Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет117/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130
дар, алғыр милар ақылды
(Т. Айбергенов). 
Жүрегіме жақын сеніқ
есімің, Әкем десем анам десем несі мін
(Т. Айбергенов). Келті- 
рілген мысалдардағы 
болат қолдар, жүрегіме жақын
тіркестері 
осы тіркестерде жаңа мағынада қолданылып тұр. Ал, 
Жақсы сөз-
ді ел жаттар, Ел жаттар сөзде салмақ бар
(Жамбыл) дегентегі 
салмақ
сөзі таразымен анықтайтын салмақ, ауырлық мағынасын- 
да қолданылмастан, мәнді, мағыналы сөздерімен мағыналас бо- 
лып, 
сөзі салмақты
синтагмасымен байланысты жасалынған. Тұ- 
рақты сөз тіркестерінде де кей сөздер тіркеске түсіп өзінің төл 
мағынасынан ауытқиды. Мысалы, 
Өнер алды
— 
қызыл тіл
(Ма­
кал) дегендегі 
қызыл тіл
тіркесі түсті білдіріп тұрган жок, шешен 
мағынасын білдіріп тұр.
Сннтагмалык байланыска түскен тіл элементтерінін арасын- 
дағы семалык сыбайластыктар көп мағыналы сөздермен байла­
нысты анык көрінеді. Мысалы, 
қоңыр
сөзін алып көрелік, Заттыц 
түсін білдіретін 
қоңыр
сөзі 
қоңыр күз, қоңыр салқын, қоңыр үн,
қоңыр самал
сияқты тіркестерде қолданылады. Осы тіркестердің 
мағынасын салыстырып қарайтын болсак, оларда бір ортақ магы- 
налық реңктін — орта дәрежелі, жағымды — бар екендігіне көз 
жеткізуге болады. Яғни 
қоңыр күз
— күз айының өте суык та емес, 
өте жылы да емес жанға жайлы бір кезенін көрсетсе, 
қоңыр сал-
қын
аса суык та емес, онша жылы да емес жағымды мағынасын 
білдіреді. Ал 
қоңыр дауыс
(үн) дегенде ащы да емес, өте күшті 
де .емес жағымды дауысты білдірсе, 
қоңыр жел
(самал) тіркесінде 
де осы жағымды семасы бар. Бұлардың бәріне ортак болған жа- 
ғымды, орта дәреже түсті білдіретін 
қоңыр
сөзінің өзінде де бар.
196


Ал кейбір сын есімдердің зат есімдермен тіркесіп синтагмалық 
қатынасқа түсуіне оның эмоциялық мағына элементтері де себеп- 
ші болады. Бұған жоғарыда келтірген қоңыр сөзінің жағымды 
мағынасын мысал ретінде көрсетуге болады. 
Ащы
сөзі— дәмді 
білдіретін сын есім, бірақ ол сөз 
дауыс, айқай
сөздерімен семанти- 
калық синтагма құрамына енеді де жағымсыз мағынадағы эмо- 
цияны білдіреді. Салыстырыңыз: 
Сөйткеніие ащы үн иіықты
(Ж. Молдағалиев). Бұл сөз 
мысқыл, кекесін
сөз сияқты зат есім- 
дермен тіркесіп келіп те жағымсыз эмоцияны білдіреді де зәрлі, 
уытты сөздерімен мағыналас болады. 
Сьірымның аузынан шыққан
ащы сөзді мен айттырған жоқпын
(М. Әуезов). 
Тәкежан айлалы
қыр тауып, ащы мысқыл айтты
(М. Әуезов). 
Ащы
сөзінің тура 
лағынасының өзінде де жағымсыз мағынаны білдіру бар. Сондық- 
ган да қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 
ащы
сөзінің бірінші ма- 
гынасы ретінде «Тұзды, тұзы күшті, сор дәмі бар, тұщы емес» деп 
анықтама берген (ҚТТС 1, 534) *. Ауыспалы мағынада қолданыл- 
ғанда осы дәм мағынаны (тілмен татып білетін) білдіретін сема 
жағымсыз деген мәндегі семаның (екінші дәрежелі) көлеңкесінде 
қалып, сөйлеушілер арасында ойға алынбайды. Өмірдің ащысын 
да, тұщысын да көп көрдік (А. Хангелдин) деген мысалымызда 
ащы тұщы сөздері дәмді білдіріп тұрған жоқ.
Зат есімдер арасындағы синтагмалық байланыс олардың бай- 
ланысу формасы мен синтаксистік қызметтеріне де байланысты. 
Әрине бұл жерде синтаксистік синтагмамен бірге тіркескен сөздер- 
дің категориялды мағыналары да негізгі қызмет атқарады. Пікі- 
рімізді дәлелдеу үшін екі мысал талдап көрелік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет