Ажын: абысын-ажын; шаға: бала-шаға; қырқын: қыз-қырқын;
байтал: байтал түгіл бас қайғы; қалп: халық айтса, қалп айтпайды.
2. Өздерінің мағынасын түсінуге болса да, құрамына енген ком-
поненттерінің (бірінің не екіншісінің) мағынасы толық айқын емес
күрделі сөздердің этимологиясы ашылуы керек. Мысалы: Бетбақ: Бет-
бақдала құмы [<бəд+бахт].
3. Бір компонентінің мағынасы ұмыт болған не қос компоненті
бірдей бастапқы мағынасын жоғалтқан қосарлы қос сөздер міндетті
түрде «Сөздіктің» нысаны болуға тиіс.
Мысалы:
түйек: ұсақ-түйек...<>
құтқан: қалған-құтқан...<>
емін: емін-еркін...<>
сыбай-салтаң:...<>
4. Сөздікте бір түбірден тараған түбірлес сөздердің этимологиясы
да беріледі. Бұл этимологияның өзіндік ерекшелігі мағынасы бел-
гісізденген (көбінесе) бір буынды түбірлерден тараған бір туынды тұл-
ғаның өзі ғана емес, өзімен түбірлес бірнеше туынды тұлғалардың
төркіні бірдей ашылады.
Мысалы:
*Құлқұлдыра-
құлдый
құлдыйла
құла-
құлақ
*Шалшалкөде
шал құйрық
қарт, егде
62
*Бозбоздақ
бозбала
бозжер
7. Бір түбірден тараған етістік-есім сөздер түбіріне қарай топтамалы
этимологияға жатады:
*Тыртырна
тыраула
тырқыл
тырсыл
*Балбалшық
балық
балдыр
балдырған
Сонымен, қандай нақты тіл фактілері этимологиялық зерттеу ныса-
ны бола алады? Бұл сұраққа біргелкі жауап табу қиын. Этимологиямен
шұғылданушы ғалымдардың зерттеу əдістері мен зерттелген мате-
риалдарына қарасақ та əр түрлі.
Жалпы тіл біліміндегі, соның ішінде түркологиядағы ертеден
қалыптасып келе жатқан дəстүр бойынша этимологиялық зерттеу
нысаны – негізінен сөз, яғни сөздің морфологиялық, дыбыстық тұлға-
сы мен лексикалық мағынасы.
Алайда, дəл осы тұрғыдан алып қарағанның өзінде де, кейбір
ғалымдар, солардың қатарында қазақ тілшілері де, тіліміздегі сөздердің
бəріне бірдей этимология жасаудың ешбір қажеті жоқ, этимологиялық
зерттеуді тек мағынасы күңгірттенген, қолдану аясы тарыла келіп, бұл
күнде дербестігінен айрылған немесе өлі түбірге айналған сөздерге ғана
жасауды талап етеді. Ал, тілімізде кеңінен қолданылып жүрген: бала,
ана, жылқы, түйе, сиыр, қызыл, жасыл, бір, екі, бар, кел, сез, тез тəріз-
ді «түсінікті» сөздердің төркінін ашамын деп, қара тер болудың артық
екенін ескертеді.
Мұндай пікірлерге толық қосылу қиын. Мағынасы күңгірттенген,
қолдану аясы тарылып, дербестігінен айрылған сөздердің əрқашан «мен
мұндалап» тұратыны рас, оларға этимологиялық жедел «операцияның»
қажеттігі де айдан анық. Бірақ этимология нысанына жоғарыдағыдай
қарау көне тарихтың көзі іспетті ғасырлар бойы қалыптасып, атадан
балаға асыл да ардақты мұра ретінде ауысып келе жатқан тұла бойын-
да өзіндік мол сыры бар тілдің тылсым табиғатына толық мəн бермеу-
63
мен бірдей. Өйткені тіліміздегі əрбір сөздің, аз болсын, көп болсын, өзі-
не лайық тарихы бар, олар қаншама айдан ашық болып көрінгенімен, біз
біле бермейтін өте күрделі мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерді бойын-
да сақтауы мүмкін, белгілі заңдылықтар бойынша өмір сүруі ықтимал.
Олай болса, жалпы этимология тұрғысынан оның зерттеу нысанын
тар шеңберге түсіріп, тіл фактілерін шектеп, бөле-жара қараудың қажеті
жоқ деп білеміз. Этимология ғылымы жалпы тіл білімінің қол жеткен
табыстарына сүйене отырып, тіл табиғатын аша түсуді, тіл төркінін, сөз
сырын айқындай түсуді мақсат етеді.
Əрине, əрбір этимологиялық ізденістің, зерттеудің алдына қой-
ған өзіндік мақсаты, бағыт-бағдары болуы мүмкін. Міне осыған бай-
ланысты ғана зерттеу объектісін шектеуге, белгілі бір лексика-се-
мантикалық топтарды бөліп алып арнайы қарауға болады. Ал егер біз
барлық жағдайда этимологиялық зерттеу нысаны етіп тек мағынасы
күңгірттенген жəне дербестігінен айрылған сөздерді ғана іріктеп
алып, тек солардың төңірегінде ғана зерттеу жүргізуді мақсат етсек,
онда бұл əрекетімізден айта қаларлықтай нəтиже шықпаған болар
еді. Өйткені, бұл «əдіс» біріншіден, зерттеудің жүйесіздігін көрсетсе,
екіншіден, қараңғыда сипалап жүріп жол тапқанға ұқсайды. Мəселен,
қазақ тіліндегі бір «белгісіз» сөздің төркінін ашу керек болды делік. Ол
үшін біз 30 шақты түркі тілдерінің ұшан-теңіз сөз байлығын, олардың
жүздеген жазба мұраларын аударып шығуымыз керек. Сонда іздейтініміз
тіліміздегі «белгісіз» сөздің басқа тілдерде сақталған, не сақталуға тиіс
«туыстары». Оны таба аламыз ба, таба алмаймыз ба – ол жағы зерттеу-
ші үшін əлі белгісіз. Осылайша сөз саяхатына аттану үміткер зерттеуші
үшін романтика тəрізді, кейде табыспен аяқталса, кейде бейне бір үлкен
өзен арнасынан қолымыздағы тастың екінші жартысын немесе оның
өзіне ұқсас сыңарын іздегенмен барабар əурешілік.
64
Қазақ тілі этимологиясының түбіртанумен
сабақтастығы– дәйекті қағида
Жалпы алғанда, кең ауқымды этимологиялық сөздікті жасау үшін
жеке тілдердің, не тілдік қауымның (бірнеше жеке тілдердің одағының)
нысандарын қамтығаны қажет. Ол жасалатын этимологиялық сөздіктің
түріне, мақсатына, құрылымына байланысты.
Ол сөздіктерде туыс тілдердің біреуіне арналып, басқаларының
материалдары онымен салыстырылып, ортақ ерекшеліктері түгел
қамтылады. Мысалы, осындай сөздіктердің бірінші ең көлемдісіне Ил-
лич-Свитычтың (Иллич-Свитыч В.М. Опыт, сравнения ностратических
языков: (семито-хамитский, картвельский, индоевропейский, уральский):
Введение. Сравнительный словарь. – М., 197 .-вып. 1.), Г.Дерфердің
(Г.Клаусонның An etymological dictionary of pre-thirteenth century. Tur-
kish. Oxford6 1972 )сөздіктерін жатқызуға болады.
Сондықтан этимологиялық сөздік жасау барысында тек бір қа-
лыптасқан дəстүрге жəне принциптер мен критерийлерге сүйену жет-
кіліксіз. Бұл принцип-критерийлерден басқа да пайдалы көптеген зерт-
теулер мен арнайы еңбектердің ғылым дүниеге келгендері де баршы-
лық. Қажетіне қарай оларды да сөздік қажетіне жаратуға болады (Л.З.
Рүстемов. Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских заим-
ствованных слов. Алма-Ата: Мектеп, 1989; Ж.К.Түймебаев. Казахско-
монгольские лексические параллели. Материалы к этимологическому
словарю казахского языка. М., 2005; I.Rahder. Etymologial vocabulary of
chincse, japanese, korean and ainu. Tokio, 1956, vol. I, 1956; vol. II; 1959 –
vol III – 19606 V, IV-V – 1962 т.б.
Дегенмен,этимологиялық сөздік жасау үшін, ең алдымен, оның
ғылыми принциптерін жасап, үлгілерін анықтап алу керек. Онсыз сөз-
дік белгілі бір тəртіпке, үлгіге бағынбай, бей-берекет əңгімеге айналуы
мүмкін. Сондықтан да жасалған сөздіктердің бəрінің де өзінен бұрын
жасалған принциптері мен жеке мақалалардың үлгілерін айқындап
алудың негізін анықтап ұсынылғаны белгілі. Олар бір-бірінің қағидасын
қайталауын да, мүлдем басқа-басқа өзіндік басқа түрде өзіндік тəртібін-
де ұсынуы мүмкін.
Жалпы алғанда, этимология жасаудың төрт түрлі принципі ұсы-
нылып жүргені белгілі. Олардың үшеуін фоно-морфо-семантикалық
жəне экстралингвистикалық принцип, əдетте, біріктіріп атайды. Оларды
65
əрқайсысын жекелеп айтатын болсақ, 1) фонетикалық; 2) морфология-
лық; 3) семантикалық; 4) экстралингвистикалық принциптер. Бұлар-
дың əрқайсысының атқаратын міндеті бар да, бірақ бір-бірімен тығыз
байланысты екені алдағы кіріспе тарауда айтылғандықтан, қысқаша
сипаттап өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |