Микроорганизмдер тіршілігінде ортаның химиялық құрамының маңызы зор. Бұлай болатын себебі Ортада микроорганизмдерге қажетті заттармен бірге, зиянды улы заттардың да болуы мүмкін. Олар клеткаға еніп, цито-плазмамен байланысып, осының нәтижесінде микроорганизм клеткасының тіршілігін жойьп жіберед.
Микроорганизмдер тіршілігін жоятын улы заттардан ауыр металдардың тұздарын (сынап, күміс т.б.) атап өтуге болады. Сонымен қатар ауыр металдар (күміс, мыс, мырыш т.б.) және хлор, йод, сутегінің асқын тотығы, мырыш қышқыл калий, күкіртті газ, күкіртті қышқыл, көміртегі тотығы және көмір қышқыл газы, спирттер, органикалық қышқылдар және басқа да заттар иондары да микроорганизмдерге күшті әсер етеді. Практикада бұл заттарды антисептиктер деп атайды. Әр түрлі антисептиктердің микроорганизмдерге қолайсыз әсері олардың ортадағы концентрациясына және әсер ету уақытына, температура мен ортаның реакциясына байланысты. Қазір антисептиктер медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен үйлерді, құралдарды және аспаптарды залалсыздандыруға болады. Міне микробиологияда осы антисептиктермен өңдеуді дезинфекциялау деп атайды.
Дезинфекциялаушы заттар ретінде карбол қышқылын, формалинді, хлорлы әк, крезолды және күкіртті газды қолданады. Сұйық антисептиктерді дезинфекциялаушы затқа бүркеді, ал газдарды — ыстау жолымен қолданады. Қолдану мелшері әр түрлі антисептик үшін түрліше болады. Мәселен, карбол қышқылының 2—5 проценттік ерітіндісі бактериялардың басым көпшілігінің қырылып кетуіне себепші болады. Бұл мақсатқа формалиннің бір проценттік ерітіндісі де қолданылады. Антисептиктермен әсер еткенде микробтардың кейбір түрлері бірден қырылып кетпейді. Оның микробтарды жойып жіберудегі әрекетін арттыру үшін температураны көтеру қажет.