Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет70/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   116
ҚҰН // ҚҰНЫҚ “Дəніккеннен құныққан жаман” дегендегі “құн– 
тонау‚ ұрлау; құнық– тонаушы” [ДТС‚ 446 б.].
ШЕШЕК парсы тілінен ауысқан “гүлдің” актив қолданысқа түс-
кеннен кейін мағынасы беймəлім сөзге айнала бастады. Шешек сөзінің 
төркінін іздестіре қалсақ‚ оны да монғол тілінен (оларда – цэцэг) ауыс-
қан деуіміз ықтимал.
ТЕБЕН монғол тілінде тойв‚ буряттарда тойбо– біздегі “үлкен” 
сөзімен мағыналас. Ішкі фонетикалық заңдылықтарға сай ықшамдалып, 
осы түбірмен ине сөзі тіркеске түсіп‚ тебен тұлғасы пайда болған. 
Б.И.Вербицкидің алтай-алада сөздігінде Тебінге– “үлкен ине” деп 
түсіндірілген.
БҮЛДІРГЕ Қазақ тілінің “Түсіндірме сөздігінде” “бүлінген елден 
бүлдірге алма” мақалы келтіріліп‚ бірінші сөзге – «бұзылу»‚ «құлау»‚ 
«қирау»‚ ал екіншісіне (бүлдіргеге) “қамшы‚ сойыл‚ шоқпарға тағыла-
тын қайыс белбеу” деген анықтама берілген.
Қазіргі тілімізде мұның мағынасы “сөздікте” берілген түсініктей 
екені даусыз. Бірақ тұңғыс-манчыжұр тілдерінде булөөн сөзінің “жау”‚ 
“жауласу”‚ “соғыс”‚ “соғысу” сияқты да мағыналары бар екенін 
көреміз[ССТМЯ‚ 109-110 б.]. 
Туба-кижилер тілінде бүлдүргі сөзі қазіргі біздің түсінігіміздегі 
“əшекей” дегенге ұқсайды. Осы деректерге сүйене келіп‚ “бүлінген елден 
бүлдірге алма” тіркесінің тұңғыш мағынасы – “Жеңілген жау елінен 
əшекейлі зат алма” болса керек деп ойлаймыз.
КҮШІК КҮЙЕУ//КҮШ КҮЙЕУ дұрысы осы соңғысы‚ күш 
күйеу болуы керек. Ал күшік күйеуəзіл-ажуа‚ қалжың ретінде кейінірек 
қалыптасқанға ұқсайды. Мысалы‚ қырғыз‚ ноғай‚ өзбек тілдерінде осы 
күш күйеу варианты айтылады. Қырғызша - күч күйөө‚ өзбекша - ич күөв‚ 
ноғайша - үй күйеу дейді. Бəрі де қалың малдың жоқтығынан əйелінің 
үйінде жұмыс істеп‚ қалыңдығын алған‚ кейін ата-енесінің үйінде қа-
лып қалған «күйеу жігіт» деген мағына береді. Моңғол тілінде хуч тү-


142
рінде қолданылады. Хучний хургэн«устаревший‚ зять‚ живуший в доме 
тестя и тещи‚ и работающий на них» [МонгРС, 58 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет