Алматыкiтап баспасы


  Тау түзілу процесі аяқталмағанын біз қандай белгілері бойынша дәлел- дей аламыз? 2



Pdf көрінісі
бет42/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

1. 
Тау түзілу процесі аяқталмағанын біз қандай белгілері бойынша дәлел-
дей аламыз?
2.
Физикалық карта бойынша еліміздің жер бедері қай бағытта өзгер-
генін анықтаңдар.
Қазақстан жазықтары
Солтүстік Қазақ жазығы Қазақстанның солтүстігінде Орал тау-
ларынан Алтайға дейін жіңішке жолақ түрінде созылып жатыр. Бұл 
жазық – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі және оңтүстігінде
Сарыарқамен шектеседі. Жазық-
тың құрамына: Тобыл-Обаған, 
Есіл, Есіл-Ертіс және Ертіс-Құлын-
ды жазықтары кіреді 
(5-сурет)
.
Жазық оңтүстіктен (200 м) сол-
түстікке қарай (100 м-ден сәл
жоғары) еңістеу және өзен аңғар-
ларының құрғақ желісімен жазық 
бет түзеді. Жекелеген жерлерде 
биіктігі 5,15 м болатын 2 км-ден
8 км-ге дейін созылған жал мен
Қазақстанның басты орографиялық
нысандары
10-11
5-сурет.
 
Солтүстік Қазақ жазығы
54
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


бөктерлер кездеседі. Бұл юра дәуірінде аумақтың теңіз табаны болған-
дығына байланысты. Тек неогеннің соңында ғана жазықтың қазіргі 
жер бедері қалыптасып болды. 
1.
Солтүстік Қазақ жазығын игеруге байланысты қандай мәселелер 
туындайды?
2.
Елімізде топырақ қабатын қорғау бойынша қандай іс-шаралар 
өткізу қажет? 
Тұран жазығы 
біздің респуб-
ликамыздың оңтүстік-батысында
орналасқан. Қазақстан аума-
ғында жазықтың тек солтүстік 
бөлігі ғана кіреді. Негізгі бөлігі 
Орталық Азия республикалары-
ның аумағында орналасқан. Жа-
зықтың табаны Тұран тақтасы 
деп аталатын жас платформа-
да жатыр. Жазықтың ұзынды-
ғы – 2000 км. Жазықтың биіктігі –
жиектерінде 200 м, ол Арал теңізіне қарай төмендейді. Жазық Сол-
түстік Қазақ жазығымен, Торғай жырасы арқылы байланысқан.
Жазықтың аумағында аласа тау лы Маңғыстау, Үстірт шоқысы, Үлкен 
және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұмы, Бетпақдала, Мо йынқұм,
Қызылқұм құмдары, Сырдария өзені, Балқаш пен Алакөл көлдері
орналасқан 
(6-сурет)

Торғай үстірті 
– Мұғалжар 
және Сарыарқа таулары ара-
сындағы орналасқан көтеріңкі 
жазық. Үстірт беті жазық келген 
қыр қалар жү йесіне бөлшектен-
ген, сондықтан да Торғай төрткіл 
атырабы деген атау ға ие бол-
ды. Үстірттің ұзындығы – 600 км,
ені – 300 км, биіктігі – 310 м-ге
дейін, орташа биіктігі – 200–300 м.
Аумағын теңіз және континен-
талды шөгінділер: балшық, құмдақ жапқан 
(7-сурет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет