Алматы “Жазушы” 2013



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#1641
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

204
Ербол АЛШЫНБАЙҰЛЫ 
(Астана)
 
ҚАШАҒАНҒА
Ой-шалды сүйендірген жыр-асаға,
Ер едің сөз айтпайтын, сірә, шала.
Жалынан қайбіреуге сипатпайтын,
Сөз деген тарпаң екен рас, аға.
Тамырын тастан тартқан дара шынар,
Қоспасыз саф алтындай бағасы бар.
Кермеңде қаңтарулы кіл тарпаң сөз,
Сауырын жел аймалап аласұрар
Кіл тарпаң астау сауыр, садақ мойын,
Кеудесін ауыл қонған қолат дейін.
Тастапсың тарпаң текті тұлпарларды,
Мінсін деп қажетіне қазақ кейін.
Шапқанда естіретін жыр самалын,
Өр мінез тұлпарыңды күлте жалы.
Сапарға сайлап мен де мінемін деп,
Үкілеп өмілдірік кім тағады?
Бағдарсыз ұстатпайтын сағымды іздеп,
Замандас, талай түнде сабылдым де.
Асаудың жайын білмей жағаластық,
Тарпаң сөз ұстатпай жүр қазір бізге.

205
ІЛЕ
Екпініңді жұтты ма сол тасбауыр жағалау,
Неге өксисің тұншығып, мені өсірген анам ау?
Өз отына өртеніп, құлап барады қызыл күн,
Қызыл күнді көрдім де сеңдей болып бұзылдым.
Түнменен түн жиекте жапсарласа бергенде,
Сонау көктің көзінен бір-ақ сәуле көргем мен.
Сол сәулеге асықтың толқындарың жарысып, 
Сенің тамшың мен едім, толқи аққан жаны ұшып.
Жеттім аппақ сәулеге, жүрегімді нұр өбіп,
Түндей терең арналым, түнде қалдың түнеріп.
Түнге қарап толқимын, сені ойлаймын кей күні,
Үндемейсің сен неге, ей, түркінің Жейхұны?!
Сен жылайсың шерлісің, бірақ, заман таскерең,
Оның сөзі басқа сөз, оның мұңы басқа өлең.
Менің ұлы бабамның тұлпарындай екпіндім,
Мен сен болып толқыдым, толқынымды көкке ұрдым.
Теңіз құйсам өшпейтін өзегімді өрт жайлап,
Заман алып барады, мені сендей қақпайлап.
САРЫ ЖҰРТ
Сары да сары, сары жұрт,
Сағыныштан шекпен жамылып.
Күз болып көшіп сары мұң,
Бүрлей де алмай тал – үміт.
Сайқандап ұшып сам үйрек
Сам үйрек арман сабылып
Сен нені күттің сары жұрт,
Сен нені күттің сарылып?
Дүлділден қалған құлынның
Дүбірін аңсап тұрсың ба?
Мың үннен қалған бір үннің
Күмбірін аңсап тұрсың ба?
Сап-сары арман сағыныш
Сары белде самсап тұрсың ба?

206
Айбарлы жаудың басында,
Айдарлы ұлын кескен жұрт.
Күлтелі кілем далаңды
Алмауыт тұяқ тескен жұрт.
Тауда өскен тарлан бабамыз
«Бір шым-шым топырағыңа
Жанымыз пида» дескен жұрт.
Сайгез оқ тиіп алдынан,
Аймадет ұлың өлгенде.
Сақсыры толған қызыл қан
Оны да жұтқан сен өзің,
Құба жон дала өлеңім.
Тудырған ерді өзіңсің,
Өзіңсің тағы жұтқан да.
Ер Доспанбет қансырап,
Соңғы рет сені құшқанда.
Қарағайлы көдік бойында
Қалған қызыл қамшысын,
Соны тапсам деп едім.
Тапсам бір соны, сары жұрт,
Алмауыт жырды қамшылап,
Жайдай-ақ қылсам деп едім.
Оты бар ұлды тұтатып,
Аймадет қылсам деп едім.
Сарылып жатқан сары белге
Ақ ала орда қондырып,
Айға бет бұрсам деп едім.

207
Талғат ҚАЙБҰЛЛАҰЛЫ 
(Маңғыстау)
 
ҚАШАҒАН-ЖЫР
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,
Хорезмде, Ойылда,
Қашаған-жыр әлі аңыз
Маңғыстаудың ойында.
Жетім, шерлі жүрекке,
Аян болып қонған жыр.
Еңсе басқан түнекте,
Шырақтайын жанған жыр.
Тарыққанда таңдайға,
Зәмзәмдәйін тамған жыр,
Зарыққанда маңдайға,
Хақ тағала жазған жыр.
Әділетсіз дөкірді,
Алдаспандай қиған жыр.
Кесапатты не түрлі,
Оттай өртеп, тиған жыр. 
Намысы елдің дегенде,
Жалаулаған кекті жыр.
Ар ісіндей өнерде,
Алаулаған текті жыр.
Тәуелсіздік келді де,
Асқақтатты арманды.

208
Қашаған-жыр енді міне,
Жырдарияға айналды.
Шалдықпаған сындарда,
Иілуге еш көнбейді.
Қазақ елі тұрғанда,
Қашаған-жыр өлмейді!
ТӘУЕЛСІЗДІК – БИІК ТУЫМ, АЙБЫНЫМ
Есіл ерлердің бойында ыза-кек қайнап,
Азаттық үшін қақтығыс жылдап, өтті айлап.
Бабамыз сорлап, қайғы бұлтының астында 
Өтіпті талай тар жолдар кешіп көк тайғақ.
Білектің күшін, найзаның ұшын көрсетіп,
Атойлап ерлер жауына талай шекті айбат.
Солардың соңы сексен алтымен ұштасқан,
Өрімдей ұл-қыз қазақ намысын бек қайрап.
Азаттық дейтін бабаның ізгі арманын,
Халқының кеткен қанжығасына дөп байлап.
Жиырма бес жыл да өтіпті кірпік қаққанша,
Тарих оған алтын әрпін етті айғақ.
Батырын аңсап жыл сайын өксіп тұрады,
Алматыдағы қанға боялған текті аймақ.
Алаш көгіне алтын күн шашып шуағын,
Батыл боздақтар қайғының бұлтын кетті айдап,
Өр Қазақстан тәуелсіз ел деп әлемге,
Жар салып биік тұғырында тұр көк байрақ.
ТУҒАН ЖЕР
Ұмытпайтын ойпаты мен қыратын,
Селк еткізіп мойныңды бұратын.
Бір жер болар магниттей тартқылап,
Әр адамды ынтық қылып тұратын.
Сені мықтап байлап қойған шегелеп, 
Мұның мәнін сұрамағын неге деп? 
Жанға жайлы әр адамға бір жер бар,
Ауасының өзі қандай керемет.

209
Тек сол жерде айдарыңнан жел есер,
Қолтығыңнан қошеметпен демесе ел.
Ол жердегі тауларының қызығы –
Ұшам десең қанат тағып береді. 
Ол жерде шын саған қарап бақ күлед,
Ой-бойыңа бір рахат кіред.
Ол жердегі бақшалардан жегенде –
Шикі алманың өзі ерекше тәттірек. 
Сол жер ғана бойға дарын дарытар, 
Сағыныштың ақ түймесін ағытар.
Осындағы өмір сүріп жүргендер, 
Бір ерекше жанашырлық танытар.
Осы жерде өтер қызық-мұңлы күн, 
Білер бұл жер қыз бен батыр ұл құнын.
Бұл жер қалай саған ыстық болмасын, 
Кесілгесін туған сәтте кіндігің?!
Махаббаты тереңдеген көл екен,
Осы жерде құтың және берекең.
Топырағы алтын сынды бір уыс,
Туған жер деп аталатын жер екен.
Аллаберген ҚОНАРБАЕВ 
(Маңғыстау)
 
АҚЫНДЫҚТЫҢ ПАТШАЛЫҒЫ – ҚАШАҒАН
Мәңгі жас, сом алтынның сынығындай,
Әр сөзің айдын көлдің тұнығындай.
Ойларың, өсиетің – ақын баба,
Көз жетпес көк аспанның қиырындай.

210
Сен өзің қара сөзге жан бітірген,
Өзгеше орның бөлек бар бітіммен.
Әлдилеп өлең жырмен Маңғыстауды,
Тілдесіп кетіпсің-ау алғы күнмен.
Қашаған – ел еңсесін биіктеткен,
Дабысың жерді жарып сүйікті еткен.
Жасаған Жапар Ием бір-ақ күнде
Кеудеңе жыр мұхитын құйып кеткен.
Өнер – шың, бастап кеттің ұлы жорық.
Халқыңның ағыл-тегіл жыры болып.
Нәр алдым тамырыңнан, киелім-ау,
Мақтанам ұрпағыңның бірі болып.
Қазақтың қол соғып тұр жұрты барлық,
Жөнің бар бүгін шалқып құлпырарлық.
Дуалы Маңғыстаудың топырағы
Өзіңді келтіріпті-ау біртуар ғып.
Сен тұрсың бір жүз жетпіс жаста бүгін,
Алаш боп, Ақтауым боп асқақ үнің
Бүгін де өзің ұстап, өзің биле
Думан жыр ақындықтың патшалығын.
Барасың жан-жағыңды аумақты ғып,
Жан дауа жырларымен баурап күліп.
Баршаны рухыңмен желеп-жебеп.
Бір шалқып жатырсың ба аунап тұрып?!
ТӘУЕЛСІЗДІК, МЕН САҒАН ТӘУЕЛДІМІН
Кеп қалды бостандықты алған күнім,
Көз ашқан көлеңкесіз арман мұңым.
Уақыт бұл күндері айтып жатыр
Жат жұрттық жалпақ сөздің жалғандығын.
Қазақтың бүгін дала, өзге аспаны,
Елбасым Абылай боп сөз бастады.

211
Бабалар әруағын әулие ғып,
Шалдық та құрбан қылып бозқасқаны.
Туған жер ту талақай ойрандалып,
Ғасырлар қойнауында қойған қалып.
У ішті уыз емес, құлдық дәурен,
Арбаудың малтасына «тойған» халық.
Сол күндер қанды жас боп өтті-кетті,
Көл-көсір көлегейлеп көп тілекті.
Қиын кез қияметтің қыл көпірі
Тілімдеп өртке шалды көкіректі.
«Мың өліп, мың тірілді» халқым менің,
Қайсарлық намыс туым, алтын кенім.
Жиырма жыл айдай әлем қол соғып тұр,
Жарқ еткен жаңалыққа салтым керім.
Жиырма жыл асулардан өткелі біз,
Ұрпақпыз, қарсы келсе көк бөріміз.
Тік тұрып тікемізден ұйықтамасақ,
Өзге емес, өзімізге өкпеліміз.
Көгілдір көк байрағын желбіреткен,
Дос түгіл, қас дұшпанды «елжіреткен»
Жиырма жыл кісі құнды болмағалы.
Жиырма жыл ақ күлкілі келді көктем.
Әр минут жазып жатыр шежірені,
Түзелді тізгін тартып сөз легі.
Қазақтың сексендегі қариясы.
Дәл бүгін жиырмадағы сезінеді.
Азаттық, асқақ мұрат толғауымда,
Менің де, сенің оның қолдауында.
«Болашақ өзіміздің қолымызда»
Деген сөз Елбасының Жолдауында.

212
Мәңгілік шапағат нұр құйылды ағып,
Жиырма жыл төрге шықты күлім қағып.
Көк байрақ, Елтаңба боп, Әнұран боп,
Ал, кәне қол соғалық, дүйім халық!
АЙНАЛАЙЫН АҚТАУЫМ
Келсең ару – Ақтауыма нақ бүгін,
Көресің ғой кіршігі жоқ пәктігін.
Мұхтар айтқан «тас кітаптар» алдында,
Жырлай – жырлай тауыса алман шаттығын.
Ақтауымның ақ нұрына бөлендім,
Бейне ғажап ғарыштарға жөнелдім.
Шамшырақты ылғи шағын аудандар.
Төгіліп тұр жолдарындай өлеңнің.
Бар дүние саған мойын бұрғандай
Сұлулар кеп хан шатырын құрғандай.
Шалқып-тасып сан мың ақын қосылып.
Бақыт жайлы жырлар оқып тұрғандай.

213
«ҚАЛАҒАНДАРЫҢ БІЗ БОЛСА...»
(мүшәйрадан тыс өлеңдер)
Қалбай ӘБДІРАМАНОВ 
(Маңғыстау)
 
ҚАШАҒАН АҚЫННЫҢ МОНОЛОГЫ
(ескерткіш)
Қашаған ақын өше ме,
Қашалған ақын өше ме?!
Үш рет тұрған кімің бар,
Ұлықтар тұрған көшеге?!
Жеріңде тұрмын екпеген,
Ез қайда қонақ етпеген?!
Қолаңа тұрдым мінеки,
Моладан тұрып...
Кекпенен!
Нәйістікті енді қоясың,
Өзің де мұқым тоясың.
Аяғаның үшін біреуін,
Екеуін әкеп соясың?!
Елімді қайта жиясың,
Екі жүзділігіңді тиясың.
Үкіміңе бүгін мөр бастым,
Сорғалатып тұрып сиясын!..

214
Қасымда жатыр гүл өсіп,
Қатыгездікпен тіресіп.
Мың жасағандай кімің бар,
Аталы сөзге ілесіп?!
Өзімді тастан қашадым,
Сөзімді тастан қашадым.
Қашаған ақын болып мен,
Жүз жетпіс жыл жасадым.
Тасытқан елдің мерейін,
Қызықтарыңды көрейін.
Жұлқынып тұрған кімің бар?!
Сөз сұрасаңдар берейін!
Мен әлі...
 
мықтап орнасам!
Қорланасыңдар қорласаң.
Сөз сұрар ма едіңдер менен кеп,
Мен егер тірі болмасам?!
Тіктелді ақын Ақтауға,
Құдіретін сөздің сақтауға.
Кешегі менсінбегендер
Жиналды бүгін мақтауға!.
МАҢҒЫСТАУ
Маңғыстаудың орын бер қыратынан,
Алып кетсе келмеске мына тұман.
Жылқы жесе көпiрiп қымызынан,
Түйе жесе шығамын шұбатынан!
Қырға көмсең шығамын жарпағыңнан,
Құмға көмсең шығамын жантағыңнан.
Селеу болып көгерiп, сексеуiл боп,
Мен қазаққа келемiн қан тамырдан...
 

215
Жаңбырыңмен мен сенiң суланамын,
Бұлттарыңмен мен сенiң буланамын.
Мен өмiрге әйтеуiр қайта келем,
Шөптерiне iлесiп қу даланың!
Көгеремiн деген дән көгередi,
Жүк тиелген керуенге шөп ередi.
Мен сендiкпiн мәңгiлiк, мен сендiкпiн,
Маңғыстаудың маңқиған төбелерi!
Мен бәлкiм бiр тауыңа сүйенермiн.
Шамам келген бір шыңды иелермін.
Мен қазақтың үйiне қайта келем,
Табанына жұқсам да түйелердiң.
Қайтемiн шыңды ойланып, құмды ойланып,
Шырлаймын қалғанынша тiл байланып.
Әйтеуiр жерге түскен бiр түйiр дән,
Жасайды Маңғыстаумен Күндi айналып!
КАРТА АЛДЫНДА ТҰРМЫН МЕН...
Карта алдында тұрмын мен,
Сызықтарға қараймын:
Айқыш-ұйқыш.
Талай мың...
Әлем-жәлем дүние,
Сансыз теңiз, сан айдын!..
Қалай сенi көкiрегiме қамаймын?!
Анам-ау!
Арайлы-Жаратқаным-ау!
Көзiмнiң қарашықтары,
Шулаған қарағайларым,
Атылған қарамайларым,
Зулаған зымырандарым...
Қаптаған, қанаттарым-ау!..

216
Әулие, әнбиелерiм,
Түйелерiм, киелерiм,
Барлығы осында ғой,
Сүйенерiм.
Кеңейiп бiр қаралық,
Суларға тұрған ағып.
Қуларға қалқып ұшқан,
Бүкiл әлем жаралған,
Талпыныстан!
Нүктелерiм,
Тауларға айналыңдар,
Мұхиттар мен кешпеген,
Өз өлшемдерiңе,
Арманға айналыңдар.
Адамдар, iрiленiңкiреп,
Заңғарға айналыңдар.
Сiздердiң төмендігіңізден,
Менiң бiр тайғаным бар!
Iрiленiңдершi шамалы,
Тiгiлiп айналаңызға.
Сендерге еремiн деп ендi,
Құртқа, құмырсқаға,
Жәндiкке айналамыз ба!
Мен қазiр жыраққа шығамын,
Бұрғылап бұлаққа шығамын.
Кiрпiгiңiздiң ұшына,
Сезiмiңiзге, түйсiгiңiзге,
Желбезегiңiздiң босағасына,
Кұлаққа шығамын.
Есiтер құлақ болмаса,
Сусындар бұлақ болмаса,
Сендерде жұмақ болмаса,
Мен қалай жұмаққа шығамын!

217
Iрiленiңкiреп,
пiлге айналыңыздар,
Ауырға, зiлге,
Жайыққа, Нiлге,
Алапат жойқынға,
Жайхұнға,
Сайхұнға,
Тұранға,
Иранға айналыңыздар.
Құранға, иманға айналыңыздар.
Кетектеріңізден бiрер сәт
Күншуаққа шығып,
Қолдарыңызды қалтаңызға тығып...
Ойланыңыздар!
Түйiршiктей,
Көктен үгiлiп түскен қиыршықтай
Шамаңыз бар!
Өткенге, арқаға қараңыздар,
Құм басқан қаңқаға,
Сочиға, Ялтаға,
Америка деген жақтарға,
Көктеген бәйшешектерге, бидайға,
Арпаға,
Әрине картаға,
Одан кейiн... қалтаға қараңыздар!

218
Ақшагүл РАМАЗАНОВА
(Маңғыстау)
ҚАШАҒАН АТА
(ескерткіш алдындағы ой)
Қашаған ата – нар тұлға,
Жырдағы сілтер семсерім.
Мауқымды басып қайтуға
Қасыңа келдім мен сенің!
Сезімнің күйін сен шертіп,
Жыр болды жастай жолдасың.
Келесің, Ата, теңселтіп,
Өлеңнің қара жорғасын.
Тыңдаушы елің бар мұнда,
Қалдырдың тозбас сөз кейін.
Алқалы топтың алдында
Семсерін жырдың сермейін.
Ерлікті елге жоқтатпас
Мұнайлы дала-ырысым.
Талайға біткен тот баспас
Балдағы алтын қылышым.
Қасиет бойда күзеліп,
Кешкенде қазақ ауыр күн,
Шамшырақтары біз едік
Шашырап көшкен ауылдың.

219
Елдіктің өртеп өзегін,
Тексіздік түндік ыстаған.
Шабайдан қалған көз едім,
Тайсалмай найза ұстаған.
Тілің бар төзбес тірлікте,
Бала да қайта талпынды.
Жырыңмен шақыр бірлікке,
Алауыз мына халқыңды.
Жырыңнан қайрат сезіндім,
Қоя ма түйсік иітпей?!
Шылбыры тозды сезімнің,
Азайып кеткен киіктей.
Егемендікке жетіп еркін ұл,
Көсілді алдан қу сағым.
Еңіреп туған ер түгіл,
Есінеп жатыр жусаның.
Әлжуаздардың шыңдалсын,
Шық тұнса самал құрғатқан.
Түңіліп, Ата, тыңдарсың,
Мұңымды менің мың батпан.
Күмілжіп барып күн батар,
Жоғалтты күндер жанарын.
Сыбырлап саған тіл қатар,
Сал болып жатқан Аралым.
Зымиян құлқын азбаны,
Көгіңді таптап сұңқарым.
Құрып та кете жаздады
Қазақи қандас тұлпарым.
Ордалы тілді отар ғып,
Бояуы тозған бұйымдай.
Мая төс дөңді қопардық,
Май шелпек бізге бұйырмай.

220
Қасиеті мықты қыдыр маң,
Жігерді жегі жеп кетті.
Қырмызы киіп қыдырған
Серілігіңді шеттетті.
Қашаған Ата – нар тұлға,
Жырдағы сілтер семсерім.
Мауқымды басып қайтуға,
Алдыңа келдім мен сенің!
МАҢҒЫСТАУ – МЕНІҢ КИЕЛІМ
Маңғыстау – менің киелім, 
Жусаның тұнған жыр екен. 
Әкеміз сонда түйенің
Қомында кеткен ұл екен.
Үмітін жағып сан үйдің, 
Тағдырдың жолын түзедік.
Бейкүнә бала сәбидің, 
Белінде кеткен біз едік.
Қоя тұр мені сынамай, 
Теңізден соққан майда леп. 
Жатырсың, далам, сұрамай, 
«Қайыптай ұлым қайда?» деп.
Дәстүрлі өнер жыршылық, 
Салып жүр әнін қай інім? 
Ақбөбек-жырлар күрсініп, 
Қорғанда жатыр Қайыбың.
Ақбөбек кезген далада, 
Құзғын бір ойлар құйындап. 
Ақбөбек сүйген, балаңа, 
Уыс топырағың бұйырмақ?!
Еңсең бір түсті ел кетіп, 
Әруақты жұртым асқақ ел. 

221
Қайыбыңды да тербетіп, 
Бауырына басты басқа жер.
Боз жусан біткен боздақ қыр, 
Боз маяларға жота сен.
Боз інген кетсе боздап бір,
Аулақта өскен ботасы ем.
Шемен шер жүрек қозғады,
Қарай гөр қабақ жылытып. 
Тобылғы қамшы тозғалы
Тобаны кеттік ұмытып.
Тектіні жүрсек шынар ғып,
Күйге біз мұндай түсер ме ек?
Құзғынның тілін шығардық, 
Қашаған-тілді кісендеп...
Өзіңнен шыққан жау болса, 
Жаттан да жаман табалар. 
Жолбарыс-жүрек сау болса, 
Ақталар сенім, бабалар.
Кезегін күтіп жас құнан, 
Бәйгеге түсті бестілер. 
Алты бір қырдың астынан
Қайыптың даусы естілер.
Баса алмай тұрды өксігін,
Өзімсіп мені ескен жел.
Жоғыңды жоқтар жоқшымын, 
Өскінбай жыршы өскен жер.
Қасиет қайта келсін деп,
Зерделеп жырды тоқыдым. 
«Әруақтар, тие берсін!» – деп, 
Тұсыңнан аят оқыдым...

222
ИЫҒЫМ МЕНІҢ, ҚАЖЫМА
Тарпаң да болса таныс сол,
Тауларға биік талпындым.
Арманның жолы – алыс жол,
Асығып кейде алқындым.
Жұлдыздар биік көктегі
Жарығы әлсіз көмескі.
Сынай да берме көп мені,
Бабалар салған жол ескі!
Иығым, менің қажыма,
Құлдықтың киіп қамытын.
Кімдерге айтам базына,
Жер таппай жатса табытым...
Жұлдызым қалай жанады,
Айтатын сөзді айтпасам?
Шүршіттің тілін жаңағы
Кісендеп өзің қайтпасаң.
Шимай да шимай іздерден,
Жұмбағың шығар кәдімгі.
Билігі жоқ біздерден
Шүршіттің иті қадірлі.
Басар да тауым құл базар,
Қара көз балдар жүр сонда. 
Кім үшін екен бұл базар,
Сатылса арың бір сомға...
Қазақтан басқа жоқ адам,
Намысым менің кектенді.
Арымды үнсіз тонаған,
Өлемін қалай текке енді...
Қай жерден шықты, қарағым,
Сақалы қаба көсемдер?!

223
Абайды оқы, жараным,
Иманды болам десеңдер!
Қара бір шыбын қаптаса,
Барасың қайда, абыздар?
Өлмей ме тілін таптаса,
Бабамнан қалған аңыздар
Біздерден биік бетеге –
Алқызыл емес – ақ қаным.
Жетті ме енді жетеңе
Жүз отыз ұлтты баққаным?!
Иығым, менің қажыма,
Құлдықтың киіп қамытын!
Кімдерге айтам базына,
Жер таппай жатса табытым?!
ҚАШАҒАН АҚЫН
Күн үшін құйрық, бауыр асамадың,
Ешкімге жағымпаздық жасамадың.
Жырдағы желіп келген жүйрік өлең,
Ақпа бұлақ арқалы Қашағаным.
Шөлдеп келіп Қашекем су сұрапты,
Ескермеді әлде ол жәй сынапты.
Бір-екі ауыз сөзбенен тас қаптырдың,
Шәй беруге жарамаған байсымақты.
Сұлуларды табынтып сұғындырдың,
Әруақсызды, әулием, шығындырдың.
Жабылардың жабуы жолда қалып,
Талай-талай жүйрікті сүріндірдің.
Аяулы туған жерді бесік етіп,
Жүрдің-ау өзен-жырды кешіп өтіп.
Баз кешіп бағынан да өкінетін,
Байлық қуып жүргендер есі кетіп.

224
Жаңа жырлап бастаса қызып ақын,
Тентектері ауылдың қызынатын.
Сұлулары шетінен есі кетіп,
Жүрісі бәйбішенің бұзылатын.
Сексен жүйрік сесінен жаңылатын,
Қыз кеудеге шабытын жанып ақын,
Дөңбекшісе төсекте бәйбішесі,
Байекем де бір түрлі жабығатын...
Жабылардан қашан да жүйрік бөлек,
Кең даласын кететін күй ғып кенет.
Қашағаным, қашан да дәл өзіңдей,
Жабыларды жасқайтын жүйрік керек!
Айтуар ӨТЕГЕНОВ 
(Маңғыстау)
 
ҚИЫП ТҮСЕР ҚЫЛЫШЫМ
«Абыл – зергер, Қашаған – ұста, Абылекме не жетсін?!»
Қашаған Күржіманұлы
Запыранын өмірдің,
Талай-талай асаған.
Жасы сексен жасаған,
Өлең сөздің ұстасы,
Уа, бабам Қашаған!
Айтсам сөздің дұрысын:
Қиып түсер – қылышым,
Есіп ішер – ырысым,
Базарымның – пұлысың,

225
Қазағымның дүрісің,
Ұқсамайтын жүрісің,
Ірілерден – ірісің,
Өзгелердің татиды,
Мың ісіне бір ісің,
Маңғыстаудың бағына,
Туған жансың жыр үшін.
Қол жетпейтін өресің,
Тектілікте – Төресің,
Мұз жаратын кемесің,
Зырқыраған жебесің,
Бай-манаптар көріпті,
Сенен ғана көресін.
Мақтап едің оңдыра,
Қасиетті домбыра,
Сазды әуенге толды да,
Үйіп-төкті мол мұра.
Сәукелесі үкілі,
Салтанат
1
 қыз мықыны...
Есқалидай сұпыны –
Буындырды үкімің,
Бәрі-бәрі жырланды,
Кейбір беттер нұрланды,
Кейбір беттер сұрланды
Келген кезде ұтыры.
Ашулансаң – топансың,
Жарамсаққа – қаталсың,
Айтысуға өзіңмен,
Қай жаужүрек бата алсын.
Қағылған темір қазық ең,
Сыпыра жырау көзі ме ең?!
Қазтуғанның сөзі ме ең?!
Шыдаған сынға төзім ең?!
Табыстыңдар сұңқарлар,
Жыр менен күйге іңкәрлар,
Ақтауда Құрманғазымен
2

Салтанат – Қашағанға ғашық болған қыз.

Ақтауда Құрманғазыға ескерткіш ашылды.

226
Өжетсің-ау, өжетсің,
Кейде арынды тежепсің,
«Өлең сөздің зергері –
Абылыма не жетсін?!»
Деп кетіпсің, Дүлділім,
Кішірейіп ағаға,
Мырза болып бағаға.
«Жабыспаңдар – депсің-ау,
Шуылдақтар, жағама!»
Қысың өтсін, жаз өтсін,
«Жібек емес, бөз өтсін» –
Дейтін мынау заманда,
Өр мінезді Қашеке,
Ер мінезді Қашеке,
Жарлы, бірақ арлыға,
Көл мінезді Қашеке,
Дүниеқоңыз барлыға,
Шөл мінезді Қашеке,
Бізге аса қажетсің!
Айтар болсақ өзіңше:
«Өлең сөздің ұстасы –
Қашекеме не жетсін?!»
НҰРЛЫ ЕЛІМ – ЖЕРҰЙЫҚ
«Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді»
Құран. «Нұр» сүресінен
Бақытым мен базарым,
Ұлан байтақ жерім бар.
Бүкіл әлем назары,
Өзіне ауған елім бар.
Қабақта жоқ қатулық, –
Білмей өскен қайғыны.
Достық,
Бірлік,
Татулық,
Оның басты байлығы.

227
Өкпелер – деп қамықтым,
Кезім болса керіскен.
Өкілі бар әр ұлттың,
Сағынысып көріскен.
Біздің елде үлгі етер,
Туысқандық, тәттілік.
Біздің елде нұр мекен,
Құшақ жаяр шат қылық.
Қомағайлық, құмардан,
Бұл адамзат қырқысқан.
Сөйтіп атын шығарған,
Ескендір,
Цезерь,
Шыңғысхан.
Құтылмаған сонда да
Елдері қиын тұрмыстан.
Шыңғысхан жері көлемі:
Ескендірден төрт есе,
Римдіктен екі есе
Көп еді,
Бәрінің де бірақ та қайғы болды төлемі.
Содан бері адамзат
Бір-біріне әрдайым өлім сеуіп келеді.
Ол неге?
Қырқысады адамдар тауып алып бір сылтау,
Осы сұрақ ойынан кетпей қойған Нұрсұлтан:
Тарихтың сабағын ұмытқан соң жиі олар,
Талай-талай қирады алып империялар.
КСРО еді бірі оның,
Құлаған соң білмеді ел қалай өмір сүрерін.
Әлгі сұрақ жауабын,
Деді Ел Басы: 
«Табамын,
Берекеге, Бірлікке жататұғын ел ұйып,
Орнатамын даламда мемлекет – Жерұйық.
Оның аты, әрине, Қазақстан болады,
Өмірі оның және де ғажап іске толады.
Ең әуелі, әуелі деп ойламай ұтылам,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет