Алматы технологиялық университети Тағамдық биотехнология кафедрасы ПӘН «Микробиология» Дәріскер: Алибаева Бахыт Насихатқызы


Ауыл шаруашылық зиянкестеріне қарсы қолданылатын антисептиктер



бет7/9
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116867
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ауыл шаруашылық зиянкестеріне қарсы қолданылатын антисептиктер

  • Микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне, ерітіндідегі тұздың концентрациясының да әсері зор. Тұз концентрациясы күшті болса, ортаның ылғалды болуына қарамастан микроорганизмдер тіршілік ете алмайды. Мәселен, ортадағы ас тұзының мөлшері 3% болғанда көптеген микроорганизмдердің көбеюі тежеледі. Тұздың әсеріне, әсіресе шіріту және сүт қышқылы бактериялары төзімсіз келеді. Ортадағы тұз мөлшері, 10% болғанда, бұл бактериялардың тіршілігі мүлде жойылады.Тағамда әр түрлі уларды түзетін, сөйтіп адамды улататын паратифозды бактериялар және ботулизм бациллалары ас тұзының әсеріне төзімсіз келеді. Олардың тіршілігі ас тұзының ортадағы концентрациясы 9 процентке жеткенде тоқталады.Сол сияқты қант ерітіндісінің де микроорганизмдер тіршілігін тежейтін қабілеті бар. Микроорганизмдердің осы қасиеттерін адам баласы тұрмыста түрлі тағамдарды консервілеуде, тұздауда кеңінен қолданып отыр.Табиғатта тұздар концентрациясының едәуір мөлшеріне төзімдімикроорганизмдер де жеткілікті. Мұндай микроорганизмдерді галофильдер деп атайды. Кейде галофиль микробтар тұздалған тағамдарды да бүлдіріп жібере алатындығы анықталды.

Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері

  • Табиғат жағдайында микроорганизмдер тек ортаға әсер етіп қоймайды, ортамен өзара белгілі бір қарым-қатыста болады. Кейде бір микроб екінші бір микробтың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай құбылысты симбиоз деп атайды. Кейдеосы кұбылыс микроорганизмдер үшін қажет те. Мәселен, май қышқылы процесін қоздыратын анаэробты микроб — клостридиум пастеурианум аэробты бактериялармен өте жақсы симбиозда болады. Аэробты микроорганизмдер мұнда ортадағы оттегін қабылдайды және анаэробты микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде пайда болған зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Сөйтіп, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактерияларын көміртектес және минералдық заттармен қоректендірсе, олар азотты ауадан сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен саңырауқұлақтар арасынан кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды.
  • Табиғатта кейде микроорганизмнің бір түрі өздерінің тіршілігі барысында микроорганизмнің екінші бір түрінің дамуына аса қолайлы жағдай жасайды. Мәселен, кептеген сапрофит микроорганизмдер белокты пептонға, амин қышқылдарына және басқа жай қосылыстарға ажыратады. Бұл заттарды нитрификациялаушы бактериялар пайдалана отырып, азот қышқыл аммиак тұздарына айналдырады. Ал бұның өзі өсімдіктер үшін өте қажет қоректік зат болып табылады. Дәл осындай құбылыс азотобактер мен клетчатка ыдыратушы микроорганизмдер арасында да болады. Азотобактер ауадағы атмосфера азотын байланыстыру үшін, азотсыз органикалық заттарды қажет етеді. Ал олар клетчатканы ыдырата алмайды. Қлетчатка ыдыратушы бактериялар клетчаткадан түрлі органикалық қышқылдар түзеді. Азотобактер бұл қышқылдарды одан әрі тотықтыра отырып, өз денесіне азот жинайды. Осымен бірге клетчатка ыдыратушы микроорганизмдердің одан әрі тіршілік ете беруіне қолайлы жағдай жасайды. Міне бұны метабиоздық қарым-қатыс деп атайды. Кейбір жағдайда микробтардың бір тобының тіршілік әрекеті барысында пайда болған заттар екінші бір тобына қолайсыз әсер етеді, кейде оларды қырып та жібереді. Мұндай құбылысты антагонизм деп атайды
  • Антагонизм құбылысын 1887 жылы Л. Пастер ашқан болатын. Ол мұндай құбылысты топалаң таяқшасы мен шіріту бактериялары арасынан байқады. XIXғасырдың аяғында атақты орыс ғалымы И. И. Мечников сүт қышқылы бактериялары мен шіріту бактерияларының арасында осындай құбылыстың болатындығын тапты. Сондықтан ол сүт қышқылы бактериялары қатысуымен жасалатын сүт тағамдарын тұрмыста кеңінен қолдануды насихаттады.Антагонизм басқа бактериялардың арасында да кездеседі. Мұны биология тұрғысынан қарағанда, табиғаттағы сұрыптау процесін реттеуші факторлардың біреуі деп қарауға болады. Антагонизм құбылысын зерттеу барысында көптеген бактерияларды жойып жіберетін заттар алынады. Оларды антибиотиктер (гректің «анти» — қарсы,«биос» — тіршілік дегенсөзіненшыққан, яғни тіршілікке, өмірге қарсы зат) деп атайды. Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқұлақтар түзеді. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді. Ал кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды.
  • АНТИБИОТИКТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет