Алматыкiтап баспасы


Табиғи ресурстар үшін төлем



Pdf көрінісі
бет140/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Табиғи ресурстар үшін төлем 
– табиғат пайдаланушының ресурс-
тарды іздеу, сақтау, қайта қалпына келтіру, өндіру және пайдаланылған 
табиғи ресурстарды тасымалдауға жұмсалған қоғамдық шығынның ор-
нын ақшалай толтыруы.
Табиғи шарттар
– табиғи ортаның компоненттерінің (климат, геоло-
гиялық орта, жерасты және жерүсті сулары, топырақ, өсімдік және жану-
арлар әлемі) маңызды артықшылықтарын білдіретін, аумақтың маңызды 
табиғи сипаттамаларының жиынтығы. Ғылым мен техника дамуының 
осы деңгейінде, тұтынушылық өнімдерді шығару үшін материалдық өн-
діріс барысында табиғи ресурстарға қарағанда, табиғи шарттар қолда-
нылмайды.
Тағам өнеркәсібі 
– құрамына ауылшаруашылық шикізаттарын, ет, 
сүт өңдеу, сары май-ірімшік өнеркәсібі, жеміс-көгөніс сүрлеу, шарап өн-
діру, қант, кондитерлік және басқа да өңдеу салалары кіреді. Өндірістің 
көлемі мен оның орналастырылуы, ереже бойынша ауылшаруашылығы-
ның масштабы мен мамандануына байланысты болады. Жылдам бұзы-
латын өнімдер шығаратын кәсіпорындар тұрғындардың орталық бөлігі-
не орналастырылады және олардың қуаты мен саны нақты орталықтың 
тұрғындарының санына сәйкес келеді (нан пісіретін, кондитерлік, сүт 
өнімдері және басқа).
Тайм-менеджмент 

 
уақытты
 
ұйымдастыру және оны пайдалану 
тиімділігін арттыру технологиясы.
Таныстыру 

 
аудиторияға таныс емес, қандай да бір жаңа нәрсені 
көпшілік алдында таныстыру.
Тарихи және мәдени ескерткіштер 
– тарихи оқиғаларға, қоғам 
мен мемлекеттің дамуына қатысы бар құралдар мен тарихи орындар, 
ғимараттар, тарихи, ғылыми, көркемөнер немесе басқа да мәдени құн-
дылықтарды білдіретін материалдық және рухани мәдениет туынды-
лары.
Тәуекел
– инвестициялау кезінде табыс алмау қаупі. Нарықтық эко-
номикада кез келген басқарушылық шешіммен бірге жүреді. Тәуекел үш 
түрге бөлінеді: табысты толық жоғалту қаупі; болжамды түсімді жоғалту қа-
тері; апатты тәуекел – барлық мүлікті жоғалту қатері және банкроттық.
171
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет