Алматы, Казахстан некоторые вопросы орфографических норм казахского языка



бет2/7
Дата15.04.2023
өлшемі37,15 Kb.
#83126
түріСтатья
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
РИНЦ АЛДАШ АЙМАНКУЛ

Алдаш Айманкүл
Филология ғылымдарының докторы, профессор
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
(Алматы, Қазақстан)


ҚАЗАҚ ТІЛІ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМАСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа. Латынграфикалы әліпби негізіндегі ұлттық қазақ әліпбиін жасауға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды жүзеге асыру барысында орфографиялық нормалар мен орфографиялық ережелерді жаңғырту, жетілдіру бойынша жұмыстар да қолға алынды. «Норма» түсінігін жеке адам коммуникация үшін сауаттылықтың, білімдік-танымдық индекстің көрсеткіші ретіндегі дұрыс, стандартталған тілдік бірліктер деп ұғынатыны белгілі. Сондай-ақ тілдің динамикалық құбылыс екендігі, ал бұл қоғамның дамуына, қоғамда болатын өзгерістерге тәуелді екендігі де мәлім. Осы себепті тілде табиғи және заңдылықтары бар үдерістер жүріп жатады, олар жазба коммуникацияда айқын көрініс табады. Жазу жүйесі – біршама тұрақты, дегенмен жазу да сыртқы және ішкі факторлардың ықпалымен өзгереді. Қазақ тілінің қазіргі кезеңдегі дамуында орфографиялық нормаларға «демократияландыру» сипаты, орфографиялық варианттар мен шекаралас қолданыстар, орфографиялық нормадан ауытқулар тән. Қазақ орфографиясындағы осындай өзгерістердің жалпы үрдістерін қарастыру және талдау өзекті, өйткені жаңа ұлттық алфавит негізінде орфографиялық нормаларды, тұтастай алғанда, ортологиялық құралдарды жаңғырту және жетілдіру маңызды болып табылады.
Мақала «Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпбиге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» тақырыбы бойынша зерттеу тақырыбы аясында әзірленген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті қаржыландырады.
Түйін сөздер: ұлттық жаңа әліпби, жаңғырту орфографиялық норма, емле, кодификация, орфографиялық вариант, градуалды қолданыс, орфографиялық ауытқулар.


Aldash Aimankul
Doctor of Philology, Professor


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет