ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
Бұл айдардың тапсырмалары жобалық сипатқа ие және екі кезеңнен
тұрады.
1-тапсырма сыныпта, ал 2-ші және 3-тапсырмалар сабақтан тыс уақыт-
та орындалады.
1.
Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар.
Су ресурстарының сарқылуы мен ластануына байланысты Қа-
зақстан Республикасына гидрологиялық қауіптің бүтін
бір шоғыры
төніп тұр. Мемлекетаралық қайшылықтардың шиеленісуі, экология-
лық тұрақсыздықтың жаңа көздерінің дамуы, республиканың әлеу-
меттік-экономикалық даму бағдарламасының орындалмауы гидро-
логиялық қауіп-қатердің іске асуының салдары болуы мүмкін.
Республикада су тапшылығын жоюдың екі жолы анықталған:
су ресурстарына түсетін жүктемені азайту
және тұщы су ресурста-
рын арттыру. Бірінші жолы – су сыйымдылығы жоғары өндірістердің
даму қарқынын төмендету және заманауи су үнемдейтін технология-
ларды өнеркәсіптерге, ауылшаруашылық және коммуналдық ша-
руашылықтарға енгізу. Екіншісі – мемлекетаралық су қатынастарын
жетілдіру, өзен ағысын реттеу, жерасты тұщы суларының қорын пай-
далану, тұзды және
тұздылау суларды тұщыландыру, су ресурстарын
аумақта қайта үлестіру арқылы тұщы су ресурсын арттыру.
Экономика салаларында заманауи су үнемдейтін технологиялар-
ды кеңінен қолдану – Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің нақты негізі.
2.
Параграфтың мәтіні мен материалды оқып, Қазақстан Республика-
сындағы су ресурстарын ұтымды пайдаланудың тиімділігін арттыру
бойынша атқарылатын іс-әрекеттердің
негізгі бағыттарын анықтаң-
дар. Суды үнемдеу, су ресурстарын тиімді пайдалану бо йынша ұсыныс-
тарыңды білдіріңдер. БАҚ, басқа да дереккөздеріндегі материалдар
бойынша елімізде суға қатысты мәселелерді шешу үшін қандай жұ-
мыстар атқарылып жатқанын, қандай жобалар жүзеге асырылғанын,
қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын айқындаңдар.
3.
Бағыттардың бірін таңдап, топтарда Scrum-тақта толтырыңдар.
Ол «Идея»/«Backlog», «Қажет», «Жасау», «Тексеру», «Дайын» баған-
дарынан тұрады, оларға тапсырма
жазылған стикерлер жапсыры-
лады.
•
Достарыңызбен бөлісу: