Балықшаруашылық
– сыртқы және ішкі суқоймаларында балық өн-
діруі (аулау) және ұдайы өндіру (өсіру).
Батпақтану
– жерасты суы деңгейінің көтерілуі, судың дұрыс ақпа-
уы, сутіректің жақын орналасуы немесе булану режимінің өзгеруі салда-
рынан топырақ пен жердің қатты қабатының ылғалдануы.
Библиография
– тақырып бойынша әдебиеттердің толық тізімі, сон-
дай-ақ осындай тізімдерді қамтитын арнайы басылымдар (көрсеткіштер,
каталогтер, шолулар).
Библиографиялық көрсеткіш
– библиографиялық құралдардың
бірнеше түрін, яғни жарияланған құжаттардың (кітаптар, газет-журнал
мақалалары, т.б.) тізімдерін белгілеуге арналған, қандай да бір белгі бо-
йынша біріктірілген, материалдар әзірлеу және топтауды жеңілдететін
қосымша индекстермен қамтылған ортақ термин.
Библиографиялық тізім
– пайдаланылған ақпарат көздерінің сипат-
тамасын қамтитын және қорытындыдан кейін қамтылатын биография-
лық аппараттың міндетті элементі.
Биологиялық ресурстар
– қалпына келетін – таусылатын табиғи ре-
сурстар: орман, басқа да өсімдіктер, аңшылық-кәсіптік, балық және өзге
гидробиологиялық заттар.
Болжам
– зерттеу нысанының болашақтағы жағдайы туралы ықти-
мал пайымдау.
Бұғышаруашылық
–
бұғы өсірумен айналысатын шаруашылық-
тың бір саласы. Бұғышаруашылығы Ресейде, Финляндияда, Швеция-
да, Норвегияда, Канадада, АҚШ-та (Аляска), Ресейдің Алтай, Красноярск,
Приморье өлкелерінде, Қытайда, Кореяда, Моңғолияда, Қазақстанда да-
мыған.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
– көпшілікке арналған ақпа-
раттарды жинақтау, өңдеу және таратудың күнделікті тәжірибе құралы.
Білім беру
– тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адам-
ның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі.
Бір сөзді өзгертіп айту
– мәтінді басқа сөзбен қайта айту немесе бір
нәрсенің мазмұнын өз сөзімен қысқаша баяндау; біреудің сөзін аздап өз-
герте отырып жеткізу, идеясын сақтай отырып, мағынасын айту.
160
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
|