жастарға үлгі-өнеге,
Тәрбиелік, тәлімдік өлең-өрнек.
Жырларың көкіректе өріледі,
Одан ішкі әлемің көрінеді.
Сөз қадірін түсінер халқың барда
Жалғасып кейінгіге беріледі.
Жыр-толғаулар, айтыстар, дастандарың –
Әдеби құндылықтың бастаулары.
Рух көтерер ұран ғып айтып жүрер
Өнерпаз ұрпағымыз жастар әлі.
Кәрісбай ӘДІЛ
(Маңғыстау)
АРНАУ
Армысың, жырдың алыбы?!
Даламдай дархан дарыны,
Қашаған жыр-дария,
Басылмаған ағыны.
Көмейі – сөздің көрігі
Өнеге тұтқан әр ұлы.
Кетпесем де шығынып,
Жырыңды жүрмін ұғынып.
Қашаған жыр-термелі,
Кіл маржан сөз тергені.
235
Қашаған сөздің жүйрігі,
Кесіп өткен кермені.
Жырменен бізге жеткізген.
Адайдың арғы дерегін
Таусылмайтын қазына
Шежіре – тарих дер едім.
Ағытқан сөздің тиегін
Сарқылмас саз-күй едің.
Ер Қосайдың ұрпағы
Аржағы асыл сүйегің.
Демеймін бүгін тас мүсін,
Арманың асқақ асты шын.
Жырың қайта жаңғырып,
Бізбенен бүгін жастысың!
О, Қашеке, ардағым,
Ұғынған үнсіз тұғырда
Ұласқан жырың ғұмырға.
Бірге жасап халқыңмен
Биігіңнен жығылма!
Шыққандардың бірі едің
Ақындықтың шыңына
Тәуелсіздіктің лебімен
Төгіліп тұр ғой шұғыла.
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАҢЫ
Арайлап атқан таңдай сыры терең
Жарқырап шыққан күннің нұрыменен
Түндігін түріп түннің Тәуелсіздік.
Шаттық өмір шалқиды жырыменен.
Тарихты терең ұқпай жүрсің тегі,
Қайран тағдыр, қаншама күрсінбеді?!
Тәуелсіздің таңы арайлап атқан шақта,
Жүрегім жарылардай дүрсілдеді.
Көңілді тербетеді таң самалы,
Асқақ жыр ақтарылар қаншама әлі?!
236
Тәуелсіздік тек қана менің емес,
Арманы еді бабалардың аңсағаны.
Бір көрініс ерекше есімдегі,
Нұрлы бейне жарқырап Есілдегі.
Астана құшақ жайып, қол бұлғайды,
Сағымданған Сарыарқа төсіндегі
Пай, шіркін көңілімді өсіргені,
Байтақ ел, байрақты жер көсілгені.
Өмірдің айдынында Қазақстан
Келеді қатарынан көш ілгері.
Насыреддин ҚОЖЫРБАЕВ
(Маңғыстау)
АҚИЫҚ АҚЫН ҚАШАҒАН
Біртуар ұлы қазақтың
Ақиық ақын Қашаған,
Халқымның мынау жадында
Жырларымен мың жасаған.
Өткір жырмен түйреген,
Тақымға салып сүйреген,
Дүмше, сопы наданды
Қылтыйтқан басын тасадан.
Ала білген абыроймен
Алла берген үлестен.
Әдепсіз, қаскөй, даңғоймен
Ғұмыр бойы күрескен.
Заманының кемелі,
Найзасы еді жебелі.
237
Қатепті қара нар еді,
Тоғышарлықпен тірескен.
Бастау алған жырлары
Тарихи түпкі санадан.
Ақын еді ағылған
Ерекше туған анадан.
Жады болды Қазақтың,
Қала берді Адайдың,
Сыр сандығы жиналған,
Сонау ықылым заманнан.
Санасызға сана сыйлаған,
Әдепсіз өскен наданды,
Жамандыққа қыймаған,
Менменсіген талаймен,
Айқасқанда айтыста,
Айылын да жыймаған.
Қашекеңнен өткен болмапты,
Заманында сыйлы адам.
Заманында бола алған,
Кедей-кепшік панасы.
Байларды мінеп, шенеген,
Іріктеп алып аласын.
Жүйріктің болған дүлділі,
Жыршының болған бұлбұлы,
Қашекемнің күрессіз,
Өтпеген екен бір күні.
Сөз сайыста сүрініп,
Жауырыны жерге тимеген.
Қиыннан құрап жырларын,
Айтыста басын имеген.
Өз сөзімен айтқанда,
«Пілдің тірі бәсі де мың ділдә,
238
Өлсе тері бәсі де мың ділдә».
Қашаған атам мерейі
Асқақтай берсін мәңгіге.
Қазағым тірі тұрғанда,
Қашекем жайлы жалғасын
Таба береді әңгіме.
МАҢҒЫСТАУЫМ МЕКЕНІМ
Бозжорға атым астымда,
Кезіп келем даламды.
Асау сезім тасқындап,
Кеудемде от боп жанады.
Кей сәтте тоқтап қараймын
Осынау шексіз далама.
Толқи ма жүрек әлде мұң?
Бойыма сыймай бара ма?
Әлде бір әлсіз елес пе,
Әлде бір бұлдыр сағым ба?
Ойым ба түскен егеске,
Дегендей бейне – бағынба.
Жота-жота қыраттан
Ізін көрдім бабамның.
Сырлы көне зираттан
Ісін көрдім бабамның.
Бұралаң бұлтыр жолдардан
Тағдырын көрдім бабамның.
Қиян да қиян жондардан
Салдығын көрдім бабамның.
Ізгілік пенен қаталдық
Қатар бір жүрген заманның,
Куәсі болған қырлары
Қасиетті кең даламның.
239
Талай да талай боздақтар
Өмірін қиған сен үшін.
Атойлап жауға шапқанда
Қасиетті қазақ жері үшін.
Үш жүз жылғы тарихың
Ел жадында сақталды.
Атар уақыт кеп қалды,
Әділеттің ақ таңы.
Қасиетті Маңғыстау,
Сырыңды сенің кім білген?
Тереңге тартқан тамыры
Жырыңды сенің кім білген?
Жеті жұрт келіп кеткенде,
Талайды көрген даламның,
Ашуға сырын ақтарған,
Беймәлім мен бір балаңмын.
Маңғыстауым мекенім,
Өзіңді мақтан етемін.
Жырыма қосып жырласам,
Арманыма жетемін.
Маңғыстаудың басына
Нелер келіп кетпеген?
Ноғай, қалмақ, айладыр,
Кімдер мекен етпеген?
Ұжымақтың төрі боп,
Ман ата қоныс тепкен жер,
Үш жүз алпыс әулие,
Әнібилер мекен еткен жер.
Қараған түбек, Сам, Шайыр,
Тарихын құмға жазған жер,
Түгін тартсаң май шығар,
Байлығын белден қазған жер.
240
Жел маямен желдіртіп,
Асанқайғы басқан жер,
Төрт түлік малды маңғыртып,
Ырзығы елдің асқан жер.
Құланды қолға үйреткен
Қамбар ата басқан жер.
Сәйгүлігін Адайдың
Бәйгеге баптап қосқан жер.
Ертеден шапса түске озған,
Түстен шапса кешке озған,
Қамыс құлақ қасқа азбан.
Бірінші келіп мәреге
Маңғыстау даңқы асқан жер.
Қашаған, Сүгір, Сәттіғұл,
Ақтан, Нұрым, Әбубәкір,
Балтабасұлы Түмендер,
Домбырасын сайратып,
Халқына жырын шашқан жер.
Шашақты найза қолға алып,
Еңіреген ерлердің
Тегеурініне шыдамай,
Түрікмендер тастап қашқан жер.
Пысы басып Адайдың,
Кетіктен бері аса алмай,
Кең даланы баса алмай,
Қызылдар қорқып сасқан жер.
Ырзығын Алла уыстап,
Пендесіне шашқан жер.
Жетібай, Өзен, Қаламқас,
Мұнайдың көзін ашқан жер.
Ата-баба арманы,
Жүзеге асып бұл күнде,
Ағарып таңы атқан жер.
Елбасы бастап халқымның,
Дербестік дәмін татқан жер.
241
Осынау дархан даламды
Жырыма қосып сайрасам,
Алладан медет болған соң,
Көңілімді солай жайласам.
Қасиетті Маңғыстау,
Отпан таудай іргелім,
Жырыма қосып өзіңді
Көңілімді солай бірледім.
Ата қоныс туған жер,
Жалғызымсың бір менің.
Тай құлындай тайраңдап,
Арқаңда сенің жүргенім.
Күн қыздырып төбемнен,
Шөліркеп сусап келем мен.
Мұхиттай бұлдыр сағымдар,
Ойнайды сонау белеңнен.
Болмаса екен өмірде,
Алдамшы осы сағымдай.
Жатса екен мынау өңірде,
Мұхитша тулап ағындай.
242
Садуақас АБДЫНАСЫРҰЛЫ
(Маңғыстау)
О, АБЫЗ АҚЫН ҚАШАҒАНЫМ
О, абыз ақын Қашағаным, киелім,
Талантыңа табынып бас иемін!
Асыл сөзбен асқақтата жырлаған,
Ақпа-төкпе жырларыңды сүйемін.
Мен өзіңнен сөз құдіретін ұққанмын,
Жырларыңды жаныма үлгі тұтқанмын.
Адуынды Адай жырын үйреніп,
Мен де сенің «шапаныңнан» шыққанмын.
Зұлпықардай жырларыңыз тым өткір,
Қырандайын қанат қаққан түлеп бір.
Өзіңе ұқсау қайда біздей пендеге,
Көңілдегі көрікті ойым – тілек дүр.
Жырлағанда жорғадайын тайпалдың,
Қайырымсыз бай меселін қайтардың.
Айтыста да айға білеп ауызды,
Орныменен Ізбасты да тойтардың.
Туып өстің сен де мендей жырақта,
Елді таптың ес жиған соң бірақ та.
Аңсап жетіп ата жұртқа әндетіп,
Салдың ерді жыр дүлдүлі – Пыраққа.
Туған жерің Ташауыздың аймағы,
Бұзылмаған онда діннің қаймағы.
Туған жерден таусылмайтын нәр алып,
Желбіреді жауһар жырдың байрағы.
243
Қадірлеген Қашағандай алыпты,
Жырын жаттап әкем жастай қанықты.
Сондықтан да сенің туған жеріңе
Әкем мені домалатып алыпты!
Қашағандай болсын деген тілегі,
Шығар бәлкім, мақсатын кім біледі?
Асқақ жырды аңсап әлде өзінше,
Бір нәрсені сезді ме екен жүрегі.
Мен білмедім, бәлки шығар жай қылық,
Көрген де жоқ бұл сыр маған айтылып.
Қашағанның жырын айтса, әкемнің
Жүрер еді жанарында ой тұнып.
Әкем менің біраз өмір көрген-ді,
Жыр айтуды жатқа терең меңгерді.
Қашекеңнің «Есқалиға айтқанын»,
Әкем бір күн жырлап маған берген-ді.
Кесір келін келіспеген сұтыны,
Көргеннен соң адам бұл деп жұпыны.
Сөз сойылмен төпеп ауыз аштырмай,
Тезге салған Есқалидай сұпыны.
«Қу ағаш» деп сөккенде дүмше молда,
Алдымен домбыраны алдың қолға.
Сөз бастап шариғатпен шымыр өріп,
Төпелеп топан жырды төктің сонда.
Кемшілікті көргенде ақын ба ыққан?
Білімді қай кезде де сөзден ұтқан.
Санамалап көрсеткен тап өзіңдей,
Қу ағаштың қадірін кім бар ұққан?
Заманның келбетіне етіп қайғы,
Толғадың өмір жайлы, өнер жайлы.
Дауылпаз дүлей жырлар төгілгенде,
Өр мінезге келеді сөзі сайлы.
244
Жырладың «Атамекен», «Адай тегін»,
Ықтырған асыл сөзбен талай теңін.
«Топанда» тасқын селді баян етіп,
Қопарған жасын жырдың таудай кенін.
Төгіп өткен нөсердей жер бетіне,
Тыңдайсың әрбір сөзін тербетіле.
Саф алтынан құйғандай әрбір сөзі,
Көрік берер кісілік келбетіңе.
Қашаған дүр сөзімен қадірі артық,
Жастарға болсын енді жыры сарқыт.
Төкпе жырдың қуатын тап басатын,
Туса екен енді саған біреу тартып.
ЖАНЫМА ҚУАТ БЕРСІН СӨЗІҢ ІЗГІ
Жас кезден жетімдіктің жүгін арттың,
Жоқшылық тауқыметін тағы тарттың.
Мал айдап Орынборға сату үшін,
Жалданып Сергейдің де қойын бақтың.
Жүргенде үміт күтіп келер алдан,
Түс көріп, таусылмайтын өнер қонған.
Оты бар кеудесінде Қашағанды,
Қалнияз балғын кезден бапқа алған.
Шернияз, Абыл, Есет, Нұрым, Ақтан,
Жолына түстің сұрап медет Хақтан.
Өнерін айтқыштардың қадір тұтып,
Төгілтіп айта жүрдің жырын жаттан.
Маңғыстау, Хорезм мен Еділ, Жайық,
Қарсы алды бір өзіңді ханға лайық.
Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл, Қобда, Елек,
Жайлайтын елдің бәрі күтті ерек!
Шалқыта, шамырқанта толғап жырды,
Айта алдың ойды асыл терең сырлы.
245
Түйдектеп түйінді сөз төкпелеткен,
Шарлады өр дауысың ойды-қырды.
«Қашаған – жүйрік жырау, елдің тілі»,
«Қашаған жырдан төккен маржан дүрді»
Деп еді Ілияс ақын баға беріп,
Өзіңдей ақпа-төкпе ақынға ірі.
Жыр бәйтерек – тартылған терең тіні,
Көп ақынның Қашаған болды пірі.
Халқының қалауына дөп келетін
Артында сөз қалдырған мәңгі тірі!
Біз дағы қадір тұттық сөзіңізді.
Сондықтан жырға қостық өзіңізді.
Дем берсін шабытыма әруағың,
Жаныма қуат берсін сөзің ізгі.
Әумин!
ҚАШАҒАН АҚЫН КЕЛГЕНДЕ
Қашаған ақын келгенде
Маңына, халқым, жиылдың.
Адайда айтқыш тақтақ деп,
Жырына бәрің сүйіндің.
«Қашаған сынды ақыннан
Естимін деп асыл сөз»,
Құмырсқадай үйілдің.
Ауызын айға білеген,
Қашағандай айтқыш болмаса
Айта алар елдің күйін кім?
Осылай мерей көтеріп,
Қастерлеген халқыңның
Бірі едің сен де сый ұлдың.
Арқаланып ел барда,
Көмейден сөз боп құйылдың.
Адайда өткен арқалы
Ақындарға сыйындың.
246
Жырыңмен жақұт сиқырлы,
Көңілін арбап өзгенің,
Төңірегіңе иірдің.
Сараңын көрсең байдың да
Сойыл сөзбен шиырдың.
Қырандай қалқып биікке,
Нүктесін көрдің қиырдың.
Қанатты қомдап аң көрген
Тастүлектей бүріп шүйілдің.
Кер ауыз ақын Ізбасқа
Төпелеп сөзбен түйілдің.
Айтарыңды айтып болғанша,
Келмеді әсте тыйылғың.
Сөз ретін білмес надан мен
Топастарға күйіндің.
Намысты жерде белсеніп,
Сөз атасын өлтіріп,
Келмеді езге иілгің.
Екі ауыз сөзбен екпінді,
Түйінін шештің қиынның.
Қадір тұтты өзіңді
Маңғыстау, Елек, Қобда мен
Жағалай жатқан елі де
Ойыл менен Қиылдың.
Еділ, Жайық, Хорезм
Халқына да сүйілдің.
Аңсап күтер ардақты,
Гүлі едің той мен жиынның.
ҚАЗАҚ ҮШІН ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛЫ ҰҒЫМ
Сәуле болса, санаңда сәл, ей, ұлым,
Бабалардың өсиетін сен ұғын.
Шежіресі шерге толған талайлы,
Қазақ үшін тәуелсіздік ұлы ұғым.
Әлихан мен Ахаң және Міржақып,
Көңілімде мөлдір бұлақ тұнығым.
247
Міне, бұлар қазақ үшін бір туар,
Қастерлейтін алтындайын сынығым.
Мен қарасам өткен күнге, бұрынға,
Ашылады тереңірек сырым да.
«Қара қазан, сары бала қамы үшін»
Атқа мінді Махамбет те, Сырым да.
Сонау өткен төңкерістің өзінде,
Елге берген тұрып айтқан сөзінде.
Тәуелсіз ел болу үшін күресіп,
«Алаштықтар» атқа мінді кезінде.
Батып белге желтоқсанның сыз, қары,
Өтті жанға cуық желдің ызғары.
Зардабынан осы күнге жеткенше,
Қанша жүрек қан жылаумен сыздады.
Жаным нәзік, өлеңіммен сырлы еді,
Ал жүрегім Отаныммен бірге еді.
Болашаққа басып қадам ұмтылып,
Еңсе тіктеп елім міне гүлдеді.
Нұр құйып тұр төбемізден сәулеміз.
Қуаныштан жарылардай кеудеміз.
Ойлап тұрсам дәл бүгінгі ұлы күн,
Тәуелсіздік тәу ететін – тәубеміз.
Тағдырымды айналдырып тозаққа,
Бодан қылып, салған бізді азапқа.
Қилы заман қиындығын еңсерген,
Тәуелсіздік – ұлы Жеңіс қазаққа.
248
ІІІ бөлім.
ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ
АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Мэлс ҚОСЫМБАЕВ,
ақын, филология ғылымдарының
кандидаты, «Ерен еңбегі үшін»
медалінің, мемлекеттік «Дарын»
сыйлығының иегері, ҚР-на еңбегі
сіңген мәдениет қайраткері
ҚАШАҒАНДАЙ ЖҮЙРІККЕ ҚҰЙРЫҚ БОЛҒАН...
Тілімнен сөйлегенде бал төгемін,
Қорыта алсаң, жая мен жал төгемін.
Қотыр ешкі бітпеген қорасына
Алдына кембағалдың мал төгемін.
Мұрат пен Қашағаннан Мұрынға өткен
Заманнан сөз қозғасам зар төгемін.
Жоңғардың жүйкесінде жоңқа ойнатқан
Қаратаудың басынан қар төгемін.
Қағанаттың қолында жетім қалған
Қанағаттың жолында қан төгемін!
Күймесі мен түймесі жылтыраған
Маңғыстау түрін көрген маң төренің.
Барыстың тарғылындай батырларым
Намыстың жыққызбаған нән терегін.
Нән терекке сүйкенген нәкөс иттер
Басында қалған жоқ па әр төбенің?!
Кіндігіңнен жаралған кірпиязбын
Талаптың Жайыққа еккен тал-терегін.
Жапырағым түсіп тұр жан өлкеме
Сағыныштың қозғасам сәл терегін!
249
Аңқымасы ақынның айтыстағы –
«Шалқымасы» сияқты Жантөренің.
Дулығалы батырдай домбырам бар
Алдында қаймықпаған хан-төренің.
Кей барысқа ұқсамай кейіпкері
Бейбарысқа ұқсаған бәйтерегім.
Сүгірдің жырларымен сүртіп жүрмін
Шариғаттың бүгінгі шаң терегін.
Құрмасы Қашекемнің құтты болсын,
Аламанға жиналған алқалы елім!
Арқардай Оғыланды мен Отпандағы
Тағдыры таста ойнаған тарпаң елім.
Бекеттің әруағына бет сыйпаған,
Ассалаумағалейкум, арқалы елім!
Ірітетін болмайды ізгі жанда ой,
Біліктіге таңбайық біз күмәнді ой.
Шекпеннен шыққанымен шектен шықпас,
Ғұмырды түзу кешкен түзгі заң ғой.
Балшығының тістері балақ қапқан
Күңіренген ағымдар – күзгі лаң ғой.
Әулие-әнбиеге ысқырынған
Құйрығы көп, басы ортақ бір жылан ғой.
Домбыраны боқтайтын доңыздар да
Сұпының кейпіндегі сұр жылан ғой!
Есқалидың тіркелген есебінде
Сұр жыландар бері қарай жылжыған ғой.
Арабтардың сақалды арбакеші
Ұлтыңның депутаты ұл жылан ғой.
Суға емес, кеңірдектен уға толған
Құманның мойынындай құм жылан ғой.
Кесірткенің алдынан кесе алмайтын
Қасындағы қасқалар құр жылан ғой.
Құдайдың құлымыз деп зарлағанмен,
Құдайдың құлдарына құл жылан ғой!
...Дүниені бұзғасын дүмше молда,
Мазалап Қашекемді жүрді заңды ой.
|