Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет57/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
рақтағы, т. б. деп атай аламыз. Бұлардың беретін ұғымы бір, бірақ 
мағыналары басқа-басқа. Әрине түрлі түсіндірме, аударма сөздік- 
терде бұл сөздерге берілген аныктамалар бір-біріне өте жақын 
болуы мүмкін. Салыстырыңыз: қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 
алыс сөзіне шалғай, жақын емес деп анықтама берген (КТТС 1, 
243) *. Каиіық сөзіне алыс, жырақ, шалғай деп анықтама берсе 
(КТТС 6, 183) *, жырақ сөзіне іиалғай, алыс, қаиіық деп (КТТС 
4, 319) *, иіалғай сөзіне алыс, қаіиық, қиыр шет деп (КТТС 10, 
109) * деп анықтама берген. Егер осы анықтамаларға сүйенетін 
болсақ, онда бұл сөздердің мағыналарында айьірмашылық жок, 
бірінің орнына бірі үздіксіз қолданыла беретіндей көрінуі сөзсіз. 
Біздіңше ондай айырмашылық бар. Салыстырыңыз: егер бұл
сөздерді ұзындық өлшеміне байланысты қолданатын болсак, арала- 
рындағы айырмашылық онша анық байқалмайды. Ал, мезгілмен, 
уақыт өлшемі ретінде қолданылса, онда алшақтық анық байка- 
лынады. Мысалы, Кітап оқып ұзақ отырып қалдым деудің орны­
на кітап оқып шалғай (немесе алыс, қашық т. б.) отырып қалдым 
деп айтпаймыз. Бұл жердегі мағына тіркеспен байланысты болып 
тұр.
Сөздердің арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауда 
тематикалық топтар мен лексико-семантикалык топтарға бөлу 
үлкен қызмет атқарады. Сөздерді те.матикалық топқа бөлу мен 
лексико-семантикалык. топка бөлу арасында айырмашылық бар. 
Мысалы, жоғарыда біз тематикалық топка семантикалык байла- 
нысы жок, тек объектив дүниедегі заттардың өзара катынасы 
негізінде топтастырылған сөздер енеді деген болатынбыз. Мысалы, 
қол мен көз, қүлақ пен аяқ, бас пен қабырға дегендер бір темати- 
калык топка енеді де бір система жасайды. Әрине бұл жерде па- 
радигмалык мағынаны табу киындау, себебі олар экстролингвис- 
тикалык мағынаға негізделген. Осы экстролингвистикалык мағына 
негізіиде ұштас мағына (коррелятив) аныкталады да парадигма- 
лык байланыс осы мағынаға негізделеді. Семантикалык система- 
ның құрамына еніп, сөздер парадигмалык байланыстар аркылы 
өзара байланысканда, 
оның өзіндік 
(экстролингвнстикалык) 
бейнелік мағынасын осы байланыстан шығармаймыз. Бұл жерде 
-тілдік системамен байланысып жаткан екінші мәселе — сөздердін 
дербестігі мәселесі бар.
Парадигмалык мағына лексикалык мағынадан баска магына 
ретінде жеке өмір сүрмейді. Олар, сонымен бірге, тілдің ішкі эле­
мент! ретінде кабылданады, себебі парадигмалык мағыңа белгілі
136


бір топка енген сөздердің лексикалық мағынасының барлығына 
бірдей ортақ мағына элементіне негізделінеді. Д. Н. Шмелев мұн- 
дай ортақ мағыналық элементті семантикалық тема деп атайды 
(Шмелев 73, 107) *. Осы семантикалық тема парадигмалық мағы- 
наның калыптасуына, өмір сүруіне жағдай жасайды. Лексико-се- 
мантикалық топтың құрамына енген сөздер өздерінің дербестігін 
жоғалтпайды десек, олар бірі екіншісімен тек жалпы жақтары- 
мен ғана байланысып жатпастан, жеке ерекшеліктерімен өзара 
ажырасып та жатады. Сондықтан да Ф. де Соссюр тілде тек өз- 
гешеліктер, айырмашылықтар ғана бар дегенде соңғы жағдайды 
есепке алған. Ал сөз мағыналарының жалпы, ортақ жақтары бар- 
лығын есепке алмаған.
Семантикалық тема бөлек-бөлек өмір сүрмейтіндіктен оны 
анықтау үшін лекснко-семантикалық топка енген сөздердің мағы- 
наларын салыстыру, олардың ара қатынасын анықтау қажет бо- 
лады. Сондықтан Ф. де Соссюр синтагмалық қатынас пен па- 
радигмалық (авторша ассоциациялық) 
қатынасты салыстыра 
отырып: «Синтагмалық қатынас әрқашан да in prassentia (анық, 
нақты — О. М.). Ол бірінен кейін бірі келетін кемінде системаның 
екі мүшесінің қатынасы. Керісінше, ассоциациялық байланысқа 
түскен мүшелер ойдағы қабаттар: мүшелері әрқашан in absentia 
(жасырын — О. М.) деген болатын (Соссюр 77, 156) *. Демек па- 
радигмалық байланыс сөздерді ойда топтастыру, жинақтау, мағы- 
наларын саралау арқылы жасалады. Осы қасиетін ескере отырып 
Л. А. Новиков мәнді (парадигмалыіқ қатынас негізінде жасалын- 
ған) сөз мағынасындағы сигнификатпен салыстырады, сигнифи- 
каттың бір элементі ретінде көрсетеді (Новиков 82, 97) *. Эрине 
мәнді біз де сөздің лексикалық мағынасындағы экстролингвисти- 
калық немесе бейнелік мағынадан бөліп алып, тілдің ішкі қасиет- 
терімен байланысты мағыналық компонент деп көрсеткенбіз. Сол 
үшін де мән сигнификаттық мағынаның бір элементі де, не нақ өзі 
де бола алмайды. Автор сөз мағынасын тек «қатынастардан шы- 
ғару», пайда болады деу барып тұрған структурализмге алып ке- 
леді деп дұрыс қорытынды шығарған.
Біз де парадигмалық мағына тілдік система мүшелерінің өзара 
қатынасынан пайда болады, оның басқа негізі жоқ деген пікірден 
аулақпыз, тек мағына осы қатынастар негізінде анықталынады 
деген пікірді жақтаушылардың біреуіміз. Пікіріміздің дәлелі ре- 
тінде кез келген лексико-семантикалық тоитардың мүшелерінің 
мағынасын компоненттік талдау әдісі бойынша семаларға бөліп 
шығып, олардың арасындағы байланыстарды көрсетуге болады 
(Гак 72; Оразов 74) *. Мысал ретінде қозғалу етістіктерін талдап 
көрелік. Кел, кет, бар, жақында, алыста, жүр етістіктері — қозға- 
лу етістіктері. Кел етістігінде 1) қозғалған заттың не адамның бір 
орыннан екінші орынға өткендігін білдіретін, 2) құрылықта болған 
қозғалысты, 3) бағытты қозғалысты, 4) белгілі бір объектіге жа- 
қындауға бағытталған қозғалысты білдіретін сема бар. Кет етіс- 
тігінде кел етістігінен бөлектеніп жататын бір ғана — қозғалысқа 
түскен заттың не адамның белгілі бір объектіден алыстауын біл-
137


діретін семасы бар. Демек кел, кет етістіктері қозғалыска түскен 
заттардың орнын өзгертуін білдіретін семалары аркылы бір лек- 
сико-семантикалық топтың элементі (мүшесі) ретінде сыбайласып, 
бір парадигмалық байланысқа түссе, қарама-қарсы бағыттағы 
қозғалысты білдіретін семалары арқылы антонимдік мағыналық 
байланысқа түсіп, екінші семантикалық парадигмалық мүшесі 
ретінде бой көрсетеді. Ал бар етістігі болса, 1) козғалған заттың 
не адамның орын өзгерткендігін, 2) құрылықта болатын қозғалыс- 
ты білдіретін, 3) әйтеуір бір бағытқа бағытталған қозғалысты 
білдіретін, 4) бұрынғы тұрған орнынан ұзақтауды, алыстауды біл- 
діретін семалары бар. Бұл етістіктің кел, кет етістіктерінен айырма- 
шылықтары — бір бағытқа бағытталған қозғалысты білдірмейді. 
Мысалы, Бар деген соң бар, мазамды енді алма,— деді Белгібай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет