Алматыкiтап баспасы


Аласа таулы Маңғыстау облысының жерін



Pdf көрінісі
бет43/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146
Аласа таулы Маңғыстау облысының жерін 
мезозойдың ақ және 
қара әктастары басқан. Сондықтан Қаратау және Ақтау атауына ие 
болған. Қаратау жотасы 130 км-ге созылған, орташа биіктігі – 350 м, шат-
қалдарға бөлшектелгенмен тік құламалы келеді. Қаратау жотасының
6-сурет.
Тұран жазығы 
7-сурет.
Торғай үстірті
55
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


ең биік нүктесі – Бесшоқы (556 м). Қаратауға параллель Солтүстік
және Оңтүстік Ақтау шоқылары созылып жатыр, олардың биіктіктері 
300 м-ден аспайды және бор дәуірінің әктастарынан құралған. Маңғыс-
тау тауларынан оңтүстікке қарай тұйық қазаншұңқырлар орналасқан. 
Олар Балтық теңізі деңгейінен төменде 
(8-сурет)
жатыр. Олардың 
ішіндегі ең тереңі – Қарақия ойысы (теңіз деңгейінен 132 м төмен) 
(9-сурет)
. Ол – еліміздің теңіз деңгейінен төмен терең ойыс жері.
8-сурет.
 
Маңғыстау таулары 
9-сурет. 
Қарақия ойысы
 
Үстірт үстірті 
батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шыға-
нағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария өзе нінің сағасы аралығында, 
үш мемлекеттің: Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан аумақтарын-
да орналасқан 
(10-сурет)
. Үстірт Қазақстанның оңтүстік-батысында
10-сурет.
 
Үстірт 
жатыр. Үстірттің орталығында Қарабауыр жоны көрінеді, ал жиегі тік 
жарлы кемер болып келген. Әсіресе ол батысы мен шығысында айқын 
байқалады. Солтүстігінде аса тік емес, ал оңтүстігінде мүлде жоқ. Кей 
жерлерінде кемердің биіктігі 300 м-ден асады. Бұл – теңіз абразиясы-
ның нәтижесі. Үстірт неоген дәуірінің кайнозой эрасының шөгінді жы-
ныстарынан: бақалшық, құмтас, гипс қосылған әктастардан құралған. 
Жалпы алғанда жер бедері жазық төмпешіктер мен ойыстар түрінде 
56
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


байқалады, мұнда Қазақстан аумағы шегінде газ кен орны, ал Орта 
Азия елдерінде мұнай кен орны табылған. 
Негізгі ландшафт – балшықты және балшықты-ұсақ тасты, жусан-
ды-сораңды келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет