Алматы “Жазушы” 2013



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#1641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

29
Ізбас-ау таласқан бізбен білімге», – деп келіп, Ізбасты біраз 
сөз тоқпағының астына алады. Ал, Қашағанның сол кездегі 
елдегі беделі сондай – тыңдаған жұрт Ізбасты пірге келіп 
тиіскендей көріп қабылдаған. Әлі солай қабылдауда.
Қашағанның қай туындысы да өршілдігімен өміршең. 
Оның Бекеске, Сақыпқа, Берекет ақынға, Есқали сұпыға 
айтқан, Аралбайды жұбатқан сөздері жыр сүйер елдің жатқа 
айтатын  әруақты  шығармасы.  Елдің  тентегі  мен  телісін 
жалғыз адамның жөнге салуы қиын жай. Бірақ, Қашекеңдер 
аузымен айтылып, елге тарайтын, дүниедегі саналыларға 
сапар шегетін сөздердің әлеуеттілігі ерекше. 
Жырау мұрасы біраз жылдардан бермен қарай жоғары 
оқу  орындарында  оқытылып  келеді.  Жыраудың  барша 
мұрасының  басын  жинақтауда  жүйелі  түрде  зерттеуде 
ғұлама оқымысты Қабиболла Сыдиықов ағамыздың еңбегі 
зор.  Қазақтың,  соның  ішінде  әсіресе,  батыс  айма ғының 
 ақын-жырауларының  еңбегін  жинастырып  зерттеп, 
үлкен ғы лыми сараптаудан, текстологиялық яки мә тіндік 
түзілісін тәртіпке салып түгендеудегі оның еңбегі халқы-
мыздың бұрынғы өткен небір тарихи тұлғаларының, сөз 
зергерлерінің еңбегін өмірбойы жинақтап өткен Мәш һүр 
Жүсіп Көпеев еңбегіне ұқсас. Ал, жалпы ақын шығар ма-
шылығына Қ.Жұмалиев, А.Жұбанов, Қ.Сыдиықов, бү гінгі 
арамызда  отырған  ұлт  мақтанышы,  ой  мұхитының  иесі 
Әбіш Кекілбаевтың берген бағаларын таразыға тар тылған 
әділ  баға  деп  есептесек,  көп  қателеспейтін  болармыз. 
Сон дай-ақ,  Мұрын  Сеңгірбеков,  Көшен  Өсербаев,  Сүгір 
Бегендікұлы,  Сәттіғұл  Жанғабылов,  Ығылман  Шө ре-
ков,  Құмар  Жүсіпов,  Шамғұл  Ыбырайымов,  Шәдіман 
Үсенбаев,  Жанжігіт  Қосназаров,  Назарбек  Раев,  Қажы-
ғали  Мұқамбетқалиев,  Сапарғали  Омарбеков,  Жетібай 
Жылқышыұлы,  Сайын  Назарбеков,  Бектұр  Төлеуғалиев 
сынды ақын жанашырларының жинаушы, айтушы, жари-
ялатып насихаттаушы еңбектері зор. Сол еңбеккерлерге, 
бүгінгі зерттеуші, ақынның мерекесін өзіне лайықты дә-
режеде өткізуші қауымға Қашекең рухы, оның алдында, 
кейін өткен күллі ақын-жыраулар риза болғай. Ақын даңқы 
аспандай бергей, ақынды өмірге келтірген елдің абыройы, 
қадір-құрметі арта бергей!

30
Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докто-
ры,  Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ 
«Қа зақ  әдебиеті»  кафедрасының 
профессоры
ҚАШАҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: 
ТАРИХИЛЫҚ. ДЕРЕКТІЛІК. КӨРКЕМДІК
Даланың  жыры,  дананың  сыры,  сөздің  сиқыры  бол-
мысына  дарыған,  халықтың  жан-жүрегін,  арман-тілегін 
құмарпаздықпен,  керемет  өнерпаздықпен  толқындата 
толғаған, «өнерден дәулет жинаған» азу тісі балғадай, тілі 
мірдің оғындай айтқыштардың айтулысы, «арлан бөрісі» 
Қашаған жырау еді. 
Суырып салма өнердің дүлдүл көгі Қашаған Ізбаспен 
айтысында:
Топты аузына қаратқан
Жасымнан жүйрік тілдімін. 
Адай түгіл, Алшынға
Хан, хакімдей бұлдымын, –
дегенінде  ақындық  жойқын  шабытының,  телегей  сырлы 
әлемінің шынайы көрінісі жарқын түрде сипатталған.
Тіл – халық рухының басты сыпаты, мәдениет энцикло-
педиясы десек, онда Қашағанның сап таза жыр-толғаулары, 
дастандары,  айтыстары  –  ұлттық-мәдени  және  тарихи 
ақпараттар көзі деуге лайық.
Ежелден Маңғыстау аймағында жыршылық-жыраулық 
дәстүр  кең  қанат  жайған.  Ақындықтың  ұлы  мектебі  қа-
лыптасып,  қарыштап  гүлдеген.  Қашаған  ақын  Абыл, 
Ақтан,  Махамбет,  Мұрат,  Нұрым,  Қалнияз,  Марабай, 
Шернияз  сынды  сұңқар  дауысты  саңлақтардың  үздік 
дәстүрлерін мықтап көкірегіне тоқып, жетілдіре, көркейте 
сабақтастырған. «Адайдың жеті қайқысы», сондай-ақ Бала-

31
ораз, Қоспақ, Қашқынбай, Ізім шайыр, Мұрын, Нұрпейіс, 
Өмір,  Ығылмандармен  өнер  көгінде,  елдің  төрінде  жар-
қырап салтанатты жиын-мәслихаттарда, қызықтарда жыр 
дүкенін  қыздырған.  Маңғыстау,  Хорезм  аймағындағы, 
Еділ-Жайық, Қобда, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл өзендерінің 
бойындағы  арғы-бергі  ғасырларда  өмір  сүрген  жыршы-
жыраулардың  шығармашылығын  жан-жақты  талдап 
тексерген оқымысты Қабиболла Сыдықов: «Қашағанның 
ақындық,  жыршылық  өнерін  Өскінбай  мен  Аралбай, 
Ығылман мен Нұрпейіс, Мұрын мен Өмір Көкшекбайұлы, 
Сүгір  Бегендікұлы  мен  Сәттіғұл,  Шәдіман  мен  Шамғұл, 
Көшен мен Құмар сияқты ақын-жыршылар өнеге тұтқан», – 
деп  жазады.  Тегінде,  Мұрын  жырау  мен  ақын  Сәттіғұл 
Жанғабылұлының дерегіне жүгінсек, «Қырымның қырық 
батырын»  көркемдіктің  үлдесі  мен  бүлдесіне  бөлеп, 
оқиғалық желісін қызықтыра түрлендіріп жайнатып жет-
кізген. Бұл орайда сөз байлығы ақыл байлығына ұласқан 
Қашаған қазақ халқының эпикалық бай мұрасын барын-
ша  терең,  жетік  игерген.  «Түбіріне  қарай  бұтағы,  тегіне 
қарай ұрпағы» деп Әйтеке би тұжырымдағандай, Қашаған 
құбылысы  –  оның  ақындық-жыраулық  мектебін,  өнерлі 
ортасын, эпикалық дәстүр қуатын, халықтың көркемдік-
философиялық дүниетанымын мәлімдейді. 
Қашаған жырау түзулікті, турашылдықты, дұрыстықты 
қолдап-қорғаған  қырғи  тілді  тапқыр,  ұшқыр  болған. 
Оның  «Кедей  жігітке  айтқан  ақылы»,  «Оразалы  байға 
айтқаны», «Есқали сұпыға айтқаны» дейтін сықақтарында 
от мінезділік, орып түсетін ересен өткірлік бар. 
Аралбай  ақынның  жалғыз  перзенті  Берекет  мезгілсіз 
дүниеден озғанда, бұл жайдан бейхабар Қашаған келеді. Ол 
Аралбайдың лебізін сағынғанын айтады. Сонда Аралбай: 
Мен – ботасы өлген боз мая, 
Тұлыбына келіп аңыраған. 
Мен бір жүрген ақ киік, 
Лағын түзде алдырып, 
Орнына келіп маңыраған. 
Мен – қартайған арыстан, 
Елсізде қалып ыңыранған.

32
Мен – жапанға біткен бәйтерек
Жапырағы жерге төгілген.
Мен бір тұрған ақ сауыт,
Адыра қалып сөгілген, –
деп, көкірегі қарс айрылғанда, сол бір мезетте Қашаған:
Ашу деген – көк бөрі, 
Ақылың – қорған тал болар, 
Тәуекел – қайық, сал болар, –
деп, шарболаттай ғибратты ойын айтады.
Қашаған  ақынның  жыр-толғауларында  адамның  тір-
шілігіне, іс-әрекеттеріне, рухани болмысының кәміл же-
тілуіне  қатысты  тағдыр  анықтағыштық  ой-тұжырымдар 
жеткілікті. «Бұл өмірдің мысалы» деген лебізінде «әділ-
діктің белгісі – расын сөйлеу», «пітне көңіл белгісі – құпия 
сөйлеп ыржию» екендігінен бастап: 
Өпірем болу не керек,
Бақ-базарың ауған соң. 
Бәсеке ету не керек,
Бастан билік кеткен соң. 
Бұлаң-сұлаң не керек,
Ақ бетіңнен нұр тайып,
Жер ортадан асқан соң.
Елең-селең не керек,
Жас елуден кеткен соң.
Жалтаң-жұлтаң не керек, 
Жігіттік бастан өткен соң, –
дейді. Адам баласы өзінің жас ерекшелігіне орай жүріс-
тұрысын, қимыл-әрекетін, киім киісін, ойлау, сөйлеу дағды-
машықтарын  лайықты  табиғи  дәрежеде  ұстау,  көрсету – 
са лиқалылықтың, ішкі мәдениетінің, әдептіліктің белгісі 
деген ойды поэзиялық қасиеттермен сөйлетеді. 
Отаршылдықтың  қамытын  киген  ноқталы  қазақ  –  не-
шеме  асылдарынан,  ардақты  жөн-жосықтарынан,  үлгі-
өнегелерінен амалсыздан ажырап қалғаны мәлім. Бұл ретте 
миы толық сезімтал Қашаған «қаңбақтай қара жер зыңырап, 
ауып» кетпегей деп тілейді. Ақынның қайғылы ой сарын-
дары былайша өріледі: 

33
...Тілінде бар жақсының 
Діні кеткенге ұқсайды. 
Өтірік сөздер көбейіп, 
Шыны кеткенге ұқсайды. 
Әкімнен кетіп әділдік, 
Бай қайырсыз секілді,
Бай бермеске бекінді. 
Қатындардың ұятын, 
Қыз, жігіттің ибасын
Шайтан алған секілді. 
(«Замана халі», 1912 жыл).
Албастылардың,  көргенсіздердің,  «күзен  тісті,  қисық 
көз сотанақтардың» теріс қылықтарына көкірегі қарс ай-
рылатын «ағыны тасты аударған» Қашаған алмас тілімен 
түйрейді.
Өлең  сөздің  қас  жүйрігі,  майталман  білгір  шебері 
Қашаған  жыраудың  шығармашылық  өмірбаянында 
әсем  жүйелі  кесек-кесек,  түйдек-түйдек  мағыналы  ой-
толғаныстар мейлінше мол. Оның «Ұзатылып бара жатқан 
қызға  берген  батасында»  оюлы  да  ойлы  орамдар  көңіл 
сарайын  тағылымдық,  тәлімдік  дәрістермен  байытып 
сұлуландырады. Мәселен:
Ұзартып жүрме тіліңді,
Ұстатып жүрме мініңді.
Ақыл ойлап пікір ет,
Құдайыңа шүкір ет.
Бәйбіше болсаң балқыған,
Қас-қабағың шалқыған.
Келін менен баланың
Билігіне таласпа,
Ақылыңнан адаспа.
Қашаған  жырау  поэзиясының  көркемдік  әлеміндегі 
лағыл ойлар, айшықты теңемелер сана-зердеге сәуле ша-
шады, жаныңды, рухыңды, сезіміңді сергітеді. Айталық, 
«Қонақкәде жырына» үңілсек, қыз сұлулығын сипаттағанда 
«алтыннан құйған асықтай», «күмістен құйған қасықтай», 
«құбылған  беті  мақпалдай»,  «солқылдаған  жас  талдай», 
«тауға  ойнаған  бұлбұлдай»,  «қастары  қама  құндыздай», 

34
«көздері шолпан жұлдыздай» дейтін жіпке тізген меруерт-
тей сөз асылдарын қисынды қолданған.
Қашағанның  Нұрым,  Ізбас  сияқты  «дүбірлі  дүлдүл 
шайыр лармен»  сайысында  оның  ақындық-азаматтық 
тұлғасы, діни-мұсылмандық дүниетаным тереңдігі, жара-
тылыс құ  пиясына зеректігі жарқын көрініс тапқан. Қашаған 
ақынның: 
Көп болды сондай тасқандар,
Әлдерін білмей асқандар.
Пиғылынан солардың,
Қабыса жазды аспан, жер
Әйтпесе: 
Етпеді шүкір қанағат,
Тап болмай қайтсін ғаламат, –
дейтін баяндауынан халықтың басына зұлмат төніп келе 
жатқанын сезінесің. 
Ұлт тарихындағы аңыз-шежірелерге жетіктігіне «Адай 
тегі» аңыз-хикаясы айғақ. Жыршы тыңдармандарын қы-
зықтыру  мақсатында  композициялық,  сюжеттік  құры-
лымын, архитектоникасын ұсталықпен өріп тоқыған. Әр 
кейіпкердің өзіне тән дербес сөйлеу мәнерін, ой толғауын, 
шынайы көзқарасын көрсете білген.
«Атамекен», «Топан» атты дастандарына тарихилық пен 
деректілік тән. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына 
қарсы  күресі  және  ХІХ  ғасырдың  90-жылдарында  Ка-
спий  теңізінің  ғаламат  тасқынына  душар  болған  елдің 
трагедия сы тегеуірінді жырланған. Эпикалық құлашы кең, 
көркемдікті сезіну қабілеті кемел «Топан» дастанында ақын 
дамытудың озық үлгісіне сүйенген. Үш қиянның қайырлы, 
құтты қоныс, дария дәулеттің, шалқыған сәулеттің ордалы 
мекені («Баққан қойы бүркіттей, Дулығасы үйген іскірт-
тей») екендігін, сонау бір Орманбет ханның уақтысында 
арша ағашына бозторғай қонып, «құтырған құртты қағып 
жеп» бүркітке сес көрсетеді. Содан торғайды қылғытқан 
бүркіт Еділдің жайын балығына қанды шеңгелін салады. 
Сөйтіп, Балық құтырады. Балықты жеген ел дүрлігеді. Со-
дан құтырынған қара құйынның кесепатынан сұрапылдың 
желі зулап, теңіз тулап, мөңкіп, ел екпіндеп соққан мұз-
дардың соққысына ұшырайды...

35
Қашаған Күржіманұлы ақпа-төкпе жыршылық өнер дің 
алтын  тамыры  іспеттес,  Сыпыра  жырау  дәстүрін  жал-
ғас тырушылардың  бірегейі,  әсіресе,  жыршылық  өнердің 
туын жоғары ұстаған гулеген ақындықтың телегейі. Ша-
быты шалқыған Абыл, Нұрым, Ақтандардың тәлімгерлігін 
көрген, «тарихтың ескі ақпарын» («Атамекен» дастанынан) 
ақтарған, «қағида болып қалынған, шежіре болып жазыл-
ған»  («Адай  тегі»  аңыз-хикаясынан)  көне  эпикалық  да-
стандарды туындатқан. Атап айтқанда, «Топан», «Қарасай, 
Қази»,  «Адай  тегі»,  «Атамекен»  атты  дастандарында  ел 
мен жер тағдыры, «қанжығасы қан заман, таралғысы тар 
заманның» қилы-қилы суреттері, ата-баба шежіресі, «да-
былы күшті», «қайраты қалың», «күндік жерге оқ атқан» 
ерлердің ерлік-қаһармандық қимылдары суреттеледі. Бұл 
жырлардың тарихилық-көркемдік және аңыздық қырлары 
айрықша.  Телағыс,  Орақ,  Мамай,  Ер  Қосай,  Ер  Тарғын, 
Асан қайғы, Қазтуған, Едіге сынды тұлғалар бейнесі қылаң 
береді. Сонымен қатар байтақ даласы бар қазақтың қаласы, 
астанасы  барын,  жазу  өнері,  әскери  өнері,  дамығанын, 
ұлттық  тәрбие-тәлімі  берік  сақталғанын,  иіні  келгенде, 
ойына оралып отырады. Қашағанның тарихи зердесі, дүние 
тану даралығы, замана құбылыстарын көркемдік қабылдау 
қабілеті,  ассоциациялық  ойлау  жүйесі,  суреткерлік 
қолтаңбасы шығармаларының сөздік-лұғаттық, мазмұндық 
байлығын,  бейнелілік,  әуезділік  табиғатын  айқындайды. 
Сондықтан  да  ақын  шығармаларында  рух,  сезім,  тіл 
байлығы ересен.
Қашаған  жырау  шашақты  қара  домбыраның  үнімен, 
дауылпаздың  дабылындай  дауысымен  құйқылжыта 
шырқап-толғағанда  сырлы  сөздері  одан  сайын  түрленіп 
құлпырады екен. Поэзиялық ой-суреттеулерін музыкалық 
күй тербелістеріне айналдырған. Қазақ әдебиетінің классигі 
Ілияс Жансүрігов «Көбік шашқан» поэмасында: 
Қашаған, Құрманғазы қосылғанда,
Адайлар төңкерілген жыр мен күйге;
Я болмаса:
Қашаған қамшысына бүйірін таяп, 
Шер толғап әлсін-әлсін жыр толғайды, –

36
деуінде  аталы,  баталы,  өнерлі  жұрттың  абыз  жырауы 
екендігін ерекше серпінмен елеп ескертеді. Ақын сонша-
лықты  жасампаздықпен  қолданған  сөз-ұғым,  сөз-образ, 
сөз-символдар я болмаса сөз тіркестері, сөйлемдері жаңа 
энергиямен,  рухпен  қуаттанып,  қанаттанып,  алуан  түрлі 
буырқанған бояуларға, реңктерге иеленіп отырады. Ақын, 
жыршы, импровизатор Қашаған Адай елінің тарпаң мінезді 
марқасқа ерлерінің болмысын былайша келісті өрнектейді:
Ебейдей төсі салынған,
Егеудей тісі жанылған,
Шеңбердей белі бүгілген,
Еңіреудей көзі үңілген,
Қоғадай жалын төгілтіп,
Шортандай баурын жаратып,
Жорықпен тойда жасанып.
Немесе Қашаған жырлауындағы «Қарасай, Қази» нұс-
қасында  Қарасайдың  қарындасы  Қибат  сұлудың  «айдан 
ару шынардай» келбетін, жауқазындай балғын болмысын:
Маңдайым күндей балқыған, 
Ажарым нұрдай шалқыған,
Қастарым қама құндыздай, 
Көздерім Шолпан жұлдыздай, –
деп әсерлеп-мәнерлеп келісті жеткізеді.
Қашаған ақын Қарасайдың батырлық құдіретті кейпін:
Мен – бір қайнаған қара бұлтпын...
Мен – бір жез бұйдалы нар тайлақ...
Және
Мен – жез шынжырлы құнан піл, –
дейтін  мөлдір  мағыналы  ой-толғаныстармен  сәулеттен-
діреді.
Туған  жердің  топырағын  тұмар  еткен,  туған  жұртын 
шалқыған жырымен құмар еткен Қашаған Күржіманұлы 
жыраулық,  жыршылық,  ақындық  өнер  тарихында  алға-
басымпаз, өркендемпаз, жасампаз дәстүрлерімен жайнап 
жасай бермекші. 

37
Темірхан ТЕБЕГЕНОВ,
филология ғылымдарының докто-
ры, профессор, Абай атындағы 
ҚазҰПУ «Қазақ әдебиеті» кафед-
ра сының меңгерушісі, 
Жамбыл атын дағы халықаралық 
сыйлықтың лауреаты
 АҚЫН ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫНЫҢ 
ШЫҒАРМАЛАРЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ МҰРАСЫ
Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  дәстүрлі  ақындар  поэзи-
ясы – ұлттық сөз өнері дамуындағы негізгі әдеби үдеріс 
желісін  құрайтын  ұлттық  рухани  құндылық.  Халықтың 
қалыптасуы өсіп-өркендеуі жолындағы тарихи кезеңдердің 
ежелгі  дәуірлерден  бастап  қазіргі  заманымызға  дейінгі 
көркемдік дәстүр жалғастығы жүйесінде ауызша авторлы 
әдебиет өкілдері сөз өнерінің халықтың сипатын таныту-
мен  келеді.  Байырғы  түркі  өркениеті  (V–VIII  ғғ.)  жазба 
жәдігерліктерінің мәтіндері де, Ислам діні тарала бастаған 
алғашқы  кезең  (ІХ–ХІ  ғғ.),  Алтын  Орда  (ХІІ–XIV  ғғ.), 
Қазақ хандығы (XV–XVIII ғғ.), ХІХ–ХХ ғғ. дәуірлері әдеби 
үдерісінде ауызша авторлы поэзияның ықпалы қоғамдық-
әлеуметтік  ортаның  тұрмыстық  хал-ахуалымен  тығыз 
бірлікте жырлануымен ерекшеленді. Хакім Абайдың адам-
зат ұрпақтарының фәни мен бақи аралығындағы тіршілік 
кезеңіндегі поэзияның маңызды қызметі туралы тарихи-
философиялық ойлары да өмір шындығын дәйектейді:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
...Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.
Сонда да солардың бар таңдамасы.

38
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? [1, 63].
Хакім Абайдың сыншыл бағалауына лайықты «Іші ал-
тын, сырты күміс сөз жақсысын» поэзиялық туындылары 
арқылы  дәлелдеген,  шығармалары  халықтық  қабылдау 
ықыласына ие болғандар ғана ұлттық әдебиетіміздің тари-
хын құрағаны мәлім. Бұл әлем халықтары әдебиеттеріне 
ортақ  сипат.  Шығармалары  халық  көңілінен  берік  орын 
алған,  өлең-толғаулары,  айтыстары,  дастандары  жыршы 
орындаушылардың өнерімен аймақтарға, атыраптарға мол 
таралған осындай көрнекті ақын – Қашаған Күржіманұлы 
(1841–1929).
Қашағанның бірқатар туындылары алғаш рет «Әдебиет 
майданы» (1935), одан кейін «Ертедегі әдебиет нұсқалары» 
(1967),  «Ақберен»  (1972),  «ХІХ  ғасырдағы  қазақ  поэзи-
ясы»  (1985),  «Бес  ғасыр  жырлайды»  (1984,  1-том;  1989, 
2-том);  «Топан»  (1991),  «Алқаласа  әлеумет»  (1991), 
«Жыр – дария» (1995) жинақ кітаптарда жарияланды. Ақын 
шығармаларының  халық  арасына  кеңінен  таралуында 
халық  мұрасын  насихаттаған  жыршылардың,  термеші-
әншілердің  еңбектерін,  Қашағанның  әдеби  мұрасының 
оқытылуы  мен  зерттелуі  тарихында  бірқатар  көрнекті 
ғалым-ұстаздарымыздың  еңбектерін  атаймыз.  Академик 
Қ.Жұмалиевтің,  профессор  Х.Сүйіншәлиевтің  «XVIII–
ХІХ  ғасырлардағы  қазақ  әдебиетінің  бағдарламасында» 
(1939–1987 жж.), академик А.Жұбановтың «Струны сто-
летий»  (1958),  «Құрманғазы»  (1960),  «Қазақтың  халық 
композиторлары»  (1962),  Е.Исмайыловтың  «Ақындар» 
(1956),  Х.Сүйіншәлиевтің  «Қазақ  әдебиетінің  қалыптасу 
кезеңдері» (1967), «Қазақ әдебиеті. XVIII–ХІХ ғғ.» (1981), 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (2006), Қ.Сыдиқовтың «Ақын, 
жыраулар» (1974), т.б. кітаптарда ақын шығармашылығы 
аталған.
Қашаған Күржіманұлының дарыны негізінде туындаған 
ақындық өнері жастайынан байқалған. Ақын мұрасын жи-
нап, құрастырып, баспаға дайындап, алғы сөзін, түсінікте-
рін жазып, «Топан» атауымен жеке кітап етіп жариялаған 
көрнекті әдебиеттанушы ғалым Қабиболла Сыдиқов әке-

39
сінен жастай жетім қалған Қашағанның табиғи дарыны-
мен  ел  назарына  ілінгенін,  «Ел  әңгімелеріне  қарағанда, 
Қашағанды жастай жиын-тойға апарып, ақындық өнерге 
баулыған Қалнияз ақын» [2, 4] екендігін атап көрсетеді. 
Қалнияз Шопықұлы (1816–1902) – дәстүрлі ақындар поэ-
зиясының көрнекті тұлғаларының бірі.
Қалнияз  Шопықұлы  –  Хиуа  хандығының  басқын-
шылығына қарсы күрескер халық батырларымен (Балуани-
яз, Қармыс, Төлеп, Амантұрлы, Қожалақ, Қарағұл, Сүгір, 
Тұрмамбет,  Балта,  Дәуіт,  т.б.)  бірге  бостандық,  азаттық 
жолындағы күрестерге қатысқан жырау. Оның туған жер-
ден еріксіз басқа елдерде (Хорезм, Тәжікстан, Ауғанстан, 
т.б.)  ағайындарымен  туған  жері-атамекенді  қорғау,  са-
ғынуы туралы арнау-толғау өлеңдері, әншілігі, күй шілігі, 
Қырымның  қырық  батырын  жатқа  жырлаған  эпик  жыр-
шылығы [3, 505-506] жаңа буын ақын-жырауларға өнеге 
мектебі болған. Қашағанның табиғи дарынды болмысын 
Қалнияздың танығаны, өзінің және атыраптағы ақындық-
жыраулық дәстүр өкілдері ұлағатымен таныстырғаны анық.
Қазақтың  авторлы  поэзиясын  халыққа  жаттап  тара-
ту шылардың  қызметтері  айрықша  маңызды.  Дәстүрлі 
ақын-жыраулардың өмірдеректері мен әдеби мұраларына 
ар налған анықтамалықта: «Өлең-жырлары ел арасына кең 
таралған... Ақын шығармалары кезінде жиналған. Оны жат-
тап таратушы шәкірттері Шадыман Үсембаев (1900–1962), 
Көшен Өсербаев (1901–1958) болды» [4, 85], – деп атап 
көрсетілген.
Ал, ғалым Қабиболла Сыдиқов Қашаған мұрасын наси-
хаттаушылар қатарында біраз ақын-жырауларды, жыршы-
ларды атайды: «...ақын шығармаларын ауызша таратушы-
лар – Қашағанмен жолдас болып, оның өнегесін үйренген 
Мұрын  Сеңгірбекұлы,  Сүгір  Бегендіқұлы,  Бақтыбай 
Тайшанұлы,  Сәттіғұл  Жанғабылов,  Ығылман  Шөреков, 
Ыбыр Досалиев, Құмар Жүсіпов, Сұраубай Үттібаев, Өмір 
Көшекбайұлы, Шамғұл Ибрагимов, Шадыман Үсембаев, 
Көшен  Өсербаев,  Жанжігіт  Қосназаров,  Назарбек  Раев 
сияқты ақын, жыршылар» [4, 205].
Дәстүрлі ақындар поэзиясының қалыптасуы мен да муы 
кезеңдерінде  табиғи  дарын,  талант  сипатынын,  шығар-

40
машылық  өнер  дәстүрімен,  көрнекті  ақын-жыраулар 
ықпалымен дамитын заңдылығы бар. Ежелгі сақ, ғұн, түркі 
өркениеті  дәуірлерінде  негізі  қаланған  шығармашылық 
мектептегі  көркемдік  дәстүр  жолын  жалғастыратын  мұ-
рагерлік мектеп қазақ сөз өнерінің көркемдік ойлау биік-
тігіндегі  тағылымын  танытумен  келеді.  Көрнекті  ұстаз-
ғалым  Е.Исмайыловтың  «Ақындар»  атты  еңбегіндегі 
«Ақын дық  орта,  дәстүр  мәселесіне  арналған  ғылыми 
жү  йелеуі  де  Қашаған  шығармашылығының  поэтикалық 
та биғатын түсінуге бағдарлайды:
«Сыншылдық, шешендік, тапқырлық өнер, лирикалы, 
эпикалы жырларды, мақал-мәтелдерді, аңыз-ертегілер ді, 
халықтық сатираларды әрі шығарып, әрі орындап, дамы  -
тып  отырып,  кейінгі  ұрпаққа  аса  қызықты  поэзиялық 
қа зына  етіп  жеткізетін  творчестволық  тәжірибе,  үлгі  – 
қазақтың ақын, жыршы, жырау, әнші, өлеңшілерінің дәс-
түріндегі  негізгі  ерекшелік.  Сүйінбай,  Шөже,  Шернияз, 
Абыл, Жанақ, Түбек сияқты асқан жүйрік импровизатор 
ақындардың, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Шашубай 
сияқты әнші  ақын дардың, Марабай Мұрын, Нұрпейіс сияқ-
ты атақ ты эпик жыраулардың творчестволық дәстүрлері өз 
заманындағы ақын-жыршыларды үнемі қызықтырып отыр-
ған» [6, 88]. Бұл – Қашаған шығармашылығының негізгі 
сипатын аңғартатын ғылыми-методологиялық мәнді пікір.
Қашағанның  азаматтық-отаншылдық  сарынды  лири-
калық өлеңдері ақынның дәстүрлі ақын-жыраулар поэзия-
сындағы  көркемдік-эстетикалық  көзқарас  ұстанымы  та-
ғылымын танытады. Ақынның осы сарынды өлеңдерінде 
(«Жұттан кейін», «Замана халі», т.б.) халық тұрмысындағы 
әлеуметтік  шындық  қайшылықтары  салыстыру-шен-
дес тіру  жағдайымен  жырланған.  Қазақ  халқының  ға-
сыр лар  белестерінде  өсіп-өркендеу  жолымен  жалғасқан 
материалдық және рухани мәдениеттері байлығы тұтасқан 
байырғы сән-салтанаты қазіргі және болашақ ұрпақтарға 
өнеге ұлағаты сипатымен жырланған. Қазақ тұрмысының 
негізгі  сәні  ауылды-аймақты,  сол  арқылы  байтақ  дала 
кеңістігіндегі ұлттық тұтастық дәнекері нағыз байлар және 
ауылдар екендігі даралана бейнеленген:

41
...Қыс күнде байдың сәні екен,
Үлекке салған келесі.
Жаз күнде байдың сәні екен
Тас астау салған дересі.
Ауылдың о да сәні екен
Қасында тұрса қара төбесі.
Жиылар еді төбеге
Ақсақал, бидің кеңесі [2, 57].
Ақынның  азаматтық,  ұлттық-этнографиялық  сарын-
ды  жырының  нысанындағы  аса  көркем  көрініс  –  қазақ 
ауылының келбеті. Бұл – біздің мыңжылдықтар белестерін-
де қалыптасып, қазіргі заманымызға жеткен, енді тәуелсіз 
Қазақстанның  мәңгі  дамудағы  жаңа  тарихында  жаңғыра 
назарға  алынып  отырылатын  ұлттық  көркемдік  ойлау 
көрсеткіші:
...Жағалай теңіз кепірен,
Қисапсыз түйе мал еді.
Қабырғасы кемедей,
Дулығасы биік төбедей
Төрт аяғы дередей,
Кірпіктері жебедей
Түйесінің көркі нар еді.
Құмырсқадай қой, жылқы, 
Кең бауыр жатқан сала еді.
Кең кереге, сырлы уық, 
Келіншек пен қыз тіккен
Мырзалардың сәнді үйі
Ақтөбедей бар еді [2, 57-58].
Қазақ ауылы – жер бетіндегі адамзат ұрпақтары ара-
сында қонақжайлылық, қайырымдылық, жомарттық, мыр-
залық, кішіпейілділік, т.б. жалпы адамгершілік-имандылық 
қасиеттер  кешенді  тұтасқан  айрықша  дара  мекен.  Ақын 
қазақ ауылының осы ғажайып келбетін көркем кестелі жыр 
өрнектері өрілген ұлттық мақтаныш сезімімен жырлаған:
Есігі көше, төрі базардай,
Сәнді ауылдың сыртынан
Молдалар айтқан азандай.
Үстіне қонған қонаққа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет