Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет51/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   116
*бүлдір=
B?l түбірі М.Қашқари сөздігінде «қираған», «ескірген» дегенді 
білдіреді /МК. 1 Т. С.335/. Қазақ тілінде *бүл тұлғасы қосымша 
форманттарсыз кездеспейді, қараңыз: бүлдір=, бүлін=, бүлік жəне 
т.б. Р.Сыздықова батырлар жырларында Бұқар жырау, Махамбет шы-
ғармаларында жəне басқа да тарихи жырларда бүлу
94
етістігінің 
қолданылатынын атап көрсетеді:
Төбесінен ұрды деп,
Шырағым, атқа мін – дейді
Қалың қыпшақ бүлді – деп
Көрмегенін көрді деп,
Қобланды да жеткенді. 
* сызда=
М.Қашқаридың сөздігінде siz= «ағу», «сорғалау» мағынасында 
кездеседі /МК. ІІІ Т. С.182/, қырғызша – сыз= «тамшылау»/ЮКРС. С.675/. 
Бұл тұлғалар мағынасы бойынша қазақ тіліндегі сыздықта=,сыздық-
тап ағу етістіктерімен жақын. Ал сыздап ауыру мағынасындағы аффикс-
сіз тұлғасы алтай тілінде кездеседі /249/
95
, қараңыз: сыс «сырқырау», 
«сүйектің сырқырауы». Қазақ тілінде сызда=«бебеулетіп, солқылдатып 
ауыру, ауысп. «шірену», «менменсу», «паңдану» (ҚТС, 594)». Осы 
94
Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980. 47-б.
95
Баскаков Н.А. Диалект ... С. 249


113
мағынаны «ағу», «сорғалау» есімдік мағынасының семантикалық да-
муының нəтижесі, яғни ауыспалы деп тұжырымдауға болады. Қазақ 
тілінде осындай бірқатар сөздерді табуға болады: сыздан= «маңғазда-
ну», «ызғарлану», сызыл= «сыпайы мінез көрсету», «кербездену»; 
сызыл: сызылтып əн салу.
Қорыта айтқанда, түбір негіздер ұшыраған семантикалық өз-
герістерді, сондай-ақ зерттелетін морфемалардың құрылымдық тұл-
ғасын өзгертуде орын алған фонетикалық процестерді, оның ішінде 
түркі тілдерінің арасындағы байқалып отырған осы тілдерге тəн нақты 
сəйкестіктерді, сондай-ақ «шекаралық құбылыстар» ретінде дəстүрлі 
анықталатын, яғни морфемалар тоғысында өтіп жатқан өзгерістерді 
анықтау (оның ішінде мағыналардың тарылуы немесе кеңеюі, сөзжасам 
элементінің мағынасын жоғалту жəне т.б.) морфемалық жəне модель-
дік талдау негізінде жіктелетін түбір морфемалардың этимологиялық 
реконструкциясы сөздің құрылымдық дамуының объективті заңды-
лықтарын ескеру кезінде ең жақсы нəтижелерге жеткізеді.
Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеудің 
принциптеріне сай мақала үлгілері
Этимологиялық сөздік жасаудың жалпы жобасы түркология са-
ласында біршама қалыптасқан. Ол туралы қажетті мағлұматты біз 
жасаған сөздіктердің үлгісінен де жəне сол сөздіктерді жасаудағы ғы-
лыми зерттеулерден де алуға болады. Бірақ кез келген мағлұмат қазақ 
тілінің этимологиясын ашуға жарай береді деуге болмайды. Жалпы 
мəселелерді болмаса, этимологияның нақты мəселелерін шешуге ондай 
мағлұматтардың бəрі бірдей толық жарамайды.
Міне, сондықтан этимология қағидалары əрбір тіл бойынша жеке 
қарауды талап етеді. Мысалы, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтары 
мен тілдік қалыптасуының басқа тілдермен кейбір ұқсастығы болса да, 
оған негіз болған тарихи жəне мəдени себептері, қол жеткен өркениеті 
əр түрлі. Сондықтан “Қазақ тілі этимологиялық сөздігінің” ғылыми 
принциптерін жеке арап, оны дəйектейтін көрнекті тілдік деректердің 
этимологиялық үлгілерін көрсетуді жөн көрдік.
Қазақ тілінің де түбір сөздерден тарайтын, жалғамалы тілдердің 
тобына жататыны белгілі. Жалғамалы тілдерде түбірге жалғау-жұрнақ-
тар өз тəртібімен, бірінен кейін бірі жалғанып, түбірлер көбіне-көп 


114
туынды түбір түрінде қолданылады. Ал ілкі түбірлер тілімізде мағынасы 
күңгірттенген, жеке-дара қолданыла бермейтін, дыбыстық өзгерістерге 
көп ұшырайтын, т.б. құбылыстарға көп душар болатын элементтер 
ретінде сөз құрамында көбіне “жасырын” күйінде тұрады. 
Осы тұрғыдан қазақ тілін этимологиялық тұрғыдан пайымдап 
қарайтын болсақ, түбір сөздердің бəрі бірдей, мағынасы өте кең, жеке-
дара қолданылатын элементтер емес. Біздің пайымдауымыз бойынша, 
“түбір”, “түбір сөз” деп аталатын элементтердің барлығы – тіл-тілдің 
бəрінде де оның даму, қалыптасу тарихымен бірге ең көне замандарда 
шыққан жəне əрбір тілдік ортада тілдің ішкі даму заңдылығы мен тілден 
тыс себептерге байланысты өзгеріп, қалыптасып, дамып, өзгеріп келген 
құбылыс. 
Бұл өзгерістердің барлығы – тілдердің тұрақтанған бүгінгі қалпын-
да əлі де сақталып келе жатқан құбылыс. Осыған байланысты қазақ 
тіліндегі барша түбір сөздерді ең алдымен төрт түрлі топқа бөліп қарау-
ға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет