шілер фонеманыц негізгі қызметі айырушылық (дифференциялық)
қызмет деп соған байланысты анықтама береді (Аханов 78, 234) .
Фонеманы арнайы зерттеген ғалымдар сөйлесу кезінде^ сөз-
дердің фонемаға бөлінетіндігін ескере отырып, олардың қай не-
гізде бөлінетіндігін анықтауға әрекет еткендері де бар. Мысалы,
Л. Р. Зиндер сөйлеу кезінде сөздер артикуляциялық жақтан
да, акустикалық жақтан да бөлініп жататындығын ескеріп, олар-
ды бөліп тұрған лингвистикалық қасиет, яғни мағынамен байла
нысты болуында дейді (Зиндер 79, 36—37) *.
Фонемалардың айы-
рушылық қызметін жоққа шығарып болмайды. Сондықтан да
қал
дегенмен
ңол, бол дегенмен
бос, қол дегенмен
бол т. б. сияқты сы-
ңарлар өзара ажыралып жатады да оны ажыратып түрған бір
дыбыс болып саналады. Бірақ бұл жерде ажыратып түрған фо-
неманың қызметі мағына ажырату емес, бір тілдік таңбаны екін-
ші бір тілдік таңбадан ажырату болып саналады.
Тілдік элемент-
тердің таңбалық сипаты дегенде біз осы дыбыстарды есепке
аламыз да бір таңбаның екінші бір таңбадан айырмасы а) құра-
мындағы дыбыстардың саны мен ә) дыбыстардың тіркесу орнына
және б) қандай дыбыстардың тіркесуіне байланысты болады. Сол
үшін де
қол деген де,
қал деген де үш дыбыстан құралған тілдік
таңба (әрине белгілі бір мағынамен байланысқанда ғана таңба
болып саналады). Олардың бірінің
екіншісінен айырмасы дауыс-
ты дыбыстарында болса,
қол мен
бол деген сөздердегі айыр.ма-
шылық дауыссыз дыбыстарының біреуінде
(қ, о). Әр сөздің, тіл-
дік таңбаның құрамындағы дыбыстардың орны тұрақты, дыбыс-
тары нақты болады. Міне осы негізде біз
бол, қол, тол, жол
дегендерді жеке сөз — таңба деп санаймыз.
Тілде бірдей дыбыс-
тардың қалай орналасуы да таңбалардың ажырасуына негіз бо
лады. Мысалы,
к,ос, соқ; сат, тас; қал, лақ, т. б. Қазақ тілінде
сөйлеушілер үшін бұлар да жеке-жеке сөздер, мағыналары да, ай-
тылуы да бөлек-бөлек. Жоғарыда біз сөздер фонемалардын, қо-
сындысынан да жасалынбайды дегенде осы қасиетті ескергенбіз.
Егер сөздер фонемалардың қосындысына тең болғанда
қас (қара
Достарыңызбен бөлісу: