Жансая МУСИНА:
Қазылар ақындарын елеп жатыр,
Айтыс та мәресіне келе жатыр.
Қуғыншы екенімді айтып едім,
Айтпақшы, сол мәселе не боп жатыр?
Шақырсаңыз додаға келемін ғой,
Желден озған жүйріктей желемін ғой.
Мен қазір жұмыссыз ем, шынымды айтсам,
Бұл да бір айтып жатқан дерегім ғой.
Берсеңдер бір қуанып қалар едім,
Машина тіршілікте керегім ғой.
Үйімде қарап жатпай таксист болып,
Күн көріп, нан табайын дегенім ғой.
Ақынның бар байлығы – өлең екен,
Өлеңмен мен бір аңыз өре кетем.
Ағайын, Құрманғазы ұрпағымын,
Нарындай мен туған жер көне мекен.
«Адай» деп күйін тартқан Құрманғазы,
292
Бабамды танытқан да өнер екен.
Қас болып хан ұлымен бір кезде атам,
Паналап Маңғыстауға келеді екен.
Сол кезде ел аралап күйін тартып,
Бабама Қашаған да ереді екен.
Сондай бір жиыныңда Құрекеңе,
Тілдепті бір бай адам Төре деген.
«Досыма тіл тигізді» деп домбыра алып,
Қашаған сонда өлеңін төгеді екен.
Тілінен жалын атып сөйлегенде,
Төрені от көйлекпен көмеді екен.
Өртеніп жатқан Төре қалтырапты,
Деп ойлап, күйіп-жанып өледі екем.
«Сабыр» деп Қашағанға басу айтқан,
Шабыты күйші атамның бөлек екен.
Көргенде жанып жатқан от көйлекті,
Толғанып «Топан» күйін төгеді екен.
Жаңбыр жоқ, аспан ашық бір ғажабы,
Тасқын кеп, босағадан төнеді екен.
Жиналып отқан халық аң-таң болып,
Көзімен осы жайды көреді екен.
Жырымен Қашағанның шыққан жалын,
Құрманғазы күйімен сөнеді екен.
От-жалын төкпесем де өлеңімнен,
Алдыңа талай мәрте келемін мен.
Бұл жайды неге айтады деп ойласаңдар,
Айтайын түсіндіріп себебін мен.
Айтқым келді бабалар мықтылығын,
Талайды талантымен жеңе білген.
Өнердің құдіретінде шек болмайды,
Сондықтан осы аңызға сенемін мен.
293
Мұхтар НИЯЗОВ:
Кітап оқып кеттің пе, Жансая қыз?
Айтасың тереңдерден аңсай аңыз.
Араласып отырсай адамменен,
Сенің тәтті жырыңа тамсанамыз.
Әу баста мына қыз кеп, табандап ед,
Әр сөзі жұпар боп ед, самал боп ед.
Қуғыншы боп келдім деп әкімдерге,
Басып отыр батылдау қадамға кеп.
Бір елдің бағы болған, ол – екеуі,
Сұраймын көрген сайын аман ба деп?
Жансая, алаңдама сондықтан да
Пейілі ел халыққа адал боп ед.
Қырекең мен Мэлсті неғыласың?
Қуғыншы оларға емес саған керек.
Жағыңды неғылайын жырлап талған?
Демеушің мен болайын бір қапталдан.
Сені әбден шаршаттық-ау біз екеуміз,
Әу баста қарсыласың Нұрмат болған.
Арпа ішінде бір бидай жалғыз қыз ғой,
Өнердің биігіне шындап барған.
Жолымды беремін мен Жансаяға,
Шөлімді басатұғын құрғап қалған.
Ерлігі бар, себебі Әлиялардай,
Майданға ерлерменен бірге аттанған.
Көңілің – байқап тұрмын, баладай бір,
Себебі бұзылғанын қаламаймын.
Жансая ер адам да емес қой бұл,
Сондықтан бейберекет таламайын.
Осыменен айтысты тәмамдаймыз,
Риза бол біздерге, ал, ағайын!
Осында жігіттер де, қыздар да бар,
294
Ойыңа аспандағы салады Айын.
Адайдың жігіттері аман болсын,
Әрқайсысы дарадай, данадайын.
Төрде отырған апалар аман болсын,
Қасиетін сақтаған Хауадайын!
Қасыңызда шалдар да есен жүрсін,
Бір күнде мың құбылтып ауа-райын.
Жансая МУСИНА:
Сабырың сары алтынның сабырындай,
Жауырының жерге тимес жауырындай.
Жол берем, қыз балаға деп айтасың,
Бабадан қалған салт бар тағы мұндай.
Екеуміз Кіші жүздің баласы едік,
Мен сені жақсы көрем бауырымдай.
Өзімнен ер жігітті биік қоям,
Аналардан үйренген танымым бай.
Еңсені түсірмейтін ақын болсаң,
Мен сені көтеремін хан ұлындай.
Ел үшін кешкенім жоқ сонша уайым,
Маңғыстау, көркіңе бір тамсанайын.
Бұл мекен Ақжайықтан алыс емес,
Шақырсаң қайта-қайта жол салайын.
Айтысқан ақындарын құрметтеген,
Ағайын өздеріңдей болса дәйім.
Құлазып қалмасын деп жан сарайың,
Мен сізге қоштасарда ән салайын.
Сендердей халқым барында,
Қазақы салтым қанымда.
Тербеліп барамын бүгін,
Каспийдің толқындарында,
295
Пір Бекет бабамның елі,
Қашаған атамның жері.
Маңғыстау – маңғаз мекенім,
Даңқыңды далам біледі.
Ағайын, аман бол, халқым!
Сағынып жетейін әр күн.
Амал қанша, амал қанша,
Қайта айналып оралғанша.
Мұхтар НИЯЗОВ:
Жансая айтып отыр жалықпай ән,
Жаныңда мен қалайша қалып қоям?
Осылай көп отырсаң, Жансая қыз,
Жаңағы берген жолды алып қоям.
Сондықтан жорғаласам шайқалмаймын,
Қалайша ортаңызда тайпалмаймын.
Тоқта десе, тоқтаған дұрыс шығар,
Бұл Жәкең деп тұрған жоқ бай таңдаймын.
Сахнадан Жансаяны ертіп кетем,
Көтеріп кетемін деп айта алмаймын.
296
Нұрмат МАНСҰРОВ пен Жандарбек БҰЛҒАҚОВТЫҢ
айтысы
Нұрмат МАНСҰРОВ:
Айтылсын бір Аллаға бар мақтауым,
Халықты қарашықтай ардақтадым.
Тізіп келген түйдек-түйдек өлеңімнің,
Кетейін Адайларға арнап бәрін.
Теңіздің жағасына орын тепкен
Жатырсың тектіліктің жалғап нәрін.
Қашағандай тұлғаны жырлаймын деп,
Көрдіңдер көп ақындар кеп жатқанын.
Қашекең тарихымның тұтқасы еді,
Өлеңнің елге кеткен жолдап бәрін.
Ағайын, дүрілдетіп отырыңдар,
Көрсетіп дүрдің тойы боп жатқанын.
Халыққа сөз түсінген сыйың бар-ау,
Жыл сайын Маңғыстауда жиын бар-ау.
Жыршылықта биігін алып кеткен,
Сөзінде Қашекеңнің түйін бар-ау.
Айтыстың бізге берген шарты да бар,
Бір жерді езгілемеу, шиырламау.
Жансаямен жаңа айтысып кетіп едім,
297
Менде тағы айтылар бұйым бар-ау.
Дауылдай лекілдеген қызға келдім,
Көрерім онымен де тыйылмады-ау.
Енді міне Жандарбек жолығыпты,
Жағдайым жүдә қатты қиындады-ау.
Білмеймін Құдайға не жазғанымды,
Маған бір момын байғұс бұйырмады-ау.
Жандарбек, жігітсің ғой кеңес қылар,
Сахнада әдетің жоқ әбес қылар.
Айтақындай білеміз әкеңізді,
Алдымызда ол біздің белес тұрар.
Айтекеңнің ізін ап шыққаныңмен,
Сенімен шамамыз бар егес қылар.
Әулие болса, түйенің өзі әулие,
Құмалағы әулие емес шығар.
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ:
Шабытым Ақтауға кеп шарықтады,
Біздерді қарсы алуда халық тағы.
Бұл Нұрмат шыға салып құмалақ деп,
Жандарбектің теңеуін жарытпады.
Ал өзі құмалақтан қорқып отыр,
Дейді ғой «момын байғұс жолықпады».
Жас баладан қорықсаң неге шықтың?
Жүйріктің жараса ма зорыққаны?!
Адайлар, бір айғайлап қойыңдаршы,
Су жүректің басылсын қорыққаны.
Ағайын, қолдасаңдар төгілермін,
Бұйырса, бір мәреден көрінермін.
«Маған бір момын байғұс шықпады-ау» деп,
Сөзін айтып отырсың тегін ердің.
Нұрмат-ау, жақын жерде момын жан жоқ,
Төрінде отқан жоқсың тегін елдің.
298
Адуынды Адайға келіп алып,
Момын адам іздеген сені көрдім.
Жарамас жапалақтай жарға ұшқаным,
Қыранға биік самғау – мәңгі ұстаным.
Қара өлеңге сусаған Ақтау елі,
Айтыс көрмей қанбайды-ау жан құштарың.
Шапалақпен қойыңдар шабыт беріп,
Алтыннан қымбат бізге алғыстарың.
Абыл, Ақтан, Нұрым мен Қашағанның
Білеміз жыр көгінде мәңгі ұшқанын.
Атағозы Шотандар атқа қонса,
Білеміз ата жаудың қан құсқанын.
Ақын менен батырды туа салған
Қасиетіңнен айналдым, Маңғыстауым!
Маңғыстау, елің қымбат, жерің қымбат,
Көре алмай жерге кірсін бар дұшпаның!
Өсер елдің баласы батыр келер,
Қысылса бір-біріне ақыл берер.
Екі жыл айтыс тоқтап қалып еді,
Тар бұғауда қамалып татымды өнер.
Бірақ өнер халыққа қайта оралды,
Құдайым сабырлының сәтін берер.
Өйткені, білеміз ғой біздің қазақ,
Шайырды шақырымнан шақырған ел.
Айтысты еш саясат өлтіре алмас,
Бұл сөзімді мұндағы мақұлдар ел.
Қылышынан қан тамған батыр бабам,
Қызыл тілден бал тамған ақын жеңер.
Болмайды мына жайға сәл үңілмей,
Емес қой тұлпар менен жабы бірдей.
Мен жаңа Мұхтарыңнан құтылып ем,
Сөздері бар сұлтанның әміріндей.
Енді кеп Нұрматына тап болдым-ау,
299
Сөздері әрі тікен, әрі гүлдей.
Мейлі ғой Мұхтар болсын, Нұрмат болсын,
Қайтпаймын бұл додаға тағы кірмей.
Бөрінің бөлтірігі ем тістеспесем,
Өн бойынан қалатын қаны жүрмей.
Бөлтірік тоқты жесін, түйе жесін,
Өңештен өткен астың дәмі бірдей.
Немесе қасапшыға ақ қой сойды,
Қара қойды сойды не, бәрі бірдей.
Нұрмат МАНСҰРОВ:
Дайынсың ата жолын қуысуға,
Желбіреп жүрген ұлсың ту ұшында.
Жандарбек, тектен-текке ұрынбағын,
Кетерсің Нұрмат ұлдың уысында.
Күрессең бес қаруды сайла, бала,
Жолықтық Маңғыстауда тойда, бала.
Арындап мына бала қоймай жатыр,
Өз жөніңе көшкейсің, әйда, бала!
«Кіші жүзге күйеу болам» деп келіп ең,
Ендеше, өз бағыңда сайра, бала.
Қайын жұртта қаттылық танытпайтын
Ата көрген жеріңіз қайда, бала?
Күйеуді бірінші рет көріп тұрмыз,
Пышақ алып жүгірген қайынағаға.
Айтыс деген өнерді халық құрған,
Кететін сөз жолында болып құрбан.
Айтысты эфирлерден қысқартқанмен,
Ащы ішектей фильмдер жалықтырған.
Ақиқат аузын өйтіп жаба алмайды,
Биліктің қателігі барып тұрған.
Айтыстан біз алыстап қалып едік,
Сөздегі танылмай ма алып тұлғаң.
Адайдың ел-жұртына рахмет,
300
Соның бір төте жолын тауып тұрған.
«Бармысың, бауырым?»-ға сабылдырмай,
Жандарбекпен сахнада жолықтырған.
Қалса екен өткен күннің жылғасы аман,
Ақын едің халыққа жыр қашаған.
«Кіші жүзге күйеу болам» деп келіп ең,
Сайлап тұрғандай қызын мұнда саған.
Саған бір мен ұсыныс айтайыншы,
Ағаңның көмегі ғой бұл жасаған.
Сен осы Жансаяны неге алмайсың?
Қанбайды ертелі-кеш тыңдаса адам.
Екі жақсы жол тауып қол ұстасса,
Қалар ед тектіліктің тұлғасы аман.
Тоғыз айдан өткен кезде, Алла берсе,
Өмірге келер еді-ау бір Қашаған.
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ:
Нұреке, бастамайық біз бүлікті,
Ақындар жыр кемесін жүздіріпті.
«Жансаяны алсаңшы» деп қояды,
Ұсынып мына маған қыз қылықты.
Әкем «бақсы», әйелім «палуан» болса,
Құдайым шекемізді қыздырыпты.
Жырым бар жүректерді тербейтұғын,
Халықтың жан жарасын емдейтұғын.
Жансая да ақын ғой, мен де ақынмын,
Құдай-ау, не ойлайды ел дейтұғын?
Одан кейін Жансая көп сөйлейді,
Қожасы болмағасын «Қой!» дейтұғын.
Әй, бірақ, әйелдердің әдеті ғой,
Ерлерден екі еселеу сөйлейтұғын.
Әзілмен әңгімемді жеткізейін,
Дәнекер боп отырсын ел дейтұғын.
301
Баяғыда Каспийде бай шал бопты,
Өзі бір адам екен бойшаң да епті.
Каспийдің жағасында келе жатып,
«Енді бір балық аулап алсам» депті.
Қармағына алтын балық түсіп қалып,
Енді кеп, «осыны жеп тойсам» депті
Алтын балық сол кезде сөйлеп кетіп:
«Неғылады жемей ақ қойсаң?» депті.
«Мен сенің үш тілегіңді орындаймын,
Өзің бір жан екенсің байсалды, епті».
Сол кезде жаңағы шал қатты ойланып:
«Балыққа қандай талап қойсам?» депті.
«Маған бір аз сөйлейтін жар тауып бер,
Болсыншы өзі сұлу, бойшаң» депті.
Сол кезде ашуланып алтын балық:
«Сенің есің дұрыс па, әй, шал?» депті?
«Өмірде аз сөйлейтін әйел жоқ қой,
Одан да әуре болмай жей сал» депті.
Болайық жақсылыққа жаршы ғана,
Сөйлейік ақиқаттан зар шығара.
Қырық күн жырласақ та Нұрмат ақын,
Сахнада, қыздың жайы таусыла ма?
Кел, екеуміз жырлайық елдің жайын,
Қызыл тілден зар дейтін зәр шығара.
Шындық десем көмейден шарықтайды ән,
Шапалақсыз келеді шабыт қайдан?
Байлыққа бөгіп жатқан Батысымда,
Кекіріп келімсектер анық тойған.
Тегін шашқан тарыны көргеннен соң,
Ол жерден кете қойсын тауық қайдан?
Кен орынын басқартып келімсекке,
Көкелер отырады қалып қайран.
Шетпедегі цементтің заводын да
Қысық көзді қытайлар алып қойған.
302
«Қазақ қызын жұмыспен қамтимыз» деп,
Астарлы саясатпен салыпты ойран.
Қызыңның құшағына кірмекші ғой,
Әйтпесе жаны ашысын анық қайдан?
Жоғарыда жаны ашыр адам болса,
Жағдайға берер еді ау жалықпай мән.
Биліктің ар-намысы қытайлардың,
Цементінің астында қалып қойған.
Кім бүгін ақиқатқа тік қарайды?
Шындықпен жеткізейік шыққан ойды.
Жерімнің асты байлық, үсті байлық,
Дегенмен боп тұрған жоқ жұртқа жайлы.
Жезқазғанда мысыңды кәріс алып,
Қазақпен санасуды құптамайды.
Қарағанды шахтасын үндістер ап,
Аспандағы сұрап тұр Миттал Айды.
Ал, енді Батыстағы байлығымыз
Сыртқа жайлы болғанмен ұлтқа қайғы.
Көрінген көк атты кеп еншілесе,
Ұрпақтың еншісінде түк қалмайды.
Жоғарыда жемқорлар азаймаса,
Уызың тимейді ғой ұлтқа майлы.
Өрістегі сиырды бұзау еміп,
Үйдегі айраныңды ит жалайды.
Нұрмат МАНСҰРОВ:
Көзіне оқ қадаған құралайдың,
Мергені Жандарбек ең бұл орайдың.
Саясатты айтқанда еңіретіп,
Деп тұрсың: «Тасқа шеге сыналаймын».
Елбасы осы айтқанның бірін білмес,
Жарқыратып отыр оған шырадай кім?
Ел ішінде боп жатқан жағдайларды
Ап-анық жеткізеді тұмадай кім?
Билікті жаулап алған жағымпаздық
303
Кешегі уайымы еді ұлы Абайдың.
Қасында шындық айтқан ұлы Абайдың,
Келіспей тұрғанын-ай бір Адайдың.
Кешегі Қашаған мен Абыл Адай,
Қазақы қара өлеңнің қорына бай.
Солар да заманының шынын айтқан,
Еңіретіп қоймаған елін оңай.
Солардың болған заңды мұрагері –
Өмірден өтіп кетті-ау Табыл Адай.
Бұлбұлдай сазы сайрап әр құлақта,
Уақыт шіркін уысқа бағына ма-ай?
Билік оның қадіріне жетпегенмен,
Тектісін ұмытпайды халық оңай.
Табылдың әні айтылып жатқан кезде
«Зарламай неғып жүрсің, қалың Адай?»
Жандарбек, халық саған жақтасады,
Сыртыңнан талай қыздар мақтасады.
Нұрлан ағаң бұйрығын беріп жатыр,
Онсыз бүгінгі айтыстың жоқ та сәні.
Осымен өлең сөзді тоқтатайық,
Көп сөйлеген жігіттен бақ қашады.
Жігітті мысал қылып неғылайын?
Көп отырған торғай да оққа ұшады.
304
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ пен Жансая МУСИНАНЫҢ
айтысы
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ:
Біздерге жарасады жасып тұрмау,
Айып қой қарт Каспийдей тасып тұрмау.
Әйтеуір өйтіп-бүйтіп қазылар да
Жансая екеумізді қосып тынды-ау.
Маңғыстау әулиелі, әнбиелі,
Бойына жинап алған бар киені.
Әулиелі жерге кеп Жансая кыз
Тірілтіп отырғандай жан-жүйені.
Сахнаға қызбен шықса қытықтайтын
Айтақынды біледі жанкүйері.
Қанда бар сол қасиет қалмайды екен,
Турасынан тартайын әңгімені.
Бала деген істемей қоюшы ма ед
Әкесінен үйренген тәрбиені.
Жансая МУСИНА:
Қосайық дейді екеуін,
Ал мен Жандарға тимеймін.
Қозыны аңсаған Баяндай
Өйткені оны сүймеймін.
305
Бетке айтқан жақсы осылай,
Қиналып, азап шексең де.
Ләйліні аңсаған Мәжнүндей
Есуас жан боп кетсең де.
Бұралып өскен қайың деп,
Еркелетсең де Айым деп.
Үйі жоқ әрі күйі жоқ
Ерігіп жүрген студентке
Еріп кететін жайым жоқ.
Жұмысың да жоқ тұрақты,
Мен неңе сеніп барамын?
Аспаннан ақша жаумайды,
Аштан өлтірерсің, қарағым.
Үйімнен келген киімді
Үстімнен шешпей бір емге.
Сол киім тозып қалғанда
Жапырақ байлап жүрем бе?
Бұлғақов Жандар, хал қалай?
Кез қылған бізді жалған-ай.
Шиқылдап отсың қасымда
Тот басып қалған арбадай.
Көрінбей кеттің көп болды,
Тірі екенсің ғой, ой, Алла-ай!
Үрпиіп отсың қасымда
Қасқырдан қашқан қояндай.
Ал, енді сөзді берейін,
Өртен сен тағы лапылдап.
Ертегіңе сенетін
Тауып ал басқа ақымақ.
306
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ:
Жансая жыр отына күйеді ғой,
Сырттай кейіп, ішінен сүйеді ғой.
Ти дегенде тимейтін ерін құсап,
Қыз байғұс тимеймін деп тиеді ғой.
Танытып отырсың ғой жыр-өң бөлек,
Әзілді екеумізге іреу керек.
«Жандарбекті сүймеймін» деп қояды,
Қабағың маған неге жүдеу келед?
Өткенде Алматыда айтыс болып,
Жансая жыр жүйрігін жүгендеп ед.
Жюриде менің әкем отырған соң,
Бұл барып әзіл сөзбен тірелген ед.
«Басқаларын білмеймін, мен әйтеуір
Өзім кеп Айтақынға тием» деп ед.
Ана шал бас жүлдені бере салып,
Айтыстағы ұпайы түгел боп ед.
Айтыстан соң үйіңе тайып тұрдың,
Деп отыр ем өзіңді – жігер беред.
Айтақын осы айтысқа кетер кезде
Танытты мына маған ірең бөлек.
«Шалдарды алдап-сулап қашып кеткен
Жансаяны әкел» деп жіберген ед.
Жансая МУСИНА:
Түзелер алға қарай көш барғанда,
Байқасам, бұл Жандарбек осал жан ба?
«Тимеймін деп айтып ап, тиеді» деп,
Оралып отырғандай ескі арманға.
Үйің жоқ деп айтып ем жаңа ғана,
Білмеймін, бақыт сені тосар ма алда?
Сол үйде әкең менен шешең тұрад,
Қияли «бақсыларда» ес болған ба?
Сол үйде бауырларың және де бар,
Қайтеміз балалары есті алғанда?
307
Күндіз қойшы, өйтіп-бүйтіп күн көрерміз,
Қораға қонамыз ба кеш болғанда?
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ:
Сөзімді бағалайтын дүйім бар ғой,
Жансая қыз қылықпен қиылған ғой.
«Үйің жоқ, үйің жоқ» деп кінәлайсың,
Мінезі мына қыздың қиын жан ғой.
Қазақ деген өнердің құлы емес пе?
Үйім жоқ болғанымен сыйым бар ғой.
Жансая МУСИНА:
Балдай мен жырдың дәмін татамын бай,
Мақам жоқ, Жандар, сенің мақамыңдай.
Миыңнан басыңдағы айналайын,
Әйтеуір жүр ғой сені қапа қылмай.
Бес түйір кекіліңнен айналайын,
Ешкінің иектегі сақалындай.
Қоңқиған мұрыныңа қызығамын,
Жансая тыныш отыр нақ, аһ ұрмай.
Аңқиған ауызыңнан айналайын,
Аюдың қазып кеткен апанындай.
Түріңнен айналайын осы отырған,
Көнерген Алдар көсе шапанындай.
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ:
Алты Алаш екеумізге қарамай ма?
Жансая, бара берме арам ойға.
Қора мен ешкі жақтан шықпай қойдың,
Әзілмен жауап берер сана қайда?
Мал-мүлікпен өзіңе жауап берем,
Жансая бүгін мені табалай ма?
Несіне тимеймін деп керги бердің,
«Саулыққа тоқты қошқар жарамай ма?!»
308
Жансая, жыр көгінде дара самға,
Өзің біл, бала ғой деп қарасаң да.
Әкемді айтып едім, қашып кеттің,
Өзің біл, оған салғырт қарасаң да.
Сен енді ел алдында кесіп айтшы,
Не деп сәлем айтайын ана шалға?
Жансая МУСИНА:
Осылай өн бойыңнан жыр өрерсің,
Ақындық, қонған бізге ұлы өнерсің.
«Әкеме не айтамын?» деп жатырсың,
Сен менен жауап сұрап тіленерсің.
Айтып бар үйіңдегі Айтақынға –
Әйтеуір аман-есен жүре берсін!
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ:
Бәлені басқа алады қазақ тілеп,
Айттың-ау жас балаға мазақты кеп.
Айтақынға тимесең тимей-ақ қой,
Ол сенің келмесіңді өзі-ақ білед.
Жюрилерден машина сұрап ең ғой,
«Жаяу жүрсем кешем көп азапты» деп.
Одан да мына маған тие салсаң,
«Гаражыңа» «машинам» өзі-ақ кіред...
309
ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
Әлқисса, 2011 жылдың 15-17 қыркүйек күндері кең
кө лемде аталып өткен дүлдүл ақын Қашаған Күр жіман-
ұлы ның 170 жылдық мерейтойы үш күн бойы халыққа
ру хани ләззат сыйлады. Осынау елдік шараға Астана,
Ал маты қалалары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау,
Қызылорда облыстарынан сыйлы қонақтар арнайы келіп
қатысты. Алғашқы күні мәртебелі меймандар Қырықкез
қауымына зияраттап барып, Қашаған бабамыздың рухына
дұға бағыштады. Тұрсынғали Көшенұлы бас болып, ата
ұрпақтары қонақтарға арнап алты қанат ақ үйлер тігіп, ас
берді.
Ертеңіне Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік тех-
нологиялар және инжиниринг университетінің мә жі ліс
за лында Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық ме рей-
то йына орай жарық көрген «Қайыртпай кеткен Қашаған»
кітабының (құрастырушы Жетібай Жылқышы ұлы, шы ғар-
машылық алқа С.Адай, С.Нұржан, Ә.Бимағамбет, А.Өтеш,
Б.Нұрдәулетова, Қ.Жұмашев, Ж.Қараев, М.Ғұмарова) және
Қашаған Күржіманұлы шығар маларының қазіргі жыршы-
лар орындауындағы «Айтамын хабар қиырдан» деп атала-
тын CD нұсқасының («Нұр Отан» ХДП МОФ тапсырысы-
мен шығарылған) және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі
«Қашаған шығармаларының таңдамалы жинағының»
(«Норт Каспиан Оперейтинг Компани БВ» тапсырысымен
шығарылған) жарық көруіне орай аталған туындылардың
тұсаукесер рәсімі өтті.
«Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың
орны және Қашаған жырау мұрасы» атты республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжі лі-
310
сінде оқылған баяндамаларда Қашаған Күржіманұлының
ақындық болмысы, шығармашылық мұрасы жаңаша
көзқараста қарастырылып, тың тұжырымдар жасалды.
М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармония за-
лында он жеті үміткер қатысқан республикалық жыршы-
термешілер байқауына елге танымал өнерпаздар – Сыр
сүлейлерінің қазіргі сардары, қызылордалық белгілі жырау
Алмас Алматов, маңғыстаулық жыр-терменің майталма-
ны Амандық Көмек, дәулескер күйші Сержан Шәкірат,
бұлбұл әнші Ақмарал Ерімбетовалар қазылық қылды. Жыр
бәйгесінде бабы мен бағы қатар шапқан маңғыстаулық
жыршы Ізмұрат Молбаев бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз
атанды. Бірінші орынды да маңғыстаулық Аманбек
Сәуірбаев еншіледі. Алматылық Сәттіғали Нұрдәулетов
пен маңғыстаулық Әбубәкір Нұрниязов екінші орынды,
ақтөбелік Демеубай Жолымбетов, қызылордалық Күнсұлу
Түркпенова, астаналық Бейсенбай Әлихан үшінші орынды
иемденді.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиырма бес та-
лапкер қатысқан «Сұрағандарың сөз болса...» атты жазба
ақындар мүшәйрасында ақын, Қазақстанның халық жазу-
шысы Фариза Оңғарсынова бас болып, ақын, ф.ғ.к., до-
цент Оңайгүл Тұржан, ақын, журналист Айтуар Өтегенов
төрелік етті. Қорытындысында ақтөбелік Индира Кереева
бірінші орынды, маңғыстаулық Жандос Демесін мен батыс
қазақстандық Талғат Мықи екінші орынды, маңғыстаулық
Нұрлан Қосымбаев пен астаналық Жасұлан Майлыбай және
Еркін Исахан үшінші орынды иемденді.
Аймақтық ақындар айтысында сегіз қатысушы болды.
Ақын, сазгер, әнші Елена Әбдіхалықова қазылар алқасының
төрайымы болған сөз барымтасының жеңімпаздары деп
бас жүлдені батыс қазақстандық Жансая Мусина иемден-
се, астаналық Жандарбек Бұлғақов бірінші орынды, қы-
зылордалық Нұрмат Мансұров пен Мұхтар Ниязов екінші
орынды, атыраулық Салауат Исақаев пен алматылық Айбек
|