49
Мектеп оқушыларына арналып шығарылған
этимологиялық сөз-
діктермен
41
қатар, олардың қосымша оқып, ой-өрістерін ұлғайтуға ар-
налған ғылыми-көпшілік қолды ондаған кітап соңғы жылдардың өзін-
де жарық көрді
42
.
Кезінде «Білім жəне еңбек» журналы жəне қазірге дейін «Қазақ
əдебиеті» газеті ұзақ
жылдардан бері тіл тарихына, оның ішінде жеке
сөздер этимологиясына байланысты материалдарды жариялап, басып
келеді. Əсіресе «Қазақ əдебиеті» газетінің «Толғауы тоқсан қызыл тіл»
рубрикасының мүмкіншілігі өте мол. Тек ескерер бір жайт, жүз мыңда-
ған оқушысы бар газеттің сенімін ақтап əрі газеттің беделін түсірер,
артық-кем, ұшқары пікірлерге тосқауыл боларлық мекеме (мəселен, Тіл
білімі институты) маман адамдардың (газет
қызметкерлері арасында
лингвист-ғалымдар жоқ) бекітілгені құба-құп болар еді. Бұл орайда бір
кездері «Қазақстан əйелдері» журналы ұйымдастырған «Тіл төркіні»
(материалдар академик Ə.Т.Қайдаровтың редакциясымен жариялана-
ды) рубрикасы іспетті шаралардан көп нəрсе үйренуге болар еді. Осы
бөлімнен 1982, 1983 жылдары жарияланған материалдардың дені дə-
лелді, сапасы жағынан ғылыми этимологияларға жақын болып келеді.
Құр жорамал, ғалымдар талқысына салынар пікірталастардан ада, айтар
ойы тиянақты, факті, дəлелі көп мақалаларды қалың оқырман қауым
əрқашан сүйсіне оқиды. Соңғы кезде «Жұлдыз» журналы «Алтыншы
дəптер»
деген бөлім ашып, тіл тарихы мен этимологияға қатысты
материалдарды көптеп жариялай бастады. Этимологиямен айналысып
жүрген ғалымдарымыз осы мүмкіншіліктердің бəрін толық пайдалана
білсе, «қызықты» этимология тек насихат құралы ретінде ғана өмір сү-
ріп қоймай, ғылыми этимологияның құрамдас бір бөлігіне айналар еді.
Достарыңызбен бөлісу: