Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет116/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   130
басу
етістігі бар, ол екі тілде де көп мағыналы. 
Бірақ қарақалпақ тілінде 
иіөлин басу, қоньіс басу, гүрең басу, же-
делин басу
сияқты тіркестерде қолданылады. Қазақ тілінде бұл 
тіркестердің орнына 
иіөлін қандыру, крныстану, сарғаю, екпінін
төмендету
тіркестері қолданылады.
Сөздердің тіркесуінде тек мағына мен формалары ғана каты- 
насып қоймастан, тілдік нормалар да қатынасады. Кей ғалымдар- 
дың семантикалык валенттілікті аныктауда осы ерекшелікке баса 
көңіл аударуы тегін емес. Мысалы, 
үркек ат, тебеген жылқы, сүзе-
ген сиыр, қабаған ит,
т. б. Үрку тек атка, биеге ғана тән касиет 
емес, сондай-ақ үрку сиырға да, койға да, түйеге де тән қасиет. 
Бірак 
үркек сиыр, үркек қой
деп айтпаймыз. Жабайы, колға үйрен- 
беген аң мен малға байланысты 
асау
сөзін колданылу мүмкіндігі 
бар. Дегенмен де казак тілінің нормасы бойынша асау жылкыға 
және колға үйретілінбеген төрт түлік малға байланысты колданы­
лады (Адамға байланысты қолданғанда мағынасы өзгереді). Сон- 
дықтан да 
асау мысық, асау тауық, асау иіоиіқа,
т. б. тіркестер 
қолданылмайды. Сын есімдердің заттың сынын білдіретіні анык, 
бірак сол сынның өзі тіркесетін зат есімнің мағынасымен, оның 
бір семасымен ұштасып, ортактасып жатуы керек. Мысалы, 
көк
сөзін алып карайык. Қазак тілінің түсіндірме сөздігінде 
көк
сөзіне 
үш түрлі мағына берген. 1. Ашык аспан тәрізді түс. 2. Қаулап өс- 
кен шөп, әр түрлі өсімдік. 3. Жеміс-жидек, көкөніс (ҚТТС 2, 118)*. 
Қолдағы материалдардың көрсетуінше, 
көк
сөзінің жас, буыны бе- 
кімеген сиякты мағыналары да бар сиякты. Мысалы, 
Масатыдай
қүлпырған көк иіөп, бүйра толқын жасап...
(М. Сүндетов). Шөп 
зат есім болғандыктан да сын есімдермен кабыса байланысу мүм- 
кіндігі бар. Сонымен бірге шөптің сарғаюы, қызыл түске енуі, т. б. 
болуы да мүмкін, бірак түсіне карап 
сары шөп, қызыл иіөп
деп
195


атамаймыз. Буыны қатпаған балауса жас шөптің көк болатынды- 
ғы да анық. Көк сөзінің осы жас мағынасы оның басқа тіркесте- 
рінде де болуы мүмкін.
В. Г. Гак сөз тіркестерінің компоненттері өзара байланысу 
үшін олардың ортақ семалары болуы керек не біріне-бірі қарсы 
келетін семалары болмау керек дейді (Гак 86, 12) *. Бұл казак, 
тілі үшін де қолданылуға болатын зандылық. Мысалы, 
Шөбін. ша-
бамын деген қонысқа бай ауыл қонып қойса, пішенсіз қалатын
(М. Әуезов). 
ІИабу
сөзінің 
шөп
пен 
піиіен
сөздерімен байланысты 
қолданылатындығы, 
ору, кесу
сөздерімен мағыналас екендігі анык. 
Шабу
етістігінің мағына құрамында: 1) кұралмен болатын амал- 
әрекетті, 2) сүйекті затқа (сұйық затты емес) бағытталған амал- 
әрекетті, 3) бөлу, кесу мағынасымен байланысты, 4) күшпен бо­
латын амал-әрекетті білдіретін сема бар. Демек 
іиөпті іиапты
де­
ген тіркесте 
шап
етістігін шөппен байланыстырып тұрған екінші 
сема. Сөйлеу процесінде, кейде, қалыптасқан сөздердің тіркесі 
өзінің дағдылы қалпынан айнуы мүмкін. Р. А. Будагов бұндай 
қасиеттің роман-герман тілдерінде де болатындығын көрсетеді 
(Будагов 76, 178) *. Біздің топшылауымызша, сөздердің дағдылы 
семантикалық синтагмасынан ауытқуы екі жағдайда кездеседі: 
Біріншіден, сөздер жаңа мағынада қолданыла бастаған кезде, 
екіншіден, тұрақты тіркестердің кұрамына еніп қалыптаса баста- 
ған кезде. Мысалы, Гүлстанға айналдырды тақырды, 
Болат қол-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет