Микроорганизмдер спорасы денесінде ылғал кем болғандықтан ұзақ жылдар бойына тіршілігін сақтайалады. Құрғату, әсіресе микроорганизмдердің вегетативтік клеткасына күшті әсер етеді. Әр түрлі микроорганизмдердің құрғақшылыққа қатысы да түрліше. Мәселен, сүт қышқылы бактериялары тіршілігін құрғақшылық жағдайда 10 жылдай жоймайды, туберкулез таяқшасы 3—9 айдай сақталады. Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі өте баяулайды, көбеюі тоқталады. Сондықтан ет, балық, сүт, түрлі көкөністер және басқа да тағамдарды құрғату арқылы сақтайды. Тіпті шөпті шауып кептіру де микроорганзимдердің осы қасиетіне негізделген.
Жарықтың микроорганизмдерге әсері.
Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды.
Паразит бактерияларға қарағанда, сапрофит микрорганизмдер күн сәулесіне төзімді келеді. Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады. Шашырап түскен күн сәулесінің, тікелей түскен сәулеге қарағандаәлсіздеу болады. Дегенмен, шашырайтүскен сәуле үзақ әсер етсе, микроорганизмдер тіршілігі тежеледі. Міне сондықтан да лаборатория жағдайында микроорганизмдерді қараңғы жерде сақтаған жөн. Күн сәулесінің осы қасиетінің гигиеналық маңызы бар. Сондықтан үй,мектеп салғанда жарықтың жақсы түсуін еске алады. Қараңғы бөлмелерге қарағанда, жарық бөлмелерде микробтар анағұрлым аз болады.
Күн сәулесінің өзі бірнеше құрам бөліктен тұрады
Бұлардың ішінде ультракүлгін, күлгін және көк бөліктерінің әсері күшті.Ультракүлгін сәуле тура түскенде микроорганизмдер тез қырылады. Бұл сәуленің осындай әсері суды, сүтті, тағамдық басқа да заттарды және аздап бөлмелерді залалсыздандыруда (стерилизация) тұрмыста кеңінен қолданылады. Ультракүлгін сәуле микроорганизмдердің тек вегетативтік клеткаларын ғана емес, спораларьш да қырады.
Ультракүлгін сәуленің мұнымен қатар кемшілігі де бар. Ол залалсыздандырылатын заттардың терең қабатына өте алмайды. Олардың беткі жағындағы микробтарды және спораларын ғана жоя алады.
лллллл
Сонымен қатар белгілі бір мөлшерде радий және рентген сәулелері микроорганизмдердің өсуіне және дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ал, ол радий және рентген сәулелерінің мөлшері шамадан тыс көбейіп кетсе микроорганизмдер қырыла бастайды. Осының керісінше, кейбір микробтарға белгілі бір мөлшерде осы сәулелермен әсер еткенде, клеткасындағы май, нуклеин қышқылдары, антибиотиктер және витаминдердің мөлшері арта түседі. Мұны қазіргі кезде кейбір микробиологиялық өнеркәсіпте қолданып жүр.