мағынанын, құрамына енеді. Сигнификаттық мағына деп түйсік
арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені айтамыз.
Бұлар бірі екіншісінен үзіліп қалған, байланыспайтын түсініктер
де емес, керісінше бірі екіншісіне өтіп, оның құрамды бөлшегі
болып отырады. Сондықтан да
материалды денотат болмаса, оны
сезім
мүшелері
арқылы қабылдамасақ, онда идеалды денотат
болмаған болар еді. Ал идеалды денотат жалпыланып, талданып,
өзінің материалды негізінен қол үзіп субъективті бейне болып
қана сигнификаттық мағынамен жалғасады. Идеалды денотат
болмаса, сигнификаттық мағына да болмаған болар еді. Денотат-
тык, сигнификаттық мағыналар сөз мағынасының екі жақты бай-
ланысқа түсуіне жағдай жасайды. Яғни денотаттық мағына сөзді
объектив дүниемен, объектив дүниедегі
заттармен, кұбылыстар-
мен байланыстырса, сигнификаттык мағына оны үғыммен, ой
элементтерімен байланыстырады (Уфимцева 80, 30) *.
Сөздің лексикалык мағынасы денотаттык және сигнификаттық
мағыналардың бірігуі негізінде жасалынады десек те, барлык
сөздердің өн бойынан осы екі мағынаны тауып, ажырату мүмкін
болмайды. Сондыктан да кей ғалымдар сөздерді мағынасына ка
рай заттык мағынаны білдіретін сөздер және түрлі карым-каты-
настарды білдіретін сөздер деп екі топка бөліп жүр. Сөздің лек
сикалык мағына кұрамында денотат пен сигнификаттык мағына-
лардың
тең
түсе
бермейтіндігі; кей сөздердің мағынасынан
денотаттык
мағынаның айкын байкалатыны, кей сөздерде болса,
сигнификаттык мағынаның айкын байқалатындығы шындык. Мы-
салы, зат есімнін лексикалык мағынасында денотаттык мағына
анық байкалады. Сондыктан
үстел, үй
дегенде сөз тікелей затка
атау ретінде колданылып, арасына теңдік белгісін коятындай
дәрежеде көрінеді. Заттың белгісін, түсін, козғалысын білдіретін
сөздерде (сын есім, етістік, үстеу, т. б.), есімдіктерде денотаттык
мағына күңгірттеніп, анык байкалынбайды.
Бірак бұдан заттың
түрлі касиеттерін, катынастарын білдіретін сөздердің құрамында
денотаттык мағыналык компонент жок, ол сөздер объектив дүние-
мен байланыспайды деген қорытынды шығармау керек. Заттар-
дың түрі де, заттар арасындағы түрлі катынастар да, кимылдары
мен заттардың амал-әрекеттері де жеке адамға тәуелді емес„
объектив характерге ие. Сондыктан да етістіктер білдіретін коз-
ғалыс, амал-әрекет етістік болатын сөздердің денотаттык мағына-
сы болып саналады. Дегенмен де зат есімдер мен етістік, сын
есімдердің мағына кұрамындағы
денотаттык мағыналары теқ
емес. Зат есімдердегі денотаттык мағына объектив дүниедегі
заттардың субъектив бейнесі ретінде оның негізгі белгілерін (тым
болмаса гнесиологиялык бейнедегі) қамти алады. Сын есім, сан
есім, етістіктер мен есімдіктердің денотаттык мағыналары болса,
солғынданған, күңгірттенген болады.
Көпшілік ғалымдар лексикалык мағыналарға талдау жасайды,
зат есімдермен, әсіресе деректі зат есімдермен, байланысты сөз
қылады. Бұған бірнеше себептер де бар. Біріншіден, зат есімдер-
дің мағынасында бірнеше мағыналык элементтердің (семалардың)
89
барлығы анық байқалады. Салыстырыңыз: аға сөзінде 1) жасы
үлкен, 2) еркек жынысты, 3)
қандық туысқандық, 4) адамдарды
білдіретін семалар бар. Тіпті дерексіз зат есімдерді семаларға
ажырату сын есімдерге қарағанда оңай. Екіншіден, зат есімдер
затқа, құбылыстарға тікелей атау ретінде қолданылады. Кей тіл-
шілердің сөздің лексикалық мағынасы сол заттың атауы болады
деуі зат есімдердің осы атау (номинация) болу қызметімен бай-
ланысты берілген анықтама. Үшіншіден, зат есімнің мағынасы
жекеше мен көпше,
жалқы мен жалпыға, деректі мен дерексіздік-
ке бөлініп жатады да оларды өзара салыстыруға болады. Әрине
деректілік пен дерексіздік, жалқылылық пен жалпылылық сөз-
дердің мағынасын анықтауға себі тигенмен оларды тек денотат-
тык мағыналармен байланыстыру дұрыс емес. М. В. Никитиннің
жеке заттар туралы айтқанда денотаттық мағынаға ие болады
да, бірнеше зат туралы, ұғым туралы сөз болғанда сигнификат
туралы пікір айтамыз деген тезисі шындыққа сәйкес келе бермей-
тін қағида (Никитин 74, 7—8) *.
Ең алдымен, сөздердің денотат-
тык мағынасы өз алдына, сигнификаттык мағынасы өз алдына
өмір сүреді деген пікірдің өзі дұрыс емес. Олар бірінен екіншісіне
етіп отыратын, төменгі баскышы жоғарғы баскышқа негіз бола-
тын, соның құрамында өмір сүретін категориялар. Сол үшін де
М. В. Никитиннің пікірінде екі категория байланыспай бөлініп
калған. Негізінде сөздердің лексикалык мағына күрамында сол
сөздерді басқа сөздерден ажыратушы (тек сол сөздің мағынасы-
ның өзіне ғана тән) және басқа сөздермен байланыстырушы, жал-
пылаушы (бірнеше сөздердің бәріне ортак)
мағыналык
компо-
ненттер
катар өмір сүреді.
Сөз мағынасындағы даралаушы
элемент сол сөзді баска сөзден (тіпті омонимдік, синонимдік
сыңарларынан да) ажыратып тұрса, жалпылаушы элемент ол
сөзді белгілі бір сөздер тобымен, сөз таптарымен байланыстырып
лексико-семантикалык топ жасайды. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: