Алматы “Жазушы” 2013



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#1641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

17
Содан қуғанға қайыртпаған Қашаған аты шығады. Қайда 
барса  да,  барса  келместің  шөліне  тап  болатын  талайсыз 
жұртының  өткеніне  қайғырады.  «Адай  тегі»  дастанында 
ел қорғаған ерлік жолында қаза тапқан Елтай батырдың 
іште қалған бершімегінің қиямет-қайым тағдыры сөз бо-
лады. Бір жағынан ел басына түскен ауыр күндерден, екін-
ші  жағынан  жұрт  аузындағы  сімсік  сөздерден  қиналып, 
анасы ерте шетінейді. Кішкентайынан өжет өскен жетімек 
Қыдырқожаның сүйікті перзентіне айналады. Одан туған-
дар бір тайпа ел болады. Алғи судың бойында Қытайменен 
жау  болып,  бөліне  көшеді.  Барған  жерінде  отырықшы 
жұрт мінген аттарын есек деп, өздері жайлы өсектеп, тағы 
да  ит  қосып  мазақтайды.  Намысқа  шыдамаған  сабаздар 
алысқанмен алыса, жұлысқанмен жұлыса жүріп, Маңғыс-
тау мен Үстіртті қайта иемденеді.
Қашаған өзге ақындардай өткенді боямалап көрсетпейді. 
Барды бар қалпында, жоқты жоқ қалпында суреттей оты-
рып,  туған  жұртының  ерлік  тарихын  сөз  етеді.  Оны  өз 
тұсының ащы шындығынан бөле-жара қарамайды. Заман 
азып, заң тозып бара жатқанына күйінеді. Өзі куә болған 
зобалаңдардың неден өрбіп, неден туындап жатқанына зер 
салады.  Бұл  әсіресе  оның  «Топан»  атты  философиялық 
дастанында көрініс табады. Құтырған құртты қағып жеген 
бозторғай  ісініп,  бүркітке  шабады,  бозторғайды  қағып 
жеген  бүркіт  құтырып,  теңіздегі  дәу  балыққа  шүйлігеді, 
оны жұтып салған нән балық құтырады. Содан теңіз та-
сып, жағадағы елді топан қаптайды. Жайбарақат жатқан 
ел зұлматқа тап болады.
Қашаған бүгінгі адамзат қатты толғанып отырған, адам-
дар ашқарақтана иемденіп жатқан табиғи ортада күннен-
күнге  өршіп  келе  жатқан  үлкен  қауіпті  бұдан  бір  ғасыр 
бұрын  аңғарған.  Үлкен  экологиялық  проблема  негізінде 
терең философиялық астар өрбіткен. Бұл арқылы ол адам-
дарды әділдікке, бір-біріне, мейірімділікке, табиғатқа зор-
лық жасамай, онымен тіл табыса білуге шақырады.
Көпшілік жұрттың кәсібі – 
Пітнеден болды нәсібі,
Білмеймін заман нешігін?

18
Бүгінгі адам намысы
Лек-лек құсқа ұқсайды,
Байланбағай еді, жарандар,
Тәубе мен ынсап есігі! –
деп күйзеледі.
Кейінгі  Қашағанның  өлеңі  күңірену  мен  күйзелуден 
тұрады.  Ойда  оталып,  қырда  қырқылып  жатқан  қазақ 
тұрмысын көреді. Елдің ең жақсылары бір кемеге мінгізіліп, 
Атырау  түрмесінен  бір-ақ  шыққан  соң,  үміті  тіптен 
үзіледі.  Көзінің  алдын  кіреуке  басып,  үйден  ұзап  шыға 
алмайды. 1929 жылы 25 тамызда 88 жасында Қаратаудың 
желкесіндегі Құлат мекенінде дүние салады. Қырықкезде 
жерленеді.
Ел іші азып-тозады. Еті пысығы Бесқала, Хиуа, Түрік-
пен, Ауған, Иран асып, дәтіне берігі жұтаған қара жұр-
тында отыра береді. Қашағанды көргендерден адам қалмай 
барады. Ат көтере алмайтын болғасын қара бурасына мініп, 
қаракөлден жасаған тығырық бөркін едірейте киіп, ел ара-
лап жүретін қара шал еді деседі. Қасына Аралбай, Сәттіғұл, 
Мұрын,  Түмен,  Сүгір,  Шамығұлдар  еретін  көрінеді.  Қа-
шаған  өлгесін  ол  салтанат  та  көзден  бір-бір  ұшты.  Бала 
кезімізде еміс-еміс көре қалдық. Түмен – үйіне кіріп ап, 
қағаз ақтарып отыратын түртіншек шал еді. Сәттіғұл Ата-
лық ағайдың үйіне келіп төрге шықпай орындық қойғызып, 
оң жақта өз-өзінен бірдеңелерді күбірлеп күңіреніп отыра-
тын. Шамығұлмен Гурьевке талай бірге бардық. Ең соңғы 
рет Жыңғылдының бұлағының басында Шоқайдың әкесі 
жасаған  жеті  қанат  күмбіреген  үйдің  төрінде  ақ  көйлек, 
ақ дамбалмен есіп сөйлеп отырғанын көрдім. Ауық-ауық 
былқытып домбыра шалып қояды.
Біз көрген жерде бәрі де бәріміз білетін жерден қайта-
тын. Арғыға жоламайтын. Талайының білгені ішінде кетті. 
Қашағанның  да  аңыз  болып  аты  ғана  жүретін.  «Есқали 
сұпыға  айтқанынан»  басқасын  естіп  жарымайтынбыз. 
Университетте Қажығали Мұқанбетқалиевтің Қашағанның 
жырларын іздеп келіп кеткенін білеміз. Қазіргі қолда бар 
Қашаған негізінен марқұм Қабиболла Сыдиықов ағамыз-

19
дың еңбегі. Оған Мұрын, Жанжігіт, Шамығұл, Шәдіман, 
Құмар,  Назарбек,  Әлқуат,  Қобылаш,  Сұлтандардың 
Қашағаннан  айтқан  жырларының  қаншалықты  толық 
екендігін ешкім білмейді.
Біздіңше,  талай  өлеңінің  тек  сұлбасы  ғана  жүрген 
сияқты.  Талайларын  іште  бүгіп  қалған  сияқты.  Қашаған 
жырлаған жырлар да толық сақталмаған.
Қашаған  ақын  тіріліп  кетсе,  өзінен  қалған  асыл  мұ-
раларды ұрпағына жеткізген Қабиболла Сыдиықовтай асыл 
ағамызға әбден риза болар еді. Сонымен қоса ұмыт қалған, 
еске түспеген, қысқарып кеткен талай тұстарды еске салар 
еді деп ойлаймыз.
Менің  есіме  1989  жылдың  жазы  түседі.  Бұрынғы 
мұнайшылардың  теңіз  жағасындағы  мейманханасының 
алдында  Тұрсынғали  ағамыз  кездесе  кетті.  Бүйрегімнің 
тасы қозғалып, кіржиіп келе жатыр ем. Ағамыз ағайындар 
болып  күш  қосысып  жатқандарын  айтты.  «Ертең  ел  ал-
дында  ұялып  қалып  жүрмейміз  бе?»–  деп  сұрады.  Сон-
да  мен:  «Оқсата  алмай,  өзіміз  ұятты  болып  жүрмесек, 
Қашаған  атамыз  қай  тойыңызға  да  әбден  лайық»,  –  деп 
едім. Сол жылы күзде Орталық Комитетке бөлім бастығы 
болып бардым. Гурьев обкомынан ұсыныс түсті. Насихат 
бөлімінің бастығы Мырзатай Жолдасбеков екеуміз мәселені 
бюро  мәжілісіне  әзірледік.  Қазақстанға  басшы  болып 
тағайындалған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қашағанды 
мерекелеу туралы шешімге қол қойды. Сол күннен бастап, 
жүз  елу  жыл  бойына  қалтарыс  қалған  Қашаған  ұлттық 
руханиятымыздың құндылығына айналды. Енді, міне, 170 
жылдығы аталып отыр. Халқымен бірге тәуелсіздік алған 
Қашаған халқымен бірге жасай береді.
Алғашқы тойының үстінде мен Қашағанды «Жырдария» 
деп атағанмын.
Жырдария сарқылмайды. Тасқындай түседі. 

20
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА,
ақын, 
Қазақстанның Халық жазушысы
 
ҚАШАҒАН – СӨЗДІҢ ДҮЛДҮЛІ
Қашаған бабамыз – өз заманында өткір сөзді сүйетін-
дерге  өзін  сағындырған,  менменсіген  талай  майқарын 
ақынсымақтарды ә дегеннен жырынан жаңылдырған өлең 
сөздің  дүлдүлі  болғанын  оның  артындағы  бізге  жеткен 
азын-аулақ жырлары мен айтыстарынан ғана білеміз.
Бабамыз өмір сүрген дәуірде жаппай жазу-сызу неме-
се  бүгінгі  өркениет  заманында  адамзаттың  қолы  жеткен 
радио, теледидар, компьютер, интернет деген ғаламаттар 
болмағандықтан, ол кісінің қай жерде не айтқанын қағазға 
түсіретін мүмкіндік болмағаны белгілі.
Бірақ халықтың жады – сыры кетпейтін айна, сол айнаға 
түсіп  қалған  қазынаны  пұшпақтап  жиып-теріп  жүрген 
жайымыз бар.
Әлі күнге дейін республика жұртшылығы Қашағанның 
әр  жерде  атын  естігені  болмаса,  шығармашылығын  біл-
мейді.
Марқұм  Қабиболла  Сыдиықов  ағамыздың  тірнектеп 
жинаған еңбектерін жалғастырып толықтыру – осы отырған 
зерделі ғалымдардың, бабалар сөзін мұра етуге талпынған 
жастардың борышы.
Мен  Астанадағы  академиялық  ұлттық  кітапханадан 
Қашаған шығармасын таба алмадым. Екі күн іздеп, әрең 
дегенде  осы  Ақтауда  тоқсаныншы  жылдары  компьютер 

21
шықпай  тұрған  кезде  баяғы  типографияда  Қабиболла 
ағаның шағын ғана алғы сөзімен басылған он бес-жиырма 
өлеңін тауып алдым.
Маңғыстауда  мүмкіндік  бар  –  университеттің  жаны-
нан  Қашағанның  ғана  емес,  осы  өлкеден  шыққан  ұлы 
перзенттерінің шығармаларын басатын баспа ашқан дұрыс 
болар  еді.  Маңғыстаудың  жер-су  тарихын,  атақты  әнші-
күйшілерін, табиғатын Қазақ елі білмейді. Әйтеуір Пір Бе-
кет пен Әбіш Кекілбаевтың осы аймақтан шыққанын біледі, 
оған  да  Құдайға  шүкір  дейміз.  Тіпті  Досат,  Тастемірді, 
Жылгелді, Қойбасты былай қойғанда, Қайыптың әндерін де 
Арқа, оңтүстік, шығыстағы бауырларымыз біле бермейді.
Қырымбек  Елеуұлы  Маңғыстау  өлкесін  өркендету, 
шаруашылығын дамыту жолында көп еңбек сіңіріп жүр-
генін Қазақстан халқы жақсы біледі, біз жүрген ортада ол 
туралы  зиялы  жұрт  сүйсініп  сөз  айтып  жүреді.  Біз  оған 
мақтанамыз, марқаямыз.
Ал,  әкімнің  орынбасарлары,  мәдениет,  білім  басқар-
малары да бүгін әр жерде концерт қойып немесе мектеп-
терде біркелкі сабақ жүргізуден аспайтын істермен айна-
лыспай, ертеңгі ұрпақтарға қалатын жан-жақты шаруалар 
істегендерін тілеймін. Маңғыстаудың ғажайып табиғатын 
көрсететін суретшілер керек. Елде Бірғали Байекеевтен өзге 
суретші болмаса, басқа жақтардан таланттарды шақырған 
абзал және олар жасаған Маңғыстау жайлы туындыларды 
бүкіл ел көлеміне таратып көрсетсе деймін.
Маңғыстаудың әні де, сәні де, күйі де бөлек, табиғаты 
да өзгеше.
Маңғыстау туралы республикалық деңгейде жыр бәй-
гесін неге жарияламасқа?
Бұл да елді, жерді таныту, насихаттаудың бір жолы деп 
ойлаймын.
«Соңымда  бір  тұяқ  қалмады»  деп  күңіреніп  өткен 
Қашаған  бабамыздың  туғанына  170  жыл  толғанын  атап 
өту үшін осы жиынға атсалысып, жергілікті жерде болса 
да  тойлап  жатқандарыңызға  алғыс  айтамын.  Қашекең  о 
дүниеде бір аунап түсіп, тұяқтарым, ұрпақтарым бар екен 
ғой деп риза болып жатқан шығар.

22
Ұраным Қосай болғасын,
Бүйірім әттең бұрып тұр, 
Амалы түскір құрып тұр, – 
деп  Қашекеңнің  өз  сөзімен  айтсам,  менің  де  бүйрегім 
маңғыстаулықтарға бұрады да тұрады.
Мен сонау жылы Маңғыстау облысы жабылып, кейін 
қайта облыс ашылғанда «Шашу» деген өлең жазып едім. 
Онда мынандай жолдар болатын:
Қашаған – сөздің дүлдүлі,
Сәттіғұл – жырдың шынжыры, 
Қос тұлпар мініп жатқандай.
Оғыланды жақтан нұр – шапақ
Даламды түгел жапқандай.
Абыл мен Есір дәл бүгін
Төгеді күйдің жаңбырын
Оркестрлерден жасқанбай.
Ақбөбек мінген ақбоз ат
Алшаңдап аяқ басқандай.
Елдік пен кеңдік – ұраны,
Шаттанып тәуба қылады
Кәрісі қалмай, жас қалмай,
Жаңа бір күнге бастардай!
Мақтануға  тұратын  ата-бабаларымызды  мақтан  ете 
білейік!

23
Жұмат ТІЛЕПОВ,
филология ғылымдарының 
докторы, профессор
Халықаралық ақпараттандыру 
академиясының академигі
 ДАУЫЛДЫ ДӘУІРДІҢ ДАУЫЛПАЗ ЖЫРШЫСЫ
Биылғы  жыл  –  еліміз  өмірінде  өткен  көптеген  елеулі 
оқиғалардың  мерекелі  жылы.  Солардың  басы  –  еліміз 
тәуелсіздік алғандығының жиырма жылдығы. Сонан кейін 
поэзия  ақтангерлері  Қасым  Аманжоловтың  ғасырлық, 
Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерекесі өтіп жатқан 
жыл.  Ал,  бүгін  –  қазақ  жұртының  елдік  шаңырағын  кө-
терісуге ерекше қайрат еткен жыр дүлдүлі Қашаған Күр-
жіманұлының 170 жылдық мерекесінің шымылдығы ашы-
лып, байрақты туы көтерілген күн!
Ел деп соққан жүрек иесінің еңбегі қаншалықты өміршең 
болса, еңсесі де соғұрлым жоғары, есімі де соншалықты 
ардақты.  Адамзат  баласының  арғы-бергі  дәуіріне  көз 
салғанда осыдан үш мың жыл бұрын өмір сүрген Сүлеймен 
Дәуітұлынан  басталатын  небір  даңқ  иелерінің  ғибратты 
тірлігі осындай ойға жетелейді.
Ел сөзін сөйлейтін өлең-жырдың тау тұлғалы азаматта-
рына да адамзат қоғамы ерекше құрметпен қараған. Ежелгі 
гректердің өздерінің жадын тірілтуші деп білетін, жартылай 
аңыз адамы соқыр жыршы (аэд) Гомерді, әлемдегі алғашқы 
эпикалық жырлар – «Иллиада» мен «Одиссеяны» өмірге 
келтіруші деп, пайғамбардан әрмен әз тұтуы болсын, парсы 
жұртының осыдан дәл 1001 жыл бұрын соңғы редакциясы 
бітіп, ақи-тақи соңғы нүктесі қойылған «Шах-намесінің» 
авторы Абулхасым Фирдоусиін бір ғасырдағы емес, бар 
ғасырдағы парсы ұлтының рухани көсемі деп білетіні де, 
сондай-ақ, ХIV ғасырдың даңқты жиһанкезі Ибн-Батуды 
Берке  сарайынан  кезіктірдім  дейтін  Сыпыра  жыраудың 
аты аталып жатқан тұста қай қазақтың да елегізіп елеңдесіп 
қалатындығы да содан.

24
Ақындық  өнердің  ақ  дариясы  сынды  Қашаған  Күр-
жіманұлы  осыдан  170  жыл  бұрын  өмірге  келді.  Оның 
соңын  алып,  араға  төрт  жыл  салып  ұлтымыздың  ұлы 
перзенттері Абай, бес жыл өткізіп Жамбыл, екі жыл өткізіп 
Ақансері мен Мұрат Мөңкеұлы дүние есігін ашты. 1841 
жылы  кейін  «Зар  заман»  дейтін  кітабы  шығып,  Ресей 
отарлаушыларының озбырлық қылығын әшкерелегендерді 
«Зар  заман  ақындары»  дейтін  атқа  меншіктетіп  кеткен 
Шортанбай Қанайұлы сол жылы 33 жаста, Шортанбай то-
бына қосақтатыла айтылатын екінші бір дара тұлға Дулат 
Бабатайұлы 39-да, азаттық күрестің алдаспаны Махамбет 
Өтемісұлы 38-де, ал, Біржан сал Қожағұлұлы сегіз-ақ жаста 
болатын. Дәл, сол жылы Абай аса қатты бағалаған дейтін, 
1862 жылы ол жырлаған «Ер Тарғын» эпосын белгілі ғалым 
Н.И.Ильминский кітап етіп бастыртып шығаратын Марабай 
Құлжабайұлы мен Ыбырай Алтынсарин бір-біріне жалғас 
өмірге келіп жатты. Бұл тұс, осы аты аталған сөз зергерлері 
өмірге келген кезең, сондай-ақ, жалпы, осы адамдардың 
қай-қайсысының да өмір кешкен дәуірі қазақ жұрты үшін 
тұтастай өте-мөте қасіретке толы ауыр уақыт болатын.
ХIХ  ғасырдағы  қазақ  елі  –  өткен  замандардағы  бірде 
жоңғармен,  бірде  Хиуа,  Қоқан  хандықтарымен,  біресе 
батыстағы алып жұрт орыстармен ұстаса жүріп күн кешкен 
әлеуетінен біржола айырылды. Бұл 1870 жылдары Ресейдің 
бүкіл  Орта  Азия  республикаларын  Қазақстанмен  қосып 
өзіне қаратқан отарлаушылық мақсаты жүзеге асқан кез еді.
Сол тұсты, сол оқиғаны  көре жүріп,  біле тұрып, хал-
қының  мұнан  кейінгі  қасіретті  күйіне  қарлығаштың  қа-
натымен су тасығаны сияқты жан ұшыра еңбек қылмаған 
ақын,  жырау  болған  жоқ.  Сондағы  ең  басты  мақсат  – 
қалың қауымның елдік еңсесін түсірмеу болатын. Бірақ, 
тайталасқа  толы,  адамзаттың  қолын  ғана  емес,  пейілін 
байлап  тұрған  қара  ниетті  қасіреттің  тасы  өрге  домалап 
тұрғанда, озбырлық біткеннің жолын кесіп, қанағатсыздық 
пен мейірімсіздіктің туын жығу оңай емес-ті. Бұған адам 
жанын, заман халін, көкірек көзімен қапысыз танитын асқан 
білімпаз дегдарлыққа қоса ел тарихының, ата-баба өмірінің 
үлгілі  тұстарын  –  ұрпағын  рухтандырар  дәстүр  жайын 
жеткізер  Қашаған  сынды  дауылпаздарға  ар  науасынан 
ақтарылған асау жырды төгілдіруге тура келген.

25
Қашаған – эпик ақын. Қазақ поэзиясының асқар шың-
дарының бірі Ілияс Жансүгіров «Қашаған – жүйрік жырау, 
елдің тілі» деп бекер айтпаған. Ол – жырау, ол – жыршы 
және жырау болғанда да Алтын Орда заманының, ноғайлы 
дәуірінінің небір алып жұрттармен алысқан айбынды ба-
һадүрлері туралы ерлік жырларын тереңдей зерттеген ака-
демик В.М.Жирмунский айтатын, сонау Тоқтамыс ханның 
ақылшысы  болған  абыз  жырау  Сыпырадан  басталып, 
Абылға келіп тірелетін көлемі жағынан әлемде қырғыздың 
«Манасынан» кейінгі, бүгінде «Қырымның қырық баты-
ры» аталатын ел тарихын әуенді саз-өлеңмен сөйлететін 
жыр мұхитының қарқуары еді. Ол М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, 
Е.Ысмайлов,  Қ.Сыдиықовтар  зерделеген  Қазақстанның 
батыс аймағындағы болмысы ерек жыраулар мектебінің та-
лантты өкілі еді. Ол қолына домбыра алып, алқалы топтың 
құрмасына  кірген  заманында  Абыл  мен  Есет,  Қалнияз 
бен Нұрым, Ақтан мен Аралбай сынды ақындық өнердің 
ақиықтарының  төрт  көзі  түгел  еді.  Қашаған  сол  ортаға 
еніп, ақындық өнерін ұштады, білімін толықтырды. Өнеге-
үлгісін  алып,  елінің  тарихына  қанықты.  Оны  ол  өзінің 
«Қазақ деген ел едік, қайырлы халық атанған. Үш қожаның 
тұқымы – өсіп-өнген қатардан: Үйсін, Арғын, Алшын деп, 
Үш жүз болып атанған. Әзіреттің кең ойы,  Алты судың 
өн  бойы  –  Атамыз  қонған  жер  екен»  деп,  елінің  өткені 
туралы келелі жайларды төкпектетіп келетін «Атамекен» 
толғауында «Көзім көрген адамда Абыл, Нұрым, Ақтаным, 
осылар еді тақтағым. Осылай деп маған үйреткен, тарихтың 
ескі ақпарын» деп, ақын ретінде сол ортаға өзінің шәкірт 
болып  келгендігінен  хабар  береді.  Кейін  дауылды,  дауы 
көп заманда өмір кешкен дауылпаз жыршы өзінен үлкен 
Абыл мен Нұрымға, өзімен қатар Ақтанға қандай ілтипат 
көрсетсе, өзі де сондай құрметке ие, сол даңқты мектептің 
басты тұлғасына айналды. Өзі шәкірттер тәрбиелеген ұлық 
ұстаздыққа жетті. Қазақ поэзиясының арғы-бергі дәуірін 
біраз зерделеген ғұлама ғалым Е.Ысмайыловтың «Мұрынға 
да, Құмарға да, Нұрпейіске де ұстаз болған Қашаған ақын» 
дейтіні  де  сондықтан.  Осы  тұста  жалпы  біздің  қазақтың 
ұлт ретінде табиғат берген қабілеті жағынан соншалықты 
нәрегей қауымның тегінен емес екендігімізді дәлелдейтін 

26
Қашекеңдер жырлаған «Қырымның қырық батыры» туралы 
бір ауыз сөз айтуға тура келеді.
Дүние  жүзінде  санымен  де,  атқарған  ісімен  де  күллі 
жаһанға мәлім небір ересек халықтар бар. Бірақ, солардың 
бүгінгі таңда адамның зердесі мен жады тұрғысынан кел-
генде  біздің  Мұрын  жырау  сынды  сексеннің  сеңгіріне 
шыққанда соншалықты телегей теңіз жырды айлап айтып 
сарқа алмаған жыршысы жоқ. Бұл біздің ұлт ретіндегі зер-
де-зейін жағынан кім-кімнен де болса кем емес екендігі-
мізге куәлік беретін нақтылы факті. Ал, сол Мұрын жырау 
Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мөңкеұлы секілді ұстаздары 
болмаса, әлемдік деңгейдегі жыршылықтың топ жарғаны 
бола алар ма еді? Ал, Қашаған мен Мұраттың ұстаз ретін-
дегі  бақыттылығы  сонда,  табиғатта  ілуде  бір  кездесетін 
сон шама құймақұлақ Мұрын сынды шәкірттері болуында.
Қашағанның  кең  құлашты  эпик  жырау  екендігіне  бү-
гінгілердің көзін жеткізетін шығармаларының бірі – «Қа-
расай-Қази» дастаны. Бұл бірегей туынды. Мұнда, Едіге, 
Тоқтамыс,  Асанқайғы,  Телағыс,  Орақ,  Мамай,  Қазтуған, 
Шәлгез,  Смайыл,  Ер  Қосай,  Ер  Тарғын,  Ақжүніс,  Шора 
батыр,  оның  әкесі  Нәрік,  Қобылан,  Тама,  Әділ,  Әділдің 
қарындасы Лия, Қарасайдың қарындасы Қибат, інісі Қази 
және анасы, т.б. көптеген кейіпкерлер – тарихи тұлғалар 
бар.  Және  құнарлы  тілді,  ашық  бояулы  осы  туындыны 
оқып отырғанда, әрідегі жырауларды айтпағанда, Махам-
бет ақын да, Сәттіғұл мен Ығылман ақындарда кездесетін, 
өзгертілмей пайдаланылатын клишелік қалыптағы тұрақты 
сөз тіркестері ара-тұра кездесіп отырады. Мәселен: «Атам 
тірі тұрғанда қай қазақтан кем едім? Жамандарға көп едім, 
Жақсыларға  еп  едім».  «Аламаны  қойдай  дуылдап,  Көп 
әскері артынан маңыраған қойдай шуылдап» деп келетін 
жолдардағы жекелеген тіркестер «Мен Махамбет аузымен 
де айтылған сөзбін» деп тұрғандай.
Түптеп  келгенде,  мұның  өзі,  біздің  жыраулық  мұра-
ларымызға үлес қосқан жандардың түбі бір мектептің тү-
лектері екендіктеріне куәлік беретін сүйінішті жай.
Жырау-жыраулық  өнер  дегенде  жұртымыз  ілгеріде 
Асан мен Бұқарды жиірек айтыңқырайтын. Асанқайғыны 
аса ақылгөй абызымыз деп, Бұқарды Абылайға да ескерту 

27
жасаған  еріміз  деп,  ал  кешегі  кеңес  елі  саясаты  салта-
нат  құрып  тұрған  заманда,  бұл  да  Абылайды  қымтаған 
екен деп, бұған да біраз үрке қараушылар болыңқырады. 
Онан  берідегі  Байтоқ  пен  Жанұзақ  жыраулар  лебізін 
«Ай наласы  айшылық,  көлденеңі  күншілік»  деп  Жәңгір 
хан  сарайын  мадақтаған  «сарай  ақыны  еді»  деп,  ел  сөз 
та ниды  деген  азаматтарымыздың  өзі  амалсыздан  ғайбат 
лебіз білдіріп жүрді. Осы Маңғыстауда өмір кешті дейтін 
баба  жырау  Сыпыраны  –  ол  Мәскеудің  күл-талқанын 
шығарып  шапқан  Тоқтамыс  ханның  ақылшысы  болды, 
Едіге мен Тоқтамыстың бәтуасы келіспей жауыққан кезде 
Тоқтамысқа  Едігені  «алдап-сулап  қасыңа  ал,  қасыңа  ал 
да  басын  ал»  деп  ақыл  айтқан,  атын  ататпайтын  заман-
дар болды. Сонда ол күндердің күнінде Алтын орданың 
құлауына өзі мен ұрпақтарының көп сіңірген еңбегі бар еді 
ғой деп Едігеге іштарта ма десеңіз, Едігеге деген жаулық 
ниеттегі Тоқтамысқа деген өшпенділіктен де кем болмай 
шықты.  Өйткені,  Ресейдің  ілгергі  империясының  билік 
басындағыларына да, кейінгі социализм дәуірі тұсындағы 
аты  өзгергенмен  ниеті  жақсылыққа  қарай  аяқ  баспаған 
ақылмандарына  да  мұндай  мәселелерді  жыр  еткендер 
ұнамады. Ұнамағаны сол – бұл қауым «сарай ақындары» 
деген  терминді  ойлап  тапты.  Ойлап  тапты  да  Сыпыра 
сынды  еліне  қамқор,  аққаптал  саясаткер,  көріпкелдей 
данагөйлердің қасиетін терістеуге кеңінен жол ашты.
Бұл тұрғыдан келгенде Қашекеңе хан сарайында болған 
жоқ, хан тұқымдарына жолығып қалғанда жылы ұшырап, 
нақысын келтіріп жыр толғаған емес, оның алды әманда 
ашық  болған  шығар  деп  ойлауға  болар  еді.  Бірақ,  олай 
болмай  шықты.  Өйткені,  Қашекең  елінің,  қазақ  деген 
жұрттың іргелі ел, құлқы бүлінбеген бәтуалы, бір-біріне 
қа йырымды, мейірімді болуын жырлап өтіпті. Ал, мұндай 
жырауды, мұндай ақынның патшалық өкіметке де, кеңестік 
билікке  де  жақпайтыны  айқын  еді.  Оның  үстіне  ол  бір 
кездегі  Адольф  Янушкевич  таңдана-тамсана  жазатын 
Құнанбайдың мұсылман біліміне аса тереңдігі секілді, бұл 
да ислам дінінің арғы-бергі тарихи қағидалары, арғы-бергі 
тарихы дегенде қамшы салдырмайтын жүйрігі еді. Оның 
үстіне, ол – айтқан сөзі жүректі барып баурайтын ақын. Ата-

28
баба, ежелгі еңселі ел тарихының білгірі. Сондықтан, оның 
жыр  науасынан  сусындағын  адамдар қауіпті.  Қауіптілігі 
сондай, баяғы мифтік аңыздағы мәңгілік тірліктің қайнары 
Әбілхаят суын ішіп мәңгілік тірлікке Қызыр-Ілия сияқты 
болып шыға келеріндей көріп қауіптенді. Сондықтан да оны 
баяғы Зевстің отын елге алып беремін деп жүріп өлімнің 
ауыр түріне кесілген Прометейдің жазасы сияқты жазаға 
кесті. Ал, шығармашылық тұлға үшін айтқан лебізін еліне 
жеткіздіртпей, туындыларын тұншықтыртудан, есімін ел 
жадынан өшіртуден артық жаза болған ба? 
Ежелгі  аңызға,  Прометейге  кесілген  Зевс  үкімін,  сол 
Зевстің баласы араласып, Прометейді құтқарған болса, ізгі 
жүректі, алапат рухани қайрат-күш иесі Қашағанға осыны-
мыз әділетсіздік еді-ау деген, тиымшыл билік тарапынан 
мейірім  болған  жоқ.  Бұл  және  тек  бір  ғана  Қашағанның 
басындағы жай емес еді. Біздің халқымыздың қай салада 
да  оза  шауып  бәйге  алатын  жүйріктерінің  ұлтына  адал 
қызмет етіп өткен сұңқарлар мен тұлпарларының көрген 
күні осы еді.
Қашаған айтыскер ақын.
Айтыскер болғанда да ел даңқынан айбынып жүретін аса 
білімпаздығына қоса төгіле жөнелетін жыр нөсері. Оның 
дәлелі – 1891 жылы өткен деп шамаланатын Ізім шайырмен 
айтысы. Ел Қашағанның айтыстан жеңілген, өзіне тиесілі 
сөзден сүрінген жері жоқ деп есептейді. Оған бір мысал, 
айтыста  өзгеге  жүлде  бермеген  Мөңкеұлы  Мұратты  ел 
айтыстырмақ  болғанда  Мұрекеңнің  Қашекеңнің  жолын 
сыйлап айтыспауы. Бірақ, бертінірек келгенде Ізбас дейтін 
жас  ақын  ағасымен  сөзбен  қағысады.  Және  бұл  баяғы 
бала Қашағанды сынайтын Нұрым ағасының сөзі сияқты 
емес. Сонда айбынды жырау «Ардақты атам – Ер Қосай, 
Өзімнің атым – Қашаған, Ғұмырым сексен жасаған, Адай 
түгіл  Алшынға,  Жүйрік  едім  қашаннан,  Мен  сені  артық 
көрмеймін,  шыбын  мен  шіркей,  масадан.  Маған  тиген, 
Ізбас-ау, көлдей болар шырағым, көздей тесік жыртығың. 
Біздердей  ақын-жыршының  соңынан  қалмай  сөз  айту, 
арылмай жүрген қырсығың. Жұрт күлсін деп айтамын, одан 
басқа сендейге, болады сөзім құр шығын. Мен қайыртпай 
кеткен ақынмын. Таз Қашқынбай, Тама Ізімге. Ұлық болар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет