Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет5/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
ақы, қол ақы; қазан қап, аяқ қап...» (КТОС, 10) *. Нақ осы беттің 
өзінде тасбақа, шөлбак^а, көлбақа, қүрбақа; бесжылдық, жеті- 
жылдық сияқты бұрыннан қолданылып қалыптасқан сөздер өзге- 
русіз беріледі деп ескерту жасалған да бірге жазылған. Сонда 
сөздердің қалыптасу дәрежесін қалай анықтауға болады? Бірақ 
сөздікте бұл шарт барлық кезде сактала бермеген сияқты. Салыс- 
тырыңыз: сөздікте аққүтан, өзара сөздері қосылып жазылған, 
қара қарға, екеу ара бөлек-бөлек жазылған. Біздіңше, дыбысталу
13


жағынан да, тіркескен сөздердің тіркесу тәсілі жағынан да ақса- 
қал мен қара сақал дегендерде айырмашылық жоқ. Бірақ сөздікте 
біреуі бірге, екіншісі бөлек жазылған. Бұны дәлелдеп жаткан ка- 
ғиданың өзі де жоқ. Сондықтан графикалык, фонетикалық сөз 
деген түсінік шартты түсінік болуы керек.
«Сөз — күрделі құбылыс» дегенде біз тек тұлғасын есепке 
алып қана қоймай, сөздердің басқа жақтарын да есепке алуымыз 
керек. Қазіргі күнде сөздерді мағына мен дыбыстың (дыбыстар 
тізбегінің) бірлігі деп тану кең таралған, көпшілік ғалымдар қол- 
дайтын пікір десек те жаңылыспаймыз. Бірақ тілшілер арасында 
бұл екі категорияны әр түрлі түсінушілер бар екендігін жасыруға 
болмайды. Осындай пікір айтқан ғалымдарды, пікірлерінің ьің- 
ғайына карай, бірнеше топка бөлуге болады. Бірінші топка сөз — 
екі жақты категория деушілерді, екінші топка сөз — үш жакты ка­
тегория деушілерді, үшінші топка сөз — таңба деушілерді енгізуге 
болады. Сөз екі жакты не үш жақты деушілер арасында тек сөз 
элементтерінің саны үшін ғана пікір таласы бар деу жаңсактық 
болар еді. Қөпшілік ғалымдар бұл мәселеге философиялық астар 
беріп, методологиялық негізде бағалап жүр. Дегенмен де бұл мә- 
селені философиялык астар бермей-ак қолданып жүрген авторла- 
рымыз да жоқ емес.
Қай нәрсеге болмасын анықтама беру деген сөз оның барлық 
қасиеттерін санап корсету не қамту деген сөз емес. Сондыктан 
заттарға не құбылыстарға аныктама бергенде олардың басты 
белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады. Мысалы, адам екі 
аякты, екі қолды, тік жүретін деп аныктама берсек күлкілі болар 
еді. Д. П. Горский аныктаманын екі түрі бар екендігін (а) бізді 
қызықтырған затты баска заттардан ажырату; ә) жаңа термин- 
дердің не бұрыннан бар терминдердің мағынасын аныктау) айта 
отырып, аныктама берілетін зат не терминнін күрделілігіне қарай 
отырып, аныктама берудің он төрт түрі барлығын көрсеткен бола- 
тын (Горский 74) *. Аныктама аныктама болғандығы үшін де 
аныкталатын заттың не ұғымның негізгі белгілерін өз ішіне енгізуі 
шарт. В. II. Ленин Авенариус пен Богдановтың матерняға берген 
аныктамасын сынай отырып: «Аныктама беру деген не? Бұл — ең 
алдымен, алға койылып отырылған үғымды баска, кенірек ұғымға 
келтіру деген сөз. Мысалы, есек — айуан деп аныктама бергенде. 
мен «есек» деген ұғымды кеңірек ұғымға келтірсмін»,— деген бола- 
тын (Ленин 18, 158) *. Сөзге анықтама бергенде де сөз түсінігін 
өзінен кеңірек түсінік құрамына енгізу керек. Яғнн «Сөз дегеніміз 
тілдін бір элементі». Бірақ кандай элементі?
Сөздіц тілдің кандай элементі екендігін көрсету үшін сөздін 
тіл кұрылымындағы оның баска элементтерімен кандай катынаста 
болатындығын аныктау керек. Ол үшін сөздін ішкі кұрылымын, 
кызметін ашып алу кажет-ақ. Бұлай деуімізге себеп: біріншідені 
сөэ бір не екі элементтерден ғана кұралмайды. Егер күрделі сөз 
туралы пікір айтатын болсак, онда ойлау, ұғым, объективті дүние- 
дегі заттар сиякты түсініктермен бірге ішкі форманы есепке алу 
керек болады. Екіншіден, дыбыс пен мағына жалаң өмір сүрмейді,
14


олар өзара бір-бірімен белгілі қатынаста болады. Ф. де Соссюр 
мағына мен дыбыстың арақатынасын ақ қағаздың екі бетіые те- 
ңейді. Дегенмен дыбыстар сөз құрамына енгенде қандай қызмет 
атқарады? Мағына қандай қызмет атқарады? Бұл сұраулардың 
да жауабы күні бүгінге дейін бір ізді емес. Үшіншіден, сөз бір 
дыбыстан да, дыбыстар тізбегінен де, көбіне дыбыстар тізбегінен 
жасалады. Әр сөздің құрамындағы дыбыстардың өзара іштей 
байланыстары қандай заңдылықтарға, неге сүйенеді? Бұл сұрау- 
лар қарапайым көрінгенмен ойланып жауап беруді талап етеді.. 
Төртіншіден, мағына түсінігі де жалаң түсінік емес, олардың да 
бірнеше кіші (семаларға) элементтерге бөлінетіндігі анық.
Сөздің құрамды элементтері қаншалықты көп болмасын, олар- 
дың барлығын анықтауға, олардың негізгі қызметі мен табиғатын,. 
шығу жолын, даму процесін ғылыми негізде талдауға мүмкіндік 
бар. Бірақ бұл да анықтама болып саналмайды. Анықтама беру 
үшін сол элементтердің ең негізгісін, бастыларын анықтау керек. 
Бұны жаңалық деп те айтуға болмайды, себебі сөзге берілген 
анықтамаларда келтірілген белгілерді авторлар негізгі белгі деп 
сұрыптап алғандығы мәлім. Бірақ айтылып жүрген көптеген анық- 
тамалардың өте оңай сынға жауап бере алмай жатқандығы да 
шындық. Салыстырыңыз: «Сөз — мағына мен дыбыстардың бір- 
лігі» деген анықтаманың өте-мөте дұрыс еместігін, қосымшаларда 
да мағынаның болатындығын проф. Б. Н. Головин дәлелдеген. Ал, 
«Сөз — белгілі бір ұғымды білдіретін дыбыстар тізбегі» деген анық- 
таманы, кей сөздер ұғымды білдірмейтіндіктен 
(мысалы, орыс 
тіліндегі да, нет, конечно, эх, ой), не кей ұғым сөздер тізбегі ар- 
қылы берілетіндіктен дұрыс емес дейді. Ал, өзі «пікір білдіру үшін 
еркін қолданылатын тілдің ең кіші мағыналық бөлшегін сөз дей- 
міз» деп анықтама береді (Головин 73) *. Анықтамада, сөздің 
негізгі белгісі ретінде: 1) тілдің ең кіші мағыналық бөлшегі; 2) сөз 
сөйлеуде, пікір білдіруде қолданылатындығы; 3) еркін қолданы- 
латындығы көрсетілген. Бірақ сөзге саналмайтын қосымшалар да 
сөйлеу процесінде қолданылады. Автордың көрсетуінше орыс ті- 
ліндегі да, нет, конечно, эх, ой, или, но дегендер ешқандай ұғымды 
білдірмейді, ой, ох, увы, ух, эгэ, или дегендер ешнэрсеге атау бола 
алмайды, демек мағыналары жоқ (Головин 73, 69) *. Бірақ автор 
оларды сөз деп санайды. Сонда анықтамада берілген қағидалар 
неге негізделген? Б. Н. Головин өзі берген анықтаманы талдай 
отырып, онда 4 түрлі негізгі белгіні есепке алғандығын ескертеді.
1. Сөздің дыбыс пен буыннан айырмашылығы — тілдің мағына- 
лық бөлшегі екендігі. 2. Сөйлеу кезінде еркін қолданылады, яғни 
сөзсіз тіркесуді талап ететін басқа элементі болмайды. Бұл қа- 
сиетімен ол морфемалардан ерекшеленіп тұрады. 3. Сөйлесу 
кезінде өз дербестігін сақтайды. Бүл қасиеті жағынан ол сөз тір- 
кестерінен 
ажыратылады. 4. Сөйлеу процесіне де қатынасады, 
яғни пікір алысу кезінде қолданылады. Анықтамада дұрыс талдау 
жасалған. Бірақ анықтама сөздердің негізгі белгісіне сүйенбестен, 
олардың синтаксистік қызметіне, функциясына сүйенген. Біздің- 
ше, жоғарыда айтылған шарттардың барлығы да сөз бойынан
15


табыла бермейді. Мысалы, сөздердің аналитикалық формасының 
құрамындағы көмекші сөздердің еркін қолданылмайтындығын 
жасыруға болмайды. Күн иіығып келеді дегендегі иіығып келеді 
бір мағынаның аумағында қолданылып тұр. Екінші сөзбен айтсақ, 
көмекші сөздер (бәрібір олар да сөз) аналитикалық форманың 
құрамында қолданылып, өзінің дербестігін жоғалтып тұр. Бұл 
Б. Н. Головин айтқан үшінші шартка сәйкес келмейді. Түркі тіл- 
деріндегі сөздердің өз ерекшелігі де жоқ емес. Мысалы, қазақ 
тіліндегі сөз (түркі тілдерінің барлығында да) түбір морфемамен 
тең түсіп те жатады, яғни екінші шарт түркі тілдері үшін қажетті 
болып саналмайды.
Қазіргі тіл білімін зерттеушілердін көпшілігі сөзді екі жақты 
не үш жақты құбылыс деп есептейді. Екі жақты (билатериалды) 
құбылыс деушілер сөздердің құрамына тек мағына мен дыбыста- 
луды ғана енгізсе, сөзді үш жақты құбылыс деушілер сөздердіц 
құрылымдық элементтері ретінде мағына мен дыбысталудан бас­
ка объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың бейнесін (жал- 
пыланған бейнесін) де енгізеді. Егер барлап қарайтын болсақ, 
сөздерді екі жақты құбылыс деушілердің барлығы да теріс пікір- 
дегі ғалымдар емес. Мысалы, кей ғалымдар мағына мен объектив 
дүниедегі заттардың адам санасындағы бейнесі ұғым арқылы бай- 
ланысып жатады дей отырып, лексикалық мағынаның көлемін 
кең түсінеді де сөзді екі жақты құбылыс деп ұғады. Сол үшін де 
кей оқулықтардың авторлары «сөз — мағына мен дыбыстың бір- 
лігі» дегенде осы жағдайды есепке алған болуы керек, себебі, 
анықтамадан кейін берілетін түсініктемелерде мағына туралы 
да, ұғым туралы да, дыбысталу туралы да сөз болып жатады. Bi- 
рак кей авторлардың, әсіресе тілдің барлык элементтерін таңба 
деп санаушылардың кейбіреулері сөзді билатериалды кұбылыс 
дегенде объектив дүниемен сөзді байланысын не мағынаның ды- 
бысталумен байланысын жокка шығарады. Тіпті олар сөздің ма- 
ғынасын тек контексте ғана не сөздер мен сөздердің байланысы- 
нан ғана туады деп сөздердің кұрамындағы орнымен байланысты- 
рады. Әрине соңғы ағымның өкілдерінің өзіндік методологиялық 
негізі барлығы анык. Олар өз мақсаттарына негізделе отырып, 
тіл материалдарына талдау жасайды; сөз мағынасын кандай 
жолмен болса да жокка шығаруға әрекет етеді. Сөздегі лексика- 
лык мағынаны кабылдаушылар (тіпті сөз мағынасы тілдік кате­
гория емес деушілер) кандай сәтсіздікке үшыраса, объективтік 
дүниенің (ондағы заттар мен кұбылыстардың) сөз қүрамындағы 
мағына элементтерімен байланысы барлығын мойындамаушылар 
да (Ф. де Соссюр және оның кей шәкірттері сияқты) сондай сәт- 
сіздікке ұшырайтындығы анық.
Тілдің негізгі қызметі адамдардың қатынас кұралы болу екен- 
дігі анық. Сондықтан тілдің белгілі бір адамзат коғамы таныған 
создік қүрамы мен грамматикалык күрылымы да болуы керек. 
Бұлардын барлығы дыбыстар аркылы өмір сүреді. Осы касиеті 
үшін де дүниедегі тілдердің барлығы да дыбыстық тілдер деп са- 
налады. Бірак дыбыстардың жалац өздері адамзаттын катынас
16


құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізде «жүйелі дыбыста- 
лулардың» барлығы да тіл элементі бола бермейтіндігін жоғары- 
да айтқан болатынбыз. Ал қатынас құралы болу үшін адамдар 
тіл аркылы пікір алмасуы, белгілі бір информацияны екінші бі- 
реуге жеткізуі шарт. Бұл жағынан тіл адамдарға байланысты 
болғанымен, екінші жағынан объектив дүниедегі заттармен және 
қүбылыстармен де байланысып жатады. Демек сөзді үш жақты 
түрде дыбысталу, мағына және объектив дүниедегі заттар мен 
құбылыстардьщ бейнесі деп тану ғалымдардың ойлап тапқаны 
емес, керісінше, сөздердің өмір сүруіне негіз болған үш элементті 
мойындау ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет