Кұнанбаймен суысуына
деген екі тіркес жасайды. Тіл білімінде бұл
актанттар сөзсіз қажетті болған негізгі актанттар деп аталынады
да,
бүгін, ііитей
сөздерімен жасалынған тіркес қосалқы актанттар
деп аталынады. Негізгі актанттардың саны өзекті сөздің валент-
тілік дәрежесін анықтаса, қосалқы актанттар өзекті сөздің валент-
тілік дәрежесін анықтамайды. Демек
суысу
етістігі екі валентті
етістік. Қосалқы валенттілік жасайтын актанттар сөйлемдегі ой-
дың толық болуына себі тисе де, түсіріліп қалдырылса, айтылған
ойға онша көп зияны тимейді. Салыстырыңыз:
Бөжейлердің Қү-
нанбаймен суысуына себепші болған осы Майбасар.
Ал, қажетті
валенттілік жасап тұрған актанттар түсіріліп қалдырылса, сөйлем-
дегі айтылған ой толық болмайды, текстен ол сөзді талап ету бай-
калып тұрады. Мысалы,
Бүгін Күнанбаймен суысуына себепші
болған да осы Майбасар.
Соңғы сөйлемді анық түсіну үшін кімнің
суысуына деген сұрауға жауап беру қажет болады. Егер,
Бүгін
Бөжейлердің суысуына себепіиі болған да осы Майбасар
дейтін
болсақ, онда кіммен суысуына деген сұрауға жауап іздеп, сөйлем-
ді толықтыру қажет болады. Екінші валенттілік шеңбер —
суысуы
на себепші болған
аяқталынбаған сияқты. Дегенмен де бұл да бір
валенттілік шеңбер жасап тұр. Өзекті сөз —
себепші болған,
ак
тант —
суысуына.
Бұл мысалымызда валенттілік шеңбер сөз тір-
кестерімен тең түсіп тұр, бірақ кей жағдайларда олардың тең
түспеуі де мүмкін. Мысалы, атауыш сөздер мен көмекші сөздердің
арасындағы байланыс
(таудың басы, ауылға қарай)
валенттілік
жасаса да сөз тіркесін жасамайды. Сондай-ақ, бастауыш пен ба-
яндауыштардың арасындағы байланыс валенттілік жасаса, сөз
тіркесін жасамайды. Сондықтан да сөйлем ішінде келген, өзара
байланысқан сөздер, қазақ тілі үшін, кемінде бір валентке ие бо
лады (Ноль валентті сөз қазақ тілінде жоқ. Оқшау сөздер тіркес
жасамайтындықтан оларда валенттілік қасиет анықталмайды).
Себепіиі болған
сөзі
Майбасар
сөзімен тіркесіп екінші бір валент-
тілік шеңбер жасайды. Бұл жерде
Майбасар
өзекті сөз ретінде
қолданылып түр да
себепиіі болған
актант қызметін атқарып тұр.
Демек кей сөздер бір валенттілік шеңберде өзекті сөз қызметінде
қолданылса, екінші валенттілік шеңберде актант қызметін атқа-
руы да мүмкін:
суысуына себепиіі болған Майбасар.
Валенттілік қатынасқа түскен өзекті сөз бен актанттардың ара
қатынасы барлық кезде бір ізді бола бермейді. Салыстырыңыз:
ит үреді, жігіт үйленеді, қыз үзатылады, түйе боздайды,
т. б. де
гендер мен
Асан келді, үйге келді, атпен келді, кітап оқыды,
т. б.
Бірінші топтағы сөздер тек өзара (басқа сөздермен емес) тіркесіп
қана қолданылады, басқа сөздермен тіркессе (егер қолданылса)
мағынасы өзгереді. Салыстырыныз:
Шатпай отыр, үрмей отыр!
Бірдеңені көріп келдің бе, мәжнүн
(Б. Майлин.) Сонымен бірге
бұларды тұрақты сөз тіркестеріне де қосуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: