Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет126/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146
Г
азеттен іріктеп алу 
– бірдей атауы бойынша іріктеп алынған бір 
тақырыптағы бірқатар мақалалар, белгілер қатары.
География 
– Жер туралы ғылым. Нысандар мен құбылыстардың ау-
мақта таралуын және өзара байланыстары мен бір-біріне ықпалын зерт-
тейді. Ерекше зерттеу пәні – табиғат-қоғам-адам жүйесі.
География мәдениеті
– аумақтық мәдениетті бөлуді және кеңістік 
мәдениетті зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның бағыты.
Географиялық координаттар 
– нүктелердің экваторға (ендік) және 
нөлдік меридианға қатысты жердің беткі қабатында орналасуын анықтай-
тын шамалар (бойлық).
Географиялық орта 
– адамзат қоғамы өз өмірінде және тарихи да-
муының осы кезеңіндегі өндірістік қызметінде тікелей байланысқа түсетін 
жер табиғатының бір бөлігі. Ол адамдардың ықпалымен географиялық 
қабық эволюциясының нәтижесінде пайда болды. Бұлар – жасанды өз-
герістер. 
Геоурбанистика (
урбанистика) 
– қала орталығының дамуына және 
қала тіршілігіне кешенді анализ жасап, оның функцияларының дамуына 
әрекет ететін 
экономикалық географияның
тарауы.
График 
– алынған деректер нүкте түрінде бейнеленетін, түзу сызық-
тармен біріктірілетін диаграмма түрлері. Сондай-ақ сызықсыз нүктелер-
мен бейнеленеді (нүктелі диаграммалар). 
Графикалық материалдар 
– көрнекі материалдармен (фотосуреттер, 
суреттер, сызбалар, диаграммалар, т.б.) оқыту тәсілі. Ол есте сақтауға 
оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс 
бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдау 
және есте сақтауға баулиды.
Ғ
ылыми басылым 
– теориялық немесе тәжірибелік зерттеулердің 
нәтижелерін қамтитын басылым.
Ғылыми еңбектер жинағы 
– зерттеу материалдарын қамтитын 
ғылыми туындылардан тұратын ғылыми басылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет