Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет119/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   130
үйді сындырды,
түймем цүлады
не 
түймем қүлап түсті
түрінде аударуы таң қалар- 
лық жағдай емес. Сондай-ақ туыстас тілдердегі сөздердің мағы- 
насының тең түспеуі, сәйкес келмеуінің бір ұшы спнтагмалық бай- 
ланыста жатыр. Салыстырыңыз: өзбек тіліндегі 
базарға тушмоқ,
кинога туиімоц, музда учмоқ
сияқты тіркестер бар. Қазақ тілінде 
базарға түстім, киноға түстім, мүзда үиітым
деп ешкім де айтпайды. 
Түркмен тілінен мысал келтірелік: 
Гиже
— 
гүндиз гатнавы кесил-
мэнатлы гатнап дуряр
(А. Гавшудов) — 
Кеиіе
— 
күндіз қатынасуы
үзілмеді, атпен қатынасып түрды; Инди онуң эгни көйләгчә, баиіы
болса, йүзүне сая салып дуран силен, телпеклиди
(Совет әдабия- 
ти) — 
Енді оның желкесінде көйлек, басында болса бетіне түсіріп
түратын сеңсең бөрік.
Түркмен тіліндегі 
кес, сал
сөздері қазақ 
тілінде де бар, бірақ қазақ тілінде 
қатынасу кесілді, көлеңке сал-
ды
тіркесі, түркмен тіліндегі мағынада қолданылмайды. Демек 
парадигмалық байланыс сияқты синтагмалық байланыс та сөздер- 
дің мағынасына негізделеді де, сол мағынага қолданылуда ықпал 
жасайды. Парадигмалық айырмашылығы сол — синтагма әрі 
грамматикалық, әрі лексикалық мағынаға сүйенеді. Грамматика- 
лык жақтан байланысқанда синтагмалық байланысқа түскен му-
198


шенің біреуі басыңқы (өзекті) болады да, екіншісі бағыныңқы 
сыңары болады. Басыңқы сыңар бағыныңқының белгілі бір грам- 
матикалық формада тұрып, грамматикалық мағынамен байланы- 
суын талап етеді. 
Асан ауылдан атпен келді
дегендегі 
ауылдан кел-
ді, атпен келді
тіркестерінің сыңарларының шығыс және көмектес 
септіктерінде келуі, біреуінің қозғалыстың басталған орнын біл- 
діруі, екіншісінің құралдық мағынамен байланысуы грамматика- 
лык байланысқа жатады. Ал семантикалық байланыстын, грамма- 
тикалық байланыстан айырмашылығы материалдық формасында 
болмайды, оларды морфологиялық формамен де, тіркестермен де 
анықтау мүмкін емес. Сондықтан да семантикалық синтагма им- 
плициттік сипатқа ие.
Сөздердің семантикалық байланысының екі түрі болатындығын 
валенттілік теориясымен айналысқан ғалымдар да көрсетеді. Мы- 
салы М. Д. Степанова неміс және басқа индоевропа тілдері мате- 
риалдары негізінде айтылған валенттілік теориясына байланысты 
пікірлерге шолу жасай отырып, валенттіліктің екі түрі бар деген 
қорытындыға келген. Бірінші ішкі валенттілік, екінші сыртқы ва- 
ленттілік (Степанова 67) *. Автор ішкі валенттілік деп сөздердің 
ішкі элементтері арасында болатын байланысты көрсетеді. Мыса- 
лы, туынды түбір сөздердің құрамындағы морфемалардың, кур- 
дел! сөздердін элементтерінің өзара байланысы, т. б. Ал сыртқы 
валенттілікке сөздердің сөйлем құрамында келіп басқа сөздермен 
байланысуын түсінеді (Степанова 67, 13). Г. Хельбиг болса, неміс 
тіліндегі сөздердіқ валенттілігін логикалық, семантикалық және 
синтаксистік валенттілік деп үшке бөледі (Степанова 78, 154) *. 
Г. Хельбиг логикалық валенттілік адам ойында болады да универ- 
салды қасиетке ие деп есептейді. Семантикалық валенттілік сөй- 
лем құрамында келгенде сөздер өздерінің айналасында қолда- 
нылған сөздердін келуін және олардың белгілі бір мағынада болуын 
талап етуін тусінеді. Бұл байланыс екі нәрсеге: 1) тіркескен сөз- 
дердің мағынасының сәйкес келу, келмеуімен; 2) сөз мағынасын- 
дағы объектив дүниемен байланысқан элементімен байланысты 
болады. Ал синтаксистік валенттілік сөйлем қүрамындағы кез кел­
ген сөздің баска сөздермен тіркесу мүмкіндігін есепке алады. 
Н. Д. Арутюнова сөз тіркестері лексикалық жақтан және синтак- 
систік жақтан байланысады, бірақ олар арасындағы айырмашы- 
лық барлық кезде де анық байқалына бермейді,— деп көрсетеді 
(Арутюнова 76, 81). Тіл білімінде сөз тіркестерінің баска да қа- 
сиеттері барлығы аныкталған, бірақ оларды талдау жұмысымыз- 
дың максатына енбейді.
Окулыктар мен ғылыми еңбектерде валенттілік сөз болғанда, 
негізінен, синтаксистік валенттілік туралы ғана сөз болады. Ал 
логикалық, семантикалык валенттілік әлі де зерттеу объектісі 
бола койған жок. Оның объектив себептері де бар. Біріншіден, 
логикалык валенттілік те, семантикалык валенттілік те өздері же- 
ке-жеке кездеспейді, олар синтаксистік валенттіліктің ішкі мазмұ- 
ны ретінде ғана өмір сүреді. Екіншіден, логикалык валенттілік те, 
семантикалык валенттілік те сөз мағынасынын кұрамына еніп, көп
199


қатпарлы мағынаның бір элементі ретінде, тілдік нормамен бай- 
ланысады. Ал тілдік норманы анықтауда, зерттеуде сөздердің 
валенттілік қасиеттері есепке алынбайды. Ушіншіден, семантика- 
лык валенттілік те, логикалық валенттілік те жеке адамға (айту- 
шы мен жазушыға) тәуелді емес, объективтік қасиетке ие. Сон- 
дықтан да ол даяр схемадай көрінеді де, семантикалық талдауга 
ашық түсе бермейді. Әрине бұл жерде логикалық валенттілік пен 
семантикалық валенттіліктің арасын ашу керек сияқты. Г. Хель- 
биг «Логикалық валенттілік тілден тыс ұғымның мазмұнының 
арасында болады, семантикалық валенттілік сөздердің байланы- 
сындағы 
мағыналық сәйкестікпен анықталады»,— деп жазған 
болатын (Степанова 78, 157). Сол ушін де логикалык валенттілік 
ой элементтері арасында болады да өз ықпалын семантикалық 
валенттілікке өткізу мүмкіндігі болады.
Сөйлеу кезіндегі сөздердің семантикалық валенттілігін анық- 
тау синтаксистік валенттілікпен байланысты ғана іске асады. 
Жоғарыда сөздер байланысқа түсу үшін олардын кұрамындағы 
бір семаның сәйкес келуі ортақ болуы керек деген болатынбыз. 
Осы мағыналық байланыс синтаксистік валенттілікті анықтайды 
да олар тіркесетін сөздердің саны валенттіліктің дәрежесін белгі- 
лейді. Ол үшін сөз тіркесіне түскен сөздердің біреуі екінші бір 
сөзді мағынасы жағынан сәйкес келуін талап етуі, мағына жағы- 
нан басым болуы қажет. Тіл білімінде ондай сөзді өзекті (опор­
ный) сөз деп атау бар. Валенттілік теориясымен айланысқан ға- 
лымдардың көпшілігі осы өзекті сөздің сөйлем құрамында келіп 
қанша сөзбен тіркесу мүмкіндігі барлығын есептей отырып, сөз- 
дердің валенттілік қасиетін анықтауға әрекет еткен. Мысалы, 
Г. Брикман неміс тіліндегі етістіктердің сөздермен тіркесу қабі- 
летіне шолу жасай отырып, неміс тіліндегі етістіктер төрт валент- 
ті бола алады деген пікір айтады 
(Локштанова 71, 26—27) *. 
Осындай өзекті сөз қызметін қазақ тілінде (басқа түркі тілдерінде 
де) сөз таптарынын бәрі де атқара ал\ ы мү.мкін, бірақ ол етістік- 
терде өте күшті болса, сын есім мен сан есімдерде әлдеқайда әл- 
сіз. Екінші сөзбен айтқанымызда, етістіктердің валснттілік қасиеті 
анық байқалынады. Себебі етістіктер сөйлемнің баяндауышы қыз- 
метін атқарып, сөйлемді құрастыруда негізгі қызмет ойнайды да 
айналасына басқа сөздерді жинақтайды, солармен байланысады.
Сөйлем құрамына еніп өзекті сөздермен тіркескен сөздерді тіл 
білімінде актанттар деп атайды. Актанттардың саны өзекті сөздің 
валенттік дәрежесін анықтауда бірден-бір өлшем болып саналады. 
Тілшілер арасында актанттардың барлығы бірдей валенттіл ік 
дәрежені анықтауға қатыса бермейтіндігіи ескерту де бар. Мыса­
лы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет