Г ЕОДЕРЕК . Сырдария – еліміздегі ең лай сулы өзен (суының лайлылы-
ғы 1200г/моль
3
), өйткені ол ағыс жолында 10-15 км-ге дейін жайылма
түзе отырып, жұмсақ жыныстарды шайып ағызып отырады. Оның лай-
лылығы экологиялық ластануға жатпайды.
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА 1. Өзің тұратын өлкедегі бір су нысанына далалық зерттеу жүргізіп,
оның ахуалының төменде келтірілген сапа өлшеміне сәйкестігін
анықтаңдар:
а) (Су нысаны) қалқымалы қатты қалдықтардан немесе адамның
іс-әрекеті нәтижесінде суға түскен, шірінді немесе басқаша жағымсыз
(жиіркенішті) тұнба түріндегі шоғырлар түзілуіне дейін тұнып қалған
немесе осы су нысанындағы тіршілік атаулының барлық түріне қо-
лайсыз әсер ететін басқа да заттардан таза;
ә) (Су нысаны) жиіркеніш тудыруға немесе нысанның тозуына әке-
летін жағдай туғызуға жеткілікті мөлшерде адамдардың іс-әрекетінің
нәтижесінде суға түсетін қалқымалы сынықтардан, мұнайдан, көпір-
шіктерден және басқа да жүзбе заттардан таза;
б) (Су нысаны) адамның іс-әрекетінің нәтижесінде суға түсетін, нысан-
ды пайдалануда қолайсыздық туғызатындай деңгейде су нысанының
жағымсыз түсін, иісін немесе басқа да жағдайлар туындататын заттар-
дан таза;
в) (Су нысаны) адамдардың тіршілік әрекеті нәтижесінде суға түсетін
заттардың адамдар, жануарлар немесе судағы тіршілік иелері үшін
улы немесе зиянды және/немесе араласу аймағында өмірге қауіп
төндіретін шоғырларынан таза;
г) (Су нысаны) адамдардың тіршілік әрекеті нәтижесінде суға түсетін,
судағы арам шөптер мен балдырлардың қажетсіз мөлшерде өсуін
туындататын қоректендіргіш заттар шоғырынан таза.
2. Су ресурстарын басқару жүйесін жақсартпаған жағдайда қандай
нақты қауіп-қатер туындауы мүмкін?
3. Осы су нысанын сақтап қалу немесе құтқарудың қоғамға қызмет
ету бойынша ерікті акциясының сценарийін әзірлеңдер. Оны өткізу-
дің оқу жылы ішіндегі нақты мерзімін анықтаңдар.
147 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы