Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет30/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116
4. Мəдени-тарихи принцип. Біз халық тілінің этимологиясын жа-
сап отырмыз. Ал, халық пен халық өзінің қалыптасқан ұлттық мəдение-
ті, оны бейнелеуші тілі арқылы қарым-қатынас жасайды. Сондықтан 
болу керек жержүзі халықтары бір-біріне əсері, ауыс-түйісінің қандай 
деңгейде болатыны көбінесе тіл арқылы байқалады. Бұл ауыс-түйістер 
араласудың, не алыстан əсер етудің жеткеніне байланысты əртүрлі 
деңгейде болады. 
Этимологиялық зерттеудің бір саласы осы ауыс-түйістерді зерттеуге 
байланысты. Бірақ сыртқы тұлғасы, мағынасы ұқсас сөздердің барлы-
ғы ауыс-түйіс емес. Мəселе, Америка индустерінің кейбір сөздеріне 
ұқсап кететін сөздерімізді туыстас тілдердің элементі деп жобалауға 
болады. Бірақ бұл тілдердің жақындасу жолдарын тарихи деректермен 
дəлелдеп алу керек. 
Рас, тұңғыс-манжур тілдерімен шығу тегі бір түркі тілдерінің кей-
бір сөздерін жақын екендігін жобалауға болады. Бірақ ол халықтардан 
жақындасқан тарихи деректерін келтірмесе дəлелсіз болады. Тілдің 
ұқсас фактілерін сыртқы, кейде мағынасына қарап жақындастыра салу-
ға болмайтынын ескергеніміз жөн.
Тіл элементтерінің алмасуынан бұрын ол үшін халықтардың мəде-
ни-тарихи байланысы ескеріледі. Соны анықтап алғаннан кейін ғана 
тілдің ауыс-түйісін сөз етуге болады. Туыс тілдердің ұқсас элементтері-


68
нен ұқсас сөзді кездестіргенде, бас салып күңгірттенген сөзіміздің про-
тотипін айғақтайтын құбылыстың мəдени-тарихи негіздерін анықтап
алу керек. 
Қазақстанда ата-бабаларынан бастап жасап келе жатқан қазақтар-
дың тілінде мағынасы күңгірттенген бір сөзді ағылшын тіліндегі екінші 
сөзбен сəйкестендіруге болады, бірақ ол үшін қазақтардың ағылшын-
дар сөз ауысатын деңгейде араласқанын немесе өткінші көпір болған, 
мысалы орыс тілін, анықтап алғанымыз жөн. 
Мəселен, жапон тілі алтай тілдерімен ортақтығы бар тілдердің бірі 
екені мəлім. Бірақ жапон тілі элементтері деп бір сөзді көрсету үшін 
мағлұмат керек. Біз, жоғарыда ескерткен араб, иран, славян, сақ, қытай, 
санскрит, монғол, т.б. тідердің элементі тілімізде болуын жоққа шыға-
руға болмайды. Ал, сол тілдер арқылы екінші қатардағы бір тілдің 
элементі де ауысып жүруі мүмкін. 
Міндетті түрде жалпытүріктік элементтердің араласып, ортақ бо-
лып жүретін, əртүрлі нұсқада кездесетін вариантты элементтердің 
теориялық жағынан барлық туыстас тілдерде кездесетіндігі – заңды. 
Бірақ мұнда да олар тілімізбен мəдени-тарихи жағынан дамудың бір 
кезеңінде араласуы, жақындаса өмір сүруі ескерілу керек. Мəселен, 
чуваш тілі осы күнде қазақ тілінен жырақтап кеткен тілдердің бірі. Бірақ 
тарихына қарасақ, Қазақстан территориясында чуваштардың да ара-
лас жасағаны белгілі. Сондықтанда тұлғасында көп айырмашылық болса 
да, бір буынды түбірлердің мағынасында зор ұйқастық байқалады.
Сондықтан, сөздің, түбірдің этимологиясын шешудің бір жолы, 
туыс тілдердің алыс жақындығын айқындау үшін түбір сөздің табиғаты 
сөз болған реестр сөзден кейін, əсіресе бір буынды түбірлерден кейін, 
сол түбірдің барша түркі тілінде қолданылып жүрген варианттары 
мағынасымен келтіріліп отыруы түбірдің бұл тілде де барлығын, сақ-
талған тұлғасы мен мағынасын ашып отыру мақсатын көздейді. 
Осы төрт принцип түгел сақталғанда ғана этимология ғылыми сипат 
алып шығады. Басқа жағдайда ол жалған (халықтық) этимологияға 
айналып кетуі мүмкін. 
Этимологияның бұдан басқа принципке сүйенетіндері де болады. 
Бірақ осы алғашқы аталған үш принцип сақталуы тиіс. 
Кейбір этимологиялық талдау, əсіресе түбірлес сөздерді қарас-
тырғанда, əсіресе олардың бір түбіріне байланысты қарастырғанда. 
Соның нəтижесінде бірнеше түбірлес сөздер тобы, варианты қатар 


69
қарастырылады. Мысалы, дөңгелек, домалақ, шеңбер деген мағынаны: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет