Қазіргі пайдаланып жүрген жазба тілімізде қолданылатыи
әріптер белгілі бір дыбыстардыц таңбасы ретінде қабылданады
да,
қол, бол, сол деген сөздерде үш дыбыс бар (үш әріп арқылы
берілген),
тарт, төрт, жалт деген сөздерде төрт дыбыс,
ал, ол, ел
деген сөздерде екі дыбыс бар деп айтамыз. Әр дыбыстың жасалы-
нуында дыбыстау мүшелерінің қызметі, әр дыбыстың өздеріне
сай артикуляциялық базасы болады.
Тым болмағанда біз солай
түсінеміз. Мысалы,
ал дегенде
а дыбысы жеке жасалынады (тіл
арқаға тартылып, ұшы жорары көтеріледі, ауыз кен ашылады да,
иек төмен түседі; ерін артқа тартылып, күш езуге түседі) да,
л дыбысы жеке жасалынады (ауыз орта қалыпта қалып, тіл
үстіңгі күрек тіске нық жабылады да фонациялық ауа тілдің екі
бүйірінен шығады). Бірақ ғалымдардың барлығы да сөз айтыл-
ған кезде әрбір дыбыстардың артикуляциялық базасы толық жа
салынады деген пікірге келісе бермейді. Оған дыбыстау мүшеле-
рінің мүмкіндігі де бола бермейді. Сондықтан да Л. В. Бодарко
мен Л. Р. Зиндер сөйлеу процесінің дыбысталу жағы туралы айта
отырып: «Үздіксіз сөйлеу фонемалармен сәйкес келіп, оның бөл-
шекке не артикуляциялық, не акустикалық жағынан бөлінбейтін-
дігі анық»,— деген болатын (Бондарко 77, 145) *. Авторлар бұл
пікірін басқа еңбектерінде де дәйекті түрде
дәлелдеуге әрекет
еткен. Бондарконың пікірінше, сөйлеу кезінде сөз құрамындағы
дыбыстар жеке-жеке айтылмастан олар, кемінде, буын жігінде,
сөздер аралығында, сөз тіркестерінде ғана бөлінеді (Бондарко 77,
78). Нақ осындай пікір 1952 жылы жарық көрген орыс тілінің
академиялық грамматикасында да бар. «Соңғы буындар жеке тіл
(еөйлеу — О. М.) дыбыстарына, немесе фонемаларға бөлінеді
(Phone — дыбыс, дауыс деген грек сөзінен)... Сөйлеу кезінде
көрші бір дыбысты екінші дыбыстан ешнәрсе бөліп жатпайды; әр-
бір дыбыс ешқандай ескерусіз-ақ екіншісіне өтіп жатады. Сон-
дықтан да жеке әріптерге бөлініп жазылатын текст сөйлеу проце-
сінін шын қасиетін көрсетіп бере алмайды» (ГРЯ-1, 12) *. Басқа
бір топ ғалымдар сөйлесу кезінде де сөздердің дыбыстарға бөлініп
жататындығын көрсетеді. Мыс: «Кез келген сөйлеу бірінен кейін
бірі келетін бірнеше дыбыстардан тұрады.
Кез келген сөйлеу ды-
быстары өзінің алдындағы және соңындағы дыбыстарға бөліне-
ді»,— деп жазғам еді П. С. Кузнецов (Кузнецов 59) *.
Айтылған екі пікірдің екеуінің де артында өздері сүйенген
эксперименттері бар. Салыстырыңыз: белгілі бір тілде сөйлеуші
адамдар сол тілдегі кез келген бір сөзді айтса, сол сөздің қанша
дыбыстан құралғандығын қатесіз айта алады. Сондықтан да казак
тілінде сөйлеуші адам
бала сөзінде төрт,
ата сөзінде үш,
ал сөзін-
де екі дыбыс барлығын ажыратып, қандай дыбыстар екендігін
атап та бере алады. Демек П. С. Кузнецов сөйлеү процесіндегі
сөздер бірінен кейін бірі келетін дыбыстардан турады дегенде осы
естілуді басты негіз етіп алган. Ал Л. В. Бондарко мен Л. Р. Зин
дер
өз
пікірлерін
спектограммага
негіздеп
анткан.
Олар
орыс тіліндегі бірнеше сөздердіц спектограммасын алған кезде әр
дыбыс жеке-жеке айтылмай бірімен-бірі байланысып,
түтасып
20
кеткендігін негіз етіп алған (Бондарко 77) *. Дегенмен әр дыбыс-
тың пайда болуында
артикуляциялық база жасалынып, дыбыстау
мүшелері әрекетке түсуі керек. Мысалы, е дыбысын айтқанда
дыбыстау мүшелері толық бір қимыл жасайды. (Өкпе аясын та-
рылтады да фонациялық ауаны қолқа арқылы кеңірдекке жібе-
реді. Фонациялық ауа кеңірдек арқылы жүріп, тамақ қуысына
келеді. Ондағы дыбыс түтігіне соқтығысады — үн пайда болады.
Ауыз қуысына келген ауаны кішкене тіл жоғары көтереді де, ауыз
қуысына еркін жібереді. Тіл болса алға қарай жылжиды (ортасы
сәл көтеріледі) да, ауыз орта қалыпта ашылғандықтан, басқа
дыбыстау мүшелеріне соқтығыспай сыртқа шығады. Яғни иек
төмен түседі, езу тартылып, ерін арқаға кетеді. Сөйлеу кезінде
бұл артикуляциялық базалар толық жасалына бермеуі де мүмкін.
Екіншіден, барлық артикуляциялық база толық жасалынатын
болса, онда көп уақытты талап еткен болар еді, дыбыстарды айт-
қан кезде дыбыстар бөлініп қалған болар еді. Сол үшін де сөйлеу
процесі кезінде артикуляциялық базалардың
кейбіреулері толық
жасалынбай, жартылай жасалынып, екінші бір дыбыстың арти-
куляциясына қосылып та кетуі мүмкін. Дыбыстардың артикуля-
циясының қаншалықты толық жасалуы, толық естілуі буын қүра-
мындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орналасу орнына
да, екпінінің түсуіне де байланысты сияқты. Мысалы, дауысты
дыбыстардан басталатын буын (тұйық буын) құрамындағы да
уысты дыбыстың артикуляциясы толық жасалынады. Салыстыры-
ңыз:
ал, ел, ол, т. б. Керісінше, егер буын дауыссыздан басталы-
нып, дауыссызға бітсе, бірінші дауыссыз бен дауысты дыбыстың
артикуляциясы толық жасалынбауы мүмкін. Мысалы,
мал деген
сөзді алып қарайық.
М дыбысын жеке айтқан кезде екі ерін бір-
біріне нық тиіп бірден ажырасуы арқылы жасалынады да фона-
циялық ауа мұрын жолы арқылы шығады. Біз келтірген мысалда
екі
ерін бір-біріне нық тиіп, ауа мұрын жолы арқылы толық
шықпайды. Оның үстіне
м дыбысын айтқанда тіл нейтраль жат-
қан болуы керек еді. Ал мысалымызда болса, тіл
а дыбысын ай-
туға бейімделіп, сәл көтерілген қалыпта тұрады.
Мал дегендегі
м
дыбысының артикуляциясына байланысты фонациялық ауа ерін-
нің жабысқан жерінде кедергіге ұшырап, толық тосқауылға ұшы-
рауы керек еді. Бірақ
а дыбысының артикуляциясы тіл артында
болғандықтан да ауыз тез ашылып, фонациялық ауа толық кедер-
гіге ұшырамайды. Нақ осындай қасиет тіл ұшы, тіл алды және
ерін дыбыстары мен тіл арты (жуан) дауысты дыбыстары тіркесіп
келген басқа жағдайларда да кездеседі.
Дауыссыз және дауысты дыбыстардың
тіркесінде артикуля-
циялық базаның толық жасалмайтындығы
р дыбысымен байла
нысты анық байқалады. I. Кеңесбаев қазақ тіліндегі
р дыбысы
туралы айта келіп, «Сөз ортасында
р бір рет дірілдейді де, сөз
аяғына көбінесе екі рет дірілдейді»,— деп көрсетеді (Кеңесбаев,
75, 242) *.
Р дыбысының толық артикуляциясы жеке айтылғанда-
ғы қалпы болып саналады да, екі діріл нәтижесінде жасалады. Ал
Достарыңызбен бөлісу: