ЗЫР-ЗЫР е л і к. 1. Тез зымырағанда шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. Мен шахтаның ақыны, Арамыз тек екі күн ғой. Зыр-зыр, зыр-зыр, Ол зыр-зыр жүгіріп жүрген екпін ғой (С.Ерубаев, Шығ.). 2. Шыр көбелек айнала бергендегі дыбысты бейнелейтін сөз. Алдындағы бұрғы сияқты ұршығы зыр- зыр айнала береді (М.Сәрсекеев, Кішкентай.).
Зыр-зыр етті. а) Тоқтаусыз зырылдады. Шеберхана ішін зыр-зыр еткен станоктар үні көңілді күйге бөлегендей (“Лен. жас”). ә) Зар қақты, безектеді. Қазір де осы жағын еске алып біразы қорқып, рентген десе зыр-зыр етіп жолатпайтыны содан (З.Шашкин, Доктор.).
Зыр-зыр қақты. Зырылдады, әрлі-берлі жүрді. Зыр-зыр қаққан доңғалақтар лайсаң біткенді қара жолдың қойнынан суырып алып жатқандай (“Лен. жас”).
Зыр-зыр қашты. Қолды-аяққа тұрмай, безек қақты, жолатпады. Партия мен үкімет қаулыларын оқы десең, бұлар бетінен басып, зыр-зыр қашады (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі).
ЗЫРҚ е л і к. Солқ еткенді, күтпеген жерден төмен түсіп кеткендегі күйді бейнелейтін сөз. Зырқ етті. а) Солқ етті, зырқылдады. Қазір бәрі де үнсіз, қар суымен ойылып кеткен жолда, машина зырқ еткен сайын мазасы кетеді (Ә.Әбішев,
Ғаламат). Оның ауыр денесін көтере алмағандай жұмсақ кереует зырқ етті (Х.Рахимов, Қызғалдақ). ә) Қатты шаншып ауырды.Шүйдем тақтайғатаңқ етіп оңбай соғылды. Зырқ етіп миым аузыма құйылғандай болды (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
Жүрегі зырқ етті. Шошып кетті. Гудок даусы шықты десе, Тәлімнің жүрегі зырқ еткендей боп тынышсыздану басталады (Б.Майлин, Шығ.).
Бастық дауысынан жүрегім зырқ ете қалды (Н.Сералиев, Ыстық күлше).
Осы келіннің қабағы жадырап, бір күлгенін көрген емеспін... Сораңдай есіктен кіріп келе жатқанда, жүрегім зырқ етеді (З.Шүкіров, Шығ.).
ЗЫРҚ-ЗЫРҚ е л і к. Қайта-қайта зырқылдаған, солқылдаған күйді бейнелейтін сөз. Зырқ-зырқ етті. Солқ-солқ етті, зырқылдады. Паравоз тағы да зырқ- зырқ етіп, бір шыңғырып алды да, орнынан қозғала берді (Қ.Сералиев, Кілт.).
237
Машиналар зырқ-зырқ етіп нақ бір миынан өтіп жатқандай (Д.Досжанов,
Зауал). Тамырым тулай соғып, шекем зырқ-зырқ етеді (“Лен. жас”).
ЗІРК е л і к. Қорс етіп, аяқ астынан, ойламаған жерден дүңкілдеген дыбысты бейнелейтін сөз. Зірк етті. Зіркілдеді, зекіді. Жұмабек сөзін бастай беріп еді, Омар зірк етіп, сөзін бөлді (Б.Тілегенов, Аққайнар). – Е, не жеппін бұдан! – деп Досай ат үстінде тұрып зірк ете түсті (І.Жансүгіров, Шығ.).
ЗІРК-ЗІРК е л і к. Қайта-қайта зіркілдеген, діңкілдеген дыбысты бейнелейтін сөз. Зірк-зірк етті. Зекіп ұрысты, зіркілдеді, дікеңдеді. Кіріңдер үйлеріңе! – деп Мұқажан артына бұрылып, зірк-зірк етіп жүр (Б.Тілегенов, Аққайнар).
-И- ИЗЕК е л і к. Бастың, т.б. жоғары-төмен баяу қозғалысымен сипатталған жай, ырғақты жүрісті бейнелейтін сөз. Бірақ Әлекең тақымдауын қоймай, сол изек жүріспен Кеусер өзеніне түсқайта әрең жеттік (Ғ.Орманов, Жүрек).
Изек қақты. Қайта-қайта басын шұлғып, дедектеді. Айбас та жымыңдап: – Жөн-ақ екен, түбі қайырлы болсын, – деп изек қақты (Ә.Ақбаев, Қара боран).
ИЗЕҢ е л і к. Ілбіген, жай, ақырын ырғақты қозғалысты бейнелейтін сөз. Елдерінен шыққалы еттерінен екі елі жырақ кетпеген екі елі қыл арқан кесіп, қанталап қалған білектері түйенің изең жүрісінен қайтадан қажалып, бебеулете түсті (Ә.Кекілбаев, Дала.). Төрт бұрышты, Изең жүрісті, Қатаның қасы, Түзеудің басы (Қ.Мырзалиев, Алуан.). Қызыл қоспақ бір бақ етіп жолға түсті де, кәдімгі балпаң изеңіне басты (Р.Райымқұлов, Болат.).
Изең қағу. Изеңдеп, ырғақпен қозғалды. Малдыға изең қағып, көңілін бағып, Басым да елді алдадың құры “алдалап”, Тоқтам қыл, билікті бер, мүшелерім! Осыны “ождан” сүймей жатыр зарлап (І.Жансүгіров, Шығ.).
ИЗЕҢ-ИЗЕҢ е л і к. Қайта-қайта қайталанған ілбіген, жай, ақырын ырғақты қозғалысты бейнелейтін сөз. Ұзақ жол, көктем күні, түйенің іш пыстырар изең-изең басқан аяғы жолаушыны қажытқан да болса керек (Р.Райымқұлов, Түйелі адам.). Кежір құнанның өнбейтін изең-изең жүрісі шаршатты ма, әлде елге келгеннен бері жанын жегідей жеген ой қажытты ма, суретші ұйықтап жатып шым-шытырық түс көрді (Т.Рахымжанов,
Оралу.). Әкем әлі сол қалпы, ат жүрісімен жансыз қарақшыдай ілгері-кейін изең-изең етеді (К.Салғарин, Соқпақ жол.).
ИМЕҢ е л і к. Иіліп, бүгіліп алып, бүрсеңдеген қысқа қозғалысты білдіретін бейнелеуіш сөз.
238
Имең қақты. а) Имеңдеді, бүрсеңдеді. Суық жел суын бүркіп, сүйрең қақты Бүріккен су, сай қуалап ирең қақты. Жатқан мал, жанбасына су тиген соң, Ық іздеп, қуыс қуып имең қақты (А.Тоқмағамбетов, Дастандар). ә) Маймаңдады, құрдай жорғалады. Жыландардан жирендің, Итере алмай имендің, Имең қақтың қылымсып, Топыр болды, той болды. Кәрі-жасы ыбырсып (І.Жансүгіров, Шығ.).
ИМЕҢ-ИМЕҢ е л і к. Иіліп, бүгіліп алып, қайта-қайта бүрсеңдеген қозғалысты білдіретін бейнелеуіш сөз. Имең-имең етті. Итеңдеді, маймаң-маймаң жүрді. Қарақасқа орнынан созалаңдап әрең тұрды. Аяқтағы дәмді қымызды да қимаған түрі байқалады, ауызы жаялықтай болып жаланып, дастарқанға қарай береді. Ақыры имең-имең етіп шығып кетті (А.Нұрманов, Құлан.). Қамила: Ойбай-ай, бетім-ай, құрып қалсын қойдың басы. Шөккен түйедей имең-имең еткені несі (Д.Еркінбеков,
Шығ.).
ИРЕҢ е л і к. Әрлі-берлі бұралып қозғалғандағы қысқа қимылды бейнелейтін сөз. // Ирек, ирелең. Дүкеннің асты үш қабат, күңгірт, Көртышқанның ініндей ирең. Жауға қазған көрдей жым-жырт. Қызыл шапталы қабағын түйген (Т.Әлімқұлов, Боз жорға).
Ирең де ирең. п о э т. Иір-иір, ирелеңі, қалтарысы мен бұлтарысы көп. Кетсең-ақ үйден бір шығып, Қалады жылап жыршылық. Ирең де ирең тағдырың, Күйбең де күйбең тіршілік! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Ирең етті. Ширатыла жиырылды, иреңдеді. Меркебек енді жамбасқа тиісе бергенде, алдынан бір жылан ирең ете қалды (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.).
Ирең қақты. Ирелеңдеді, бұралаңдады. Бетін ирек, езуін көбік жапты, Кейде іркіліп, кейде орғып ирең қақты (Ш.Әбенов, Ортақ арал.).
ИРЕҢ-ИРЕҢ е л і к. Әрлі-берлі бұралып қозғалғандағы қайталанған қимылды бейнелейтін сөз. // Ирелеңдеп. Астың тас, айналаң тау, қырың орман, Ағады күміс бұлақ ирең-ирең (Ғ.Малдыбаев, Қырым қызы). // Изең-изең. Ай жарығында ирең-ирең қозғалған ақ түйе елеңсіз жатқан елдің желкесіндегі ең соңғы қыр басына да иек артты (Р.Райымқұлов, Түйелі адам).
Ирең-ирең еткізді. Қайта-қайта иреңдетті. Меркен жуан, қызыл белдеулі біреуін алды да, ирең-ирең еткізіп, қармағына кигізе бастады (М.Мағауин, Көк
кептер).
Ирең-ирең етті. Қайта-қайта иреңдеді. Тілеуіштің көзі шедірейіп, тырна мойны ирең-ирең етті (Ә.Сараев, Тосқауыл).
-К- КЕЙКЕҢ 2 е л і к. Басын оқыс, шалт кегжең еткізгенді, бұрғанды бейнелейтін сөз. Кейкең еткізді. Басын кегжитті, кейкеңдетті. Көзіне көзім түсуі мұң екен, мені шақырғандай басын кейкең еткізді (С.Сарғасқаев, Тәмпіш қара).
239
КЕКЕҢ 2 е л і к. Бір нәрсеге шамырқанғанда, шамданғанда жақтырмағанын білдіріп, басын кегжите шалқайып кекек еткізгенін бейнелейтін сөз. Басын кекең еткізді. Басын кегжеңдетті, кекеңдетті. – Менің сыйлағым келеді, – Жанет та басын кекең еткізді (“Қаз. әдеб.”).
Кекең қақты. Кекең-кекең етті; кекірейді, кердеңдеді. Кей дос бар, кекең қағып бұлданатын, Кей дос бар, қарап отырып тұлданатын. Нағыз дос бар-жоғыңа қарамайды, Сыр бүгіп, мінезі жоқ ұрланатын (М.Хакімжанова,
Намыс).
КЕКЖЕК е л і к. с ө й л. Кегжең 2.
Басын кекжек еткізді. с ө й л. Басын кегжең еткізді. Мұқтар әбзелді сыпыра берем дегенде кер бесті басын кекжек еткізіп оқыс тартынып қалды (Бәйшешек). Сөйткенше мұп-мұздай су тас төбесінен шыққандай, басын кекжек еткізді (“Қаз. әдеб.”).
КЕКЖЕҢ е л і к. Кегжең (басын оқыс көтеріп алып, артқа қарай сілкіп қалғанды бейнелейтін сөз). Басын кегжең еткізді [етті]. с ө й л. Басын кегжең еткізді (басын оқыс көтеріп алды, артқа қарай сілкіп тастады, кекшеңдеді). Деміл-деміл көзіңе түскен шашын басын кегжең еткізіп, кейін сілкіп қояды (С.Сарғасқаев, Біз
төртеу.). Бірақ Өрбике басын кегжең еткізіп: – Мен оның қатыны болғым келмейді. Ол тым кәрі, маған күйеу болғаннан әке болуға лайық. Сәнді Сүлеймен әрі жас, әрі көркем, ол бұдан да көп береді. Оған тек мен бір ауыз сөз айтсам болғаны, – деді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Оның ызадан қаны қашып, мойнына құрық түскен асаудай басы кекжең ете қалды (І.Есенберлин,
Жанталас).
КЕКЖЕҢ-КЕКЖЕҢ е л і к. Қайта-қайта кегжеңдегенді бейнелейтін сөз. Кекжең-кекжең етті. с ө й л. Кегжең-кегжең етті (басын жиі кекжеңдетті). Айғырдың маңдайын, алқымын қамшымен білем-білем қылды. Байғұс кекжең- кекжең етеді, көзін тарс жұмып алған (Қ.Мұханбетқалиев, Жұлдызды.).
КЕКШЕҢ е л і к. Басын, иегін шұғыл көтеріп, алғандағы кейіпті бейнелейтін сөз. Кекшең еткізді [етті]. Басын шұғыл көтеріп алды; кегжең еткізді. Бірақ лезде кекшең еткізіп басын көтеріп алды (Т.Ахтанов, Дала.). – Шынымды айтайын ба? – деді Нұри иегін кекшең еткізіп (М.Иманжанов, Көк белес). – Білгенде келмеуші ме ең? – Нұқы қарттың сақалды ұзын басы кекшең етіп, өткір шегір көзі Салыққа қадала қалды (Ә.Сараев, Қараша.).
КЕКІРЕҢ е л і к. Оқыстан, бірден шалқақ ете түскенді бейнелейтін сөз. Кекірең етті. Шалқақ ету, кілт ету. Мына белдің қылып отырғаны-ай! – деп, белін жазған кісіше кекірең ете түсті (Е.Қонарбаев, Түнгі от).
КЕЛТЕҢ е л і к. Шолтаң еткенді бейнелейтін сөз.
240
Келтең етті. Шолтаң етті.
КЕҢК е л і к. Мырс еткен қысқа дыбысты күлу не жылау кезінде дауыстың үзіліп шыққанын білдіретін сөз. Кеңк етті. Мырс етті, қысқа дыбыс шығарып күліп жіберді. – Шынымен- ақ сонысын мақтаныш қылып жүр ме екен? – деп, Медет жатуға кеткенде әкесі кеңк етіп күлді (К.Баялиев, Дегелек.). Сен, тәрізі, шешең Ақбалаға тартқансың-ау, – деп қария бір кеңк етіп алды (А.Сатаев, Дала.).
КЕҢК-КЕҢК е л і к. Қайта-қайта кеңкілдегенді білдіретін сөз. Кеңк-кеңк күлді [жылады]. Кеңкілдеді; кеңк-кеңк етіп дауыстап күлді немесе жылады. Атам біреуге риза болса кеңк-кеңк күле беретін. Бұл жолы да солай келеді екен (Қ.Сәрсекеев, Кілт.). Күйініп кеңк-кеңк жылап адам үні, Үздігіп тілдескендей күй мазмұны (І.Жансүгіров, Поэм.).
КЕУДІР-КЕУДІР е л і к. Кеуіп қалған матаны, қағазды т.б. қозғағанда, ұстағанда шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. Көйлегіміздің арқасы аппақ тұз, кеудір-кеудір етеді (“От ортасы”).
КИКЕҢ е л і к. Изең-изең еткен ебедейсіз қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз. Кикең-кикең етті. Изең-изең етті, изеңдеді. Өк, көк өгіз, ошақ болғыр! Сүйкенбе, өк! Мүйізіңді нық қадап тұр икемдеп, Құлатасың кикең-кикең етем деп (І.Жансүгіров, Шығ.).
КӨЛБЕҢ е л і к. Екі жаққа кезекпе-кезек толқынданып ырғатыла қозғалған қимылды, бір ырғақпен майысып жүруді, етектің желбеңдеуін бейнелейтін сөз. Көлбең қақты [етті]. а) Көлбеңдеді, еріксіз көз тартты. Бәденді бәйбіше көлбең қағып Сары шаянға ұсталмаған ақ түбіт сүлгі ұсына берген еді (Б.Әбдіразақов, Сандалкөк). Сол қақпадан көлбең еткен қызыл ала халаттың шалғайы көрінгенше, төзім де таусылып бітеді (Ш.Мұртазаев,
Табыл. теңіз). Анадайда жарқырап жатқан жалпақ дария бетінен дірілдеп бу көтеріліп, ақ торғындай көлбең қағады (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
ә) Елестеді, көз алдына келді. Қайран менің ақ пейіл досым, өмір бойы сол бір қалпың көлбең қағып көз алдымнан кетер ме?! (С.Ғаббасов, Ана.).
Осы жолдар Аманкелді айтып отырғанда тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, көз алдынан көлбең қағып өтіп жатады (С.Мәуленов, Жер
нәрі). Өмекең айтқан бір белгі тағы да көңілінде көлбең ете қалып, еріксіз жетелеген-ді солай (М.Сәрсекеев, Туған жер.).
КӨЛП е л і к. Тұнып тұрған сұйықтыққа жеңіл зат тосыннан келіп түскенде пайда болатын дыбысты бейнелейтін сөз. Көлге майда тас лақтырғанда, көлп деген дыбыстар шығады (Ауызекі).
Көлп етті. Күп етті. Көбелек келіп көлп етіп, Көбігін ішіп ол кетті. Жапалақ келіп жалп етіп, Жартысын ішіп ол кетті (С.Адамбеков, Көсе.).
241
КӨМП е л і к. Ауырырақ затты терең суға тастап жібергенде шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. Домалап барып суға түскенде, көмп деген дауыс қана байқалады (Ауызекі). Көмп етті. Күмп етті. Пар атпен жетіп келді жар басына, Делбесін тарта байлап арбасына, Шықпыртып шыбыртқымен жібергенде, Көмп етіп қарғып түсті дарияға (Н.Ахметбеков, Аманкелді).
Көмп еткізді. Күмп еткізді, тастай салды. Пай, пай, Мирошниченко, осыларды мамыққа қарғып түскен баладай мүлік ішіне көмп еткізіп тастай салғаны-ай (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ).
КӨСТЕҢ-КӨСТЕҢ е л і к. Сораң-сораң, ордаң-ордаң еткен, көстеңдеген қимылды бейнелейтін сөз. Аяғын көстең-көстең басып біреу келе жатыр (Ауызекі).
КҮБІР-КҮБІР е л і к. Қайта-қайта сыбырлап, еміс-еміс естілетін сөзді, тынымсыз күбірлеген үнді, дыбысты білдіретін сөз. Сол күні түстен кейін кеңсе жақ күбір-күбір, жыбыр-жыбыр боп кетті (К.Қазыбаев,
Ызғар). // Түсініксіз; естілер-естілмес, күбірлеген. Қағазға үңілген Гүлжан қасындағы әйелдердің күбір-күбір сөзіне құлақ аспастан өзімен-өзі болып отыр (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Ботаның құлағына тағы да өз иесінің түсінікті күбір-күбір сөздері шалынды (О.Бөкеев, Қамшыгер). // Күбірлеп, дауысын естіртпей. Аттың пысқырған, алыстағы біреудің күбір-күбір сөйлескені болмаса, жат нәрсе білінбейді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
КҮЖ е л і к. Қатты, жуан, құлаққа дөрекі естілетін қысқа дыбысты білдіретін сөз. Күж етті. Құлаққа жағымсыз, дөрекі естілетін дыбыс шығарды. Өй, шай үстінде әзіл үшін айтқан әңгімені шынға жорып, – деп Байсалбай күж ете қалды (Ә.Қалмырзаев, Қарлығаш). Әдхам үзіп-үзіп күж ете түседі (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
КҮЖ-КҮЖ е л і к. Қайталанып шыққан қатты, жуан, құлаққа дөрекіестілетін дыбысты білдіретін сөз. // Бірді-бірге қайрап салу, егестіру үшін айтылатын сөз. Күж-күж – деп, келемеждеді оны біреу (С.Сейфуллин, Әңгім.). // Ығы-жығы, быжынаған, құжынаған. Түс мезгілі болғансын ба, адам футбол ойынына жиналғандай күж-күж (Н.Сералиев,
Қанат). // Қатпар-қатпар, қыртысы мол. Денесі түйенің жарты етіндей, беті сиырдың қарынындай күж-күж Анар бәйбіше “шұнақ тоқал” мен “көйлекшең қызға” аюдай ақырып, тасқаяқтай қағыстырады (С.Омаров,
Қызыл арай). // Қатты тасыған, тасқыны күшті су, ағын. Тасыған табанда өзен, түксиген құз, Тесіп өтіп атылған тастан күж-күж (Д.Еркінбеков,
Шығ.).
Күж-күж етті. а) Жуан дауыспен қатты сөйледі, күжілдеді. Қора жақтан естілген дауыс біртіндеп ұлғайып, күж-күж етеді (Р.Тоқтаров,
242
Терістік). Терентьев күж-күж етеді, кейде жұдырығын түйіп, шынтағының астына салған мамық жастықты ұрғылайды (З.Ақышев, Ақбел). ә) Мәшине, трактор т.б. нәрселер күрілдеген дыбыс шығарды, салдыр-гүлдір етті, тарсылдады. Сыңар мүйіз сүзеген бұқалардай, Күж-күж еткен танкісін еттің иандыр! Талай тартыс, тар кезең, қиын жолда; Су шайқалмас үстіңнен болып жорға (Біздің Мәлік).
КҮЙБЕҢ-КҮЙБЕҢ е л і к. Тынымсыз, мардымсыз, ұсақ-түйек нәрсемен айналысатын әрекетті бейнелейтін сөз. Күйбең-күйбең етті. Мардымсыз, ұсақ-түйек бірдеңемен айналысты. Алдыңғы орындықта орта жасқа келіп қалған біреу күйбең-күйбең етіп, байыз таппады (Ө.Күмісбаев, Жапырақ.). Шайзада әуелі колхоз орталығындағы күйбең-күйбең еткен жұмысты місе тұтпады (Ә.Кекілбаев, Бір шөкім.).
КҮЛДІР2е л і к. Күңгірлеген, салдырлаған дыбысты бейнелейтін сөз. Салдыр да күлдір тау іші Жез қоңырауларын шайқады. Ақ бас әншінің дауысын Ақ бұлақтардан байқадым (Ө.Нұрғалиев, Нөсер).
Күлдір етті. Салдыр еткен немесе салдырға ұқсас дыбыс шығарды. Қаңсыған, қажыған, қаусаған қара кебежені айғыз тақтайы опырылып, күлдір етті (Ж.Аймауытов, Шығ.).
КҮЛТ-КҮЛТ е л і к. Көлкілдеп ісінген тұрпатты бейнелейтін сөз. Күлт-күлт етті. Күлтілдеп істі. Оң жақ көзімнің айналасы күптей. Қабағымның үсті күлт-күлт етеді (С.Жүнісов, Өшп. із.).
КҮЛІҢ-КҮЛІҢ е л і к. Күлім қаққанды бейнелейтін сөз. Күлің-күлің етті. Күлім қақты, күлімдеді. Ә, құрдас, сенбісің? Кел, шелегіңді суға толтырып берейін… – деп, Бердінің көзі күлің-күлің етті (Ә.Кекілбаев, Бір
шөкім.).
КҮМБІР-ДҮМБІР е л і к. Кейде бәсең, кейде көтеріңкі, күрделі қоңыр дауысты білдіретін сөз. Күннің аптабы қайтатынын бабына келген домбыраның күмбір-дүмбір үні де аңғартып тұр (Т.Әлімқұлов, Сейтек.).
Күмбір-дүмбір етті. Күмбірлеп үн шығарды. Түнгі салқында бабына келіп тұрған саңлақ домбыра күмбір-дүмбір етті (Т.Әлімқұлов, Сейтек.).
КҮМБІР-КҮМБІР е л і к. Бірқалыпты күңгір-күңгір еткен шерткен домбыраның қоңыр үнін білдіретін сөз. Гүл алқабын жайнатқан Өмірде бар жылылық. Күмбір-күмбір күй тартқан, Көңілде бар жылылық (Кел, шырқайық.).
Күмбір-күмбір дала. п о э т. Шексіз, шетсіз, жазық сағым ойнаған дала, қоңыр белдер. Мына мың сан дыбыспен сөйлеп, күмбір-күмбір еткен даланы, арманына арман жалғаған көгілдір аспанды төрт бұрышты қағаз бетіне сыйғызғысы келгендей (Т.Шаханов, Жоғалған.).
КҮМБІР-САМБЫР е л і к. Салдыр-гүлдір етіп күмбірлеген дыбысты білдіретін сөз. Құдыққа тас тастап еді, күмбір-самбыр ете түсті (Қаз. тілі.
аймақ. сөздігі).
243
КҮМП е л і к. Ауыр зат, дене суға сүңгіп түскенде шығатын қысқа дыбысты білдіретін сөз. Күмп берді. а) Тереңге батып, көрінбей кетті, қойып кетті. Нұрлан балағын түріп алып, беттен сабалаған қамысты кейін сырғып, шалқар көлдің мөлдір суын тізесінен кешіп, күмп беріп сүңгіді де кетті (З.Шашкин,
Сенім). Қазанғап бір кезде қалың қарға күмп беріп жоқ болып, ыңқ еткен дыбысы қатты естілді (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). ә) Ойланбай тәуекел деді. Асқар өзіне: – Әуел баста алды-артымды меңзеп, неге ой жүгіртпедім? Көзді жұмып, күмп беріп қойдым да кеттім, – дейді (З.Шашкин, Теміртау.). – Есеп-қисапсыз көз жұмып, күмп беріп түсіп кетпеспіз, қадірлі бас инженер! – деді Дәмеш Мүсілімнен көзін алмай (З.Шашкин, Теміртау.). б) Қарық болып кенелді, байлыққа батты. Европадағы бай клубтардың бірімен шартқа отыра қойса болғаны, ақшаның ортасына күмп беріп түседі де кетеді (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.).
КҮМПЕҢ е л і к. Қоңпаңдаған, құнжыңдаған қозғалысты бейнелейтін сөз. Күмпең қақты. Құнжыңдады, қомпаңдады. – Сатан, сен жеген қойыңнан құтылған болсаң, сенімен осы сиязға түсіп арамтер болып жүреміз бе, – деп Мұқажан кекей күліп еді, билер: – Отырғыз! Отырғыз! – деп күмпең қақты (І.Жансүгіров, Шығ.).
КҮМП-КҮМП е л і к. Іркіт, қымыз сияқты сұйық заттарды піскенде шығатын дыбысқа ұқсас бірнеше рет қайталанған дыбысты білдіретін сөз. Той дастарқаны жайылып, колхоздың қара сабалары күмп-күмп пісіліп, түн асқан сары қымыз түйіршік майлары бетінде қалқып, быж-быж қайнап, сырлы аяқтарға құйылып жатты (Ғ.Мұстафин, Өмір не өлім.). Бір үйде іркіт, бір үйде қымыз пісіліп, күбі шелек пен қара сабаның даусы күмп-күмп естіліп жатады (З.Ақышев, Ақбел.).
Күмп-күмп берді. Бірден суға қойып-қойып кетті. Жейдемізді жүген сыпырғандай, басымыздан асыра бір-ақ ытқытып, шашымыз үрпиген күйі, жарыса келіп, суға күмп-күмп беріп кетеміз (Ө.Қанахин, Жер бас.). Тер сіңіп, шаң басқан мундирлерін асыға шешіп, салқын суға күмп-күмп беріп жатқан көп ішінде қара мұртты, ат жақты, қара көзді ротмистр Шоқан Уәлиханов та болатын (С.Бақбергенов, Біздің колхоз).
Күмп-күмп етті. Өрекпи сөйледі, бөсті. – Е, ағайын-туысқандар, шүкірлік пе? Жат-жаладан қалтпысыңдар? – дегенде, үні күмп-күмп етеді (Ә.Көшімов, Қысталаң).
Күмп-күмп түсті. Қардан жүре алмай малтықты, омбылап батып кетті. Жол бойы біреу “шөк-шөк” деп келе жатқандай етпетінен жығылып, ол қалың қардың көтере алмаған жерінде күмп-күмп түсіп кетеді (К.Қазыбаев, Ызғар).