ҚАЙҚАҢ-ҚАЙҚАҢ е л і к. Қайқаң-қайқаң етіп, теңселе басқан
жүрісті бейнелейтін сөз. Күн шыққанда Айекең қайқаң-қайқаң дегендей-ақ
өксік келген соң тыпыршу да жайына кетті (А.Сүлейменов, Бесін).
Қайқаң-қайқаң етті. Қайқаңдап жүрді, қайқаңдады; бұлғаңдады.
Жыртқыштың бір жақ езуінен салақтап түскен тілі жыланның басындай
252
қайқаң-қайқаң етеді (Т.Ахтанов, Боран). Бойы онша болмаса да сирағы ұзын,
жауырыны қақпақпай, сыртынан қарасаң жүрісі қайқаң-қайқаң етеді
(Ә.Тарази, Бұлтқа сал.).
ҚА-ҚА е л і к. Қарқылдап күлгенде үзіліп-үзіліп шығатын дыбысты,
қарқылды бейнелейтін сөз. Қа-қа... Қақ-қақ-қақ... күліп отырғандар қыран-
топан, қырылып қалыпты (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).
ҚАҚШАҢ е л і к. Басын бірден, тез қақшитып көтеріп алған қимыл-
әрекетті бейнелейтін сөз.
Басын қақшаң еткізді. Басын ққақаң еткізіп көтеріп алды, қақшитты. –
Жаныңнан шошысаң хақтағаланың барлығына шәк келтірмегін, – деп молда
басын қақшаң еткізді (Ж.Алтайбаев, Ұят-ай). Құс басын қақшаң еткізіп көтеріп
ап, жарыққа көзін қадап жайланып отыра берді (Ә.Жылқышиев, Айтолқын).
Қақшаң қаққан. Қақаңдаған пысық. Бәкішке жаққан кемпір, қақшаң қаққан,
Ұқсайды мысықтарға тышқан баққан, Айдайдың санын шымшып, қолын
тістеп, шашынан түнде айырылмай ұстап жатқан (Д.Еркінбеков, Айдай).
Қақшаң қақты. Қақаң-қақаң етті, қақшаңдап тұрып алды. Қанша кеш
ұйықтамасын Тұйғынның таңғы алтыға жетпей қақшаң қағып тұрып алатын
әдеті (С.Бердіқұлов, Аспан.).
ҚАҚШАҢ-ҚАҚШАҢ е л і к. Бастарын қайта-қайта көтеріп
қақшаңдатқан қимыл-әрекетті бейнелейтін сөз. Үшеуі бірдей бастарын
қақшаң-қақшаң көтеріп алып, аулаға атып шықты (Ж.Тұрлыбаев, Семсер).
Қақшаң-қақшаң етті. Тыным таппады, қақаңдады. Қайдар саушылықтағы
қалпына қайта түсіп, қақшаң-қақшаң етеді (А.Хангелдин, Өткен күн.).
ҚАЛБАҚ е л і к. Қалбалақтаған, қалбаңдаған қимылды бейнелейтін сөз.
Қалбақ қақты. а) Қалбаңдады, далпылдады. Сай бойлап бір бөктергі қалбақ
қағып, Қалтылдап ауыл жанай өтті лағып. Шіркін-ай, көрінсе ғой осындайда
Дауылды жарып өтер қыран ағып (Ж.Смақов, Мың махабб.). ә) Құрақ ұшып,
бәйек болды. Құнанбай аттанып кеткенге шейін мұндай ауылдар “құрақ
ұшып”, қалбақ қағып күтеді (М.Әуезов, Шығ.).
ҚАЛБАЛАҚ е л і к. Далпылдап ұшқан қимылды бейнелейтін сөз.
Қалбалақ қақты. а) Қалбаңдап ұшты.Қалбалақ қаққан қағаз сарт етіп
терезеге соқты да, іле шыр көбелек айналып жоғары атылды (Балдәурен). ә)
Дегбірсізденіп, асып-састы; бәйек болып, жалпылдады. – Жиенімнің тойында
ішпегенде қайда ішемін! – деп қалбалақ қағып Сұлтан жүр (Т.Есімжанов, Дала.).
Қалбалақ ұшты. Жаны қалмай, құрдай жорғалады. Олар да ыңғайсызданып,
қалбалақ ұшып кешірім сұрар еді (Р.Сейсенбаев, Аңсау).
ҚАЛБАЛАҢ е л і к. Далпылдап, қалбалаң қаққан қимылды бейнелейтін сөз.
Қалбалаң қақты. Қалбалаңлап, дегбірі кетті. Әбдінің әкесі мен шешесі
қатыны құрысын, жаның олжа, бас аман болса, әйел табылады, – деп
қалбалаң қағып, құдайлары жарылқап жүр (К.Қазыбаев, Ызғар.).
253
ҚАЛБАЛАҢ-ҚҰЛБАЛАҢ е л і к. Қалбаң-құлбаң, далп-далп еткен
қимылды бейнелейтін сөз.
Қалбалаң-құлбалаңетті. Асып-сасып құрақ ұшты, бәйек болды.
Қарамеңді қайырлы болсын айтқан соң соқыр кемпір қалбалаң-құлбалаң
етіп қуанып қалды (Ж.Молдағалиев, Торғай.).
ҚАЛБАҢ е л і к. Құстың қанатын далп-далп еткізіп сабалаған, ұшқан
қимылын бейнелейтін сөз. // Бәйек болу, қалбалаңдап құрақ ұшу. Бір көрмеге
тәп-тәтті, Қазаны мен қалбаңы. Дөң айналмай ант атты, Бүксіп-бықсып
ар жағы (Абай, Тол. Жин.).
Қалбаң етті. а) Далпылдады, қанатын сабалап ұшты. Аңшы жүгіре
жөнелді. Су бетінен қалбаң етіп көтеріліп, құлап түскен бір үйректі көріп
қалғанмын (Ж.Өмірбеков, Қызыл су). ә) Жалп етті, далбаң етті. Базаралы
ұрғанда жылқышы ортасынан опырылғандай боп, қара айғырдың үстінен
қалбаң етіп бір-ақ құлады (М.Әуезов, Ақын аға). Жатты енді Қалбаң етіп
жотада өзі, Жаудырайды жалтақтап бота көзі. Көзінде бір жас тұрды
төгілуге, Көзіне қорықтым оның көрінуге (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Қалбаң қақты. а) Далпылдап далбаңдады, жалп-жалп етті. Ол
әлдебір дыбыстан селк ете қалды. Қараңғыда қалбаң қағып біреу келе
жатыр. Тәлтіректеп көшенің екі жағына кезек ауытқиды (Қ.Жұмаділов,
Қаздар.). Қораз жан даусы шығып шыр-шыр етіп, қанаттарын сабалап
қалбаң қаққанда, Арайдың үстінде киелі от ойнақтап тұрғандай көрінді
(Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.). ә) Бәйек болып, құрақ ұшты. Сен болған
соң жаңбыр да, бұлттар да көп, Ағылады жолаушы сырттан да кеп,
Қариялар жатады қалбаң қағып, – Көзің тиер соншама сұқтанба, – деп
(С.Тұрғынбеков, Қобыз). Саусағының салымы бар, сосын әттең бөркі бар...
Ал әйтпесе, қызда сирек кездесетін көркі бар, Қайран шебер қалбаң қағып,
еркін алып тынысын, Басқарып жүр ескерткіштің ою-өрнек жұмысын
(М.Шаханов, Ғасырлар.).
Қалбаң ойнады [ұшты]. Қалбаңдады, қалбаң қақты. Аз уақытта-ақ аспан
асты алай-түлей болды. Сары бауыр жапырақ қалбаң ойнап, безек қақты
(С.Жүнісов, Жапанда.). Арық кемпірм қалбаң ұшты (С.Жүнісов, Жапанда.).
ҚАЛҚАҢ е л і к. Әрі-бері қозғалып қалқақ қаққан қимылды бейнелейтін
сөз. ≈ Қалқаң етті.
Қалқаң қақты. Әрі-бері қозғалып қалқақ қаққан қимылды бейнелейтін
сөз. Жентек-жентек қызыл суға бір сүңгіп, бір шығып қалқаң қағып, ағып
бара жатқан иегіне жаутаңдай қарап, арғы бетте ілмиіп жабағылар қалды
(О.Бөкеев, Сайтан көпір).
ҚАЛТАҚ 2 е л і к. Қалп-құлп етіп діріл қаққан, қалтылдаған қимылды
бейнелейтін сөз. Қарасып бір-біріне жалтақ-жалтақ, бәрі де аяқатарын
басып қалтақ (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). // Қалт-құлт еткен қимыл. Бертін келе
254
басына да, қолына да аздап қалтақ кіре бастаған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Қалтақ қақты. Қалтақтап қозғалды, тыным таппады. Бұталар да жел
екпінінен қалтақ қағып тыным-тыныштығынан айырылған (М.Әуезов,
Абай жолы).
ҚАЛТАҚ-ҚАЛТАҚ е л і к. Бір орында тұрмай, қалтақтап қозғалған
қимылды бейнелейтін сөз.
Қалтақ-қалтақ етті.Қалтақтап қозғалды, тыным таппады. Жүгіргенде
басы қалтақ-қалтақ етіп, үйге кіріп жоқ болады (Қ.Кенжетаев, Дархан.).
ҚАЛТАҚ-ҚҰЛТАҚ1 е л і к. Қалт-құлт етіп, тәлтіректеп зорға
жүрген қимылды бейнелейтін сөз. // Қалт-құлт еткен, тәлтіректеген.
Бет-ауыздарын айғыз-айғыз шаң көміп, екі көзі зорға жылтырайтын
қалтақ-құлтақ мүскіндерді көргенде, әу баста топырақтан жаратылсақ,
жаратылған шығармыз деп деп ойлайсың (Ә.Кекілбаев, Үркер).
Қалтақ-құлтақ етті.Қалт-құлт етіп зорға жүрді.
ҚАЛТАҢ 1 Қалт-құлт еткен, қалтаңдаған қимыл қозғалысты
бейнелейтін сөз.≈ Басын қалтаң еткізді.// Қалт-құлт, қалтақ. Бай балпан,
жарлы қалтаң (Мақал).
Қалтаң қақты. Қалт-құлт етті, қалталақтады. Жерошақта кейде
жалтылдап, кейде лаулап жанған оттар түннің қалың ұйқысымен қалтаң
қағып, алысып тұрғандай (М.Әуезов, Қараш.). Балықшыға толқын да, толқын
үстінде қалтаң қаққан қайық та кесел келтірмейді (Т.Құрманғалиев, Теңіз.).
ҚАЛТАҢ-ҚАЛТАҢ е л і к. Қалт-қалт етіп қалталақ қаққан қимылды
бейнелейтін сөз.
Қалтаң-қалтаң етті .Қалтаңдады, қалталақтады. ≈ Басы қалтаң-
қалтаң етті.
ҚАЛТАҢ-ҚҰЛТАҢ1 е л і к. Қалт-құлт етіп қалтырақтаған қимылды
бейнелейтін сөз. ≈ Қалтаң-құлтаң жүріс.
Қалтаң-құлтаң етті. Қалтылдады, қалт-құлт етті. Басы шот шапқан
сайын қалтаң-құлтаң етеді (Д.Досжанов, Келіншектау.).
ҚАЛТ-ҚАЛТ е л і к. Қалтылдап дірілдеген, қалтаң-құлтаң еткен
қимылды бейнелейтін сөз.
Қалт-қалт етті. Қалтылдады, дірілдеді, секілдеді. Қабира ағынды өзеннің
тер жерінен тартылған жіңішке бөрене үстінен қалт-қалт етіп әрең өтіп,
арғы жағаға шыққан адамдай болып, әдемі басын жоғары көтеріп, әдеті
бойынша мойнын сәл оң жағына қарай бұра түсіп, өтініш үнімен бұдан
былайғы өз тілегін аңғартты (Ә.Нұршайықов, Махабб. Жыр.). Мен көрдім
сынық қанат көбелекті, О да білер өмірді іздемекші. Күн шуаққа жылынар
қалт-қалт етіп, Онда ғибрат алар жан бір бөлекті (Абай, Тол. жин.). Көз
әйнекті семіз біреуісі аяғын жаңа басқан балаға ұқсап, адымдауға қорқып
қалт-қалт етеді (Б.Соқпақбаев, Бақыт жолы). Өз кінәсін өзі ақтап ала
255
алмай, Теке сақал, уәзірлерін атарға оқ таба алмай, Тұтқында отыр хан
сорлы, Сел-тасқында қалт-құлт етіп әрең тұрған аралдай (М.Шаханов,
Ғасырлар.).
ҚАЛТ-ҚҰЛТ е л і к. Тәлтірек қағып, қалтырақтаған қимылды
бейнелейтін сөз. Әрең-әрең зорға. Қалың беріп қатын алуға күйі болмай,
сүр бойдақ атанып, шешесі мен екеуі қалт-құлт күн кешіпті (Қ.Жұмаділов,
Соңғы көш).
Қалт-құлт етті. а) Тәлтірек қақты, қалтырақтады; әрең қозғалды.
Адамзат өлшеусіз ұзақ заман көр азабын шегіп жатып, ахрет күні
кебіндерін жамылып, көлеңкелей қалт-құлт етіп, бой көрсетеді деуші еді
ғой (М.Әуезов, Шығ.). Дүбірлетті есікті бай да болмай, Аз кешікті, ашуға
жан табылмай. Бір жалшы келді есікке қалт-құлт етіп, Жылы орнын
тастамақ кімге оңай (Абай, Тол. жин.). Кей-кейде тірілгендей, өліп кеиіп,
Көтерер қайта басын қалт-құлт етіп. Суретін келістіріп айта алмады,
Қолымды жылы жүрек дірілдетіп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). ә) Әрең-әрең
күн көрді. Оған арыз жарымас, Сонда-дағы әр қылмыс, қалт-құлт етіп
жүргені, Қысы-жазы қарны аш (Жамбыл, Шығ.).
ҚАЛШ-ҚАЛШ е л і к. Қалшылдап, дірілдеген қимылды бейнелейтін
сөз. Қазанғап судан шыға құлапты, тұрар емес. Қимылсыз. Буын-буыным
қалш-қалш, дір-дір (Ж.Орманбаев, Тұзақтал.). Демі – жалын, сөзі – оқ,
Қатуланды қиыр шет. Келген жауда үрей жоқ, Қалш-қалш, дір-дір, селк-
селк (Қ.Аманжолов, Шығ.).
Қалш-қалш етті. а) Қалтырап қалшылдады, дір-дір етті. Қобалжудың
күштілігінен бе, әлде сырқаттан ба, әйтеуір ол қалш-қалш етіп дірілдеп
отыр (С.Ерубаев, Шығ.). Безгек болған адамдай тұла бойы қалш-қалш
етті (Б.Майлин, Таңд.). ә) Әбден тоңды, мұздады, суық өңменінен өтті.
Аралбай тісі-тісіне тимей қалш-қалш етеді (С.Омаров, Қызыл арай).
Денесі қалш-қалш етіп, мұздап кеткендей болды (М.Жұмабаев, Шығ.). б)
Қатты ашуланды. Баланың сонда ашумен айтқан сөзі: “Мен кетем
қосқа отынның келер өзі!” Дірілдеп тұла бойы қалш-қалш етіп, Қызарып
оттай жанды екі көзі (О.Шашин, Дастан.). Тоқтат! – деді ата қыран
қалш-қалш етіп долданып, Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп
малданып Көкірегін бір алапат ыза буып алды да, Ұясының аузына әрең
жетіп барды да, Жан шошытар жылтыр құздан құлап өлді табанда
(М.Шаханов, Ғасырлар.). /161 б/
ҚАҢҒЫР-КҮҢГІР е л і к. Даңғыр-дұңғыр, салдыр-күлдір еткен
дыбысты бейнелейтін сөз. Содан соң қаңғыр-күңгір, салдыр-гүлдір,
Асылған артым тұман, алдым бұлдыр, Қақпасын басқа дүние ашсам
керек, Бір уыс тіршіліктен қалған тұлдыр (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
Таң ата сол теміржол бойымен бір Тоқтады қара вагон салдыр-гүлдір.
256
Дәл сондай қара қақпа ашылды да, Тарады төңірекке қаңғыр-гүңгір
(Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). // Дабыр-дұбыр, дыбыр-дыбыр дыбыстар,
сөздер. Сырттан да әлдекімдердің қаңғыр-күңгірі естіледі (С.Мұқанов,
Мөлдір махабб.). Сыртқа қыз-келіншектердің қаңғыр-күңгір сөздері
естіле бастап еді (К.Баялиев, Нөсер).
Қаңғыр-күңгір еткізді. Қаңғырлаған, күңгірлеген дыбыс шығарды.
Тілінен ұстап отырған қоңырауды қоя бердім де қаңғыр-күңгір еткіздім
(Ж.Молдағалиев, Айналайын.).
Қаңғыр-күңгір етті. Даңғыр-дұңғыр, салдыр-күлдір еткен дыбыс
шықты. Үй ішінде әлденелер қаңғыр-күңгір етті (М.Жұмағұлов, Қыран.).
Осы кезде найзағай оты жарқ ете қалды да, орасан үлкен шелек жерге
құлағандай, күн қаңғыр-күңгір етіп күркірей жөнелді (Т.Әбдіков, Күз.).
ҚАҢҚ е л і к. Қаңқ еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Қаңқ етті. Қаңқылдады ащы дауыс шығарды. Жауызға тастың қыры
жаман батты, Қаңқ етіп оқ тигендей омақатты. Әлсіреп әлі кетіп,
сүйретіліп, Қан құсып кесек-кесек барып жатты (О.Шипин, Дастан.).
Шал бір кірпіштің сынығын алып, әлгі итке лақтырып кеп жіберді. Ит
қаңқ ете қалғанымен, үруін тоқтатпады (Ж.Молдағалиев, Тыңдағылар).
Көк төбет қаңқ ете қалды. Қараса әлгінде артында келе жатқан бөрте
бар пәрменімен бүйірден періпті оны (Қ.Қазыбеков, Ызғар). /250 б/
ҚАРҚ е л і к. Тосыннан шыққан қарғаның дауысын, қарғаның
дауысына ұқсас қысқа дыбысты бейнелейтін сөз.
Қарқ етті. Қарқылдады, қарқ еткен дыбыс шығарды. Мақтауға
есіріп, Барынша көсіліп, Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті
(Абай, Тол. жин.). Қарға қарқ етті де ұшып кетті (Ы.Алтынсарин, Таңд.
шығ.). Құманды тұрған Бір қарға көріп, Қарқ етіп қонды, Қасына келіп
(Т.Жабаев, Із).
ҚАРҚ-ҚАРҚ е л і к. Қарқылдаған дауысты, бейнелейтін сөз. Ол өзенге
жақындаған сайын осы бір оқыс ойдан құтыла алмай қойды, әуеде қарқ-
қарқ жалпылдаған қарға-құзғындарды да іші жаратпайды (Р.Хайруллин,
Офицер).
Қарқ-қарқ етті. а) Бірнеше рет қарқылдады (қарға). Ол аспанда қарқ-
қарқ еткен қарғадан өзге ешнәрсе болжай алмады (О.Бөкеев, Үркер).
Қарқ-қарқ етіп қарғалар, Өлеңдерін айтысты. Ай батқан соң балалар,
Үйлеріне қайтысты (Ө.Тұрманжанов, Бозша.). ә) Қатты жүргендіктен
тоқ жылқының қарнынан құрқ-құрқ деген дыбыс шығуы. Өйткені кішкене
бүлкектесе, қарны қарқ-қарқ етіп, шортасы үзіліп кете жаздайды
(Ж.Аймауытов, Шығ.).
ҚАРШ-ҚАРШ е л і к. Қарш-қарш еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Қазанғап сүймен ұстаған қолдарын төбесінен асыра көтеріп, көкше мұзды
257
қарш-қарш ұра бастады (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). Тұлпар мінген қазаққа
ас батпаған, Тұлпар мінбей жігіт жарын таппаған, Ауыздығын қарш-қарш
шайнап бүгілген, Тұлпар мінбей: батыр жауға шаппаған (Н.Бәдіғұлов,
Бәйтерек). Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің? Жабығып неден көңілің,
түсті екен? Ерігіп ауыздығың, қарш-қарш шайнап, Бұ қалай, бұрынғыдай
сілкінбейсің? (А.Байтұрсынов, Шығ.).
ҚАРШ-ҚҰРШ е л і к. Қаршылдаған дыбысты бейнелейтін сөз. Көп
сөйлемей, тіл қатпай, Бетінде жалын жатпады, Қалтылдаған қасқа тіс,
Қаһарлана басқа тіс, Қарш-құрш шайнады (Манас). Ауыздығын қарш-құрш
шайнап, омыраулай, ұмтыла орғыған ат шабысының аясына құрылған күй
әуені самал жел ескен Сарыарқаны, оның тұңғиық көк аспаны мен қызыл
изен, боз жусанды даласын көзге елестеді (М.Мағауин, Өмір жыры).
ҚАУДЫР1 е л і к. Кеткен тері, мата, қағаз т.б. сияқтыларды
ұстағанда, умаждағанда шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Қаудыр етті [түсті].Қаудырлады, қаудыр-қаудыр еткен дыбыс шығарды.
Сол дауысты арқаланып әлгі баран атты үшеуге жетіп келіп: “Түс-түс
атты қинама!” – дей бергенде, аты бір жардан секіргенде, артындағы
бөктерген терісі қаудыр етіп, аттың шабына тиген соң, ат мөңкіп соқты
да, шұрқырап жатқан жылқыға барып жанындағы терісін қаудырлатып,
жылқыны тиіп алды да жөнелді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Қағаз қаудыр
ете түсті (М.Мағауин, Көк мұнар).
Қаудыр қақты. Қаудырлады, қаудыр-қаудыр етті. Киімнің сыртынан
киген кенеп сулықты кешегі жаңбыр сірестіріп тастаса керек, жөндеп
кеппегендіктен, ол қозғалған сайын, қаудыр қағады (А.Хангелдин, Өткен
күн).
ҚАҺ е л і к. Итті шақырғанда айтылатын дыбыс, кә-кә! Қойөсер мен
Құттөбет те көрінбейді. “Қаһ-қаһ”! – деймін, еш дыбыс жоқ. Жүрегім әлде бір
сұмдықты сезгендей боп, су ете қалды (Ә.Нұршайықов, Жинақ).
ҚАШЫР-ҚҰШЫР е л і к. 1. Тарс-тұрс еткен дыбысты бейнелейтін
сөз. Құлақ салып тыңдасақ алыстан қашыр-құшыр еткен танк колонкасының
дүбірі естілді (Н.Көшекбаев, Қарулас дос.). 2. Шақыр-шұқыр еткен дыбысты
бейнелейтін сөз. Күрек тістері тасты да қашыр-құшыр шайнап тастайтындай
еді (Б.Тоқтаров, Теңіз).
ҚИДУ-ҚИДУ е л і к. Арқасы қозып, есіріп, еліріп, қозғалақтап, тыпыршып
кеткендей бейнелейтін сөз. Сенің әкең ат дүбірін естісе, қиду-қиду деп арқасы
қозып, түнімен ұйқы бермейді, – дейді Ұстабайға (Д.Досжанов, Жусан.).
ҚИҚ е л і к. Ышқынып шыққан қысқа жіңішке дыбысты бейнелейтін
дыбыс. Ешкім де “қиқ” деген дыбыс шығармады (Ауызекі).
Қиқ етті. Ышқынған қысқа етіп дыбыс шығарды. Сарбас қиқ ете қалды
(М.Жұмағұлов, Қыран.).
258
ҚИҚАҚ е л і к. 1. Әрі-бері теңселіп қиқалаңдаған қисық қимылды, жүрісті
бейнелейтін сөз. Мұндайда қатал шеше баласының анау-мынау қиқағына көнген
жоқ (М.Дүйсенов, Меймандар). 2. а у ы с. Қылжаң, қисаң (бос қылжақ, ерке
шолжаңдық). Жоқ, жарықтығым, қиқақты қой да, жүр, қазір (Ғ.Орманов,
Жүрек). 3. а у ы с. Қисықтық, қыңырлық, қырсық. Өлімге бұлай бас ұрма, Арсыз
ажал қиқағын (Қ.Аманжолов, шығ).
ҚИҚАҚ-СИҚАҚ е л і к. 1. Қиқаң-сиқаң еткен, бірқалыпты емес жүрісті,
қимылды білдіретін сөз. 2. Бір нәрсені істегісі келмеушілік, қиқаңдағандық,
бұлтарушылық. Дәл осы бүгіннен бастап, отарды бір күні әйелің, бір күні өзің
жаясың, бұған ешбір қиқақ-сиқақ кірмейді, мен өзім әдейі тексеріп тұрам
(Б.Тоқтаров, Тауда).
ҚИҚ-ҚИҚ Қиқылдаған (күлген) дауысты дыбысты білдіретін сөз. Сөз
тапқанға қолқа жоқ, Беке. Ақылыңнан айналайын, Қанашжан. Отырғызып
кетті, – деп қиқ-қиқ етті (Ж.Сатаев, Алабөкен). Нук-Нукен қиқ-қиқ күлді. Өзі
қызық, өзгеріп кеткен біртүрлі. Бұрын мұндай емес сияқты еді (М.Айымбетов,
Көгілдір соқпақ).
ҚИҚАЛАҢ е л і к. 1. Қисық, қиқы-жиқы, бірқалыпты емес жүрісті,
қимылды бейнелейтін сөз. 2. а у ы с. Қисалаң, бұлталаң. Қыршаңқы жұрттың
ортасында қиқалаң ғұмыр кешкен бұл оның тұқымының білігіне аз жүгініп,
білегіне аз сүйенбеп еді (Ә.Кекілбаев, Үркер).
Қиқалаң қақтырды. Әрі-бері ебедейсіз теңселітті, қисалаңдатты.
Далабай қапелімде сасып қалып тілін тістеп алды, машинаны оңды-солды
бұлталақтатып қиқалаң қақтырды-ай (Д.Досжанов, Табалдырығыңа.).
Қиқалаң салды. Қиқаң-қиқаң етті; бұлтарды, жалтарды, істегісі
келмеді. Зәбила балалары әлі талай қиқалаң салар саған (Б.Тоқтаров, Таудағы
ән). Балық аулауға шыққысы келмей қиқалаң сап тулайтынданы да жоқ емес
(ШДәрмағанбетов, Арал арайы).
ҚИҚАЛАҢ-ЖИҚАЛАҢ е л і к. с ө й л. Қиқалаң-қиқалаң. Биыл да осылай
жалғыз қалғанда әлгі қара кемпірдің су тасушы шалы қиқалаң-жиқалаң өгіз
арбасымен арнайы өзін алып қайтуға келді (Ө.Қанахин, Жер бас.).
ҚИҚАЛАҢ-ҚИҚАЛАҢ е л і к. Қайта-қайта қайталанған қисық, бір
қалыпты емес жүрісті, қимылды бейнелейтін сөз. Өзі сырықтай ап-арық,
сидиған аяғына биік өкше туфли киіп, онысымен қиқалаң-қиқалаң етіп, жүре
алмайды да (“Қаз. әдеб.”).
ҚИҚАҢ е л і к. Қисаң еткен, қисық, қысқа қимылды бейнелейтін сөз. 2. а у ы с.
Бір нәрсені істегісі келмегендік, қылжақтағандық; қырсықтық. Қас тағдырдың
қиқаңына көнбейміз, Ел намысын кескілеспей бермейміз (К.Аманжолов, Нұрлы
дүние). Тартады жылғалы сол қабағым. Мінезі жамсан жардың ит қапқандай,
Жай мінезді қиқаңды қой, қарағым (Айтыс). Қиқаңына көнбеген бастығы соңғы
кездері өзіне әбден жауығып алған-ды (Ө.Қанахин, Жер бас.).
259
Иығын [иінін, жауырынын] қиқаң еткізді. Келіспегендік қимыл
ишарасын білдірді. Сергел өз көзіне өзі сенбей иығын бір қиқаң еткізді
де, ішке қайта кірді (Д.Исабеков, Қарғын). Айзада “бармаймын дегесін,
бармаймын!” дегендей иінін қиқаң еткізді (Ж.Ташенов, Өтелген.).
Аттандырмақ болған жеңгесіне қолтығын ұстатпай, сол жақ
жауырынын қиқаң еткізді (Т.Әлімқұлов, Кер толғау). Мирас мен Мұрат
бұл жайында ойланбағандықтарын танытып жауырындарын қиқаң
еткізді (С.Шаймерденов, Мәжнүн тал).
Қиқаң шығарды. Қырсық мінез көрсетті, қыңырланды. – Әлде келін
бе екен, қиқаңды шығарып отырған, – деп Қамажай шалына қарап басын
көтерді (М.Мәжитов, Құлынды.).
ҚИҚАҢ-ҚИҚАҢ е л і к. Әрлі-берлі теңселген қиқаңдаған, қайталанған
қимылды бейнелейтін сөз. Қомпаңдатып, шомпаңдатып, қызып алып,
ыртың-жыртың сылқылдап, бөкселері бұлтыңдап, қиқаң-қиқаң билейді
(С.Байжанов, Жастық шақ.).
Қиқаң-сиқаң еткізді. Әрлі-берлі, қайта-қайта қозғалтты. – Не
бұйырасыз? – деп қисық ағаштай қыңырая біткен тырбың белін қиқаң-
қиқаң еткізді (Б.Тоқтаров, Таудағы ән).
Қиқаң-қиқаң етті . Қисаңдады, қозғалақтаты. Сонда арқаңызды бүрге
жеген адамдай қиқаң-қиқаң етпей, тып-тыныш отырасыз (Қ.Сатыбалдин,
Қараторғай).
Достарыңызбен бөлісу: |