Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет49/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116
* ырға= 
М.Қашқари сөздігінде берілген етістік түбірі қазіргі түркі тілдерінде 
«тыныштықты бұзу», «жүргізу» сияқты жалпы мағынадағы бірқатар ИЕ-
терді туғызған: ырға= «əрі-бері шайқап қозғау»; ырғал= «əрі-бері толқу, 
жайқала қозғалу», ырғы= «шошу», «селк ету» мағынасындағы /МК. 1 
Т. С.72/, «екпінмен тез қарғу», ыршы= «селк етіп ытқып кету». Соңғы 


108
екі етістік (ырғы=, ыршы=) М.Қашқаридың сөздігіндегі байырғы түбір 
етістікке семантикалық тұрғыдан жақын, бірақ жалпы топтан біршама 
ерекшеленеді. Э.В.Севортян келтірген туынды ИЕ де осы мағынаны 
береді. Қараңыз: ырға= «селк ету» /ЭСТЯ. 1 Т. 660 Б./. 
Ал, керісінше, алдыңғы екі етістік түбірден ырға: ұзын ырғасы; 
ырғақ, ырғал: ырғалып-жырғалып т.б. туынды сөздер туған.
*адас=
Э.В.Севортян осы түбірді оның түркімен, əзірбайжан (диал.), қа-
рашай-балқан диалектісіндегі фонетикалық ұқсас азаш= «жолдан ада-
су», «адасу» тұлғасымен салыстырады жəне оны az «жолдан адасу», 
«адасу» түбірінен шығарады, ауыспалы мағынасы «мүдіру», «қателесу» 
/ЭСТЯ. 1 Т. С.88./ деп көрсетеді. 
Көнетүркі тілінде az түбірінен жасалған көптеген туынды түбірі 
кездеседі. Бұл оның бұрынғы белсенділігі мен дербестігін көрсетеді. 
Қараңыз: aza «адасқан», «жолдан адасу», az?l= «адасу», «адасып кету» 
(жол туралы), azit= «жолдан тайдыру», «аздыру», azm??= «адасқан» /
ДТС, С.72-74/. 
Қазақ тілінде *аз түбір сөзі тек ауыспалы мағынасында ғана қол-
данылады, ал тікелей мағынасы тек адас= туынды түбірінде қоланыла-
тын *ad фонетикалық вариантымен беріледі, сондықтан қазақ тілі үшін 
ол архетип болып саналады. Көнетүркі тілінде ad көптеген туынды 
түбірлерде кездеседі. Мысалы, ad?r= «бөлу», «бір-бірінен ажырату», 
«адастыру», adr?l= «қоштасу», «адасу», «бөліну», «ажырату» жəне т.б. /
ДТС. С.11-13/.
Жоғарыда келтірілген етістіктерге қазақ тіліндегі айыр=, айрыл= 
етістіктерінің фонетикалық паралель болатынын түсіну қиын емес 
(қараңыз: аδ?r=, aδ??=, аδr?l=, аδr??=), /ДТС. С.15-16 /. 
az~ad~aδ~ай түбірлерінің жəне олардан жасалған етістіктердің 
семантикалық жақындығы даусыз. Э.В.Севортян осы топқа көне 
ескерткіштерде кездесетін жəне қазіргі тілдерде «адасу», «күнəһарлық» 
мағынасында сақталынған jaz тұлғасын /ЭСТЯ.1Т.C.95 / жəне *жаз 
түбірінен жасалған: жаза: (жаза басу), жазғыр=, жазық, жазықты 
жəне т.б. қосады. 
*аз нұсқасымен салыстырғанда жаз= етістігі көбінесе ауыспалы 
мағынасында қолданылады, ал қазақ тіліндегі тура мағынасы тек көз 
жазу тіркесінде ғана сақталған. Қара татарлардың диалектісіндегі дьас= 
етістігінде «мүлт кету», «қателесу» мағынасы бар
86

86
Кайдаров А.Т. Структура ... 239 С.


109
Сөйтіп, адас= туынды етістігінің байырғы түбірін шамамен бы-
лайша елестетуге болады: /й/ жаз~ад~ай.
* аңқы=
Моңғол тілінде аң лексемасының «саңылау», «қуыс», «жарықшақ» 
мағынасы бар. Одан аң+а= «ашық болу» етістігі жасалған. Сондай-ақ, 
якутша аң «саңылау», «кіре беріс», «өткел»; ал аң+а= «ашық», қырғыз-
ша – аң «шұңқыр», «жыра»
87
/ЮКРС. С.58/. Қазақ тілінде осы мағына-
дағы аң лексемасы тек диалектіде ғана кездеседі /ҚТТС. 1 Т. 271б./.
Негізгі («ашылу») мағынамен қатар, соған сабақтас 1) «таралу», 
«шығу» (иіс туралы)) жəне 2) «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 
келтірілген мағыналары аңқы – «екпінмен, бар пəрменмен жүру, қозғалу» 
(ҚТС. 40б.). 
Қараңыз:
Кім жетсін тау баурынан соққан желге,
Дəл сондай аңқыды аттар жазық жерде
Тау төсін дүрсілдетіп, дүбірлетіп,
Таласты осы төрт ат Ерейменге.
Осы мағынаны сондай-ақ қазақ эпостарынан да кездестіруге болады: 
Кешегі кеткен қосынға
Жетемін деп Қобыланның
Жоқ еді тіпті есінде
Бұлаңдаған Бурылмен
Артық туған Қобыланды
Аңқып жетті бесінде
88
аң түбірінің жалпы мағынасы – «ашылу», «таралу» (қандай-да бір 
«саңылау», «қуыс» жəне т.б., яғни «ашық жер»).
Демек, қазақ тілінде бұл түбірдің жалаң күйінде кездеспейтінін, 
тек сөзжасамдық қатардағы ортақ семантикалық арқауын байқап, ортақ 
*аң түбірін жорамалдай аламыз: аңғал, аңғал-саңғал, аңқа: аңқысы кебу
аңқай=аңқы=,аңырай= , аңырақай «желі көп, құмайт, ашық жер» т.б.
*арба=
*ar түбірі көнетүркі ескерткіштерінде «алдау», «өтірік айту», 
«иліктіру» дегенді білдіреді. Арба= етістігінің *ar түбірімен төркіні 
87
Шалкиіз жырау // Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 19. 44-б.
88
С.Е.Малов. Памятники древнетюрской письменности. М., Л., 1961. С.362. 


110
даусыз сияқты көрінеді. Солай болса да, осы етістік түбірінің эти-
мологиясына қатысты ғалымдар пікірі сан алуан. Бірқатар ғалымдар 
арба= негізінің байырғы түбірі «магияны» білдіретін *ab болып табыла-
ды деп тұжырымдайды. Осындай жағдайда арба= туынды түбірін 
метатеза нəтижесі деп те қарауға болады. Мұндай жағдайлар түркі тілінде 
жиі кездеседі. Қараңыз: тебре?~тербе, өпке~өкпе, қақпа~қапқа жəне т.б.
Бұл тұрғыда ұқса= етістігін талдау қызығушылық тудырады. 
Салыстырмалы-тарихи талдаудың көмегімен оның да метатезаға ұшы-
рағандығы анықталуда. Басқаша айтқанда, *ұқса= тұлғасын байырғы 
деп санауға болмайды. Дұрысы – осқа=. Мұнда *ос түбірі осы, осындай, 
осылай сөздерімен түбірлес болып табылады. Осы нұсқаға дəлел ретін-
де чуваш тіліндегі
89
ошқын «осындай», сондай-ақ алтай тілінде
90
– ошқо= 
«осындай болу», «ұқсас», ошқол «ұқсас», ошқош «ұқсас» нұсқалары 
қызмет етеді. 
Жоғарыда баяндалған көзқарасқа байланысты арба= етістігімен 
қазақ тіліндегі мынадай сөздерді түбірлес деп санауға болады: абжылан
абдыра=, абыржы=, аптық=, абыр: абыр-сабыр, апақ-сапақ, апат, 
аптап т.б.
*апшы=
Э.В. Севортян өз сөздігінде сондай-ақ av түбірінің қосымша ма-
ғынасын көрсетеді: 1) ұйғыр тілінде – «қуу», «спорт»; 2) түрік диа-
лектісінде «қуу», «қуып жіберу» /ЭСТЯ. 1 Т./. Бізге түбірдің осы мағына-
сы апшы= туынды түбіріне жақын сияқты. Семантикалық тұрғыда 
бұл ойды нақтылайтын осы етістікті басқа да ИЕ-мен жақындастыруға 
болады: аптық=апыл=, абыржы=.
Сондай-ақ қазақ тілінде «əбігершілік», «қарбалас», «асығыс» жəне 
т.б. жалпы мағынасындағы бірқатар туынды сөздер бар. Қараңыз: абыр-
сабыр, апай-топай,апақ-сапақ,апы кіріп күпі шықты, апыл-ғұпыл,
апыр-топыр.
*айық=
Тұлғасы түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін туынды 
түбірлердің, соның ішінде қазақ тіліндегі – айық= «өзіне өзі келу»; 
айыр= «жару», «анықтау» т.б.; татар тілінің диалектісіндегі – айыл= «есін 
жию» /ТРС. С.10/, хакас тіліндегі – айыл= «ояну», айын= «босау», 
89
Баскаков Н.А. Туба ... С.114 .
90
Пекарский Э.К. Словарь якутского языка. СПб., 1907. 1 Т. 100, С.144 .


111
«сауығу»; айығ= «есін жинау» /ХРС. С.21/, көне түркі тіліндегі аδ?γ 
«сау», аδ?l=, аδ?n= «сауығу» /ДТС. С.14-15/ т.б. құрамы *ай түбірін 
табуға мүмкіндік береді. Бұл түбірдің аффикстік морфемамен сіңіспеген 
түбір тұлғасын Э.В.Севортян өз сөздігінде келтіреді /ЭСТЯ. 1 Т. С.113/. 
* безе=
Біз қарастырып отырған негізді «əрлеу» мағынасындағы bediz 
сөзімен байланысты қарастырған ғалымдардың пікірімен келісеміз. 
Бұл безе= жəне bediz тұлғаларының ерекше семантикалық негізімен 
дəлелденеді: 
1. бедиз «өрнек» (қырғ.), бедер (қаз.)
91
;
2. bedi?=«бірлесіп əрлеу»; bediz «ою», «өрнек», «əрлеу»; 
bediz= «безендіру»; bedizči «ағашты, тасты оюшы» /ДТС. С.90/. 
* безер=
*без тұлғасын біз, біріншіден, чуваш тілінде
92
кездестіреміз. 
Қараңыз: пис.= «салқындау», ауысп. «жатырқау», p?s?r= «қыраулану» 
(p?s «қырау»). Екіншіден, татар тіліндегі – «қырау» жəне «қырау түсу» 
мағынасындағы безер етістігі
93
/ТРС. С.17/. 
Қазақ тіліндегі безер етістігінің мағынасы жоғарыда келтіріл-
гендермен салыстырғанда, ауыспалы деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет