Алматыкiтап баспасы


Ш екті рұқсат етілген концентрация (ШРК)



Pdf көрінісі
бет143/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Ш
екті рұқсат етілген концентрация (ШРК) 
– ортадағы зиянды зат-
тардың мөлшері, оның шектеусіз ұзақ уақыт бойы күнделікті әсері адам 
баласында қандай да бір патологиялық өзгерістерді немесе ауру тудыр-
майды.
І
здеу жүйесі (қызметі)
– интернетте ақпарат іздеуге мүмкіндік бе-
ретін веб-интерфейсі бар бағдарламалық-аппараттық кешен.
Э
кологиялық жағдай
– уақыт өте және кеңістікте, ластанулар мен 
басқа да антропогендік түрткіжайттардың әсерінен болатын қоршаған 
орта жағдайының өзгеруі.
Экологиялық жүйе (экожүйе)
– тірі ағзалармен және олардың тір-
шілік ететін ортасымен бірге түзілген дара табиғи кешен, онда тірі және 
сүйекті компоненттер зат және энергия алмасуы есебінен өзара бір-
бірімен байланысқан.
Экологиялық сараптама 
– экологиялық тәуекелге қатысы бар шаруа-
шылық және басқа қызметтердің жобаларын экологиялық қауіпсіздік 
және табиғатты тиімді пайдалану талаптарына сәйкес кешенді бағалау.
Экологиялық саясат 
– заңды актілер жүйесімен бірге қолданылатын 
және табиғат қорғау заңдылығы және соларға негізделген мемлекеттің 
мақсатты бағытталған іс-әрекеті.
Экологиялық тәуекел 
– әлеуметтік маңызы бар экономикалық 
немесе басқа тиімділікке қол жеткізу үшін табиғи ортаға және (немесе) 
адамзатқа белгілі бір зиян келтірудің болжамды ықтималдығы.
173
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Экологиялық тұрақтылық 
– бастапқы параметрлерінің ауытқуы 
түрінде көрінетін қандай да бір табиғи немесе антропогендік әсерден 
кейін экожүйенің бастапқы күйін немесе соған жақындау күйін қалпына 
келтіре алу мүмкіндігі.
Экологиялық-экономикалық шығын 
– экологиялық қауіп түрткі-
жайттарының пайда болуынан адамдар мен халықшаруашылығына ке-
летін нақты және болжамды шығындардың құн түрінде өрнектелуі.
Экономика
– қажетті өмірлік игіліктерді жасау және пайдалану жо-
лымен адамдар мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамта-
масыз ететін шаруашылық жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет