Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет129/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   146
Е
геменді мемлекеттер
– ішкі және сыртқы істерде дербестігі бар
саяси тәуелсіз мемлекеттер.
Ел
саяси-географиялық тұрғыда, бұл белгіленген шегарасы бар, 
мемлекеттік тәуелсіздікті (егемендік) иеленген немесе басқа мемлекеттің 
билігіне бағынышты және дербестігі жоқ аумақ.
Еңбек ресурстары
– елдің немесе аймақтың халықшаруашылығын-
да жұмыс істеу үшін қажетті білім деңгейі, дене бітімінің дамуы және денсау-
лық жағдайы бар халықтың бір бөлігі.
Ж
анама дәйексөз пайдалану 
– өз жұмысына автордың идеясын
немесе дереккөз материалдарын қамтып, өз сөзімен беру.
Жан-жақты оқу техникасы
– мәтіннің бір бөлігін таңдап, мұқият оқу.
Жануарлар әлемі 
– қандай да бір аумақ шегінде (акватория) үнемі
тіршілік ететін жануарлардың ерекше түрлерінің тарихи қалыптасқан 
жиынтығы.
Жер ресурстары 
– шаруашылық мақсатта жүйелі түрде пайдаланы-
латын немесе пайдалануға жарамды және табиғи-тарихи белгілері бо-
йынша ерекшеленетін жерлер.
Жоба
– жаңа өнімді шығаруға бағытталған жоспарлар, іс-шаралар 
мен басқа да тапсырмалар.
Жобалық қызмет 
– жаңа өнімді (құрылғыны, жұмысты, қызметті) 
шығаруға бағытталған жоспарлауды, жұмысты және басқа да іс-шаралар-
ды тұспалдайтын жобаны орындау ісі.
Жоспарлау 
– алға қойылған
 
мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстар-
ды тиімді бөлу; мақсат, міндет қоюға және болашақтағы атқарылатын 
іс-әрекетке қатысты жұмыстар.
Жұмыс алгоритмі 
– ақырғы нәтижеге жету міндетін шешу үшін атқа-
рушының іс-қимыл тәртібін сипаттайтын нұсқаулар жиынтығы.
Жылу-энергетикалық кешені
көмір, мұнай, газ өнеркәсіптерін, бас-
тапқы энергия тасымалдаушылар мен электр энергиясын өндіруші басқа 
да салаларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет