ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП– ЗАМАН ТАЛАБЫ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет... Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – дей келіп, қазақ елінің болашағының білім арқылы баянды болатындығына үлкен сенім артты. Білім мен қатар тәрбенің де алатын орны ерекше. Оған ұлы ойшыл әл-Фарабидің мына қағидасы дәлел болмақ: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттық қас жауы», – деген еді. Бұл мәселені мен неге көтеріп отырмын?
Біріншіден, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани өмірінде адам естімеген, жалпы адамзаттық гуманизімге қарсы қылмыстар көрініс беруде. Атап айтар болсақ, педафилдік, адам саудасы, тән саудасының белең алуы. Бұл қазақ халқының төрт мың жылдық тарихында мүлдем кездеспеген құбылыс болса, ал бүгінгі таңда тіпті заң енді ғана тосқауыл жасауға әрекетенуде.
Екіншіден, діни ағымдар қоғамымызда бейқам өмір сүруде.
Үшіншіден, біздің білім саламыз ғаламдық бағытқа икемделуде. Бұл – дұрыс. Бірақ, өкінішке орай осыған балама, олармен бәсекелесетін, кешегі Алаш арыстарынан бастау алатын ұлттық білім беру жобасы жасалмаған. Сондықтан ұлттық кодтқа негізделген ұлттық мектептер қалыптастырудың мезгілі жетті. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңдағы заманауй қазақ мектептері европалық және рессейлік стандартпен жұмыс жасауда.
Төртіншіден, отарлық жүйелер ұлттық құндылықтарымызды терістеді. Елбасымыздың желтоқсан айындағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ақжарылқап күннің туғанының айғағы. Елбасы осы мақаласын халыққа жария ету арқылы идеологиямыз бен рухани өмірімізге бет бұрыс жасады. Бұл – Елбасының этномемлекеттік концепсиясы. Осыны жүзеге асыруда бүгінгі таңдағы жаппай өріс алған музей ашу, мешіттер салу, көрмелер өткізумен шектелмеуі тиіс.
Бесіншіден, жоғарыда айтылған келеңсіз құбылыстарға тосқауыл қоятын және Елбасының концепсиясын жүзеге асыратын да ұлттық мектеп. Мұндай тәжірибе Индия, Жапония, Қытай мемлекеттрінде өз жемісін беріп отыр. Себебі, оларда біздегідей тіл проблемасы жоқ. Мысалы, Индияда бірінші сыныпта ұлттық наным-сенім, салт-дәстүр оқытылады. Ал, Қытайда Конфуций қоғидаларын басшылыққа алса, Жапон мемлекетінде бастауыш сыныпта таза ана тілінді білім береді. Сондықтан бұл мемлекеттер өркениетке, адам индекісін жасауға өз тілімен салт-дәстүрімен жетті.
Алтыншыдан, біздің елімізде мемлекеттік стандарпен жұмыс істейтік корей, ұйғыр, неміс, дүңген, өзбек, т.б. мектептер өздерінің ана тілінде, ұлттық құндылықтары арқылы білім мен тәрбие беруде. Ал, Конституцияда автохтондық мәребесі көрсетілген қазақтардың ұттық мектептері жоқтың қасы. Сондықтан әр ұлт өзінің ұлттық болмысын сақтап қалу үшін шынайы ұлттық тәрбие мен соған негізделген білім беретін ұлттық мектебі болу керек. Дгенмен ондай мектептер бірен-саран болса да баршылық. Солардың бірі – 1990 жылдары ұлттық мектептің өрісін кеңейту, ұлттық тәрбиені жетіліруді жолға қоюдың қажеттілігін алғаш көтерген филолология ғылымдарының докторы, профессор Қыраубаева Алма Мүтәліпқызы. Ұлтының болашағына немқұрайды қарай алмайтын ғалым қолдаушылар балмаса да жанкештілікпен ұлттық мектептегі оқыту үлгісі іспетті «Сенім» атты бағдарама жасап, өзі демеуші болып, Қарасай ауданының Жандосов аулында теорияны тәжірибеге айналдырып, таза ұлттық негізде тәрбие беретін мектеп-лицей ашып, ғалым-ұстаз мынадай анықтама берді: «Бізде қазақ мектебі бар, бірақ ұлттық мектеп жасалған жоқ.