Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет141/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Телекоммуникация
– ХХ ғасырдың басындағы экономиканың не-
гізін құрайтын темір және тасжолдар тәрізді экономиканың заманауи ин-
фрақұрылымы (телефон, компьютерлік және шоғырсым желілерін қосу).
Техника
– қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын кәсі-
би әдістер жиынтығы.
Топырақ құнарлығын қалпына келтіру 
– шаруашылық айналымнан 
бір себептермен бұрындары шығарылған жарамсыз жерлердің өнімділі-
гін қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар.
Туризм
– азаматтардың уақытша мекендейтін елде (жерде) ақылы
қызметпен айналыспай, сауықтырутанымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, 
діни және басқа да мақсаттарда уақытша болуы (саяхаттауы).
Туристік индустрия
– қонақүйлер мен басқа да орналастыру құрал-
дарының, ойын-сауық құралдарының, танымдық, іскерлік, сауықтыру, 
спорттық және басқа да мақсаттағы нысандардың, туроператорлық және 
турагенттік қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың, сонымен қатар экс-
курсиялық қызмет және гид-аудармашылық қызмет көрсететін ұйымдар 
жиынтығы.
Туристік кешен 
– белгілі бір аумақта (аймақ, ел, аудан, туристік орта-
лық) туристік ресурстар мен туризм индустриясының өзара байланысқан 
және өзара шарттасқан үйлесімі.
Туристік қызмет 
– саяхаттауды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін 
қызмет.
Туристік ресурстар
– туристік көрсетілім нысандарын қамтитын, турис-
тердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, дене күшін қалпына 
келтіруге және дамытуға жәрдемдесуге мүмкіндігі бар табиғи-климаттық, 
тарихи және әлеуметтік-мәдени нысандар.
Тұрақты даму 
– ғаламшардың экологиялық мүмкіндіктері шеңберін-
де экономикалық даму, яғни қоршаған ортаға қауіпсіз даму, «болашақ ұр-
пақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, 
қазіргі кездің қажеттіліктерін қанағаттандырушы» (Брундтланд комиссия-
сының анықтамасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет