Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет50/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116
* бағжи=
*Бақ= түбірі А.М.Щербак көрсеткен жалпытүркілік бірбуынды 
сөздердің тізімінде /ЩФ. С.195/, Көнетүркі сөздігінде /ДТС. С.81/, көне 
өзбек сөздігінде /ФСЯ. С.197/, қырғыз тілінде /ЮКРС. С.68/ жəне т.б. 
деректерде қара= деген мағынада кездеседі. Қазақ тілінде бақ негізі 
жалаң күйінде «мал бағу», «күту», «тəрбиелеу», «өсіру» жəне «бір 
нəрсені аңғару» (ізін бағу, көзін бағу) сияқты тіркестер құрамында 
ауыспалы мағынада қолданылады. Дегенмен, бақыла=бақырай= туын-
ды етістіктерінің бақ түбірімен мағыналық жақындығы байқалады. 
*балқы=
«Оттың қызуынан өзгеру, жұмсару» мағынасындағы балқы етіс-
тігінің қазақ тілінде, сондай-ақ, «елту», «рахаттану», «бал-бұл жану» 
сияқты ауыспалы мағынасы бар.
91
Батманов И.А. Язык Енисейских памятников древне-тюркской письменности. Фрунзе, 1959. 
С.55 
92
Егоров В.Г. Этимологический словарь чувашского языка. Чебоксары, 1964. С.167.
93
Л.С.Левитская. Историческая морфология чувашского языка. М., 1976. С.177 


112
Э.В.Севортянның этимологиялық сөздігінде келтірілген бал тү-
бірінің басқа да мағыналарын бірге қарау қисынды сияқты: 1) жылтыр, 
жарқырау; 2) жарық, шағылысу; 3) найзағай – түрік диал.; 4) шағылысу; 
5) нұрлану, жылтырау; 6) шұғылалану жəне т.б. Осының нəтижесінде 
Э.В.Севортян бастапқы тұлға ретінде *бал дыбысбейнелеуші негізін 
көрсетеді: чувашша –пал «оттың жануы немесе түтіннің шығуы», 
қырғызша – бал-балжан= «жану», «түтіндеу» (адам туралы), ұйғыр 
диал. –бал-балда= «асқақтау», «серпілу» /ЭСТЯ. ІІ Т. С.56-57/. Сонымен 
бірге бал түбірінен тараған тағы бір сөзжасамдық қатарды көрсетуге 
болады: бал, бала, балапан, балауыз, балауса, балбыра=, балғын, балдыз, 
балдыр, балқаш, балшық. Бұл арада жоғарыда көрсетілген бал түбірі-
нің ауыспалы мағынасы айқын көрінеді.
Осы негіздерді *bal түбірінің семантикалық дамуының нəтижесі 
немесе өзге омонимдік түбірден тараған деп айту қиын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет