66
Бұл – түбір сөздің табиғатын айқындауға байланысты қолға алынатын
алғашқы мəселе. Бұл жерде түбір сөз VCV тұлғасындағы түбір сөз
мына дыбыстарының алмасуы арқылы ( w ~ p ~ ǿ ) пайда болған жəне
сол дыбыстарға байланысты қайсы түрік
тілінің тобына жататындығы
айқындалады:
?aw – қыпшақ тілдеріне,
jap – қарлұқ тіліне,
jaǿ - басқа
түрік тілдеріне тəн екендігін көрсетеді.
Бұлардың басқа фонетикалық принцип дыбыстық өзгерістердің
бəрін қарастыратын (дыбыстардың сөз құрамынан түсіп қалуын, бір
дыбыстың өзіндей екінші дыбыспен қабаттасуын, бір дыбыстың түсіп
қалуы арқылы екінші дыбыстың созылыңқы дыбысқа айналуын, ұза-
руын, не қысқаруын, бір дыбыстың екінші дыбысқа кірігуін, бір дыбыс-
тың, кейде тұтас буынның
орын ауыстырып қолдануы, бір дыбыстың
сөз құрамынан түсіп қалып, айтылмауы, бір дыбыстың екінші дыбыспен
тоғысып, үшінші жаңа дыбыстың пайда болуы, т.б. осы сияқты заңды
түрдегі өзгерістердің барлығы қарастыратын принциптерге жатады.
Егер бұл өзгерістер заңды түрде жүзеге асқан болса, онда ғылыми
этимологияның тəртібімен болжам айтуға болады да, егер ол ғылыми
этимологияның тəртібіне жатпаса жалған этимологияның қатарына
кіретін категория деп қаралуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: