«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен»



бет6/6
Дата29.09.2022
өлшемі77,38 Kb.
#40807
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
перспективалық жоспар

Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын. Қазақ мектептерінде осы жетіспейді». Өкінішке орай, ол мектеп жоғары жақтан қолдау болмаған соң жабылып қалды.
Алма Мүтәліпқызының шәкірті болмасам да ғылым жолында рухани үндестікте болғандықтан және Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет», – деген тұжырымы көптен көкейімізде жүрген арман-мақсатымыздың оң шешімін табар деген үмітімізді оятты.
Ұлттық мектептің мақсаты: Ұлттық бағытта білім мен тәрбие бере отырып, өз елінің тілін, тарихын, мәдениетін құрметтейтін тұлға қалыптастыру.
Ұлттық мектеп дегеніміз:
Бірінші Ана тілі, Баба тарихы, төл мәдениеті және ұлттық салт-дәстүрлері жүйелі оқытылатын мектеп.
Екінші – білім беру жүйесі ұлттық сипатты құрылған мектеп.
Үшінші – тұтас педагогикалық үрдісте ұлттық рухыққа басым бағыт беретін мектеп.
Ұлттық мектептің қызметі – ұрпақ дүниетанымын, мәдениетін, салт- дәстүрін, ғылыми әлеуетін, қарым-қатынастар жүйесін, моралін, заманауи келбетін терезесі тең деңгейде планетарлық өркениет көшіне қосу, мәңгілік елге қызмет ету.
Ұлттық мектептің қалыптасу сатылары

  • 2019-2020 оқу жылы ұйымдастыру

  • 2020-2021 оқу жылы – 1-4 сынып

  • 2021-2022 оқу жылы – 5-7 сынып

  • 2022-2023 оқу жылы 9-11 сынып

  • 2023-2024 оқу жылы-1-11 сынып



  • Мектептің материалдық техникалық базасын қалыптастыру.

  • Кабинеттерді ұлттық бағытқа сәйкес жабдықтау, қазақ этнопедагогика құралдарымен қамтамасыз ету.

  • Мектеп кітапхана қорына қосыша ұлы ағартушылардың, көрнекті қазақ ғалымдарының еңбектерін жинақтап, толықтыру.

  • Тәрбиенің сегіз бағытының ішкі мазмұнына этнопедагогика негіздерін қоса отырып, ұлттық тәрбие беруге бағыттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет