ҚИҚАҢ-СИҚАҢ е л і к. 1. Қиқайып, қисаңдаған бір қалыпты емес,
қайталанба қимылды бейнелейтін сөз. Қызыл шұға жапқан қиқаң-сиқаң
столдың алдында көздерінде қуаныш жасы мөлтілдей тұрған алты оқушы,
бір мұғалім (“Лен. жас.”). 2. а у ы с. Қылжақтық, бос қиқаңға салынушылық.
Театральщина дейтін қиқаң-сиқаң, еліктеу, құр сыртымен ойнау сияқты
нәрселер (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Оны мен Бөкенбаев арасындағы құнсыз,
мәнсіз сылқың-сылтың, қиқаң-сиқаңдар спектакльді көрушіге пьесаның
басқа мән-жайынан еріксіз тартымырақ боп кетеді (М.Әуезов, Шығ.).
ҚИҚАҢ-ШИҚАҢ е л і к. с ө й л. Қиқаң-сиқаң. Есенгелді опырайған
үлкен қара үйге қадаған көзін аудармай ұстаған бойы сықыр-сықыр, қиқаң-
шиқаң еткен шілтерлі есікті ашты (Ғ.Мүсірепов, Белдерде).
ҚИПАҢ е л і к. Бұлтаң еткен ебедейсіз қысқа қозғалысты бейнелейтін
сөз. // Бұлтарыс, қалтарыс. Гүлім менің осы бір жол өлеңім, Қадірменге
қалап, сыйлап ұсынар, Сөз бе, тәйірі, Сәкеңе алпыс дегенің, Қипаңы жоқ
қиындықтан қысылар (А.Хангелдин, Қыз жүрегі.).
ҚИПАҢ-ҚИПАҢ е л і к. Бұлталаңдаған ебедейсіз қайталама
қозғалысты бейнелейтін сөз.≈ Қипаң-қипаң қозғалу. Қипаң-қипаң етті.
Қипақтады, қипаңдады.
ҚИПЫҢ е л і к. Ебедейсіз болған қысқа қозғалысты бейнелейтін сөз.
260
Қипың қақты. Тынышсызданып, не істерін білмей ожар қозғалады.
Құсыбай молда шымшық торғайдың ұясында жаралған көкектің балапаны
құсап өзі отырған орнына өзі сия алмай қипың қағады (Р.Тоқтаров, Тұлпар.).
ҚИРАЛАҢ е л і к. Бұралаң ете қалған, қисайғандағы қысқа қимылды
бейнелейтін сөз.
Қиралаң етті. Қисаң етті, қисайып көзге көрінді. Әтей мен матай
ағайлар ойламаған жерден қиралаң ете қалады (Ү.Уайдин, Ендігісін.).
Қоңыр құлжаның қиралаң етіп, алдындағы тастан кеудесін асыра алмай,
сүйретіле құлап түскені көрінді (М.Әуезов, Қараш). Жайшылықта мұрнына
су жетпей, асығыс қарбаласып қуалап жүруші еді, сылбыр тартып
қалыпты. Қиралаң етіп шет жақтан бүк түсті (С.Сматаев, Елім-ай).
ҚИРАҢ е л і к. Қираңдап, қисаңдағандағы қысқа қимылды бейнелейтін
сөз.Қираң басып жөнелді, Алақайлап ел енді Қуанышқа кенелді. Едірейіп,
қалқиып (М.Жұмабаев, Шығ.).
Қираң етті. Ауырлықты көтермей, әлі келмей қисайып қалды. Жүкті
көтерген бойда есектің арқасына тастай салғанда, байғұс, белі қираң
етіп теңселіп кетті (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.). Қапра шоқпар көзіне
тағы бір көрініп, құлақ шекесінен салып өтті, ол қираң етіп құлап түсті
(Ә.Кекілбаев, Дала.).
ҚИСАЛАҢ е л і к. Бір жағына ауып кеткендегі қайталанба қысқа
қимылды бейнелейтін сөз. // Қисық, түзу емес. Алда кедір-бұдыры мол
қисалаң жол жатыр (Қ.Салғарин, Ақмаржан).
Қисалаң етті. Қиқаң етті, қисаң етті, бір жаққа қарай ауып кетті.
Балуанның алғашқы шабуылынан бір пенде сау қалмайтын. Шірік томардай
қисалаң етіп барып, жер сүзетін (С.Шаймерденов, Жыл құсы). Стол
қисалаң етті (ҚИсабаев, Қарабала).
ҚИСАҢ е л і к. Бір жағына ауып қалғандағы қысқа қимылды
бейнелейтін қимыл.
Қисаң етті.Қиқаң етті, қисая кетті. Сәлім не де болса енді құтылған
шығармын деп келе жатқанда, ат кенет қисаң етіп, омақаса мұрттай
ұшты (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.). О, жігіт болмай кет, – деп, қисаң
етіп ол Бертайға бұрылды (Р.Райымқұлов, Жасыл белес). Ол менің бетіме,
одан малақайыма қарады да басын қиқаң еткізді (Д.Исабеков, Қара
шаңырақ).
ҚИТЫҢ1 е л і к. Қисаң-қисаң еткен жүрісті бейнелейтін сөз.
ҚИЯҚ-ҚИЯҚ е л і к. Қыран құстың шақыруы, шаңқылы. Әлденеге
оқталғандай қос топшысын қоқаңдатып, “қияқ-қияқ” деп шаңқылдап
алды да, қайтадан сабыр сақтады (А.Сейдімбеков, Ақиық). Адамбек
арғы сайдың басында тұр екен, тымағын құрыққа шаншып алған, соны
жалбаңдатып, өзі: “қияқ-қияқ” – деп қояды (Ә.Көшімов, Қарт аңшы.).
261
ҚОБЫР-ҚОБЫР е л і к. Күбірлеп, дүрліккен дыбысты бейнелейтін
сөз. Манадан бері жағаларын сындырмай отырған қонақтар қапелімде
қобыр-қобыр дуылдап жүре берді (М.Қаназов, Арна). Екі-үшеуі, төрт-
бесеуі қабат кеп қалғанда тіпті мазасыз. Қолда тұрмай қобыр-қобыр боп
қалды (Т.Ахтанов, Дала сыры).
ҚОЛҚ е л і к. Кең нәрсенің күп еткен қысқа қозғалысты бейнелейтін
сөз.
Қолқ етті. а) Кең киімді кигенде қолайсыз күйге түсті, күп етті.
Етігі аяғына қолқ ете қалды (Ауызекі). ә) Бірден құлай кетті, көне кетті.
Сүлекеңдер Орынборға келгесін де қолқ ете қалған жоқ (Қ.Жұмалиев,
Жайсаң жан.).
ҚОЛҚ-ҚОЛҚ е л і к. 1. Кең нәрсенің өте жайсыз, қолапайсыз
қайталанған қимылын бейнелейтін сөз. Арық аттың құйымшағы мазасын
алып, қолқ-қолқ желісіне іші түйіліп, тынышы да кетіп келе жатыр
(Т.Дәуренбеков, Біз кезд.). 2. Кең нәрсенің қуысынан ауаның шыққандағы
қайталанған дыбысты білдіретін сөз. – Әй, сен шын ашуланып қалдың ба?
Қалжыңым ғой, – деп Баран қолқ-қолқ күлді (С.Мұратбеков, Көкорай.
ҚОЛП-ҚОЛП е л і к. Кең заттың басқа затпен қайта-қайта босаң
жанасуын бейнелейтін сөз.
Қолп-қолп етті. Қолқылдады, қолпылдады. Оның қоңыр шекпенінің
омырауы алқам-салқам, мыжырайған ескі етігінің қонышы қозғалғанда
қолп-қолп етеді (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). Ал етектегі жалғыз жаппа іргелігі
желпілдеп, қолп-қолп етеді (Т.Есімжанов, Аяулым). Жеңгей атқа мініп,
артық үйренбеген кісі ғой: бір қолымен ердің қасынан ұстап, аяғын үзеңгінің
сағасына салып орнатқан омақаша қопиып буынын билей алмай, қолп-қолп
еткені Ақбілекке айт пен тойдан да қызық болды (Ж.Аймауытов, шығ.).
ҚОДАҢ е л і к. Біреуге қоқаңдап сес көрсетушілік, едіреңдегендік;
қодыраң. Байдың баласы жатық, малшысы қодаң (1001 мақал).
ҚОДАҢ-ҚОДАҢ е л і к. Қайта-қайта қодаңдаған қимылды бейнелейтін
сөз.
Қодаң-қодаң етті. Қоқаңдады, қодыраңдады. – Мынау огроном
көктемдегі сәуріктей қодаң-қодаң етеді, Шықа, – деді Амантай
(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес).
ҚОДЫРАҢ-ҚОДЫРАҢ е л і к. Қайта-қайта қодыраңдаған, едіреңдеген
қимылды бейнелейтін сөз.
Қодыраң-қодыраң етті. Қодыраңдады, едіреңдеді, қырып кете жаздады.
– Қосты өртеген түні осында кеп пе еді, артынан Қадылбек қырып кете
жаздады: “жуликті жасырдың деп” қодыраң-қодыраң етеді (О.Бөкеев,
Қайдасың.). Өзінен екі мүшел үлкендігім де жайына қалды, сақалыма да
қарамады, қодыраң-қодыраң етіп кетіп барады (Б.Тоқтаров, Тауда.).
262
ҚОЖАҚ-ҚОЖАҚ е л і к. Қайта-қайта қожаңдаған қимылды
бейнелейтін сөз.
Қожақ-қожақ етті. Қожақтады, қожаңдады.
ҚОЖ-ҚОЖ2 е л і к. Қожылдаған дыбысты бейнелейтін сөз.
Қож-қож етті. Қожылдады, қожылдаған дыбыс шығарды. Мысық...
қабырғаға құрулы кілемнің басына бір-ақ шықты. Одан жерге секіріп,
бөлменің ішін опыр-топыр қыла, айнала жүгірді. Қож-қож етеді, көзінен от
шашады (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
ҚОЙҚАҚ е л і к. Қойқаң, одыраң, Ел түсі ұлықтың көп қойқағын, еркелік
тәйтіктігін көтеретін сияқты емес (М.Әуезов, Қилы заман).
ҚОЙҚАЛАҚ е л і к. Қойқаң. Қойқалақты қой (Ауызекі).
ҚОЙҚАЛАҢ е л і к. Қойқалаң-қойқалаң еткен қозғалысты бейнелейтін
сөз.
ҚОЙҚАҢ е л і к. Қолапайсыз, одыраңдаған қозғалысты бейнелейтін
сөз. Аралап түкпірлерге барушы еді, Тексеріп, күйіне көз салушы еді,
отырып, қалада, тек, қойқаң басып, шеттерден дұрыс дерек алмаушы еді
(С.Сейфуллин, Өлеңд.). Жас шыбық жалаңаш арқаға шып-шып тиген сайын
байекең қойқаң ете қалады (“Балдырған”). Мындай мезгілсіз жүріс, мындай
қойқаңы бар өктем сөз Мимырт тарихында кездеспеген жәйт (О.Әубәкіров,
Сиқыр).
ҚОЙҚАҢ-ҚОЙҚАҢ е л і к. Қойқақ-қойқақ, одыраң-одыраң еткен
қимылды бейнелейтін сөз. Сыздықтың құдайы жарылқады. Әбен болып,
қарнын қампита, ауын салақтата, қойқаң-қойқаң жүреді (Ғ.Мұстафин,
Дауыл.). Қойқаң-қойқаң сан бала қаз, Бұтағыңнан тарағандай. Сәл қалт етсе
қараша жаз, Бас көтеріп қарағандай (С.Нарымбетов, Ассалаумағалейкүм.).
Қойқаң-қойқаң етті. Қойқаңдады, қойқақтады. Шопан жігіттің
жүрісі де қызық екен, жүгі ауған түйедей әрлі-берлі қойқаң-қойқаң етеді
(О.Сәрсенбаев, Жиде гүлд.). Екі иығы қайқайып, жолында біреу тұрса қағып
кетердей қойқаң-қойқаң етіп, ауылға қарай бет алды (Б.Тілегенов, Уақыт).
Қызыл қоспақ ұзын мойнын сәл көтере түсіп, қойқаң-қойқаң етіп біраз жүрді
(Р.Райымқұлов, Болат).
ҚОЙТ-ҚОЙТ е л і к. Екі қошқарды не текені бір-бірімен сүзістіру үшін
айтылатын ишарат сөз.
ҚОҚАҢ-ҚОҚАҢ е л і к. Қопаң-қопаң, шоқаңдады. Қоқаң-қоқаң етіп,
шапқан бесеу әлгі топтан бөлінді де, бір қырқадан шауып шыға келді
(Т.Ыдырысов, Жалын. Жыл.). ә) Қодыраңдап сес көрсетті. Қарақшылар
жолымды бөгеп, қоршап алды. Кеуделерімен қағып, қылыштарын көтере
ұстап, қоқаң-қоқаң етеді (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Сәлемін жақсы
құптап алғаннан соң, Жолдастары қасына жетіп келді, Қалай деп қоқаң-
қоқаң еткендердің, Жаулардан мәні-жайын сұрады енді (Батырлар жыры).
263
ҚОМПАҢ е л і к. Қозғалақтаған, ебедейсіз қимыл-әрекетті
бейнелейтін сөз.
Иықты қомпаң еткізді . Екі иықты көтеріп, білмейтін ишарат білдіреді.
Біз иығымызды қомпаң еткіздік, білмейтінімізді айттық (Б.Соқпақбаев,
Өлгендер.). Ақшаны көргенде уәделесіп қойғандай екі ұры да қомпаң ете
түсті (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Мен иығымды қомпаң еткіземін. Не
болатынын қайдан білейін? (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).
ҚОМПАҢ-ҚОМПАҢ е л і к. Қайта-қайта қозғалақтап, томпаң-
томпаң еткен арсын-гүрсін қимыл-әрекетті бейнелейтін сөз. Қазанатын
мінісіп, Қомпаң-қомпаң желісіп, Жағасыз көйлек киісіп, Көк шай салып су
ішіп (Жамбыл, Шығ.).
Қомпаң-қомпаң етті. а ) Қомпаңдады, арсын-гүрсін, ебедейсіз қимыл
жасады. Ол ересек балаларға еліктеп қомпаң-қомпаң етіп секірген де
болады (М.Сүндетов, Ескексіз.). ә) Мәз-мейрам болды. – Болды бір қызық
– Кенбай балаша қуанып, қомпаң-қомпаң етті (А.Алдабергенов, Жаңару).
ҚОҢҚ е л і к. Келіспей, наразы болған, күңкілдеген қимыл-әрекетті
бейнелейтін сөз.
Қоңқ етті. Келіспеушілігін, наразылығын, күдігін білдірді. Мектеп пен
милиция қайда, олар немді бітіреді? – деп бір қоңқ етті де, аяғын маң-
маң басып жүріп кетті жуантық (“Қаз. әдеб.”). Сол кезде мен иығынан
тартып қалдым. – Тоқта, бір сұрағым бар. – Немене? – деп қоңқ ете түсті
(Ә.Омарбеков, Кәрлен кесе). Құты түскен батыр, маңындағыларға қарап
ойланған да жоқ, қоңқ етті: – Ішіңді ұрайын, қыпшақ шақырса, осынау
атығай-қарауылдан басқа біреуді көрмеп пе? (С.Жүнісов, Ақан сері).
ҚОПАҚ-ҚОПАҚ е л і к. Қопаң-қопаң еткен, ебедейсіз қимыл-қозғалысты
бейнелейтін сөз.
Қопақ-қопақ етті. Қопақтады, қопаң-қопаң етті. Бұл Карпов жасағы
болып шықты. Шолақ құйрық күрең айғыр мінген хорунжий алдында келе
жатыр, ат үстінде қопақ-қопақ етеді, шынында да, ашулы қара бура тәрізді
(І.Есенберлин, Қаһар).
ҚОПАҢ е л і к. Қопаңдаған, ебедейсіз қимыл-қозғалысты бейнелейтін
сөз. Сайлаубай өзінің бүгін аңғарымпаз болып кеткеніне таңы бар. Қасым
Жомарттың қызыл реңінен ащы мысқылдың ойнап өткенін байқады.
Титықтаған атын қамшымен осып-осып жіберіп, қопаң желіспен Қасым
Жомартқа қатарласты (Таң нұры). // Қопаңдаған, ебедейсіз қимыл. Қоңыр
айтқандай: “Қопаңым бар да, қозғаларым жоқ” мұндықпын. Кіріптар
тұтқынмын, – деді Сұлтанмахмұт алқынып, ентігін баса алмай (Д.Әбілов,
Арман.).
Қопаң еткізді. Қопаңдатты, қозғалтты. Гүлзия ойын аяқтамай сөзін
жұтты, Нұрбек иығын бір қопаң еткізіп үнсіз қалды (С.Еркебаев, Ауыл.).
264
Қопаң етті. Орнынан оқыс көтерілді. Құмарбек қопаң етіп көтеріле берді
де, жерге жүресінен отыра кетті (С.Бақбергенов, Кентау). Қалыптан тыс
сөз айтқанда, әзілдегенде, өзгенің тапқыр сөзіне риза боп күлгенде орнынан
бір қопаң етіп, шашын сипап қоятын әдеті ежелден келе жатқанын Сәргел
білетін. Ол бұл жолы да тап солай етті, демек, өз сөзіне өзі риза әрі көңіл күйі
жақсы деген сөз (Д.Исабеков, Қарғын).
ҚОР 5 е л і к. Ыңғайсыз жатқан немесе тыныс жүйесін май басқан
яки ауырып жүрген адамның ұйықтаған кезде ауыз қуысынан қор-қор етіп,
қырылдап шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Қор етті. Қорылдады, ұйықтап кетті. Қалжан басы жастыққа тиген
бойда қор етті (“Қаз. әдеб.”). Бір кезде күзетшіні де ұйқы меңзеді, ол да
ағашқа сүйеніп қор етіп, қатты ұйқыға кетті (Ә.Шәріпов, Партизан.). – Ой,
қалалық адамдарды айтпа, шіркіндердің ұйқысы қап-қап болар ма деп қалдым.
Жастыққа басы тисе қор ете түседі, әйтеуір, – деп Досан мені бір та қояды
(“Қаз. әдеб.”).
ҚОРБАҢ е л і к. Ебедейсіз, келіссіз қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз.
Ұршықтай үйіріліп, лыпып билеуден гөрі көбік қардың үстінде тұрған аюдай
қорбаңы көп болса да, Бауыржан өзін шақырған әйелдерден бас тартпайды
(Ә.Нұршайықов, Ақиқат). // Қорбиған, көзге қораш. Емберген қорбаң денесімен
қопарыла қол созып, стол үстіндегі тарелкадан нан үзіп алды (Р.Әутәліпов,
Той.). Құлақтарын қайшылап жер тарпыған сәйгүліктің үстіне қонжиған
қорбаң адам сұлу жылқының сынын кетіріп тұр (А.Сатаев, Дала.).
Қорбаң етті. Ебедейсіз қимылдады. Хал-жай сұрап, амандасып малшымен,
Етігінің қарын қағып қамшымен, Қорбаң етіп, ілез сүңгіп кетесің Жомарт
үйге дастарқанның басы кең (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар). Қатты ыңыранып сол
жатқан күйі қорбаң етіп аунап түскен Маржан көзін ашты да, қайта жұмды
(Р.Райымқұлов, Бұрылыстар).
Қорбаң қақты. Қорбаң-қорбаң етті, ебедейсіз қимылдады. Қолы
босаса болды, қорбаң қағып әлденені орап-түйіп, қуыс-қуысқа жасырады
(Ж.Нәжімеденов, Кішкентай). Қорбаң қағып барды дағы, Қос баласын алды
дағы, Қойды басып қос тентегін (Ә.Тәжібаев, Өлеңд.).
ҚОРБАҢ-ҚОРБАҢ е л і к. Қорбаңдаған, икемсіз жүрісті бейнелейтін сөз.
Енді бірде. әрекетсіздіктен әбден рәсуа болғаны ма, кім білсін, арғы шеткі үйдің
жас келіншегін тауып ап, қорбаң-қорбаң етіп, әлгіні шаңқылдата ашуландырып,
оқыс түртіп қалып, бірдеңелер істеп жүреді (З.Қабдолов, Жалын).
ҚОРДАҢ е л і к. Ебедейсіз қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз.
ҚОРҚ е л і к. Мұрнын тартқанда қорс етіп шығатын дыбысты
бейнелейтін сөз.
Қорқ еткізді. Қорс еткізді. Ақылжан қорқ еткізіп мұрнын бір тартып
қойды (Қ.Әжікеев, Саят).
265
ҚОР-ҚОР е л і к. Қызған оттың ішінен алған тасты не шоқты сұйыққа
салған кезде шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Қор-қор етті. Шоқ, не қызған тасты суға, сұйыққа салды, қорылдаған
дыбыс шықты. О кезде қойшы екі тезектің арасына қызарған тасты
қысып қор-қор еткізіп, сапты аяғына салып жатыр еді. Сүт заматта бүлк-
бүлк қайнады (Ж.Аймауытов, Шығ.).
ҚОРҚ-ҚОРҚ е л і к. Қорқылдаған, қорқыраған дыбысты бейнелейтін
сөз. Сол тебеген жирен қасқамен қорқ-қорқ желіп, отар қойды шырқ иіріп
алшысынан түсіруші ек (М.Қабанбаев, Арыстан.).
Қорқ-қорқ етті. Қорқылдады, қорқырады. Іші қорқ-қорқ етіп желген
биік мәстектермен ояздың әскерлері де ат үстінде қоқаңдап айғайлап жүр
(С.Жүнісов, Ақан сері).
ҚОРС е л і к. Қанжар, пышақ, қылыш, найза сияқты үшкір нәрсені
сұғып алғанда шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Қорс етті. а) Әзіл-оспақты, қалжыңды көтере алмай ашуланып,
дүңк ете түсті. Жұматай қайғыға кездессе, құлап қайғыруды білмейді;
қуанышқа кездессе, тасып қуануды білмейді; ашуы келсе, шошқаға ұқсап
қорс етеді (Б.Майлин, Шығ.). Екі ауыз сөзге келмей қорс ете қаласың-
ауІ Жақсылардың әдеті ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.). ә) Жануар қорс етті,
қорсылдады. Егер қыздың тақымындағы байшұбар емес, одан басқа жастау
жылқы болса қорс етіп үркіп, үстінде ербиіп отырған иесін тастап-ақ
кетер еді (О.Бөкеев, Ән салады.). Қолбаң етіп, қорс етіп сөйледі аю: – Батыр
патшам, не керек көп ойлану? Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды, Ақылы ала
қойдың – қырып салу (Абай, Тол. жин.).
Қорс еткізді. Үшкір нәрсені сұғып алды. Старшина оны қылышын дәл
бүйірден қорс еткізіп түйреп түсірді (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). Қаңбақ
қынындағы қарыс қара пышағын шапшып тұрған қасқырдың қақ жүрегіне қорс
еткізіп салып-салып қалды (М.Әуезов, Шығ.).
ҚОРС-ҚОРС е л і к. 1. Шошқаның қорсылдаған үнін бейнелейтін сөз. 2.
а у ы с. Жылағанда, мұрнын үздік-үздік тартқанда шығатын дыбыс, үн. Бала
жылауын қойып, қорс-қорс өксік атты (С.Елубаев, Ойсыл қара).
Қорс-қорс етті . Қорсылдап жылады. Ойынға алданғанда болмаса,
жайшылықта әжесінің етегінен қолы екі елі ажырамайтын Тілек еш нәрсеге
түсінбей анасына бір, әжесіне бір қарады да, олардың көзінен жас көріп, ұртын
кептіріп қорс-қорс етті (Ә.Сараев, Ақ тымық түн).
ҚОРТАҢ: қортаң етті. е л і к. Өкпелеген, ренжіген кейіп көрсетті,
бұртаңдады. Қиялым, лаға бермей айнал бері, Жаманша өнімсізге етпей қортаң
(Үш ғасыр.).
ҚҰЖ-ҚҰЖе л і к. Ұсақ жәндіктердің (құрт-құмырсқа, ара, шыбын-
шіркей т.б.) бір жерге шоғырланып, быжынаған, құжынаған, сапырылысқан
266
қимылын бейнелейтін сөз. Бастау басы құж-құж. Біреулер түтін салып отыр
(Т.Иманбеков, Үш ай). Төбесіндегі айқыш-ұйқыш ағаштардан салбыраған
қауынқақ шірнесіне сұғынған ара құж-құж (Н.Сералиев, Қаңтар).
Құж-құж етті. Бірі кіріп, бірі шықты; құжыңдады. Есік алдыараның
ұясындай құж-құж етеді (М.Гумеров, Сүйе ме?)
Құж-құж қайнады.Араның ұясындай құжынады, ары-бері сапырылысты.
Алаң, клуб, мешіт құмырсқаның ұясындай құж-құж қайнайды (З.Шашкин,
Тоқаш Бокин). Әсіресе, қысқы каникул кезінде ауылдың орталық көшесі
құмырсқаның илеуіндей құж-құж қайнайды (С.сарғасқаев, Тәмпіш қара).
ҚҰЖЫҢ-ҚҰЖЫҢ е л і к. с ө й л . Құнжың-құнжың. Олардың жүзген
түрлері құжың-құжың, қимылдары болымсыз болатын (Ғ.Мүсірепов, Кездесп.
кет.).
ҚҰЛҚ е л і к. Сұйық затты жұтқанда адам жұтқыншағының
қозғалысынан шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. Құйылғанды құлқ еткізіп,
Барлық «кезекті» жиілете бастады (Ә.Табылдиев, Қой бағу).
ҚҰРЖЫҢ-ҚҰРЖЫҢ е л і к. Құнжың-құнжың, бүкшең-бүкшең еткен
қимылды бейнелейтін сөз. Пішен басындағы құржың-құржың қыбырлаған
Бекейдің белгілі бейнесі (Х.Есенжанов, Тар кезең).
Құржың-құржың етті .Құжыңдады, бүкшең-бүкшең етті. Қалтарыста
рингке шығатын адамша өзімнен-өзім біраз құржың-құржың етіп,
жаттығу жасап қойдым (Ш.Мұртазаев, Табыл теңіз).
ҚЫЛЖАҢ е л і к. Кенеттен қиқаң, қисаң еткен, қысқа қимылды
бейнелейтін сөз.
Қылжаң етті. Қиқаң етіп, сылқ құлады. – Қасқыр қылжаң етіп
жығылды. Бүйірін қауып жығылады екен, – деді Сағадат (М.Әуезов, Өскен
өркен). Қасқырдың ішін есіп жібердім. Шек-қарны қарға түскенде қасқыр
қылжаң етіп құлады (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау).
ҚЫЛҚ е л і к. Сұйық затты жұтқанда естілетін қысқа дыбысты
білдіретін сөз.
Қылқ еткізді. Қылғытып жұтып жіберді. Әлі “әпкел бері!” – деп қолын
созса, қылқ еткізіп жұтып жіберуден тайынар түрі жоқ (З.Жәкенов, Таң
самалы).
Қылқ етті . Бірден жұтылып кетті. Сенің тиын-тебенің маған ас қой,
оған қақалмаймын, тамағымнан қылқ ете түседі, – деп, дүкенші жігіт те
дес берер емес (Ә.Қарағұлов, Шоқ ине).
ҚЫЛҚ-ҚЫЛҚ е л і к. Қылқылдаған дыбысты бейнелеу үшін
қолданылатын сөз. Әлсін-әлі төпайтоға су қосқан сүт құйып жеп қылқ-
қылқ жұтқызады (Ә.Кекілбаев, Дала).
Қылқ-қылқ жұтты. Үсті-үстіне қылғи берді. Суық қар араласқан жылы
тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады (М.Әуезов, Қараш.). Тереңіне
267
таман барып, әрі тұнық, әрі мұздай судан рахаттана, бақаша тырбаңдап
жүріп-ақ қылқ-қылқ жұта береміз (Ө.Қанахин, Жер бас.).
ҚЫЛҚЫҢ е л і к. Кенеттен қылтың етіп өзін қорғаған қимылды бейнелеу
үшін қолданылатын сөз.
Қылқың еткізді. Мойнын созып қалды. Назарбек сонсоң жол жаққа қарай
мойнын қылқың еткізді (“Қаз. әдеб.”). Қара мұрт оларға ашуланып, көзін
тікірейтіп, тістене, ежірейіп сөйлеп еді, беттері қайтқандай, алақандарын
жайып, мойындарын қылқың еткізді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Қылқың етті. Қылт ете қалды. Менің қызыл үйілісімен қабымды қолтықтап,
қылқың ете түскенімді Ақшалдың қыртысы сүйген жоқ (Ғ.Орманов, Жүрек).
Достарыңызбен бөлісу: |