82
Құл-құтанға қор болды,
Азамат ердің ордасы.
Алла деген артық бақ,
Бұрынғы өткен заманнан,
Қызыл тілім, сайрасаң,
Оқиғаларды айтып бақ.
Жастабан, Шарға, Келдібай –
Таз деген туыс жұртымның
Жүрегі жаман шайылды-ақ.
Байұлының ішінде
Білікті қарттар қайымдап,
Білген екен пайымдап.
«Су тасады жымдай» деп,
«Байтақ жатқан халыққа
Бәле келеді мұндай» деп.
Алты күн бұрын өтулі
Елі-жұртын аралап,
Айтқан екен шамалап:
«Елді бүлгін шалад» деп
«Топан су тасып ағад» деп.
«Бәле келед тұлданған
Кер заманға қырындап, –
Айдың басы қауіп» деп.
Білікті шалдар айтыпты
Оқиғадан бұрын-ақ.
Тыңдаған бірақ жан бар ма,
Шалдардың сөзін ырымдап?
Адамзаттың азғындауының белгісі: тәубе, шүкір, қанағат
деген кісіліктің үш критерийін ұмыту. Алланы ауызға
алмау. Бәленің белгісін болжаған даналыққа құлақ аспау.
Міне, қаншама жанды жалмаған қасіретті оқиғаның себебі.
Алланың құдіретін жария ететін жолдар міндетті түрде
қысқартылып не өңі айналдырылып, өзгертілген. Мыса-
лы: «Салих құлын бір Алла От ішінде сақтар» деген сөз
Көнеден жеткен ақпар-ды. Бітіне, бұзық көбейіп, Хаққа
қарсы іс қылғасын, Қайсысын аман сақтар-ды.– деген
жолдар бұрынғы нұсқада: «От ішінде сақта» деген сөз
83
Қайсысын аман сақтады. – түрінде құйрық-жалы күзеліп
ұсынылған. Бірінші нұсқасында: «Салих (адал) құлын Алла
от ішінде де сақтайды деген көнеден жеткен қасиетті сөз
бар еді, бірақ адамзат күнаға шексіз батып, Хаққа қарсы
іс қылғасын Алла оларды жазалады» деген ұғымды берсе,
қысқартылған кеңестік нұсқасы «от ішінде сақта деген
сөздің жалған екені осыдан көрінеді» деген ойға меңзейді.
Ақын осыншама жазықты-жазықсыз адамды жалмаған
апаттың сырын «табиғаттың мылқау күшінен» емес, адам
баласының өзінің ішкі болмысынан іздейді. Адамның
рухани азғындауына, пейілінің бұзылуына орай жіберген
Алланың жазасы деп ұқтырады. Жырдың ресми мәтінінде
осы ойларды айғақтайтын жолдар түсіп қалған:
Асылың шикі топырақ,
Асылы топырақ болған соң,
Адамның ісі ғапыл-ақ,
Өлмейтіндей көргенмен
Адамға ажал жақын-ақ.
Өлерін адам білгесін
Төсекке түнде кіргенде
Иманыңды айтқан мақұл-ақ.
Алласы түспей ауызына
Сөйлемек жаман шатынап.
Тәубаға кел тірлікте
Құдайға жылап аһылап.
Ақыреттің қайығын
Бір мінгесін ылаулап,
Келмегің қиын қатынап.
Ізіңді бағып шайтан жүр,
Қалт жібермей бақылап...
«Ресми мәтіндегі» «кеңестік түсініктің» немесе «кеңес-
тік түсінбеушіліктің» салқыны тиген өлең тармақтарын
көрсете кетейік. «Ресми нұсқасында»:
Ғаламат мұндай тұс болды,
Азғындар азып мыс болды.
Әлпештеген арудың
84
Кеудесіне қара құс қонды.
Ауызша жырланған нұсқасында:
Ғаламат мұндай түс болды,
Алтындар азып мыс болды.
Қызылдан киім киінген,
Мамықтан төсек жиынған
Әлпештеген арудың
Кеудесіне қара құзғын құс қонды.
«Қызылдан киім киіну» мен «мамықтан төсек жиы-
ну» образы «әлпештеген арудың» қаншалықты аяулы
екендігін, соның ішінде арудың қазақ деген ұлттың
дүниетанымындағы, болмысындағы орнының ерекше
екендігін, сөйтіп әлпештеген аруыңның – ұлтыңның
болашақ анасының – кеудесіне жай қара құс емес, қара
құзғын құстың қонғанын (құзғынның өлексеге қонатынын
ойласақ) сол арқылы қазақ ұлтының басына түскен
ахуалдың қаншалықты қасіретті екендігін меңзеп отыр.
Сондай-ақ, «ресми нұсқадағы»:
Малынан пайда көрмеген,
Қанағатсыз Қарынбай,
Барын жоқ деп құрынған.
Жұлдызды жатқа санасақ,
Қисап етіп қарасақ,
«Мың тасқанға бір тосқан»
Бар емес пе еді бұрыннан?!
деп берілген жолдардың ауызша жырлаудағы нұсқасы
әлдеқайда терең әрі жүйелі деуге болады:
Малынан пайда көрмеген,
Қанағатсыз Қарынбай,
Барын жоқ деп құрынған.
Табалап оны қайтейін, –
Құдайдың торы құрылған!
Өнеге үшін айтамын,
Кейінгі туған жас бала
Таймағай деп жол мен ырымнан.
85
Жұлдызды жадқа санасақ,
Хисап етіп қарасақ,
«Мың тасқанға бір тосқан»
Бар емес пе еді бұрыннан?!
«Табалап оны қайтейін, Құдайдың торы құрылған!»
деген жолдар жыраудың өкініші мен шарасыздығын таны-
тады. «Жұлдызды жатқа санау» дегеннен гөрі «жұлдызды
жадқа санау» тіркесі қисындырақ тәрізді. «Жад» – араб-
тың «ес» ұғымындағы сөзі десек, «жұлдызды жадқа са-
наудың» мағынасы «халықтың өткені мен болашағын
жұлдыздарға қарап, болжап, есептеп отыру», қазақ халқы-
ның астрономиялық қабілеті туралы айтылып тұрған болу
керек деп ойлаймыз. Сонда «жұлдызды жадқа санау»
тіркесін: «жұлдызды халықтың жады деп санау, есептеу»
ұғымында алу керек болады.
«Ресми басылымнан» сусып түсіп қалған жырдың ендігі
бір қомақты шоғыры – «пікір ету» мен «тәубаға келу»
идеясын насихаттайтын діни мазмұндағы өлең жолдары:
Және бір мысал айтайын:
Әзіреті ер Ғали:
«Тұтқасы болса ұстайтын
Қара жердің қабатын
Қозғар едім», – деп еді.
Көңілін Алла семдірген –
Сол сөзінің себебі.
Дәуіттің ұлы Сүлеймен
Он сегіз мың ғаламға
Патша болып ол тұрған.
Нұры суға түскен соң
Патшалықтан айырылып,
Бұқарашылық жол қуған.
Өтірік айтып тайсалман,
Наданның сөзін айта алман,
Айырма, Алла, тағаттан.
Хақ жолға баста, Жаратқан!
Дәуіттің отыз ұлына
86
Әзірейіл құрық салғанда,
Бәрін жинап алғанда,
Арасы алыс болмапты
Анығы жалғыз сағаттан.
Перғауын патша зор болған,
Шайтанға құлқын билетіп,
Зұлымдықты мол қылған.
Тәккәпарлық еніп көңіліне,
Мөлшерлі күні мұны да
Ніл дария жұтып қор қылған.
Қазинесі көп Алланың,
Фазылынан шет қалмаң.
Алласыз іс қылам деп,
Пайда бермес мақтанған.
Менмендіктен қайыр жоқ,
Арам қан жиып көңілге,
Көкірегі таттанған.
Адамзатқа сол керек –
Құдайдан қорқып сақтанған.
Тәкәппар мен менменнің
Пиғылына тап келіп,
Осындай рет көп болған.
Мейлің патша, мейлің құл,
Өлшеулі сағат соққанда
Бәрі де соның жоқ болған.
Жан жаратқан Алланың
Кеңшілігіне тап болар
Тәуба мен шүкір еткен жан...
Патшалығынан айрылған Дәуіттің ұлы Сүлеймен,
отыз ұлы бір сағаттың ішінде көз жұмған Дәуіт, Әзіреті
ер Ғали – Алланың көзі түскен пайғамбарлары болса,
қауымымен бірге Ніл дарияға жұтылған Перғауын – кә-
пір лердің патшасы – бірі көңіліне сәл болса да күпір ой
келгендіктен, енді бірі Аллаға жақпас іс қылып, менмендік,
жауыздық іс қылғандықтан, қатерге ұшырады. Әрқайсысы
бір-бір қиссаға азық болатын оқиғаларды Қашаған жырау
тәптіштеп баяндап жатпаған. Қара күштің иесі Әзіреті
ер Ғалидың жауыздардың қолынан мешітте өлтірілуін
87
«көңілін Алла семдірген» деп ишаралайды. 18 мың ғаламды
билеген Дәуіттің ұлы Сүлейменнің пері қызының сөзіне
еріп, құстарға қиянат жасамақ болғаны үшін патшалықтан
айырылуын «нұры суға түскен соң, патшалықтан айыры-
лып...» деп береді. Оның себебі – біріншіден, бұл оқиғалар
Қашағанның өмір сүрген кезеңінде кез-келген қазақтың
баласына көзін тырнап ашқаннан тыңдап өскен қиссалары
арқылы таныс болатын; екіншіден, жырдың прагматикалық
мақсаты (әсерлілігі) үшін оқиғаларды тізбектеп жату
маңызды емес, сол оқиғалардың салдарын, ұрпаққа сабақ
болатын өнегесін айту маңыздырық болса керек.
Жырдың концовкасындағы қорытынды ой – ақынның
өзін де, елін де жұбатып айтқан жолдары «ресми басы-
лымда»:
Кейіндегі бозбалалар,
Налымаңыз, шырағым,
Күндердің күні болғанда,
Көк дария көл болса,
Бай мен жарлы тең болса,
Суда – балық, қырда – егін,
Бәле-бәтер жоқ болса,
Диқаншылық көп болса,
Талаптың күші сел болып,
Кетерсіз-дағы ел болып.
Ауызша жырлаудан жазып алынған нұсқада:
Кейіндегі бозбала,
Налымаңыз, шырағым,
Әлі де Құдай оңдаса,
Күндердің күні болғанда,
Көк дария көл болса,
Бай мен жарлы тең болса,
Суда – балық, қырда – елік,
Бәле-бәтер жоқ болса,
Диханшылық көп болса,
Талаптың күші сел болып,
Алладан болып кеңшілік,
88
Пендеден кетпей кемшілік,
Талабың еткен жөнделіп,
Кетерсіз-дағы ел болып.
Қарайтылып берілген жолдар – Алла атымен байланыс-
ты ой оралымдары – «ресми басылымда» жоқ. Сондай-
ақ, «суда – балық, қырда – егін» тіркесі «суда – балық,
қырда – елік» түрінде айтылған. Судан балық аулау, қырдан
аң аулау, өзеннің бойына егін салу («диханшылық көп
болса») – қазақтың үш түрлі күн көріс көзі меңзеліп тұр
деп түсінеміз. Жақында Түркияның Кайсери қаласындағы
Ержиес университетінде өткен Азия тілдері мен әдебиеті
халықаралық симпозиумына қатысып, «Маңғыстау жы-
раулары поэтикасындағы «шынайы адам» концептісі»
тақырыбында баяндама оқыдық. Үнді, араб, қытай, жапон,
корей, иран, түрік т.б. азия елдерінің түкпір-түкпірінен
жиналған ғалымдар түрік тілінде оқылған баяндамамызды
өз тілдеріндей түсініп, сұрақтар қойып, пікір білдірісті.
Әлемдік ағылшын тілімен иық тірестіріп, симпозиумның
негізгі тілі болған туыстас түрік тілінің мәртебесіне қызыға
да, қызғана да қарап, беделді аудиторияларда кіріспе
сөздің деңгейінен әрі аса алмай жүрген өз тіліміздің жа-
йын ойлап қамығып тұрғанымызда, Түркияның Кония
қаласындағы Селжүк университетінің профессоры, доктор
Әли Темізелдің үзіліс уақытында баяндамамыз үшін алғыс
айтып, «қазақтың саны 15 млн емес, қазақтың саны – 800
млн, себебі: барлық түркі жұрты – қазақ!» – деген лебізі
мәртебемізді аспандатып тастағандай болды. Түркияның
бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс оқитын беделді
ғалым Ержиес университетінде қазақ филологиясы бөлімін
ашуға күш салып жүрген көрінеді. Қазіргі кезде осы оқу
орнында бірнеше түрік студент-жастары қазақ тілін үйреніп
жүргенін білдік. Әсіресе, түрік тіліне аударылған жыр жол-
дары түрік бауырларға қатты ұнады.
Қорыта айтқанда, Қашаған Күржіманұлы шығарма-
ларының мәтіндеріндегі «репрессияланған» шумақтардың
дені діни-идеологиялық және саяси астары бар жыр жол-
89
дары деп батыл айта аламыз. Мұсылман дінінің кісілік
қағидаларын насихаттап, үлгі етіп қана қоймай, қазақтың
ділі мен дініне қол сұға бастаған саяси-идеологиялық
күштердің арамза әрекеттерін әшкерелейтін ақынның
жан айқайына құрылған шумақтар «кеңестік цензурадан»
өтпейтін болғандықтан, азаматтарымыз амалсыз қыс-
қартуға, өңін өзгертуге мәжбүр болған. Кейбір тұстарда
тәуекелге барып, сыналап енгізіп те отырғаны байқалады.
Кеңестік империя билік еткен 70 жылда қазақ халқының
рухани дамуының ұлттық сипаты тоқырау кезеңін ба-
сынан өткізді. Әсіресе ұлттық тілдің қолданыс аясының
тарылуы, қазақ тілін білмейтін ұрпақтың саяси-қоғамдық
аренада басымдыққа ие болуы, қазақ ұлтының болашағына
деген сенімсіздіктің етек алуы ұлттың рухани дағдарысқа
ұшырауына жеткізді. Бұл дағдарыстың нәтижесінде баба-
лар танымы мен кейінгі ұрпақ танымының арасындағы бай-
ланыс үзілді. Сондықтан жыраулар поэзиясы жас ұрпаққа
ақыл-кеңес, өсиет айтудан әріге бармайтын құрғақ дидакти-
ка немесе заманы өткен байлар мен батырларды мақтайтын
мадақ жырлары ретінде ғана танытылып келді. Дегенмен
адам баласының түпкі санасында сақталып қалған, сол
адамның өзі де байқай бермейтін оның болмысымен бірге
жаратылған ұлттық діл қандай да бір мезгілі туғанда жарып
шығары сөзсіз.
Әр жерде жұлым-жұлымы шығып, шашырап қалған
жыр үзіктерін қайта жалғап, бағзы қазақтың рухани ке-
ңістігін қазіргімен жалғастыру – XXI ғасырдағы ұрпақтың
пешенесіне жазылған тәрізді. Тәуелсіздік туымыздың
астында қалпына келіп, алқалаған әлеуметімен қайта
қауыш қан, қай заманмен де үндесе алатын, өзектілігі
өшпейтін оймен өрілген жақсыдан қалған жәдігер жырдың
жаңа ұрпақпен қауышуы мәңгілік болғай!
90
Нағбду ҚАМАРОВА,
филология ғылымдарының канди-
даты, доцент, Ш.Есенов атындағы
КМТжИУ проректоры
ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ КӘУСАР БҰЛАҒЫ
XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің Дулат Бабатайұлы,
Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Керде-
рі, Базар Оңдасұлы, Қабан Асанұлы, Құланаян Құлмамбет,
Бөлтірік Атыханұлы сынды көрнекті өкілдерінің қатарында
қазақ әдебиеті тарихында айшықты із қалдырған саңлақ,
жыр дүлдүлі Қашаған Күржіманұлының орны бөлек. «ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде
өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған
дәстүрдің нәрлі өнегесіне қаныға, оны ілгері дамытқан
әйгілі ақпа ақынның» [1, 3] биыл туғанына 170 жыл толып
отыр.
Қашаған жалпы тарихты, ел шежіресін жете зерттеп,
жетік білетіні оның жыр толғауарынан айқын көрінеді.
«Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты толғау дастанда-
рынан халықтың көне тарихы көз алдыңа келеді.
Қазақ бір деген ел едік,
Қайырлы халық атанған,
Өсіп-өнген қатардан.
Үйсін, Арғын, Алшын деп,
Үш жүз болып атанған [2], –
деп ел шежіресінен сыр шертуі бөлек тақырып. Қашаған –
екі ғасырдың куәсі, екі елдің тумасы болған ақын. Ол 1841
жылы түркімен жеріндегі Ташауыз қаласының маңында
дүниеге келген. Әкесі ауқатты адамдарға жалданып, ма-
лын бағып, отын жағып дегендей, маңдай терімен отбасын
асыраған қара қасқа кедей кісі болған. Ауыр еңбек, азапты
91
тұрмыс титықтатып, әкесі өмірден ерте өткен соң, оның
жалшылық қамыты бұғанасы қатпаған болашақ ақынның
мойнына түседі. Сондықтан ол да жастайынан иіні жаншы-
лып, жұмыс істеп, жетімдіктің де, жоқшылықтың да зарын
тартып өсті. Алайда жүрегі отты, жігері қанатты намысқой
бозбала қарапайым халықтың еңбегін жеп, шылқы майға
бөккен байларға онша қыр алдырмай, өткір сөзімен, уытты
тілімен олардың зымияндығын әшкерелеп, алмас жырымен
бетін қайтарып тастап отырды. Ұзамай оның ақындық өнері
төңірекке түгел танылып, жалынды жырынан айбынған
жергілікті алпауыттар одан құтылғанша асықты. Қыр
соңына түсіп, табан ізін аңдып қоймаған соң, намысқой
ақын атажұртын іздеп, Атырау бойындағы қалың адайларға
көшіп келіп, ел-жұртын кәусәр жырымен суғаруға кірісті.
Қуана құшақ жайып қарсы алған қандастарының арасынан
Қашаған көп достар тапты. Әсіресе, оның күй атасы, сол
кезде-ақ дәулескер күйші ретінде атақ-даңқы алысқа жеткен
Құрманғазымен достығы аңызға айналады.
Қашаған ақынға әруақты сөз біткенімен, мал бітпеген
қара табан, жарлы-жақыбайлау кісі екен. Бірде жалғыз
бұзауы өрістен келмей қалып, соны іздеп шығады. Бірақ
таба алмай адасып, жаңадан келіп қонған бір бай ауылға
кезігеді. Бұл ауыл Қашаған атына қанық болғанымен, жүз-
бе-жүз танымайды екен. Шет жақтағы үлкен ақбоз үйге
келіп кірсе, бір-екі әдемі киінген сырбаз жігіттер табақты
ортаға алып, тамақ жегелі жатыр екен. Бірақ шаршап,
шалдығып келген, өңі де, киімі де жүдеу ақынға үй иесі
бай да, бәйбіше де «жоғары шық» деп айта қоймайды. Ол
амалсыз төменгі жаққа отыра кетеді. Байдың жаратпай
қалғанын сезсе де, сыр білдірмей жоқ қарап жүргенін
айтады. Отырғандар: «Сонда бұзауды осы үйдің ішінен
қарағалы келдің бе?» – деп келемеж етіп, күліседі. Қашаған
табан астында:
Бұзауым, қайда кеттің құмалақтап,
Отырмын міне мен де шығанақтап.
Құдағай қолыңды жу демеген соң,
Табаққа қол салмадым сұғанақтап.
92
Бәрінен жоқ қараған жаман екен,
Көңілің қарайғанға алаң екен.
Қор болды-ау кіші жүздің Қашағаны,
Сол бұзау бізді есіне ала ма екен?..–
деп төкпектете, тағы да тамағын бір кенеп қалып, айтуға
оқталады. Сонда үйдегілер үрпиісіп, ұшып-ұшып тұрып:
– Ойбай, Қашеке, «танымасын сыйламас деген», біл-
мей, жүзіқара болып қалдық, – деп, оны зорлап көтеріп
апарғандай төрге шығарады. Қонағасы қайтадан баста-
лады [3, 27]. Халық арасында дәл мұндай мысалдар өте
көп кездеседі. Хатқа түспей, қағазда басылмай ауызша
тарағандықтан ұмытылып қалғандары қаншама!
Қашаған поэзиясынан ақын өмір сүрген ғасырлар сырын,
халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын
аңғарамыз. Өйткені ақын толғауларынан халықтың небір
нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-
сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы
өзекті орын алады.
Ақын барша жұрты бай, кедей деп бөлмей, адамгерші-
лікке, бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады.
Оның ойынша, адамның мінез-құлқы жақсы болуы үшін
айналасындағыларға жанашырлық ізгі жүректілік білдіруі,
қамқоршы болуы қажет. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда
адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-әрекет жа-
сауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді, басына бақ қонады
деп білді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі
бірлікке, шынайы достыққа, адал еңбекке шақыруы, сол
замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас
еді. Қашаған ақынның айтқан тәлімдік-тәрбиелік ойлары
мен тұжырымдары бүгін де жас ұрпақ тәрбиелеу үрдісінде
өзіндік мәнін жойған жоқ.
Ақын сомдаған батырлардың тұлғасы олардың пси-
хология ерекшелігі мен жан дүниесін асқан шеберлікпен
суреттейді. Батырлардың бейнесін, ерлік істерін дәріптей
отырып, жастарға үлгі-өнеге етеді, үстем тап өкілдерін
қатты сынға алады. Жастардың бойында адамгершілік,
елжандылық қасиеттерді дәріптейді. Қазақ жырауларының
93
қай-қайсысын алсақ та, жыр-толғауларында айтылатын
негізгі идея – ел бірлігін, өз отанын сүю, оны сыртқы жау-
лардан қорғау, батырлығы мен ақындығы сай келетін, сол
кезеңнің өзекті, маңызды мәселелерін жырлай отырып, аз
сөзбен көп мағына беретін толғауларының жас ұрпаққа
тәлімдік-тәрбиелік, тағылымдық ерекше.
Елінің болашағының жарқын болуын аңсаған ақын
Қашаған ақын шығармаларының халыққа берер пайда-
сы мен құндылығына, өлең-толғауларының өзіне тән
иірімдеріне назар аударылды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасыр басындағы көрнекті ақындарының қатарынан орын
алатын Қашаған ақын мұрасы әлі талай зерттеулерге жүк
болары сөзсіз.
Адамның, заманмен қатар табиғаттың өзгеруін ақырза-
манның белгісі етіп көрсету біршама ақындарға тән.
Профессор Б.Омаровтың сөзімен айтсақ: «…зар заман
ақындары өздері азды-тозды деп есептеген кезеңдегі та-
биғат апаттарын ақырзаманның хабаршысындай көреді»
[4, 109]. Әбубәкір Кердері мен Асан Барманбекұлының
Жетісу өңірінде болған жер сілкінісінен секем алып, ой
толғауы, қырғыздың зар заман ақыны Молда Қылыштың
өз жеріндегі алапат апат жайында арнайы дастан жа-
зуы – осындай түсінік-танымның нәтижесі. Сол сияқты
Қашаған Күржіманұлын зар заман әдебиетінің негізгі
өкілі санамасақ та, «Топан» атты жырын дәуірлік маңызы
бар эсхатологиялық шығарма деп қабылдаймыз. Жыр-
да бұрынғы заман мен қазіргі заман салыстыра егіздеу
тәсілімен суреттеледі. Ноғайлы дәуірінің трагедиясынан
басталған жырда ақын сол заманға шегініп, тарихқа те-
реңдейді. Одан әрі жырда уақыт пен кеңістік өзгереді
де, ақын алдыңғы кезекке жаңа кезеңнің жай-жапсарын
жинақтайды. Дастанда Жем аяғындағы жәрмеңкеден
несібесін молайтқан сауда жасаушылар тойынып, ештеңені
менсінбеуге айналады. Ә.Кекілбаев ол туралы былай деп
жазады: «Қашаған адамдармен емес, ерді – қор, елді сорлы
қылатын кесірлі қылық, кесапат құлықтарымен – рухани
кеселдермен алысқан. Соның бірі – адамды парықтан,
94
халықты парасаттан айыратын астамшылық, көрінгеннен
көзақы алатын желікпелік, өз қасиетін қастерлемей, өз-
ге нің қасиетіне өліп-өшетін рухани шайпаулық. Қай
ха лықтың да жерін тәрік, өзін ғаріп қылатын осы індет.
Бұл ретте ақынның ел аузында үзік-үзік күйде сақталған
«Жем тасығанда» дастанының орны ерекше. Есіктен кіріп,
төр менікі дейтін баса көктеу, өзіңдікін өзіңе бұйыртпау,
азған адам, тозған табиғат, тоз-тоз халық, сол тозғанның
үстінен атақ алып, абырой тапқан, дәулет тауып, мал жиған
арсыздық – ұлттың іріп-шіру трагедиясын баяғы зар заман
әдебиетінен де өткір, уытты, ызалы толғайды» [5, 3]. Ақын:
Көп болды сондай тасқандар,
Әлдерін білмей асқандар.
Пиғылынан солардың
Қабыса жазды аспан, жер [2], –
дейді.
Зерттеуші Қ.Сыдиқов бұл шығарманың ақынның өзі куә
болған оқиғаның желісіне құрылғанын дәлелдейді [1, 6].
Ақын бұл нәубетті тылсым табиғаттың адуын мінезінен та-
ниды. Топаннан жұрттың жаппай қырылуын жаратқанның
жіберген бұйырмысындай баяндайды.
Бұл жырға әйгілі Құрманғазы «Көбік шашқан» күйін
шығарған. Ілияс Жансүгіровтің осы аттас поэмасы аяқ-
талмай қалған.
Шашқанда күйден көбік Құрманғазы,
Қашаған жырдан төккен маржан дүрді, –
деп өз бағасын берген.
Ақынның жанын жегідей жеген өз қара басының қамы
емес, қалың қазақ халқының ащы зары мен толассыз мұңы.
Қашағанның «Есқали сұпыға айтқаны» – надан мол-
даларды сынаған, қасиетті домбыраны, өнерді қорғаған
тамаша шығармасы. Надан, сараң сұпының қылығы кек тен-
дірген Қашаған домбыраны қолына алып, жырды төгілте
жөнеледі. Бұл төгілген жыр ғибраты мол жыр болады.
Ақпа-төкпе дарынына қоса Қашағанның білімдарлығы
аңғарылады. Надан сұпыны әбден сынап, масқаралайды.
95
Ақылы бар, милы адам
Азамат ерге тек дейме,
Қонағын келген кет дей ме?! –
деп қонақ күте алмайтынын бетіне басса:
Келе сала, сұпыеке,
Домбырамды боқтадың.
Домбырамды боқтасаң,
Өзімді басқа соққаның,
Сұпылығың қай жақта,
Шын тентекке ұсадың [2, 34], –
деп домбыраны боқтаған надандығын, дүмшелігін аямай
әшкерелейді. «Қу ағаштың» қадір-қасиетін асқан бі-
лімдарлықпен жырлап, ағаш деген киелі зат екенін, оның
зұлпықардың қынабына сап, әруақты ерлердің садағына
жақ, батырлардың найзасына сап болғанын, дариядан
өткенде пырақ, қараңғыда жарығы шырақ, жетім менен
жесірге қуат болғанын қадап-қадап айтып, соны білмей тіл
тигізген дүмшенің жер-жебіріне жетіп жер қылады.
Жыр өте жеңіл оқылып, тез жатталып қалады. Кілең
нақыл сөздерден құралған жырда ғибратқа толы жолдарды
оқыған сайын жаттанды мақалға айналып кететіні ақиқат.
Мәселен, төмендегі жолдар тілге жеңіл тиеді:
Жақсының сөзі майдадай,
Жаманның сөзі найзадай,
Жақсыдай болу қайдағы– ай?!
Қас жаманның үйінен
Жақсының артық моласы.
Панасына түнеп қайт,
Бойыңа боран жоламас.
Жаманның көңілі шат болар
Әйелімен кеңесіп,
Көжесін ішсе оңаша.
Саналыға сөзім тыңдалған,
Санасыздың белгісі –
Пайдалы сөз айтсаң, бұлданған [6, 94].
Ақынның басқа да жырларынан ғибратқа толы нақыл-
дарды молынан ұшырастыруға болады: «Қыздай түсің
|