Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет111/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146
Өзен мәселелері
. Өзен жүйелерінен ең көп ластанған өзендер-
ге Ертіс, Нұра, Сырдария жатады. Халықты ауызсумен жабдықтаудың
негізгі көзі – жерасты сулары да ластануда. Қазақстанның басты су тар-
мағы – Ертіс өзенінің бассейні экологиялық тұрғыдан айрықша нашар 
күйінде қалып отыр. Оның суы ауыр металдармен (мыс, мырыш, кадмий, 
қорғасын, мышьяк, т.б.) ластанған, олар өзенге сумен ағып келіп қосыла-
ды. Ертіс Өскемен қорғасын-мырыш, Риддер қорғасын зауыттарының,
Берёзов кенішінің, «Алтай полиметалл» компаниясының ағын сула-
рымен ластанады. Ертіс суында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа 
да ауыр металдардың шоғыры мөлшерден бірнеше есе асып кеткен.
Бірнеше жыл қатарынан Іле өзенінің суы күріш егістігінің суланды-
рылатын ауқымды жерлерінде минералдық тыңайтқыштар мен улы 
химикаттарды үлкен мөлшерде қолдану есебінен ластанып келеді. Со-
нымен қатар өзен арқылы Қапшағай суқоймасының суын ластай оты-
рып, Қытай аумағына мұнай өнімдері тасымалданады. 
Сырдария, Шу, Талас күріш және мақта егістіктерінде және дре-
наждау жұмыстарын жүргізуде қолданылатын химиялық заттармен 
ластанады. 
Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарындағы суқоймаларында да 
нашар экологиялық ахуал байқалады. Ақтөбе облысының өзендерін-
де су хром мен бромның қосылыстарымен, ал Қарағанды облысының 
өзендері – металлургиялық комбинат пен «Карбид» өндірістік бірлесті-
гінің қалдықтарымен ластанады. Жамбыл фосфор зауыты өңірдегі 
өзен суларын фтор және сары фосфориттермен улайды.
Тұщы судың ресурстарының жетіспеушілігі және оларды дұрыс 
пайдаланбау елімізде қоршаған ортаның тұрақты дамуына және қор-
ғауға айтарлықтай қауіп төндіреді.
1.
Аталған алты саладағы өндіріс технологияларын зерделеңдер және 
суды көп мөлшерде пайдалану себебін түсіндіріңдер.
2. 
Экономика салаларында судың ысырап болу себептерін анықтаңдар 
және оларды жою тәсілдерін ұсыныңдар.
3.
1) мемлекет, 2) жергілікті билік органдары, 3) Қазақстан азаматтары, 
4) жергілікті қауымдастық және 5) әрбір жеке тұлға Аралдың, Балқаш 
пен Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу үшін не істеуі қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет