Алматы “Жазушы” 2013



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#1641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

56
халық  ықыласына  ие  болған  беделін  қалыптастырған 
ақындар айтыстары – әдеби үдеріс дамуындағы көркемдік 
бағытын үздіксіз жалғастырумен келеді.
Қашағанның  дастандары  да  авторлы  ауызша  поэзия-
мыздағы  эпикалық  дәстүр  қорының  көрнекті  үлгілері 
қатарында бағаланады. Қазақ сөз өнеріндегі тарихи және 
көркем  шындық  тұтастығымен  жырланған  эпикалық 
жырлар да халықтық көркемдік ойлаудың көрсеткіштері 
қатарын  құрайды.  Көркем  тарихнамалық  лирикалық-
эпикалық  тұтастықпен  жырланған  шығармалар  Қашаған 
ақынның дастандарында халық тарихын құрайтын аңыздық 
сюжеттер де, кезеңдердердің нақты деректері де, белгілі 
тұлғалар  есімдері  де,  атамекендердің  географиялық-
топономикалық атаулары да және т.б. мол дерекнамалық 
құрылым жүйесі қамтылады.
Өлеңмен  жырланған  шежірелік  шығармалар  қазақ 
поэзиясындағы халық тарихының көп ғасырлық қалыптасу, 
даму  кезеңдерін  дәйектейді.  Қашағанның  «Адай  тегі» 
шежірлелік дастанының сюжеттік-композициялық құры-
лысы  мынадай  бөліктерден  құралған:  біріншісі  –  қазақ 
тарихының Байұлы тармағынан тарайтын әулет ұрпақтарын 
(Қыдырқожа, Есентемір, т.б.), олардың әйелдерін (Жанби, 
Тотан, т.б.) жүйелеп атау; екіншісі – Қыдырқожа байдың 
қызы  Қанбибінің  бұлақты  жеңгесімен  бірге  (Нұрбұлақ, 
Қарашандақ, Шадыра, Түркістан, Алғи-Нұр), жемісті бақта 
(Әзірет Алатауы) қыдырып жүріп, ұйықтап жатып маңайда 
қыдырып  жүрген  Хазірет  Қыдыр  пайғамбардан  хамила 
(жүкті) болғандығы; үшіншісі – Қанбибінің әуелде бойына 
бала біткен жердегі Нұрбұлақтың басында босанғаны, бала-
ны тазалап жібек, мақпалға орап, сол жерге тастап кеткені; 
төртіншісі  –  Қыдырқожа  бай  мен  төренің  далада  қалған 
ұл  баланы  тауып  алғаны,  шежіреші  Әспембет  қарттың 
уәжді  ақылымен  баланы  Қыдырқожаның  өзіне  перзент 
етіп жа риялап, той жасап Адай деп есімін қойғаны, бала-
сы Тазбен егіз болатынын жариялауы. Дастанның тарихи 
аңыздық желісі қазақтың ататек-әулет негіздерінің Ислам 
діні тарихымен сабақтастығына құрылғандығы айқынырақ 
байқалады.

57
Дастанның  басты  кейіпкерлеріне  қатысты  негізгі  сю -
жеттік желіні дәйектеп тұрған тарихи негізі – түркі-мон-
ғол,  Ислам  тарихындағы  Құран  Кәрім,  әулие  әнбиелер, 
пайғамбарлар  (Хазіреті  Қызыр,  Сапи,  Салолла,  Хазіреті 
Шейіш, Хазіреті Айса және оның анасы Мариям, Дүйім 
Баянхан, Шыңғыс хан, т.б.) – бәрі де эпикалық шығарма 
құрылысын  дәйектеу  қызметін  атқарып  тұр.  Дастанның 
ауызша  жырлануы  сипатынан  лиро-эпостық  жырлармен 
үндес поэтикалық көріктеулер де байқалады. Дастанның 
басты кейіпкерлері – халық өкілдері. Жеке кейіпкерлер де 
халық ұғымының аясында алынған:
Бұл жиналған көптің ішінде,
Нелер бар да, нелер жоқ;
Билігі көпке би де бар,
Қайраты қалың ер де бар.
Елеуреп тұрған жас та бар.
Халық, қалағаның сөз болса,
Шеберің сөзді астарлар [2, 97].
«Атамекен» – тарихи дастан. Тақырыбы – XVIII ға сыр-
дың  бірінші  жартысындағы  Жоңғария,  қалмақтарының 
басқыншылық  соғысы,  идеясы  –  босқыншылыққа  ұшы -
ра  ған халықтың қасіретті тағдырын және жаумен жаға ла -
сып  шайқасқан  қазақ  батырларының  ерліктерін  та ныту. 
Дастанның құрылысында ақынның лирикалық толға ныс-
тары аясында бірнеше бөліктер байқалады: бірінші сі – қазақ 
халқының ататек-әулет жүйесінің (Үйсін, Дулат – Ұлы жүз; 
Арғын,  Қыпшақ,  Жаппас,  т.б.)  аталуы;  екіншісі  –  қазақ 
ұрпақтары мекендері байтақ дала атыраптарының, жер-су 
атауларының айталуы; үшіншісі – қазақтың Адай ататек-
әулет жүйесіндегі халыққа жоңғар басқыншыларының ша-
буылы, Ақпан батыр бастаған қазақ сарбаздарының жаумен 
бетпе-бет шайқастарын суреттеу.
Дастанның көркемдік түйіні – қазақтың атамекендерін 
және соны қорғаған батыр ата-бабалар қайсарлығын, ерлік 
өнегесін ұрпақтарға ұғындыру.
Ақын байырғы қазақ атамекендерін тарихи дерек аясын-
дағы эпикалық баяндаумен жырлаған:

58
...Үйсін, Дулат – Ұлы жүз,
Мұнарланған тау бойы
Қаптата малын салған жер.
Арғын, Қыпшақ, Жаппастар,
Орта жерде Сыр бойы
«Өзінің қалап қалған жер.
Саланың бойы салқын», – деп,
«Күнелтсін ұрпақ, халқым!» – деп,
Арқаның кең даласын
Жайлады қазақ баласы
Сырдан төмен салада,
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,
Елек, Қобда саласын
Мекенденіп кетіпті
Кіші жүздің баласы [2, 108-109].
Атамекендердің географиялық атаулары, халықты бас-
қарған хандар, сұлтандар, төрелер, ақсақал, би-шешендер – 
бәрі  де  ел  тарихының  ұмытылмас  шежіресі  тұрғысында 
жүйелене жырланған:
...Темірдің басы құба бел,
Сол жақта қалды бөлініп,
Әлім аға бөлек ел.
Еділдің басы – Мыңтөбе,
Жайықтың басы – Орал тау,
Електің басы – Есенбай,
Қобданың басы – Шоңмұрын,
Жемнің басы – Мұңалжар.
Қонысқа солай тараған.
Елдің көбі қалды бер жақта,
Азы өтті ар жаққа –
Нарынның анау бойына
Ішкі Ордаға – хан жаққа.
Бұл қонысқа келгелі,
Билердің жиып құралын,
Әбілқайыр, Нұралы,
Бөкей мен Жәңгір хан болған,
Халықтың басы даң болған.
Бер жағында кешегі
Баймағамбет, Әлен мен

59
Төресінген Төлендер.
Біріне-бірі жармасты,
Айдаһардай алжасты,
Әл-қуатты барласты.
Арандай ашып ауызын
Бірін-бірі жалмасты.
Біріккен бидің кеңесі
Ақсақал биі, төресі
Халықты алдап, қамдамай,
Көрінді жұртқа албасты [2, 113].
Дастанда қазақ халқының үнемі жатжерліктердің бас-
қыншылығына,  шапқыншылығына,  отарлық  езгісіне  тү-
суіне  себепкер  билеуші  топ  адамдарының  нашарлығы, 
со нымен  бірге  көршілес  Қоқан,  Хиуа  хандықтарының 
(Хорезм бектерінің) жоңғарлармен, орыстармен қатарлас 
дұшпандық, жауыздық пиғылда болып келгенін әшекерелей 
жырлаған.  Мысалы,  басқыншы  жоңғардан  ығысып  бар-
ған  халықты  қорлаған  көрші  ел  дұшпандығы  тарихи 
шындықпен берілген:
Хорезмнің бектері:
«Шашырай бізге, шеткері
Қазақ деген қашқын келді, – деп, –
Тілекті Алла берді», – деп, –
Ауылды тонап, малды алып,
Күң мен құл ғып жанды алып,
Тұтқынды қорлап кесектеп,
Қазақты көрсе жабысып,
Қуалады «Есек!»– деп [2, 111].
Дастанның негізгі көркемдік түйіні – ежелгі замандар-
дан қазіргі кезеңге дейін кең-байтақ даламызды жаулардан 
тазартып,  қорғап,  сақтап  келген  халық  қаһармандығын, 
батырлар  ұлағатын  дәріптеу.  Эпикалық  шығарманың 
идея лық-композициялық  желісінде  ақынның  лирикалық 
тол ғаныстарымен ататек-әулетке тән қаһармандық-жауын-
герлік, асқақ рух айбыны дәріптеледі:
Адай деген ел едік,
Абайсыз өскен алшаңым,

60
Тәксіз өскен тарпаңым,
Ерлерім өрдей қасарып,
Жаратып сұлу ат мінген,
Ебейдей төсі салынған.
Егеудей тісі жанылған,
Шеңбердей белі бүгілген,
Еңіреудей көзі үңілген,
Қоғадай жалын төгілтіп,
Шортандай баурын жаратып,
Жорық пен тойда жасанып [2, 110].
Дастан  сюжетінің  шарықтау  шегінде  Ақпан  батыр 
бастаған қазақ әскерінің жоңғар басқыншыларымен ұрысқа 
дайындалғаны, қанды майдан шайқасында қаһармандықпен 
айқасқаны  –  өмір  шындығымен  суреттелген.  Атамекен 
Отан  мен  халық  тағдыры  үшін  болған  ел  тарихындағы 
шайқастарды осы дастандағы жаумен қолма-қол, бетпе-бет 
болған қиян-кескі қанды оқиға суретінен айқын елестетеміз:
...Екі жақ та айқасып,
Ұрыстың болды ұлысы.
Қатар-қатар тұрысып,
Саржаның тартты кірісін.
Бөріктер ұшып тарсылдап,
Біреулер қалды қорсылдап.
Қай жақтан да ер өлді.
Аз өлмеді, көп өлді,
Күннің көзі тұлданып,
Батысы мен Шығысы.
Басылып ұрыс көнерді.
Шоқысында Қарақұс,
Шығанақ теңіз тұсында,
Жағалай жатқан көп оба
Солардан қалған жер еді [2, 113-114].
«Топан»  дастаны  да  Қазақ  тарихының  Алтын  орда, 
Ноғайлы дәуіріндегі тарихи шындық деректері негізінде 
жырланған  эпикалық  туынды.  Дастанның  тақырыбы  – 
Атырау  (Каспий)  теңізінің  тасқынынан  апатты  жағдайға 
тап  болған  халық  қасіреті,  идеясы  –  фәнидің  барлық 
кезеңдерінде де барды қанағат ету мен болашақтың бақы-

61
тынан,  тіршіліктің  жалғасуынан  үміт  үзбеуді  уағыздау. 
Шығарманың  құрылысындағы  бірнеше  бөліктер  сарала-
на  байқалады:  біріншісі  –  қазақтың  байырғы  атақоныс-
атамекендерінің  (Үшқиян  атырабындағы  Еділ,  Жайық, 
Маңғыстау, Жем, Наршы, Ырғыз, Торғай, Қара өзен, Сары 
өзен, Сарытау, Самар, Қазан өңірлері) берекелі сипатын 
тарихи  шындықпен  баяндау;  екіншісі  –  атамекендерді 
мекендеген Қазақ-Ноғайлы халқын, оның би-шешендерін, 
батырларын,  хандарын  (Асан  Қайғы,  Едіге,  Тоқтамыс, 
Телағыс, Орақ, Мамай, Алшы, Смайыл, Қалусары, Тайшық, 
Ормамбет) даралап атап таныстыру; үшіншісі – халықтың 
азаюына  себепкер  болған,  құтыру  ауруының  жұғуынан 
жәндіктер, құстар, балықтар, адамдар (құрттан торғайға, 
бүркітке,  балыққа,  адамға)  улануының,  пиғылдары  бұ-
зылған  асқандар  мен  тасқандардың  салдарынан  теңіздің 
күрт көтеріліп адамдар мекендерінің бәрін ғаламат топан 
судың басқындығы. Дастаның көркемдік түйіні – ха лық-
тың  құтты  қоныстарын,  ел  тарихын,  тұлғалар  өнегесін 
құр меттеу,  Жаратушының  жарылқаған  игілігіне  қанағат 
ету,  пендешілікпен  асып-таспау.  Шығарма  желісіндегі 
құтыру  ауруы  мен  топан  су  апатының  болуы  себебі 
қанағатсыздықтан,  ашкөздіктен,  барды  бағаламай  асып-
тасудан  екендігі  ақынның  поэтикалық-психологиялық 
ойларымен мегзеледі.
Дастанның алдыңғы бөліктерінде Алтын Орда, Ноғайлы 
дәуіріндегі  Қазақ  тұрмысының  елдік  пен  ерлік  тұтасқан 
берекелі  сипатын  ақын  көркем  кестелі  тіл  өрнектерімен 
(теңеу,  айқындау,  құбылту,  айшықтау,  психологиялық 
егіздеу, т.б.) бейнелей суреттеген:
...Құтты екен бұл қоныс,
Баққан қойы бүркіттей,
Дулығасы үйген іскірттей,
Кәрі биесі жал алған,
Нарлары семіз қом алған,
Кәрі саулығы шайлаған,
Еркек қой мен тоқтысын
Шаруасы ерте байлаған.
Ерлері бар еді егескен,

62
Дұшпаны мен шенескен.
Абыройы асқардай,
Не жақсымен теңескен.
Құбарлан (құмай тазы) ертіп, құс салған,
Лашын, сұңқар ұстаған.
Елеуретіп екі жүйрік жетектеп,
Сулығын алтын бедерменен кердірткен,
Жалын сабаутіс пен тердірткен.
Мынау Еділ мен Жайық, Жем екен,
Бұл жетімдерге жем екен,
Шөбі малға май болар,
Аш-арыққа жай болар,
Қашаннан да бұл қоныс
Құтты болған жер екен.
Өзегі де қайырлы,
Аш-арығы сүйреп жейді екен.
Бекіре менен жайынды.
Балқашын орып мал жеген,
Аралас үйрек-қаз жеген,
Малының жақын өрісі,
Құлынның ұзын желісі
Еділ мен Жайық, Нарынның
Осылай екен келісі [2, 115-116].
Ақынның  эпикалық  дастанының  сюжеттік-шиеленіс 
себептері  –  дүние-мүлік  пен  ақшасының  молдығына 
мастанғандардың,  асып-тасқандардың  іс-әрекеттерін 
сатиралық-сыншыл  тіл  өрнектерімен  баяндай-бейнелей 
әшкерелеген. Сарайларына мол қазына жинап алғандардың 
сахарадағы  мал  баққан  халықты,  дәулеті  кем  кісілерді 
менсінбей («Қой баққанды қорлық!» деп, «Наданның сөзі 
зорлық!»  деп,  «Сиырдан  жақсы  есек!»  деп,  «Қабаннан 
жаман Қарынбай»), базардан тек ғана қымбат киім алып, 
киелі малдардан («Кәрі қоспақты мал демей, түзеді нармен 
қатарды»)  безініп,  қарапайым  ата-бабалық  тағамдардан 
жиреніп, қорлап асып-тасқандар шығарманың көркемдік 
түйінін дәйектей түседі:
...Тәкәппарлар көп еді,
Төгілуге сірә, дөп еді.

63
Бұл арада мал тапқан
Бір шүкірлік қылмады.
...Сорпаны төкті майменен,
Сусыны қанып шайменен.
Қалаға келген билері
Арақ ішіп елірді
Кеудесі бұған семірді,
Папиросы шегулі,
Тиіссіз жерге дәулет төгулі.
Етпеді шүкір қанағат,
Тап болмай қайтсін ғаламат.
Қайыры жоқ кілең қаста бай,
Айдаған малға қуанып,
Қой, қозыға жұбанып,
Қалалы жерде мырзасы
Қос арғымақ пар жегіп,
Тарантас арба туарып,
Кәршөндікке қамалып,
Шалқыды талай мас болып,
Нәпсісін шайға суарып.
Нешелер дариямын дегеннің
Талайы қалды енді суалып [2, 120-121].
Халықтың қарапайым тұрмыс мазмұнының қалыпты ыр-
ғағынан айрылуындағы осы келеңсіздік, рухани азғындау 
(«Етпеді  ешкім  қанағат,  тап  болмай  қайтсін  ғаламат, 
көп болды мұндай тасқандар, әлдерін білмей асқандар», 
«пиғылынан солардың қабыса жаздады аспан, жер») салда-
рынан топан тасқынының болу заңдылығы да дәлелденеді. 
Осы  орайда,  адамзат  тарихында  тұтас  планетамызды 
топан су басқан, одан адамзат пен басқа тіршілік иелері 
тұқымдарын кемесімен сақтаған Нұх пайғамбар дәуірі де 
есімізге түседі. Жаратушы Алланың ғана құдіретін мой-
ындамай,  бұтқа  табынып,  жоғары  мен  төмен,  мәртебелі 
мен  мәртебесіз,  билеуші  мен  биленуші  ...  бірдей  бола-
тын  дінге»  [7,  14]  кіргісі  келмегендерге,  дүни-мүлкіне, 
ақшасына, билігіне мастанғандарға, асып-тасқандарға, Нұх 
пайғамбардың  Алла  жолына  түсуге  үгіттеуіне  көнбеген 
жалпы  адамзат  ұрпақтарына  келген  топан  су  апаты  көз 
алдымызға елестейді:

64
«Аспандағы су тиегі ағытылып, жердегі бастаулардан 
бұрқылдап  су  атылады  да,  топан  су  қаптап  биік  жер-
лерге  дейін  басады.  Нұх  Алланың  ал  деген  адамдарын 
және  жануарлар  мен  өсімдіктерді  кемеге  шығарады. 
Алланың  панашылығында  кеме  кейде  желдің  ығымен, 
кейде ағынға қарсы жүзіп отырады. Өркеш-өркеш толқын 
азғындарды тереңге батырады. Толқын су олардың көріне, 
көбіктер  олардың  кебініне  айналды.  Олар  ажалға  қарсы 
арпалысқандарымен де ажал қоймады. Толқындарға қарсы 
жанталасқандарымен де оларды толқын жалмады» [7, 16].
Қашаған  ақынның  «Топан»  дастанында  да  кенеттен 
болған  апаттың  («Құтырынған  бір  құйын»,  «Қара  да-
уыл  соқты  да»,  «Таудан  биік  сеңдерді,  бұлтпен  бірге 
көшірді», «Терезеден су құйды, биіктен келіп сең үйді», 
«Қызылды-жасылды су жүрді, сұрапылдың желі зулады», 
т.б.)  қозғалыстары  сұрапылының  жалпы  халыққа  ортақ 
қасіретті, қайғылы жағдайы («Кейбіреу жетім жас қалды, 
біреулер қалды атасыз, біреулер қалды анасыз, біреулер 
қалды баласыз, біреулер қалды жалғыз қарасыз», «Аюдан 
мықты білекті, қабыландай батыр жүректі», «Кесті – деп – 
Алла – тілекті!», «Ел айрылды ерінен, сөзіменен дем берген, 
адасқанға жөн берген, Ақылгөй абзал көлінен») да оқиға-
ның  болған  қалпын  реалистік  өмір  шындығымен  бейне-
леген.  Ақынның  эпикалық  шығармасы  –  философиялық 
ойлы  байыптауларымен  ерекшеленеді.  Атырау  (Каспий) 
теңізі арнасынан асып маңайындағы атырапты басқанын, 
халықтың  қасіретке,  шығынға  ұшырағанын  жырлау 
арқылы фәнидегі жүрген тіршілік сипатының өткіншілігін 
ұғындынуды мұрат еткен.
Алланың ұйғаруындағы тіршілік қозғалысы Жаратушы-
ға мінәжәттан жаңылмау, барға қанағат, жоққа шүкірлік 
қылу, менменсімеу, тәкаппарланбау, мастанбау және т.б. 
тіршілік  қозғалысындағы  үйлесімді  сақтау  ұлықталады. 
Бар  ету  де,  жоқ  ету  де  Жаратушы  Алланың  құдіреті 
екен дігі кенеттен соққан дауылдың, топан судың зардап-
тары  («Біреулердің  белі  сынып  майрылды,  біреулердің 
қанаты  сынып  қайрылды»,  «Бәйтеректер  жығылды, 
төгілді  суға  жапырақ,  аяулы  талай  жандардың  ит  пенен 

65
қасқыр  жеп  кеуделері  қызарды»,  «Алтындар  азып  мыс 
болды», «Әлпештеген арудың кеудесіне қара құс қонды», 
«Көз  көрмейтін  буалдыр  қараңғы  тұман  түн  болды») 
арқылы дәлелденген. Әсіресе, дастандағы негізгі идеялық 
желі  бойынша  дүние  қорлық  пен  асып-тасқандардың, 
асқақтағандардың  пиғылдарының  салдарынан  апаттың 
болғандығы адамзат тарихындағы Нұх пайғамбар кезіндегі 
топан су тасқыны мен үндес жағдай тұрғысында мегзеледі:
...Екпінмен мұздар соққанда,
Кәршөндіктегі мастардың
Кеудесі кетіп бас қалды.
Түкірігі жерге түспеген
Тәкаппарлар мұзды жастанды.
...Кербездер кетті керілген,
Бір басуға ерінген.
...Таспағанға тасқанның
Бұ да тиген әсері.
Қырғауылдай қызыл нар
Алашаңдаған асаулар
Азбарда тұрып жем жеген,
Аяғын әсем сермеген
Кербездер мінген ат кетті.
Байлардың жиған тырнақтап,
Сарала деңмент қылып бау,
Мұра деп салған зат кетті...
Әкімдер кетті мөр алған,
Бақытпен байтақ ел алған.
...Орыстың баржа кемесі,
Мықтап қаққан шегесі.
Бір соққанда дауыл күл болды.
Су тасқыны тау болды,
Таудай толқын жау болды.
...Малынан пайда көрмеген
Қанағатсыз Қарынбай,
Барын жоқ деп құрынған.
Жұлдызды жатқа санасақ,
Қисап етіп қарасақ,
«Мың асқанға – бір тосқын».
Бар емес пе еді бұрыннан?! [2, 123-124].

66
Дастанның  идеялық-композициялық  желісіндегі  ли-
ри  калық  қаһарманның-автордың  атынан  айтылатын 
адамгершілік ұстанымына бағдарлайтын насихат толғаныс-
тары ұрпақтарды сенімді үмітке, игілік салтанат құратын 
жарқын болашаққа үндейді. Дастан соңындағы автордың 
оқырмандарына адресаттық арнауымен («Кейіндегі бозба-
лалар, налымаңыз, шырағым!») де бүгінгі және болашақ 
ұрпақтардың адал еңбекпен, ізгі талаппен берекелі ел болып 
кете алатынына сенім білдіріледі:
...Күндердің күні болғанда,
Көк дария көл болса,
Бай мен жарлы тең болса,
Суда – балық, қырда – егін,
Бәле-бәтер жоқ болса,
Диқаншылық көп болса,
Талаптың күші сел болып
Кетерсіз-дағы ел болып [2, 125].
Қашаған  ақынның  эпик  жыршы-ақындық  шығарма-
шылығының  көрнекті  көрсеткіштерінің  бірі  –  «Қарасай, 
Қази» дастаны. Ақын мұрасын жинап жариялаған зерттеуші 
Қ.Сыдиқов;  «Қашағанның  немере  інісі,  Маңғыстаулық 
жыршы Шадыман Үсембаев айтуынан 1964 жылы хатқа 
түскен.  Осы  жырдың  бір  жазбасы  Қазақ  ССР  Ғылым 
ака демиясының  Орталық  кітапханасында  сақтаулы 
(398-папка). Шадыман «Қарасай–Қазида» ақынның өз ай-
туы мен үйренген. Ел арасында бұл жырдың Қашағаннан 
үйреніп,  Мұса,  Мұрын  жыраулар  айтқан  басқа  да  нұс-
қалары кездеседі» [2, 175], – дейді. Қазақ әдебиеті тари-
хындағы  көрнекті  ақындарымыз  Мұрат  Мөңкеұлының 
(1843–1906),  Нұртуған  Кенжеғұлұлының  (1887–1930) 
да  осы  тақырыптағы  «Қарасай–Қази»  атты  дастандары 
бар.  Бұл  ортақ  сюжетті  өзіндік  нұсқаларымен  жырлай-
тын жыршы-ақындар өнеріндегі дәстүрлі ерекшелік. Сөз 
өнері  тарихындағы  нәзирагөйлік  шығармашылық  үрдіс 
аясындағы Қашаған жырлаған бұл нұсқада да Алтын Орда-
Ноғайлы дәуіріндегі батыр сұлтандар Орақ пен Мамайдың 
балалары Қарасай мен Қазидың батырлық, елге басшылық 
қызметтері  жырланған.  Дастанның  сюжеттік  байланысы 

67
он екі баулы қазақ-ноғайды басқаратын Қондыкер ханның 
қалмақтың зорлық, басқыншылық билігіне көнгісі келмей, 
Қырымның қырық батырына жолдаған хатынан басталады.
Хатта  есімдері  аталған  Қырымның  қырық  батырлары 
қатарында Сүйінішұлы батыр Қазтуған, Көгістің  ұлы ер 
Тама, Қарсының ұлы ер Тарғын, Нәріктің ұлы ер Шора, 
қарт Нәрік батыр, Қыдырбайдың ұлы ер Қобылан, Бүркіттің 
ұлы ер Әділ, Орақтың аяғы ақсақ, оң қолы бүкір, бір көзі 
соқыр әйелінен туған батыр ұлдары Қарасай, Қази аталады. 
Дастан сюжеттің дамуында Қырымның қырық батыр-
лары  бас  қосқан  аттанысына  қарындасы  Қибаттың,  інісі 
Қазидың көмегімен, қолдауымен, тұлпарының шабысымен 
Қарасай қолбасшылық жасайды.
Қалмақ  қамалын  жолдан  тас  белгі  астына  жазылып 
сақталған Мұсаұлы Орақтың хатындағы айтылған нұсқау-
бағдар бойынша табады. Батырлар қорғаныстағы қалмақ 
қамалын  қанша  шабуылдаса  да  басып  ала  алмайды,  бі-
рақ  Қондыкер  ханға  аттанғалы  жатқан  жорық  сапарын 
тоқтатады. Өкініштісі – Бүркіттің ұлы ер Әділді шайқас 
кезінде жоғалтып алады, оның Ақтабан тұлпарын жетектеп 
қайтады. Қарасай мен Қазидың соқыр, ақсақ, қолы бүкіс 
шешесі  және  Әділдің  қарындасы  Лия  –  көрген  түстері 
бойынша оның өлмегенін болжайды.
Дастанның сюжеттік шиеленіс сәті – қалмақтың Күзбан 
ханы басқаратын қала-қамалға Қарасай мен Қазы екеуінің 
барып шабуыл жасағандары. Қамалдан Күзбан хан бастаған 
қалмақ әскері шығып, Әшке есімді батыры екі балаға да өзі 
қарсы шығып өзінің айбанын асқақтата бейнелейді («Менің 
кеудем – темір, басым – тас», «Мен қалмақтан шыққан ер 
едім», т.б.). Қалмақты Қарасайдың атқан оғы өлтіреді, екеуі 
қалмақ әскерімен соғысады. Ақырында қалмақ арасында 
қалған бір әйелден Әділге көмегі тиетін дәріні алып, жеті 
қабат темір үйдегі қамауда, аяқ-қолы кісендеулі Әділ ба-
тырды құтқарады.
Дастанның сюжеттік шешімінде Қосай батырдың бата-
сымен, бағалауымен тұтқыннан оралған Әділ батыр мен 
Қибат арудың қосылу-некелесу тойы болады.

68
Дастанның  көркемдік  түйіні  –  асыл  текті  аналар  мен 
әкелерден туған азамат ұрпақтардың туған жерді, халықты, 
Отанды  қорғап  сақтайтын  ұлағат  жолының  мәңгілігін 
дәлелдеу.
Қашаған ақынның әдеби мұрасы – халқымыздың көр-
кемдік-эстетикалық  дүниетанымына  негізделген  рухани 
құндылықтарымыздың  бірі.  Бұл  ақынның  мұрасындағы 
ұлттық  және  көркемдік  сипатты  құрайтын  басты  ерек-
ше лік.  Қазақтың  атақоныстарын,  салт-дәстүрлерін,  мей-
мандос,  жомарт  көңіл  байлығын  мадақтап,  сараңдарды, 
қайырымсыздарды  сынап  жырлағаны  оның  ұлттық  діл 
болмысын  даралайды.  Атамекендерді,  батырларды, 
әділ  хандарды,  би-шешендерді  ардақтап,  заман  қай-
шы   лықтарын,  болашақ  бақытын  саралап  жырлағаны  – 
ақын  шығармаларындағы  көркемдік  сипатты  құрайды. 
Ақын ның  лирикалық  өлеңдеріндегі,  айтыстарындағы, 
дас тандарындағы  көркем  кестелі  сөздер  мен  тіркестер 
поэ ти калық-эстетикалық  таным  тағылымын  аңғартады. 
Әсіресе,  ақынның  өзіндік  шығармашылық  тұлғасын  да-
ралай  бейнелеулері  шығармашылық  өнер  иелерінің  көр-
кем  жинақталған  романтикалық  тұлғалануын  танытады: 
«Шапқанда жүйрік едім суырылған», «Тұлпардай шығып 
жүрген дабылымнан», «Бәйгі алдым талай жерді шабыспе-
нен, қашаннан күнім кешті жарыспенен» [2,34-36] («Есқали 
сұпыға  айтқаны»  өлеңінен),  «Шын  шабытым  келгенде 
ағыным тасты аударған, мен бір қайнарлы өзен, бұлағың», 
«Қатты  кетсем  қайрылмас,  мен  –  басы  қатты  ақтабан» 
(«Тойбастар» өлеңінен), «Түбі жоқ терең айлаққа, қанатты 
тұлпар сен едің, қосылып жүрген байраққа дүбірлі дүлдүл 
шайырсың»  («Нұрым  мен  Қашаған»  айтысынан),  «Адай 
түгіл,  Алшынға  жүйрік  едім  қашаннан»,  «Менің  сөзім – 
сары  алтын,  сенің  сөзің  –  қола,  мыс»,  «Сен  бір  –  есек, 
мен – тұлпар», «Топты аузына қаратқан жасымнан жүйрік 
тілдімін, Адай түгіл Алшынға хан, хакімдей бұлдымын», 
«Озған  өрен  жүйрікпін  қосылдым  талай  дүбірге»,  «Мен 
қайыртпай кеткен ақынмын», «Сен бір жабы, мен – тұлпар, 
сен – қарға да, мен – сұңқар», «Сен – өзекте жүрген бөлдір-
ке, мен – теңіздегі кемемін», «Мен бір жатқан мұхитпын», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет