Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет70/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   94
ну, жылау сияқты етістіктерді бір топ ғалымдар көңіл-күй етістік- 
тері ретінде топтастырса, екінші бір топ ғалымдардың оларды 
қалып (психологиялық қалып) етістіктері деп топтастыруына негіз 
бар. Төртіншіден, лексиканы системалы категория деп тану лек­
сикалык мағынамен тікелей байланысты. Ал лексикалык мағына- 
ның күрделі екендігі, оның әлі де болса зерттелуі, аныкталуы 
керек болған жактары бар екендігі жоғарыда айтылды. Сөз мағы- 
насының негізгі белгілері аныкталынбай, оның элементтері ара- 
сындағы байланыстарды ажыратпай жатып оның элементтері 
арасындағы байланыстарды аныктау мүмкін емес. Бесіншіден, 
лексиканы лексикалык система деп аныктап, оның мүшелері ара- 
сындағы байланыстарды белгілеу үшін сол тілдің сөздік күрамын 
зерттеу, тіл байлығыи аныктау кажет еді. Ол үшін, ең алдымен, 
сөздіктер жасалынып, сөздіктерде сөздерге семантикалык талдау- 
лар жасалынуы қажет еді. Әрине сөздіктер бұрынғы ғасырларда 
да жасалынған, бірақ олар жан-жакты ғылыми талкылауға түс- 
пеген, тіл байлығын толык камти алмаған еді. Бұл кемшіліктер 
түркі тілін зерттейтін — түркологияға да тән кемшіліктер болып 
саналады. Орыс тілінің сөз байлығын толык камтуға әрекет еткен 
В. Дальдің «Толковый словарь живого великорусского языка», 
Д. Н. Ушаковтың басшылығымен жарық көрген 4 томдык «Тол­
ковый словарь русского языка» жэне СССР Ғылым Академиясы
156


бастырған 17 томдық түсіндірме сөздіктер лексиканы системалы 
категория ретінде зерттеуге жағдай жасады. Нақ осындай жағдай 
қазіргі түрқі тілін зерттеуші ғалымдар үшін де жасалынған. Мы- 
салы, қазір түркі тілдерінің көпшілігінде түсіндірме, аударма 
(екі тілді) сөздіктер жасалынып, сөздік құрамдағы сөздердің 
көпшілігі ғылыми електен өтті. Қазақ тілінің сөз байлығы 1959, 
1961 жылдары I. Кеңесбаев басшылығында жарық көрген 2 том- 
дық түсіндірме сөздік пен 1974—1986 жылдар арасында А. Ысқа- 
қов басшылығында жарық көрген 10 томдық (жалпы көлемі 
709,7 баспа табақ) түсіндірме сөздіктерде қамтып, сөз магынасы- 
на ғылыми талдаулар жасалынды. Сондықтан да қазақ тілінің 
лексикасын системалы құбылыс деп, лексико-семантикалық, тема- 
тикалық топтарға топтастырып, әр топтың құрамындағы мүшеле- 
рінің арасындағы байланыстарды анықтап зерттеуге жағдай жа- 
сал ынды.
Ғылымда қолданылып жүрген система терминіне бірнеше 
анықтама беріліп, әр пән өз мақсатына қарай бейімдеп жүр (Куб- 
рякова 72, 18—24) *. Системалар теориясында болсын, тіл білі- 
мінде болсын системаларға берілген анықтамалар бар, олардың 
өзіндік категориялары да анықталған. Системаларға берілген бар- 
лык анықтамаларға (тіпті тіл біліміндегі талдау жасау жұмысы- 
мыздың мақсатына енбейді. Система дегенде біз өзара белгілі бір 
заңдылықтар бойынша байланысқан бірнеше элементтерден құ- 
ралған бір бүтін категорияны түсінеміз (Мальчук 70; Кубрякова 
62; Солнцев 77) *. Анықтаманың көрсетуінше система болу үшін 
олар бірнеше элементтерден (мүшеден) құралады. Мысалы, қазақ 
тіліндегі фонетиканы (басқа тілдерде де) системалы категория 
деп есептейміз. Себебі олар өзара байланысқан бірнеше элемент­
терден тұрады, яғни олар дауысты және дауыссыз дыбыстардан 
құралады. Ал дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың өз- 
дері де бірнеше элементтерден тұрады. Анығырағы дауыссыз 
дыбыстар (қазақ тілі үшін) жиырма бес болса, дауысты дыбыс­
тар — 12. Міне осы дыбыстардың әр бірі дыбыстар системасының 
мүшесі болып саналады. Яғни о — бір мүше, а — екінші мүше, 
ы — үшінші бір мүше, і — системаның төртінші бір мүшесі, т. б. 
Система мүшелерінің саны накты — 25 не 50 болуы шарт емес, тек 
бірі екіншісіне оппозициялык сыңар жасайтын кемінде екеу болса 
жетіп жатыр.
Система кұрамындағы элементтер калай болса солай жинак- 
талына салынбайды. Ол элементтерді бір система құрамына енгі- 
зу үшін олар өзара белгілі бір заңдылык бойынша байланысып 
жатуы керек. Мысалы, дыбыстарды казак тіліндегі дауысты ды­
быстар системасының кұрамына енгізу үшін мынадай жалпы бел- 
гілері: 1) буын жасай алуы, 2) екпін кабылдай алуы, 3) жасалын- 
ғанда фонациялык ауа ауыз куысында кедергісіз шығуы шарт. 
Осы типтес жалпы белгілер дауыссыз дыбыстарда да бар. Бірак 
дауысты, дауыссыз дыбыстарды да іштей жеке белгілеріие карай 
да ара кішкентай бөлшектерге белуге болады. Мысалы, тілдің 
катысына карай дауысты дыбыстарды жуан, жіңішке (тіл алды,
157


тіл арты) дауыстылар, ерін мен езудің қалпына қарай еріндік 
және езулік деп, ал ауыздың ашылу қалпына қарай ашык және 
қысаң деп бөлу дәстүрі бар. Демек кез келген элементтердін жи- 
ынтығы система бола алмайды, өзара белгілі бір заңдылықтар 
арқылы байланысқан элементтер ғана система жасай алады. Сон- 
дықтан да біз белгілі бір заңдылықтар бойынша байланысып 
структуралық қатынасқа түскен тіл элементтерін тілдік система 
деп атаймыз.
Тілді система деп танудағы қиындық туғызатын нәрсе систе- 
маны құрайтын элементтер мен структураның қалай аталуында 
емес, олардың ара қатынасының қалай бағалануында. Біз система 
элементтері бар екендігін мойындаумен бірге, оның дербестігін, 
автономиялық қасиеті барлығын да мойындаймыз. Осы элемент- 
тердің арасындағы байланыс, қарым-катынасты (структураны) 
система құрамына енгізгенімізбем, олардың объективтігін, бізге 
байланыссыз өмір сүретіндігін мойындаймыз. Бұл біздін тіл 
система дегендегі сүйенетін бірден-бір таянышымыз. Егер бұдан 
сәл ауыткитын болсақ, тілдің табиғатын анықтауда қатеге жол 
беруімізге себепші болады. Салыстырыңыз: тілшілер сөз мағына- 
сы дегеніміз сөздердің басқа сөздермен байланысымен анықтала- 
ды деп системаның (байланыстың) қызметін көтеріп, элементтер- 
дің дербестігін мойындамаған. Нәтижеде сөз мағынасы объектив 
дүниемен байланысынан ажырап, сөздердің тіркесі нәтижесінде 
туатын түсінік болып қалады.
В. М. Солнцев системалардың екі түрі болады деп дүрыс көр- 
сеткен (Солнцев 77) *. Автордың көрсетуінше, бірінші система 
объектив дүниедегі заттар, заттардың қаснеттері, қозғалыстары 
арасында болады. Бұны шартты түрде, материалды система деп 
атауға болады. Дүниедегі материалды заттар арасындағы байла­
ныс өте көп болғандықтан да, оның элементтері бірі екіншісімен 
түрлі қасиеттерімен, түрлі табигатымен байланысады. Екінші 
сөзбен айтканда материалды системаның элементтері де, элемент- 
тері арасындағы байланыстарының түрі де көп. Сондықтан да 
оларды түрлі системаның құрамына енгізуге болады. Екімші жа- 
ғынан табиғат құбылыстарыныц кей заңдылықтары, байланыста- 
ры әлі ашылып, сырлары толық анықталған да емес. Бұл жағдай 
біз мойындаған материалдық системаның әлі толық аяқталынба- 
ғандығын да көрсетеді. Дегенмен де материалдық системалар да 
іштей сұрыпталып жатады. Мысалы, материалды системаның бір 
тобы біркелкі заттардың (элементтердің) 
байланысы негізінде 
жасалынады. Автоколонна система деп саналынса, оныц элемент- 
тері бір текті (автомашина, трактор, комбайн емес) бірнеше авто­
мобиль болады да, олар бірі екіншісімен белгілі бір карым-қаты- 
наста болады. Олар не бір мекемеге тәуелді болады, не белгілі бір 
мақсатта біріктіріледі, т. б. Кейде материалды система күрделірек 
болады, яғни олардың элементтері бір текті болмастан әр түрлі 
болады да, өзара белғілі бір қатынаста болады. Мысалы, транс­
порт система деп танылатын болса, оныц мүшелері түрлі заттар 
болуы мүмкін. Транспорттын түрлеріне ат, машина, поезд, само­
153


лет, пароход, т. б. енеді. Бірақ олар өзара байланысты — бір жер­
дей екінші бір жерге жету құралы, көлігі.
Қарапайым система мен күрделі системаны салыстырып қа- 
райтын болсақ, олардың элементтерініц де, структурасының да 
араларында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қарапайым си­
стема бір текті элементтерден құралса, күрделі система әр текті 
элементтерден құралады. Бір айта кетерлік нәрсе сол — материал- 
дық системаның әр элементі жеке өздері тұрып та дербес мәнге ие 
болады. Мысалы, жеке автомашинаның да өзіндік белгісі, құра- 
латын элементтері бар. Оның өмір сүруі сол автоколоннадағы 
екінші автомашпнамен байланысты емес. Сондай-ақ жеке автома- 
шинаны құрастырып тұрған бөлшектері бар: руль, дөңгелек, кар­
бюратор, поршень, аккумулятор, т. б. Оның өз формасы, түсі, т. б. 
қасиеттері бар. Бұл қасиеттердің бөлшектердің барлығы жиналып 
автомашинаны жасайды, олар машинаның мазмұнына енеді.
Екінші айырмашылығы сол — қарапайым система элементте- 
рінің бірнеше белгілері, қасиеттері, заңдылықтары арқылы өзара 
байланысып жатады. Мысалы, автоколоннадағы автомашиналар 
құрылысы жағыиан да (моторлары бар, жерде қозғалатын, қоз- 
ғалу дөңгелектердің көмегімен болатын, т. б.), мақсаты жағынан 
да байланысып жатады. Себебі кез келген жолда шұбап өтіп жат- 
қан машиналар автоколонна болып саналмайды. Ал күрделі ма- 
терпалдық система элементтерінің арасында ондай жан-жақты 
байланыс байқалынбайды, тек белгілі бір қатынастары арқылы 
ғана система құрамына енеді. Салыстырыңыз: ат — көлік, қозғалу, 
бір жерден екінші бір жерге жету құралы. Нақ осындай көлік 
қызметін автомобиль де, самолет те, пароход та, поезд да атқара 
алады. Айырмашылығы сол — ат— тірі зат, автомобиль — дөңге- 
лектердің көмегімен қозғалатын көлік, самолет — ауада ұшатын 
көлік, пароход — суда қозғалатын көлік, т. б. Бұлардың басын қо- 
сып бір системаның аясына ендіріп тұрған көліктік қасиет. Бұл 
топқа басқа да заттарды (мотоцикл, велосипед, арба, т. б.) да 
қосуға болады.
Материалды системаға қарама-қарсы идеалды система тұра- 
ды. Идеалды система деп адам ойындағы элементтердің (ұғым, тү- 
сінік, пайымдау) өзара қарым-қатынасқа түскен, белгілі бір бай- 
ланыстағы бүтін бір жиынтығын айтамыз. Сондықтан да идеалды 
система ойдың, ұғымдардың, тіпті ғылыми абстракцияның систе- 
масы болып саналады. Материалды системадан бұның айырма- 
шылығы сол —■
идеалды системаның элементтері өздігінен мағы- 
наға, мәнге ие бола алмайды. Сондай-ақ олар арасындағы байла­
ныс (структура) та нақтылық негізде болмастан, жалпылау 
нәтижесінде туған байланыс болып саналады. В. М. Солнцев сон- 
дықтан да «Идеалдықтың материалдықтан айырмашылығы—олар 
сырткы дүниенің бейнелену формасы ретінде өмір сүреді де дер­
бес өмір сүру қасиеті болмайды»,— деген болатын (Солнцев 77, 
18). Демек материалдық система мен идеалды системаның ара 
қатынасын таным теориясымен ғана байланыстыруға болады. Осы 
негізде ғана идеалды системаның элементтері белгілі бір мағына-
159


ға ие болады, ал идеалдық система болса белгілі бір заттар не 
объектив дүние туралы информацияға ие болады.
Қазіргі кездегі структурализм ағымының кей өкілдерінін кол- 
данып жүрген 
анықтамасы — «Тіл — таңбалар жүйесі. Тілдік 
таңба екі жақты, бірақ оның екі жағы да психикалық кұбылыс» 
деген теорияның идеалистік негізінің өзі осы материалдық систе­
ма мен идеалдық системалардың ара қатынасын дұрыс түсінбеген- 
діктен, олардың біреуін мойындамағандықтан туып отыр. Егер 
структурализмнің бұл пікірін дұрыс дейтін болсак, онда бұл екі 
системаның арасында байланыс бар деген пікірден бас тартқан 
боламыз. Біздіңше, ондай байланыс бар, бірақ бұл екеуі тең, бірі 
екіншісінің көшірмесі деуге болмайды. Идеалды система мате- 
риалдық системаға өте жақын, дәл келерліктей ұқсас бола алады
бірақ нақ өзі емес. Бұндай дәл келмеудің сырын объектив дүние- 
нің ішкі, біз танымаған, сыры, көп қырлы қасиеті мен таным тео- 
риясының заңдылығы және ойлау процесінің ерекшелігінен ізде- 
ген дұрыс.
Материалдық система мен идеалды снстеманың екінші ерекше- 
лігі сол — бірінші система екіншіге тәуелді емес, идеалды систе­
ма болса адамға тәуелді. Ол адамдардың таным теориясына негіз- 
делінеді де адам миында болады. Олардың өмір сүру, қалыптасу 
формасы тіл болады. Сондықтан да идеалдық система белгілі 
дәрежеде өзінің қасиеттерін тіл элементтеріне береді. Тілдік си­
стема идеалдық системаның қалыптастырушысы қызметін аткара- 
ды. Тілдік системанын. материалдық системамен де, идеалдық 
системамен де әрі байланысы бар, әрі айырмашылығы бар. Негізгі 
байланысы идеалдық система да, тілдік система да материалдық 
системаны өздерінде сәулелендіреді; материалдық системамен 
сәйкес келетіндей бейнесін жасауы керек. Айырмашылығы сол — 
жоғарыда аты аталынған үш системаның үшеуі де бір-бірімен 
ешқашан да жүз процент сәйкес келіп, тен түспейді. Идеалды қ 
система да, тілдік система да өз заңдылықтарына негізделе оты- 
рып материалдық системаны сәулелендіреді.
Материалдық система да, тілдік система да адамдардың сана- 
сынан тыс, тәуелсіз өмір сүреді, объектив сипатка ие. Бірақ олар- 
дың да айырмашылығы бар. Материалдық системаның элементте- 
рі өзінен-өзі тұрып-ақ белгілі бір мәнге (значимость) ие болса, 
тілдік система элементтері өздігінен тұрып мағынаға ие бола 
алмайды. Тілдік системаның элементтері мағынамен, мағына арқы- 
лы ұғыммен байланысып қолданылады да, сол мағынанын (ннфор- 
мацияның) өмір сүру, екінші біреуге жеткізу формасы болып сана- 
лады. Сондықтан да материалдық система ешнәрсеге тәуелсіз 
болады. Оның осы касиеті материалдықсистеманыңбірінші мате- 
риалдық система деп аталуына негіз болып жүр. Тілдік система 
элементтері болса, таңбалық касиетке ие болады да, материалдық 
системамен, объектив өмірмен тікелей байланыспағандыгы үшіп 
алдыцғымен тенесе алмайды. Бұл тілдік системаны кей ғалымда- 
рымыздың екінші материалдык система деп атауына негіз болып 
жур. Екінші ерекшелігі— тілдік система тек адамдар арасында,
160


солардың қызметі негізінде ғана өмір сүреді. Сондықтан да олар- 
дың қызмсті де, өмірде атқаратын функциясы да өзгейіе.
Материалдық система объектив өмірдегі заттардың өмір сүру 
формасының бірі болып есептелінсе, тілдік система таңбасының 
бірі болып есептелінсе, тілдік система танбалардың өмір сүру 
формасы емес. Тілдік система — адамдардың қатынас жасау мұқ- 
таждығын қанағаттандыру негізінде ғана туған система. Сондық- 
тан да тілдік система бірнеше функция (қызмет) атқарады. Бірін- 
шіден, тілдік система белгілі бір информацияны білдіреді де қа- 
тынас құралының қызметін атқарады. Екіншіден, идеалдық 
системаның материалдық формасы болып саналады. Тілдік систе- 
манын элементтері бір мағынаны екінші мағынадан ажырату үшін 
де қолданылады. Сондықтан да тілдік система элементтерін екі 
жақты қаснетке ие (таңба және мағынаға ие) деп атаған жөн. 
Материалдық системаның элементтері де, идеалдық системаның 
элементтері де бір жақты ғана қасиетке ие.
Системальіқ зерттеулердің ішіндегі ең қиыны — система эле- 
менттері арасындағы байланысты, қарым-қатынастарды белгілеп 
тұратын заңдылықтарды анықтау. Еқ алдымен, жоғарыда аты 
аталынған үш системаның элементтерінің байланыстары да тең 
түсіп жатпайтынын айту керек. Бұл тең түспеудің негізін әр систе- 
маның өзіндік ерекшелігі мен ішкі зақдылықтары арқылы түсінді- 
руге болады. Екінші сөзбен айтқанымызда, материалдық система 
адам пайымында сәулелендіргенде тек көшірмесін беріп қана қой- 
майды. Адам ойының творчестволық қызметі арқасында тікелей 
система ретінде, оның структуралы байланысы ретінде байқалын- 
байтын қасиеттері де анықталады. Нәтижеде идеалды системада 
материалды системаның біршама толық схемасы пайда болады. 
Бірақ ойлау процесінің өз заңдылығы, таным процесінің өз заң- 
дылығы бар екендігін еске алатын болсақ, онда таным мен ойлау 
процестері идеалдык системаға өз үлестерін қосатындығы анық. 
Яғни идеалдық система элементтері дерексізденген, жалпыланған, 
өзінін материалдық негізінен айырылған. Демек материалдық си­
стема элементтерініц байланысы табиғи байланыс, ал идеалдық 
система элементтерініц байланысы табиғи байланысқа жуықтаған, 
сәйкес келетін бейне мен адамдардың ойлау процесі негізінде жа- 
салынған жалпылану, дерексізденуден құралатын байланыс. Сон- 
дықтан да көпшілік ғалымдар система құрамында элемент терми- 
німен бірге субстанция терминін де қолданады (Общее 70, 119; 
Солнцев 77, 32—49) *.
Тілдік система элементтерініц байланысы, структурасы мате- 
рналдық системадан да, идеалдық системадан да басқашалау. 
Жоғарыда тіл элементтері екі жақты (мағына мен формадан) қа- 
снетке ие деген болатынбыз. Осының тек мағына жағының құры- 
лымы, оның элементтерінің 
байланысы идеалық системаның 
элементтерінің байланысымен (структурасымен) біршама сәйкес 
келеді. Ал оның формалық жағы мүлде басқа заңдылыққа бағы- 
нады. Бұл тіпті семиотикалық таңбалардың элементтерінің байла- 
нысынан өзгешелеу. Тілдік системаның бір ізді болуын, әр тілде
И - 2 9 2 0
161


әр түрлі болуын сол тілдің ұзақ жылдар бойына қалыптаскан тіл- 
дік нормасы белгілеп те отырады. Демек тілдік системанын кур- 
дел! болатын орны да бар. Сондықтан да тілдік системанын струк- 
турасы арнайы тоқталуды талап етеді.
Тілдік система, кейбіреулердің пікірінше Ф. де Соссюрден бас- 
талған десе де оның кейбір қағидалары Ф. де Соссюрден бұрынғы 
ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Дегенмен Ф. де Соссюр — 
тіл элементтерін таңба деп танып, тіл дегеніміз таңбалар система- 
сы деген пікірді дәйекті қорғаған адам. Ф. де Соссюрдың танбалар 
системасында өзіндік мақсат, өзіне тән талдаулар да жоқ емес. 
Қазіргі күнде тіл элементтерін танба деп танушылар да, тілді си­
стема деп танушылар да кездеседі. Кей ғылыми еңбектерде «тіл — 
системалар системасы» деген анықтамаларды да кездестіруге бо- 
лады. Ал, кей ғалымдар тілді система деуге карсы да шығады. 
Мысалы, В. А. Звегинцев «Тілдің өмір сүру формасында даму жат- 
қандықтан, тілге система деп анықтама беру жеткіліксіз, ...Тілдің 
негізгі табиғатын анықтау үшін оған система арқылы анықтама 
беру сыңаржақтық, сенімсіз, толық болмайды»,— деген болатын 
(Звегинцев 62, 64) *.
Тіл системалы құбылыс дегенде біз тіл элементтері өзара бел- 
гілі бір заңдылықтар негізінде байланысады да үлкен бір түтас 
категория ретінде өмір сүреді деген пікірдеміз. Басқа системалар 
сияқты тіл системалары да бірнеше элементтерден (сөздерден, сөз 
тіркестерінен, фонемалардан, морфемалардан, т. б.) құралады. 
Тілдік системанын элементтері де басқа системалардың элемент- 
тері сияқты өзара белгілі бір байланыста болады (бір жақты не 
екі жақты, салаласқан не сабақтасқан, бір текті не сатылы, т. б.). 
Тілдік структура бір тұтас категория ретінде өздерінің жеке эле- 
менттеріне байланысты болса, элементтері де сол тұтас категория- 
ға байланысты болады. Демек тілдік системанын құрылысында 
баска системалар да бар (материалды. идеалды системалар да) ка- 
тегориялардын барлығы да бар. Бірақ тілдік системанын басқа 
системалардан айырмашылыгы да жоқ емес.
Материалдық система да, идеалдық система да өзінің объек- 
тісімен тікелей байланысатын, сол объектінің ішкі, сыртқы қасиет- 
терімен сыбайласып жататын система. Тілдік система — система­
лар системасы. Тілдік системанын соңғы қасиетін скі түрлі түсіну 
керек. Біріншіден, тіл элементтері (сөздер, морфемалар, сөз тір- 
кестері) тек дыбыстардан ғана кұралмайды, оның магыналық 
(идеалды) жағы да бар. Материалдыіқ және идеалдық системалар- 
мен байланысып, сәйкес келетін тіл системасының элементтері де 
осы мағыналық жагы. Ал оның екінші жағы — өмір сүру форма- 
сы, материалдық жағы басқа системалармен байланыспайды. 
Оның өзі де материя, тек өзінің ішкі жағы болып саналатын мағы- 
• намен гана байланысады. Басқа системалардың элементтері ара- 
сындағы байланыстан айырмашылығы — тіл элементтерінің екі 
жағы өзара шартты байланысқа ие. Бұл жағынан Ф. де Соссюрдің 
таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы байланыс жоқ, 
еркін дегеніне сәйкес келеді, бірақ біз байланыс бар екендігін,
162


оның шартты байланыс екендігін баса көрсетеміз. Демек тілдік 
система элементтеріндегі бірінші системалық қаснет мағынасында 
болса, екінші системалық қасиет элемент формаларының байланы- 
сы (сөз бен сөздін байланысы, түбір мен қосымшалар арасында- 
ғы, дыбыстар арасындағы, т. б.) негізінде болады.
Тілдік системалардың элементтері арасындағы байланыс бас­
ка системалар элементтерінің арасындағы байланыстармен сәйкес 
келмейді, басқа зандылықтарға бағынады. Жалпы әр системаның 
құрылымы түрліше, өзгеше болатындығы анық. Жоғарыда біз де 
түрлі системалар арасында байланыс бар дегенде, сәйкес келеді 
дегенде олардың бірі екіншісіне тең дәрежеде болады деген пікір- 
ден аулақ болатынбыз.' Сөздердің сөйлем құрамында қолданылып 
басқа сөздермен байланысуын, септік, көптік, тәуелдік, т. б. жал- 
ғауларын, есімше, көсемше, т. б. жұрнақтарды қабылдауын, түбір 
мен қосымшалар арасындағы буын, дыбыс үндестіктерін гнесио- 
логиялық заңдылықтармен дәлелдеуге болмайды. Тілдік норма 
тіл элементтерінің өзара қарым-қатынасын бағдарлап тұрады.
Екіншіден, тілдің эр катары (фонетика, лексика, грамматика) 
өз ішінде екі жакты системаға ие болады. Бір ескертетін жағдай 
сол — тіл системасының әр катарының системалық құрылымы 
бір-біріне ұксамайды. Ең алдымен тілдік системаның басын бірік- 
тіріп тұратын фонема, лексема, морфема, синтагма сиякты үлкен- 
үлкен «элементтерді» ажыратып көрсету керек. Бұл элементтің 
арасында сатылай болса да байланыс бар. Екінші сөзбен айткан- 
да, фонема морфемалардың кұрылымдык элементтері, ал морфе­
ма болса сөздердің ең кіші мағыналық бөлшегі, сөз болса сөз тір- 
кесінің бір элементі, т. б. Аты аталынған элементтер тіл катарына 
сәйкес келетін түсінік. Салыстырыңыз: дыбыстар фонеманың, мор- 
фемалар морфологияның, сөздер лексиканың, сөз тіркестері син- 
таксистің зерттеу объектісі. Бұлар арасында байланыстар бар 
екендігі айтылып, санап көрсетіліп те жүр. Біздіңше бұлар әлі де 
зерттеліне түсуі, араларындағы байланыстардың сырлары ашыла 
түсуі керек сияқты. Тіпті тіл системасының элементтерінің ара 
қатынасы, элементтерінің байланысу тәсілдері, түрлері толық 
ашылуы былай тұрсын, оларды зерттеу енді ғана басталынған де- 
сек жаңылыспаймыз. Сондықтан да Р. А. Будаговтьщ «Бұдан да 
киынырақ баска проблема бар: белгілі бір тілдің грамматикалық 
системасын жасайтын жеке грамматикалык парадигмалар немесе 
қарама-қарсы қойылатын формалар канша? Бұл мәселені софизм- 
нің кұмдар жиындысы туралы белгілі кағидасымен салыстыруға 
болады: қаиша кұм жиылып құм жиындысын жасайды? Немесе 
басқаша, канша кұм жетпесе кұм жиындысы жасалынбайды? Тіл 
тіпті баскаша жасалынған система болғанымен, элементтерінің 
жай жиындысы болмағанымен бұлай салыстыру мүмкін. Сөзсіз 
лексикалық системаны жасайтын элементтер грамматика мен фо- 
нетиканы система ретінде кұрастыратын элементтерден элде кай- 
да көп»,— деген пікірі шындықка бір табан жакын (Будагов 
71, 32) *.
163


Біздің пікірімізше, тілдік система көп қатпарлы, көп сатылы, 
әр текті байланыс негізінде жасалынатын сияқты. Тіл системала- 
рының элементтері де бір текті емес, әр қатардың өзіндік ішкі си- 
стемасы, өзіндік элементтері мен элементтерінің байланысу тәсіл- 
дері бар. Әр тіл қатарындағы системалардың элементтері өзара 
іштей байланысып қана қоймастан басқа тілдін қатар элементтері- 
мен де байланыса алады. Мысалы, септік жалғаулары морфоло- 
гияның элементтері болғанымен сөз бен сөзді байланыстырып син­
таксиста қызмет атқарады. Ал септік жалғауларының түбір сөзге 
косылып түрлі грамматикалык мағыналарды үстеуі, бір грамма- 
тикалық категорияның құрамында келіп, бір ізді түбір сөзге қо- 
сылуын ішкі байланыс (морфологиялық) деп көрсетуге болады. 
Бір ескерте кетерлік жағдай қатар ішіндегі система элементтерінің 
байланысы барлығында да бірдей бола беруі шарт емес, көп жағ- 
дайларда олар түрліше болады. Мысал ретінде есім сөздердің ара 
қатынасы мен етістіктердің ара қатынасын салыстыруға болады. 
Система мүшелерінің (элементтерінің ) байланысының түрліше 
болуын элементтерінің санымен байланыстыруға болмайды, эле- 
менттерінің табиғатымен байланыстыру керек. Етістіктер заттар- 
дың амал-әрекетін, қозғалысын, қалпын, қимылын, т. б. қасиетте- 
рін білдіргені үшін мезгіл, мекен мағынасымен тікелей байланысты 
болады, кеңістік пен уақыттан тыс қозғалыстың өзі де болмай­
ды. Соңғы жағдай етістіктерде шақ категориясының болуын та- 
лап етеді. Екінші талап (кеңістік) 
етістіктердін сөйлем ішінде 
келіп субъектілік, объектілік, т. б. қатынастарда қолданылуын 
қамтамасыз етеді (Уфимцева 74, 337) *. Зат есімдердің ондай қа- 
сиеттері жоқ. Олар сөйлемнің талабына карай түрлі формада ке- 
ліп, баска сөздермен байланысады да басыңкы сыңардың талабы­
на карай косымша кабылдайды.
Жалпы мағына, семантикалық мән — тілдік системаның (семио- 
тпкалык системалардың да) басын кұрастырушы бірден-бір эле­
мент. Мағынамен байланыспаған, тек формалар системасы — бос 
сөз. Тіл білімі тарихында ондай бағыттың болғандығы да шындык 
(Общее 72, 19) *. Тіпті мағынамен байланысы жок фонемалар да 
тек мағынамен байланысканда ғана белгілі бір системаның мүшесі 
бола алады. Мысалы, казак тілінін заңдылығы бойынша дауыссыз 
дыбыстар катаң, ұяң және үнді болып бөлінеді. Себебі т мен д, м 
менен 6 мағынаны ажыратуға себі тиеді. Дана деген мен тана де­
гендер екі сөз. Егер дыбыстардыц мағынамен байланысы болмаса, 
онда оларды коррелятив жұп ретінде ажыратпаған болар едік, тіл- 
дік системаның жеке элементтері ретінде кабылдамаған болар 
едік. Салыстырыңыз, орыс тілінде дауыссыз дыбыстардын жуан, 
жіңішке болып келуін есепке алып, коррелятив жүк ретінде көр- 
сетсек, казак тілінде дауыссыздардың жуан, жіңішке болып келуі 
есепке алынбайды. В. М. Солнцевтін көрсетуінше кытай тілінде 
дауыссыздардың катаң, ұяң болып келуі мағынаға ыкпал етпейді, 
сондыктан оны ажыратпастан колдана береді (Солнцев 77, 24) *.
Лексиканың да, морфологияның да, синтаксистін де элемент- 
терін система мүшесі ретінде санау үшін мағына меи форманың
]64


бірлігін есепке алу шарт. Егер бұл қағида сақталынбаса, тек ды- 
быстар тізбегі, жалаң формалар да система жасайды екен деген 
қорытындыға келуге болар еді. Бірақ тіл — адамдардың пікір 
алысатын қатынас құралы. Қатынас жасау деген сөз екінші бір 
адамға өз ойын, пікірін не белгілі бір информацияны жеткізу. 
Сондықтан да тіл элементтері өз бойында белгілі бір мағынаны,. 
информацияны сіңдіруі керек. Кез келген дыбыстар тізбегінің сөз 
бола алмайтындығы да осыдан. Грамматикалық мағыналарды 
топтастыру, бірін екіншісінен ажырату мағынамен байланыстьг 
екендігін де жасыруға болмайды. Көптік жалғауы деп көптік ма- 
ғынаны білдіргені үшін, тәуелдік жалғауы деп белгілі бір заттың 
екінші бір затқа тән екендігін білдіргені үшін бөліп алғанбыз. 
Олардың грамматикалық көрсеткіші бірін екіншісінен ажырату- 
шы ғана. Синтаксистік категорияларды да осы негізде бөлеміз. 
Мысалы, Лғаштың жапырағы түсті дегенде бірінші екі сөздің 
тізбегін (ағаштың жапырағьі) сөз тіркесі деп, екінші сөздерді.ч ; із- 
бегін (жапырағы түсті) сөйлем деп алғанда осы мағынаға негіз- 
делгенбіз. Біріншісінде аяқталған ой болмаса, екіншісінде бірша- 
ма аяқталған ой бар. Әрине сөйлем мен сөз тіркестерін ажыратуда 
басқа да (грамматикалық) белгілердің болуы заңды, бірақ олар 
да мағынамен ұцітасады, т. б.
Мағына қаншалықты күрделі болмасын жалаң, тек өздері ра­
на өмір сүрмейді. Мағынаны көзбен көруге, қолмен ұстауға бол­
маса, олардыц арасындағы байланыстарды да адамдардың сезім 
мүшесі тікелей қабылдай алмайды. Мағынаның өмір сүру форма- 
сы сөз болса, мағыналардың арасындағы түрлі байланыстарды, 
қарым-қатынастарды сөздер арқылы, сөздердің байланыстары ар- 
қылы беруге болады. Бірақ ол байланыстар қандай формада бері- 
леді деу мәселенің екінші жағы. Объектив дүниедегі заттар да 
бірнеше қасиетке ие болып, сол қасиеттер іштей байланысып жа- 
тады. Бірақ ол байланыстар да адамдардың сезім мүшелеріне 
барлығы бірдей түйсік туғыза бермейді. Сондықтан да адамдар 
заттардың түрлі қасиеттерін, белгілерін ойша салыстырып, арала- 
рындағы байланысты іздейді. Ойлау процесіндегі анализ, синтез 
жасау қызметті атқарады. Демек, заттардың түрлі қасиеттері зат­
тар арасындағы қатынастан тумайды, заттардан тыс өмір сүр- 
мейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет