-С-
САҚ4 е л і к. Қатты, үшкір заттың, тістің қатты затқа, не бір-біріне
екпіндете тиген кездегі шыққан дыбысты бейнелейтін сөз.
Сақ етті. Дөп тиді, сап ете қалды. Қасқырдың тісі сақ етіп құлақ
тұсынан, Тағы бір азу қадалды келіп тамаққа (Ж.Қыдыров, Жұлдыз.).
САҚЫР е л і к. Сықыр еткен дыбысқа ұқсас, бірақ одан ашықтау
дыбысты білдіретін сөз. ≈Сақыр ете түсті.
САҚЫР-САҚЫР е л і к. Сақырлаған, сақыр-сұқыр еткен ашық
дыбысты бейнелейтін сөз. Тамақ қазанның сақыр-сақыр қайнауы әбден
басылған соң түсіріледі (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
САҚЫР-СҰҚЫР е л і к. Сақырлаған, сұқырлаған дыбыс; шақыр-шұқыр
еткен дыбысты бейнелейтін сөз. Залда отырғандардың орындықтары
сақыр-сұқыр қозғалып, біреу жөтеліп, біреу қақалып қалды (С.Адамбеков,
Атылған қыз.).
Сақыр-сұқыр еткізді. Сақырлатты, сақылдаған дыбыс шығарды.
Шұбала тірелген қызыл вагон арбаларды бір-біріне сақыр-сұқыр еткізіп
алып жөнелді (С.Сейфуллин, Шығ. жин.).
Сақыр-сұқыр етті. Сақырлады, сұқырлады. Шыңылтыр қар, аяқ басқан
сайын, сақыр-сұқыр етеді (С.Жүнісов, Жапанда.).
САЛАҚ-САЛАҚ е л і к. Салпылдаған, солп-солп еткен ебедейсіз қимыл-
қозғалысты бейнелейтін сөз.
Салақ-салақ етті. Салпақ қақты, салпақтады. Көкпардың кеуде жағы
салақ-салақ етеді (Ә.Көшімов, Жас аңшы).
САЛАҢ е л і к. Аяқ астынан, сопаң еткен қысқа қимыл-қозғалысты
бейнелейтін сөз.
Салаң етіп. Аяқ астынан, күтпеген жерден. Ел орынға отырған апақ-
сапақта салаң етіп үйге келемін (О.Бөкеев, Мұзтау).
Салаң ете қалды [түсті]. Сопаң ете қалды, аяқ астынан тап болды.
Жолдыбайдың терезеден шығысы мысық сияқты, екі қолымен жер тіреп,
салаң ете қалды да, лып етіп, орнынан түрегелді (Б.Соқпақбаев, Балалық.).
САЛДЫР е л і к. Жұқа темір заттың бір-біріне немесе басқа қатты
затқа соқтыққанда шығатын қысқа қатты дыбысты білдіретін сөз.
276
≈ Салдыр етті. // Заттардың бір-біріне соқтығысуынан шығатын дыбыс,
қаңғыр. Арба салдыры тағы естілді (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).
Салдыр қақты. Даңғырлады, салдырады. Күн де батты, бір жерге Әзім
жатты, Күн батқан соң жан-жағы салдыр қақты. Қараса қаптап жүрген бірі
айдаһар Сонда да біраз жатып ұйықтап қапты (Абай, Тол. жин.).
САЛДЫР-ГҮЛДІР е л і к. Тарсыл-гүрсіл, қаңғыр-күңгір еткен дыбысты
білдіретін сөз. Анда-санда салдыр-гүлдір етіп өткен трамвай ғана сыртта
қайнаған өмір басталғанын, қала күнделікті тіршілігіне кіріскенін мәлімдейді
(М.Мағауин, Көк мұнар).
САЛДЫР-СҰЛДЫР е л і к. Салдыр-гүлдір, қаңғыр-күңгір еткен күрделі
ашық әрі қысаң дыбысты білдіретін сөз. Аттаған сайын салдыр-сұлдыр етіп,
тау арасының тыныштығы бұзылып келеді (С.Мұқанов, Дос.).
САЛП е л і к. Бір заттың төмен қарай салбырап түсіп кетуін бейнелейтін
сөз.
Салп етті. Заттың, нәрсенің жерге түсіп кетуіне байланысты айтылады.
Ірімшік жерге салп етті, іс бітті, қу кетті (Абай, Тол. жин.).
САЛПАҢ3 е л і к. Сопаң.
Салпаң етті. Сопаң етіп шыға келді. Інім қармағының сабын жоғары көтеріп
кеп қалып еді, алабұға біздей тікенегі бар, қып-қызыл қанатын едірейтіп, қара
жолақ күйі, судан салпаң етіп шыға келді (Ө.Қанахин, Жер бас.).
САМП е л і к. Саңқ еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Самп етті [ете қалды]. Дауысы (үні) көтеріңкі шықты, ашық естілді. – өзі
сайтан көз болса да, әдепті болсын! – деп самп етті Танагөз (Ғ.Мұстафин,
Дауыл.).
САҢҚ е л і к. Құстың үні мен адам даусының айқын, қанық, жарқын
шығуын не басқалай бір қатты шыққан дыбысты білдіретін сөз.
Саңқ етті. а) Саңқылдаған дыбыс шығарды. Сұңқар бір саңқ етіп, жерге
құлап, әлсіз ашумен төсін тасқа соқты (М.Жұмабаев, Шығ.).
САП 7 е л і к. Кенеттен, аяқастынан, күтпеген жерден лезде болған, бірден
келе қалған, сау еткен қимылды бейнелейтін сөз.
Сап ете қалды [түсті]. а) Кенет, табан астында пайда болды, тап болды.
Нұрмаш (терезеге қарағансып Батиманы құшақтап). Япырай, ол ит қай жақтан
сап ете түсті, мұнда келетін болса мен көрінбеймін (Ж.Аймауытов, Шығ.).
САР1 е л і к. Сұйық затты құйып кеп жібергенде шығатын дыбысты
бейнелейтін сөз.
Сар етті. Бірден құйылып не төгіліп кетті. Кіре бергенде ауыз үйден бірдеңе
сар ете қалды (Е.Қонарбаев, Түнгі от).
САРҚ 1 е л і к. Судың немесе сол сияқты сұйық заттың қатты
қозғалысында, қатты затқа соғылғанында, қайнағанда немесе сарқылғанында,
таусылғанында шығаратын қысқа дыбысты білдіретін сөз.
277
Сарқ етті. а) Су немесе сұйық зат қайнап, басқа затқа соғылып немесе
құйылғанда таусылғанда, сарқылғанда қысқа дыбыс шығарды. Су сарқ етіп,
құйылып кетті (Ауызекі).
САРҚ-САРҚ е л і к. с ө й л. Су немесе сұйық зат қайнап, басқа затқа
соғылып немесе құйылып таусылғанда, сарқылғанда шығатын қайталанба
бірсарынды дыбыс. Ортадағы екі темір пен жан-жағына жалын атып, есік
жақтағы төрт үлкен қазан сарқ-сарқ қайнайды (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).
САР-САР е л і к. 1. Сүйық заттың құйылғанда, төгілгенде шығаратын
сарылдаған дыбысын білдіретін сөз. Алдым да, артым да сар-сар, айнала
тұман (С.Мұқанов, Шығ. жин.). 2. Қатты заттың жылдам қозғалып, ауаны
немесе іші қуыс, жұмсақ затты кесіп өткенде шығаратын қайталама немесе
созылмалы сарылдаған дауыстарды білдіретін сөз.
Сар-сар етті. Сарылдаған дыбыс шықты, сарылдады. Алдыңнан состав
тізіліп өтіп жатқандай сар-сар етеді (Ө.Күмісбаев, Ауыл.).
САРТ2 е л і к. Екі қатты зат соғылысқан кезде шығатын қысқа дыбыс.
Тоқабай есікті сарт жауып, шығып кетті (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
Сарт ете түсті [қалды]. а) Бір қатты нәрсе сартылдап қатты тиді.
Сол сол-ақ екен оқтау келіп құлақ шекеме сарт ете түсті (Қ.Сатыбалдин,
Қараторғай).
Сарт етті. Сарт еткен дыбыс шықты; тарс ете қалды. Қамшы тиді
тұлпарға, Қылыштары жарқ етті; Қабағыңды қаққанша, Жарқ етті де,
сарт етті (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
Сарт еткізді. Тарс еткізді. Қайқаң танау тесікті сарт еткізіп жауып
тастады (М.Рашев, Бетің қисық.).
САРТ-САРТ е л і к. Екі қатты зат соқтыққан кезде шығатын
қайталанба дыбыс. – Шық деймін үйден! – Темірбек мұрты тікірейіп,
қамшымен сарт-сарт ұрды (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.).
Сарт-сарт етті. Сартылдады, тарс-тарс етті. Сөйтті де алақандары
бір-біріне үш рет сарт-сарт етті (Ә.Тарази, Үлкен.).
САРТ-СҰРТ е л і к. Екі нәрсенің жиі соқтығуынан шығатын бір ашық
қатты, бір қысаң солғын дыбыс. Екеуін қоршап алған солдаттар қолдарын
сарт-сұрт соғып тұр (Ә.Әбішев, Найзағай).
Сарт-сұрт етті. Сарт-сұрт еткен дыбыс шығарды, сартылдап,
сұртылдады. Қайшыласқан адамдардың арасынан ауылдағылар бірін-бірі
білмей қалды. Сарт-сұрт еткен сойыл (А.Жүнісов, Өмір ізі).
САТЫР е л і к. Құрғақ қатты затың сынғанында, екі ұзын заттың
соғылысқанында немесе бір заттың екпінмен екінші затты жанай соғылғанда
және т.с.с шығатын қатты жаңғырықты қысқа дыбысты білдіретін
сөз. Шапалақтың сатырымен қосылып Головацкийдің арынды да темірдей
қатты даусы жарыса шығып жатты (С.Бақбергенов, Алтынемел.).
278
Сатыр ете қалды [етті]. Сытырға қарағанда әлдеқайда қатты,
жаңғырығы күшті, қысқа дыбыс естілді, шықты. Қатарынан екі рет
мылтық дауысы сатыр ете қалды (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).
САТЫР-КҮТІР е л і к. Кезектесіп келген сатыр еткен ашық және күтір
еткен сәл солғын күрделі қатты дыбысты білдіретін сөз. Сендер сатыр-
күтір соғылып, бірінің үстіне бірі мініп жатыр (С.Мұқанов, Шығ. жин.).
Сатыр-күтір етті [ете қалды]. Сатырлап, күтірледі. Қожанхан мен
Әлибек тұрған биік күз ортасынан қақ жарылып, сатыр-күтір етіп, суға
құлады (Н.Ғабдуллин, Өмір.).
САТЫР-САТЫР е л і к. Құрғақ қатты заттың сынғанында, екі
ұзын заттың соғылысқанында немесе бір заттың екпінмен екінші затты
жанай соғылғанында және т.с.с шығатын қатты жаңғырықты күрделі
қайталанба дыбысты білдіретін сөз. Бұтақтар сатыр-сатыр сынып
жатты (Ауызекі).
САТЫР-СҰТЫР е л і к. Кезектесіп келген қатты сатыр еткен ашық
және сұтыр еткен қысаң күрделі, жаңғырықты дыбысты білдіретін сөз.
Қар басып, аяз қысқан ағаш бұтақтары сатыр-сұтыр сынып жатты
(Ә.Шәріпов, Партизан.).
Сатыр-сұтыр етті. Кезектесіп келген қатты сатыр еткен ашық және
сұтыр еткен қысаң күрделі, жаңғырықты дыбыс шықты. Үй төбесіне
әлденелер сатыр-сұтыр етіп түсіп жатыр (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).
САУ3 е л і к. Судың, сұйықтың құйылғанда шығаратын қысқа
дыбысына ұқсас дыбыстарды білдіретін сөз.
Сау етті. Су, сұйық құйылғанда шығатын қысқа дыбыс естілді. Су сау
етті (Ауызекі).
Сау ете түсті [қалды]. а) Тұтқиылдан пайда бола қалды. Әкем арбасын
жөндеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау
ете түсті (Ғ.Мүсірепов, Өмір.). ә) Бұрқ ете түсті. Жұдырығым мұрнына
дәл тиіп, қан сау ете қалды (С.Алдабергенов, Асу).
САУДЫР е л і к. Құрғақ, жұқа т.б. заттың басқа затқа жанасқанда,
соғылғанда, үйкелгенде шығаратын қысқа дыбысын білдіретін сөз.
Саудыр еткізді. Құрғақ, жұқа т.б. затты басқа затқа жанатып,
соққызып, үйкелтіп қысқа дыбыс шығарды, саудырлатты. Келген адам
түрегеп тұрып үстіндегі әлдене киімді саудыр еткізіп шешіп ап, босағадағы
қазыққа іле салды (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай).
Саудыр етті. Құрғақ, жұқа т.б. зат басқа затқа жанасқанда,
соғылғанда, үйкелгенде қысқа дыбыс шығарды, саудырлады. Саудыр еткен
дыбыс естілді құлағыма (Ауызекі).
САУ-САУ3 е л і к. Судың, сұйықтың құйылғанда шығаратын ұзақ
дыбысына ұқсас дыбыстарды білдіретін сөз.
279
Сау-сау етті. Су, сұйық құйылғанда шығатын ұзақ дыбыс естілді.
Ағызғанда сау-сау етіп тұрды (Ауызекі).
СЕКЕК е л і к. Әрлі-бері немесе жоғары-төмен секіргендегі қысқа
қимылды білдіретін сөз. Мазуркада жеңіл секекте, шұғыл тоқтау да,
«шпорлайтын» өшке қағулар да бейнеленген (Музыка жанры). // Шошақай,
жеңілтек. Көңілі биік, сылқым маңғаз, Секек емес, ұрыншақ. Сұмдық баққан,
бояу жаққан. Емес жанды қуыршақ (С.Сейфуллин, Шығ. жин.).
Секек қақты. Секеңдеді, секең-секең етті, ұшып-қонды. Топ-топ болып
дем алып жүрген адамдардың арасында пальма тиындары секек қақты
(Ә.Шәріпов, Қапаста.). Уызға тойған қозылар жусан-жусанның түбінде
маужырап ұйықтап жатады, болмаса топ-топ боп секек қағып жүреді
(«Білім және еңбек»).
СЕКЕК-СЕКЕК е л і к. Әрлі-бері немесе жоғары-төмен секіргендегі
қайталама қимылды білдіретін сөз.
Секек-секек етті. Ербең-ербең етті, секеңдеді. Көжектей секек-секек
етіп жортыға бара жатқан Қамқанай артына жалт бұрылды (Ш.Құмарова,
Қазбауыр бұлт.). Бір газик секек-секек етіп өте берді (Ш.Құмарова, Қос
шынар).
СЕКЕҢ е л і к. Әрлі-бері немесе жоғары-төмен секіргендегі қысқа
қимылды білдіретін сөз. // Селтеңдеген жеңілтектік. Мұқажан ана екеуіне
қарағанда секеңі көп, аударылып қала жаздайды (Б.Тілегенов, Аққайнар).
Зәлу баласының Беркінмен дос болуына қуанбаса ренжімейді, себебі секеңмен
жұмысы жоқ момын, сырмінез бала (М.Дүйсенов, Ант).
Секең етті [қақты]. Секек қақты, секектеді. Жексен кенет осы ойын
Биғаным есітіп қойғандай, секең етіп, шоршып түсті (Р.Райымқұлов, Қыз –
айна). Төбе басында секең қағып, белдескен екі баланың күрестері байқаусызда
төбелеске айналып кетті (С.Санбаев, Аруана).
СЕКЕҢ-СЕКЕҢ е л і к. Әрлі-бері немесе жоғары-төмен секіргендегі
қысқа қимылды білдіретін сөз. Отырады торында Дыбыс берсең сасады.
Шықса-ақ болды қолыңнан Секең-секең қашады. Үйренбеді ол маған Өзіне
қанша күн ердім (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
СЕЛК е л і к. Шошынғанда, қорыққанда дененің дір еткен оқыс қимылын
бейнелейтін сөз.
Селк етті. Дене дір етіп, оқыс шошынды; түршікті. Жүсіп, тоқалдың
қолындағы темірді алып тағы сілтей берем дегенде, Жамалдың осы даусын
естіп, селк етті (Б.Майлин, Шығ.). Бұғып кетіп барады Жаман тымақ
сол кезде Жан біткендей ілезде Бір құлағы селт етті, Өзінен-өзі селк етті
(Ж.Аймауытов, Шығ.).
СЕЛК-СЕЛК е л і к. Әлсін-әлсін селкілдеген қимылды бейнелейтін сөз.
Елжас пен Мақсұт селк-селк қозғалды (А.Жақсыбаев, Қайырлы таң).
280
Селк-селк етті. Денесі қатты қозғалды, селкілдеді. Ол әбден жылап,
сілесі қатқандықтан селк-селк етіп, өкси берді (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).
Қайныңның өзі түгіл, атын айтсаң, Шошиды селк-селк етіп барлық денем
(С.Торайғыров, Мағынасыз.).
СЕЛТЕҢ-СЕЛТЕҢ е л і к. Секең қаққан, селтектеген қимылды
бейнелейтін сөз.
Селтең-селтең етті. Шошаң-шошаң етті. Буы бұрқыраған ботқаны
жалмаңдап жұтқан сайын мұртының қияғы, ұш жағы селтең-селтең етеді
(С.Бақбергенов, Қарға там.).
СУДЫР-СУДЫР2 е л і к. Сыбдыр-сыбдыр еткен дыбысты бейнелейтін
сөз. Сұлу келіншек: «хи-хи-хи» деп күлгендей, Дыбысы шықпай, шегі қатып
өлгендей, Былқ-сылқ етіп түрегелді судырап. Судыр-судыр жансыз жібек
жүргендей (М.Жұмабаев, Шығ.).
СЫБДЫР-СЫБДЫР е л і к. Қайта-қайта сыбдырлаған дыбысты
бейнелейтін сөз.
Сыбдыр-сыбдыр етті. Сыбдырлады, тысырлады. Шамасы көк терек
болу керек, жапырағы сыбдыр-сыбдыр етеді (Т.Дәуренбеков, Біз әлі.). Терек
жапырақтары қыз бен Хайроллаға сыр шерткісі келгендей сыбдыр-сыбдыр
етеді («Қаз. әдеб.»).
СЫҚ-СЫҚ е л і к. Сыңғырлаған күлкіні білдіретін бейнелеуіш сөз.
Сық-сық күлді. Сыңғырлап күлді. Батыс халықтары Жапанды табалап,
сық-сық күлді. Жапанның әлемді арманы далаға кетті (Ж.Аймауытов,
Шығ.).
СЫҚЫР 2 е л і к. Кенеттен, күтпеген жерден шыққан тысырлаған,
тырс еткен қысқа дыбысты бейнелеу үшін қолданылатын сөз. Сол ойда
жатқанда есік сықыр ете қалды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Осы сәт
жаман ағаш еден сықыр етті (М.Сүндетов, Ескексіз.).
СЫҚЫР-СЫҚЫР е л і к. Тырс-тырс еткен, қайта-қайта сықырлаған
дыбысты бейнелеу үшін қолданылатын сөз. Ашқан-жапқан сайын есіктің
тот басқан топсасы сықыр-сықыр етеді (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).
Аяғының астында шыныланған қатқыл қар сықыр-сықыр етеді (М.Әуезов,
Таңд. шығ.).
СЫЛДЫР-СЫЛДЫР е л і к. 1. Шолпы, сырға, тиын сияқты нәрселердің
бір-біріне тиіп, қозғалуынан шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. Сылдыр-
сылдыр теңгелер сылдырлады, Күмбірледі, әлдекім сыбырлады (Б.Майлин,
Таңд. шығ.). 2. Бұлақтың сылдырлап ағуын бейнелейтін сөз. Сылдыр-
сылдыр су ағады. Суға қараса, Ақбілекті бұлдыр-бұлдыр ой тербетеді
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Ормандар судыр-судыр гулесетін, Бұлақтар былдыр-
былдыр тілдесетін, Балықшы-ой шартарапты шанышқылап, Тереңде
сылдыр-сылдыр су кешетін (Т.Айбергенов, Мен саған.).
281
Сылдыр-сылдыр етті. Қайта-қайта сылдырлады, сыбдыр-сыбдыр
етті. Қыздың басындағы кәмшат бөрік, үстіндегі жеңсіз барқыт
камзол, қара шашының бұрымындағы жалт-жұлт еткен шолпылары
сылдыр-сылдыр етеді (А.Сатаев. Дала.).
СЫЛҚ е л і к. Күрт, кілт тыйылған, жасалған қимылды білдіретін
сөз. Азынап дыбысы да анық естілді. Нәрсе қырқаға көтерілді де, сылқ
тоқтады (С.Елубаев, Ойсыл қара). Бастарынан айырылған екі дене екі-
үш аттап барып сылқ құлады (І.Есенберлин, Қаһар).
Сылқ етті. а) Бірден төмен түсті, салбырап қалды. Алтыатарын
алып, Ақбілек кезене бергенде Ақбілек шаңқ етіп безілдеп кезулі
мылтыққа қарсы тұра жүгірді. Қара мұрттың кезенген қолы сылқ етті
(Ж.Аймауытов, Шығ.). ә) Әлсірегендіктен гүрс етті, талып қалды.
Сақыпжамал: – Әни! – деп шыңғырып жіберді де сылқ етіп құлап,
талып түсті (І.Есенберлин, Қатерлі.).
Сылқ [құлап] түсті. а) Сылқ етіп құлады. Исаның шоқпарымен
салып кеткен қасқыры сылқ түсіп, тырая кетті (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Ойнақы тазы қасқырдың аузына түспейді, өз аузын тағы босатпайды.
Осы кезде Аман келіп, қара тұмсықтан дәлдеп бір ұрып еді, қасқыр сылқ
ете түсті (Ғ.Мұстафин, Шығ.). ә) Ұнжырғасы түсіп, сұлқ басылды.
Демалыстан көбеңсіп келген көңіл су сепкендей басылып, Орынбай сылқ
түсті де қалды (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ).
СЫЛҚ-СЫЛҚ е л і к. Қайта-қайта сылқылдаған дыбысты
бейнелейтін сөз. Отау үйдің ішінен Әубәкір мен Меңсұлудың сылқ-сылқ
күлкісі естілді (А.Сатаев, Дала.).
Сылқ-сылқ етті. Сылқылдап күлді. Ұмсынай келіп, күрсініп, сылқ-сылқ
етіп, маңдайын алақанымен тіреп отыра кетеді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Сылқ-сылқ жұтты. Қылқ-қылқ, құлқ-құлқ еткізе ішті, сімірді.
Апсағай денелі қара сақал біреуі қаңылтыр торсығының аузынан сылқ-
сылқ жұтып жатыр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). – Бәтір-ау, мұны
қайтеміз енді? – деп әйелдер коньякты сораптап ұрттап, сылқ-сылқ
жұтты (Б.Майлин, Азамат.).
Сылқ-сылқ күлді. Сылқылдап күлді, рақаттана мәз болды.
Баяғыдағы бір өр мінезіне басып, ескісін еске түсіріп, Базаралы сылқ-
сылқ күлді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Кәрі Каспи қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты. Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ
күліп, Қатынды алды, қитықсыз араласты (Абай, Тол. жин.).
СЫЛП е л і к. Ішке тартылған ауаны күрт тоқтатқанда естілетін
дыбысты бейнелейтін сөз.
Аузын сылп еткізді. Таңғала, таңырқай ауыздарын шылп еткізді,
сылп-сылп дегізіп үн шығарды. Ауыздарын сылп еткізіп босаға жақта
282
әйелдер отырды (Б.Майлин, Шығ.). Олар да әлденеге таңғалысып,
ауыздарын сылп еткізіп қояды (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).
СЫЛП-СЫЛП е л і к. Шалп-шалп, салп-салп, шылп-шылп еткен
дыбысты бейнелейтін сөз. Жерошақ басы: қожалақ бала, қоңырсақ
құйқа, қандықыл қатын, ішек-қарын, тезек, сылп-сылп ит, тікесінен
шаншылған майда қоңыр түтін (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Сылп-сылп етті. Шыпылдады, шылп-шылп етті. Екеуі ақырын
«шу-шулеп» тебініп, тағы да бір жерге кептеліп кеп тұрады. Жаңбыр
суы сылп-сылп етеді (С.Сейфуллин, Тар жол.).
СЫЛТ е л і к. Кілт еткен, бұлт еткен қимыл-қозғалысты
бейнелейтін сөз.
Сылт етті. Кілт етті, бұлт етті. Сонда сұлу қыз Құртқа қылаң
етіп, қылт етіп, сылаң етіп, сылт етіп... (Қобыланды батыр).
СЫҢҚ е л і к. Күлген кезде сыңқылдап шығатын дыбысты
бейнелейтін сөз.
Сыңқ етіп күлді. Аяқастынан сыңқылдап күлді. Ақжаңыл сыңқ етіп
күлді де құрбы қыздары тобына қарай жүгіріп кетті («Қаз. әдеб.»).
Қасына тақаған қаса сұлу сыңқ етіп күлді (Д.Досжанов, Жібек.).
СЫРП-СЫРП е л і к. Аяқкиімді сүйрете басып, сырпылдатқанда
шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Сырп-сырп басты. Аяқкиімін сүйрете басып, тырпылдатты.
Менен еш жауап болмаған соң, қадала беруді жөн көрмеген болар,
кемпір сырп-сырп басып қарсыдағы бөлмесіне кіріп кетті (Д.Исабеков,
Таңд. шығ.).
СЫРТ-СЫРТ е л і к. Тырс-тырс, тысыр-тысыр еткен дыбысты
білдіретін сөз. Есік бірнеше рет сырт-сырт қағылды (Т.Нүртазин,
Адам.).
СЫТЫР е л і к. 1. Сүйек, буынның орнынан тайғанда, сынғанда
шығатын дыбысын бейнелейтін сөз. 2. Тырс еткенді бейнелейтін сөз.
Сытыр етті. Сытырлап сынды, сыртылдады. Қарабайдың да оң
иығы сынып кеткендей сытыр еткен (М.Әуезов, Шығ. жин.).
-Т-
ТАҚ-ТАҚ е л і к. Т арс-тарс, сарт-сарт еткен қысқа да қатты
дыбысты бейнелейтін сөз. Таңертең ең бір тәтті ұйқының құшағында
жатқан кезде терезені өрт шыққандай тақ-тақ ұрып оятады
(Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
Тақ-тақ етті. Тақылдады, тарсылдады. Кей ерді сом қосылған дейміз
тәуір, Атқа жайлы болса да кісіге ауыр. Бір желгізбей астыңа тақ-тақ
етіп, Мініп алсаң қылады қоңды жауыр (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
283
Таңдайы [тілі] тақ-тақ етеді. Тақылдап мүдірмей сөйлейді; бөгелмей
жауап береді. Осыны айтқанда досының таңдайы тақ-тақ етеді
(О.Сәрсенбаев, Сағым).
ТАҢҚ-ТАҢҚ е л і к. Таңқылдаған, тарс-тұрс, сарт-сұрт еткен
дыбысты бейнелейтін сөз. Қисықтың баласы да қисық жаратылады-
ау, Елшібай «бәлем, қыз алдында сыбағаңды бердім бәлем» дегендей
таңқ-таңқ күлді де кете барды (Т.Есімжанов, Аяулым.).
ТАПЫРАҚ е л і к. Тапырақ-тапырақ еткен, тапырақтаған жүрісті
бейнелейтін сөз. Жейтіні ащы жапырақ. Жүрісі жаман тапырақ. Етін
жақтырмаймыз. Шұбатын ас қылмаймыз (И.Шұғаев, Найза).
Бота тапырақ. Тарбаңдаған, тайраң-тайраң жүріс. Есіріктің бота
тапырағына ешкім көңіл де аудара қоймады (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).
Тапырақ қақты. Аяғын әлтек-тәлтек басты, тапырақтады. Бурыл
бесті болса, тынысы үзіліп, тапырақ қаға бастады (Т.Әлімқұлов, Туған
ауыл).
Достарыңызбен бөлісу: |